zhas_otan zhas_otan

2400 posts   19426 followers   48 followings

Жас Отан 

https://the-steppe.com/news/razvitie/2017-06-23/navodnenie

12 жастағы вундеркинд студент атанды.
12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш Қазақстан – Британ техникалық университетіне оқуға түсті. 27 шілде бұл отбасы үшін қуанышты күн болды десе де болады, себебі Қазақстан – Британ техникалық университетінің ректоры өз қолымен 12 жастағы вундеркинд Мырзаш Абзал Дәуренбекұлына тегін оқуға КБТУ-дың ішкі грантының сертификатын табыстады.
12 жасында мектеп бітірген Абзал Мырзаш туралы осыдан біраз уақыт бұрын жариялаған болатынбыз. Мектепті экстерн түрінде бітірген оқушыны Сүлеймен Демирел университеті, Халықаралық ИТ университеті, Абылай хан атындағы Шет тілдері және халықаралық қатынастар университеті оқуға шақырған болатын. 4 университеттің ішінде Абзал Мырзаштың таңдауы КБТУ университетіне түсті.
_____________________________________________
12-летний алматинский вундеркинд Абзал Мырзаш получил грант от Казахстанско-Британского технического университета. 27 июля для семьи Абзала Мырзаша счастливый день. Потому, что в этот день Абзал Мырзаш получил сертификат на грантовое обучение в КБТУ из рук ректора.
Напомним, четыре ведущих вуза Казахстана, узнав об успехах школьника, предлагали ему бесплатное обучение. Среди высших учебных заведений был и КБТУ.
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Қазақстандық 17 жастағы зілтемірші Азия чемпионатында «алтын» алды.
Қазақстандық зілтемірші Карина Кузганбаева Катманду (Непал) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 69 келіге дейінгі жас өспірімдер мен қыздар арасында алтын медаль алып, елімізді тағы бір қуанышқа кенелтті. 17 жастағы спортшы қызымыз 200 келі (90+110) салмақты көтеру арқылы жеңіске жетті.
Еске салсақ Азия чемпионаты 24 шілдеде басталған болатын. Қазақстан атынан 7 спортшымыз қатысуда. Жақында 62 келіге дейінгі салмақта Анатолий Савельев 2-ші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді.
Спортшыларымызға жеңісті сәттер тілейміз!
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Амана Мамедсой мен Дәуренбек Урметов, 21 жаста.
Амананың әкесі жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Әкесінің жұмысына байланысты дәмхана ашу үшін Дәуренбек екеуі орын іздей бастайды. Орын іздеу барысында өздерінің де жеке кәсіпкерлігін ашқысы келеді. Керек қаражаттың жартысын өздері тапса, жартысын ата-аналары береді.Олар Қаскелеңнен шағын білім беру орталығын ашып, Амана сол жерде ағылшын тілінен сабақ береді, ал Дәуенбек жарнамамен айналысады. Сөйтіп, жиналған ақшаға «Чао-Какао» деп аталатын кофехана ашады. Бірақ кофехана көңілдерінен шықпай үлкен шығынмен дәмхананы жабуларына тура келеді. Біраз уақыттан кейін «MADU» деп аталатын кәуапхана ашады. Бір кәуаптың бағасы 350 теңге. Рамазан айында ауызашарда 1490 теңгеге тамақтануға болады, сондай-ақ студенттерге де жеңілдіктер қарастырылған (20%). Жас кәсіпкерлерге айтатындары «ең бастысы – армандай білу қажет, бірақ армандап қою жеткіліксіз, қорықпай жұмыс жасау керек».
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Келесі кейіпкеріміз Аипова Аяулым, 20 жаста. Халықаралық IT университетінің студенті.
Аяулым әрдайым өз ісін ашып, тезірек қаржылай тәуелсіз болғысы келетін. Бірінші курстан кейін өзін дамыту үшін Upgrade School мектебіне оқуға түседі. АҚШ, Гонконг және Еуропаның көптеген қалаларында стақанмен кесілген жемістерді сату кең тараған. Ал бізде көбіне фаст-фут тағамдары мен балмұздақтарды ғана кездестіруге болады. Осыны байқаған Аяулым кәсіпкерлікпен айналысқысы келеді. Аяулымның ата-анасы қыздарының бұл ойын құптамады. Сол себепті Аяулым ата-анасынан кәсіпкерлікті дамыту үшін ақша сұрай алмайтын еді. Жарты жыл бойы өзінің шәкіртақысын жинап, өз ісін бастайды. Аяулымның айтуы бойында бірінші бстамаға 60 мың теңге жұмсалған. Командада 5 адам жұмыс жасайды. Аяулым өнімді жарнамалауға, Тимур операциялық жүйеге жауапты болды. Қалған үшеуі жемістерді тазалап, кесіп, стақандарға салумен айналысады. Айына орта есеппен 100 стақан жеміс сатылады. Әзірге тұрақты нуктесі жоқ, тек жеткізу арқылы жұмыс жасайды. Жақын арада ресми нүктені ашу жоспарда.
Аяулым дипломмен жақсы өмірді қамтамасыз етуге болады дегенге сенбейді. Озінің табысқа бизес арқылы ғана жететініне сенімді. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін адамдарға «егер ойларың болса, оны қорықпай, ешбір қиындықтарға қарамай тез арада жүзеге асыру керек»-дейді.
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Бүгін біз парақшамызда жас кәсіпкерлер жайында жазсақ дейміз.
Олардың жасы 20-дан сәл ғана асқан. Бастаған кәсіптерін жандандыру үшін тәуекелдерге барып, сабақтарына да уақытылы қатыспаған.
Бірінші кейіпкеріміз Жарасов Әзім есімді азамат Donghua University, Center of International Programs (Қытай, 2017) түлегі. Жасы 21-де.
Әзім екінші курс оқып жүргенде өз кәсібін бастағысы келіп, алып-сатумен айналыса бастайды. Ол Қытайдан сөмкелер алып, Санк-Петербургте тұратын досына жіберіп отырады. Біраз уақыт өткеннен кейін досы басқа бағытта жұмыс жасағысы келіп, екеуінің жолы екіге бөлінеді. Бірнеше уақыт өткеннен кейін Қытайдан қалта майлықтарын шығаратын қондырғы сатып алып, Қазақстанға, Алматы қаласына алып келеді. Келген бетте ірі ОСО ұсыныс жасайды. Бірақ барлық жер бірге жұмыс жасаудан бас тартады.
Осы кәсіпті бастауда, ол оқудан академиялық демалыс та алған болатын. Бастаған ісі сәтсіз аяқталғандықтан оқуын қайта жалғастырады. Оқуын бітірер алдында Қазақстанға тәжірибеден өтуге келген кезде досы арқылы бір рестаратормен танысады. Ол көшеде сатылатын азық-түлік желісінің тұжырымдамасын жасап, өзіне серіктес іздеп жүр екен. Әзімге де керегі осы еді, себебі ол көптен бері көше тағамдары жайында ойлап жүрген. Осылайша олар өздерінің алғашқы «Лагман, Тянем Жарим» нүктесін «City Center» ОСО ашады. Ол жерде бар болғаны 7 адам жұмыс жасайды (3 аспаз, қаржы директоры, 2 басқарушы директор және бухгалтер). Екінші айдан бастап пайда түсе бастаған. Айына барлық шығындарды есептегенде 300 мың теңге пайда түседі. Алдағы уақытта табысты 500 мыңға дейін көтеру көзделіп отыр. Олар әрдайым жергілікті фестивальдарға белсене қатысады. Фестивальдардың бірінде «EXPO-2017» өкілдері көріп, ынтымақтасуға ұсыныс жасайды. Енді EXPO-ға келген қонақтар Ұлыбритания павильонына қарсы бетте орналасқан лағманханадан тамақтануларына болады. Тағамдардың дайындалуы 4 минутқа дейін, орташа бағасы 700 теңге.
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Қазақ тіліндегі латын әліпбиі жыл соңына дейін дайын болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеген болатын. Одан кейін биылғы жылдың сәуірінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобанының ішінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін көтерген еді. Осыған байланысты бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқанын айтты. Сонымен бірге «бұл маңызды жоба болғандықтан барынша абай болу қажет, қателіктерге бой алдырмау керек. Ағымдағы жылы жасалуы тиісті мәселе - бұл көңілге қонымды барлық әріпті қабылдау. Бірнеше нұсқа әзірлеп, оны талқылап, әліпбиді қабылдау қажет»- деді министр.
_______________________________________________
Казахский алфавит на латинице разработают в РК до конца года. Напомним, о переходе на латиницу с 2025 года Нурсултан Назарбаев говорил в своем послании народу Казахстана в 2012 году. Весной текущего года Глава государства поручил до конца 2017-го с помощью ученых и широкой общественности принять единый стандартный вариант казахского алфавита в новой графике. Об этом Президент заявил в программной статье «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». Уже создана специальная комиссия, которая работает над разработкой алфавита казахского языка на латинице. «Это важный проект, здесь важно быть осторожным, не ошибиться. В этом году единственное, что нужно сделать - это принять приемлемый для всех алфавит. Подготовить несколько вариантов, обсудить их и принять алфавит. Потом уже нужно выстроить план работы по переходу на латиницу», - сообщил министр образования и науки РК Ерлан Сагадиев.
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Күні кеше ғана Марлен @aa_event мен Әнелдің @marlenaneska тағдыры, маxаббаты жайлы жазған едік. Бұл тақырып әлеуметтік желіде оқырман тарапынан үлкен қолдау тауып, мыңдаған тілектер келіп түсті. Үлгілі қос ғашықтың өмірі көпшіліктің назарынан тыс қалмай, қолдау тапқанына қуаныштымыз. Жақын арада бұл жұп Ернар Айдардың ernar_aidar_official «Күнім, сен сөнбеші» бейнебаянына түсті. Сіздер сол бейнебаянды көрдіңіздер ме? Арамызда көрген жандар болса бейнебаян жайлы пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.
https://youtu.be/VcZQOTIPxOo

#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Тауелсіз Қазақстанның тұңғыш үшемдері Төле, Қазыбек және Айтеке. Оларға ұлы билердің есімін Елбасымыздың өзі қойған. Жас болғандықтарына қарамастан жарты әлемді саяхаттап та үлгерген үшемдер қазір EXPO-2017 көрмесінде волонтер болып жүр. Әкелерінің жұмысына байланысты 6 жыл New York қаласында, одан кейін 2 жыл Кубада тұрған Төле, Қазыбек және Айтеке Астананың көркейіп дамып келе жатқаны жайында өз пікірлерін білдірді. Сонымен бірге Астананың архитектурасына таңданыстарын жасырмады.
______________________________________________
Толе, Казыбек и Айтеке появились на свет 17 сентября 1998 года. Именами великих биев этих парней назвал лично президент Назарбаев. Первые тройняшки независимого Казахстана с недавнего времени волонтеры EXPO-2017. Они молоды, но уже объездили полмира. Братья поделились своими впечатлениями о международной выставке в Астане.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=856144567872656&id=255956347891484
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

24 шілдеде «Золотой фазан» демалыс орнында «Жастар энергиясы» атты жазғы лагерь басталды. Лагерьде белсенді жастар, жас волонтерлер, жас кәсіпкерлер, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жұмысшы жастар, мүмкіндігі шектеулі жастар, үздік спикерлер, сонымен қатар Динара Сатжан, Нурлан Утешов, Ләйлә Сұлтанқызы, Санди Сұлтан және т.б қатысуда.
Лагерь 27 шілдеге дейін жалғасады. Қызықты видеолар мен суреттерді @astana_zhastar_ump көре аласыздар.
#UMPCampAstana #АстанаЖастары #ЕлордаЖастары
#ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ZhasOtan #Astana #ZhastarOtanga

Юный математик из Казахстана завоевал золото на Международной математической олимпиаде в Бразилии.
11-классник из Павлодара Амир Мохаммед-Али стал победителем 58-й Международной математической олимпиады, проходившей в Рио-де-Жанейро. Участниками математического чемпионата стали 620 юных математиков из 111 стран мира. По признанию жюри, за последние годы эта олимпиада оказалась одной из сложнейших. Амир готовился к этой олимпиаде с августа прошлого года. В январе он выиграл международную Жаутыковскую олимпиаду, в марте - республиканскую. И вот очередная победа.
О своей победе сам школьник узнал, сидя в аэропорту Амстердама, ожидая вылета домой. Как оказалось, из-за сжатого графика пребывания в Бразилии казахстанской сборной пришлось пропустить церемонию награждения.
Отметим, по итогам олимпиады сборная команда Казахстана завоевала золотую, две серебряные и одну бронзовую медали, также один из участников получил почетную грамоту. Что касается Амира, то победа на международной олимпиаде в Бразилии отрывает ему дорогу во все ведущие университеты России и дальнего зарубежья. На данный момент павлодарский школьник уже является обладателем гранта на поступление в Казахстанско-Британский технический университет и Казахский национальный университет имени аль-Фараби.
Напомним, в прошлом году Амир Мохаммед-Али завоевал золотую медаль на 57-й Международной математической олимпиаде в Гонконге. Ученик специализированной школы "Жас дарын" является трехкратным победителем республиканской предметной олимпиады, XIII Международной Жаутыковской олимпиады, а также серебряным призером XVI Международной математической олимпиады "Шелковый путь". #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017 #ЖасОтан #ЖастарОтанға #Астана #ZhasOtan #ZhastarOtanga #Astana2017

Лагерьдің аяқталғанына бір апта болса да біздің өз қатысушыларымызбен байланысымыз өз жалғасын табуда. Қандай көлемде болмасын кез келген іс-шара ұйымдастырушысы үшін ең бастысы – нәтиже. Лагеріміздің жемісінің бірі бүгінгі Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагері 2017 қорытындысы бойынша өткен қоғамдық тыңдауларда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ мен «Хазар» Әзербайжан этнос-мәдени орталығы» ЖҚ арасында қол қойылған Меморандум болды.
Құрметті оқырмандар, біз "Хазар" ЖҚ бірге «Жить по-казахски» атты жаңа жоба бастағалы отырмыз. Жоба аясында 3 ай мерзім көлемінде 16 облыс, 22 қала араланып, көпшілікке халқымыздың дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, тарихын, мәдениетін, таныстыру жоспарлануда.
Бізді өз қалаларыңызда күтіңіздер!

Прошла целая неделя как завершился лагерь, но мы продолжаем сотрудничать с нашими участниками. Самое приятное для организатора любого мероприятия, вне зависимости от его масштаба, это результат. Одним из плодов нашего лагеря стал меморандум, подписанный сегодня между МК «Жас Отан» и МК «Азербайджанского этно-культурного центра «Хазар» на сегодняшнем общественном слушаний по итогам Международного лагеря Тюркского совета 2017.
Дорогие наши читатели, мы начинаем новый проект совместно с МК "Хазар" - «Жить по-казахски», в рамках которого за 3 месяца планируется объездить 16 областей, 22 города и показать Вам и нашим иностранным гостям традицию, быт, историю, культуру нашего народа.
Ждите нас в своих городах!

#turkconyouth #дмп #ZhasOtan #ЖасОтан #қазақжастары #қазақстан #молодежьказахстана #kazakhyouth #Kazakhstan #KZ #ТюркскийСовет #youthpolicy #молодежнаяполитика #жастарсаясаты #ТүркіКеңесі #zerenda #зеренда #ХалықаралықТүркіакадемиясы #internationalturkicacademy #auroragarden

Шынайы махаббат. Әрине көпшілігі шынайы махаббат деген қазір жоқ деп жауап берері анық. Бірақ Марлен @aa_event мен Әнелге @marlenaneska қарап, олай айту мүмкін емес. Бұл жұпты жастардың көбі білетін болар. Жақында танымал әнші Ернар Айдардың клипінде басты рөлді сомдады.
10 жылдан аса уақыт Әнел көптеген аурулармен арпалысып келеді.Оның бойынан 7 бірдей ауру табылып, 10-нан астам диагноз қойылған. Қаншама қиындыққа қарамастан, талай рет тауы шағылса да, Құдайдан үміт үзбей бірге қол ұстасып келе жатқандарына да 10 жылдай уақыт болды. Туған-туыс, дос-жаран, тіпті ата-ананың да бір кездері үміті үзілгенде, тек бір Марлен ғана Әнелдің жазылып кететіне сеніп, арқасына Әнелді салып, қолтығына оттегі аппаратын құшақтап талай жерді шарлаған. Нәтижесінде Әнелге күрделі ота жасалып, сәтті аяқталды. Екеуінің бір біріне деген сенімі, кіршіксіз сезімі, адалдығы, батылдығы, ниеті, шынайы махаббаты жеңіп Әнелдің дертіне шипа табылды.
Ал сіздер шынайы махаббаттың барына сенесіздер ме?
#ЖасОтан #Астана #ЖасОтанЖҚ #МКЖасОтан #Астана2017

Most Popular Instagram Hashtags