[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

zhandos_nygyman zhandos_nygyman

130 posts   1666 followers   3645 followings

Жандос Нығыман  ...

Жастар жағы жұмысбасты болып, дүниені қусаң да жалықпай, ұстатпайтын балықтай екенін біліп, бірақ босай алмаған соң, сексеннің сеңгіріндегі, үйде бұл кісі өзі күтімін жасап отырған төсек тартып жатқан бәйбішесі бар Мұрат қажы атамыз құрылысты қолға алды.

Үштөбе мешітіне қатысты жаңалықтарды енді @ushtobe_meshiti аккаунтынан қарай аласыздар. Ол аккаунт бойынша жақында жауапты адам сайланып, сол кісі ары қарай жұмыс жүргізетін болады. Барлықтарыңызға рақмет! Сіздермен бірге көп істерді бөлісіп, қолдауларыңызды сезіндік.

Сүйінші ағайын! Үштөбе мешітінің төбесі жабылып жатыр. Төбесін жабатын плиталар 1 380 000 теңгеге түсті. Оның сауабын екі адам алды. Бір миллионын бір кісі, 380 мың теңге тағы бір адам берді. Жеткізу ақысы 105 мың теңге болып тұр. Жеткізу ақысына үлес қосып, мешіт төбесі жабылуынан сауап алып қалайық!

Мешіт төбесі жабылуға жақын. Құм, цемент, балластпен үлес қосам дегендерге бейсенбі күнге дейін уақыт бар. Плитаға ақша табылды. Жеткізуге 105 мың теңге қажет. Және әрқайсысы төрт метрден биік 16 терезенің шыныларын 450 мың теңгеге кесіп, салып жеткізіп береміз деп отыр. Қаражат тауып беру керек. Ал, нар тәуекел! Ізгі іске іркілмейік.

Бүгінгі жұмыстың барысы осындай болды. Енді плиталарды жеткізу керек. Плиталар алуға бір бауырымыз 1 млн. теңге берген. 380 мың теңге жетпей тұр плитаға. Жеткізіп беруге 105 мың теңге сұрап отыр. Пластик терезелер дайын болып қалды. Материалдар демеушілер тарапынан тегін беріліп, бір ағамыз тегін құрастырып, орнатып беремін деп отыр. Тек шынысы өз бағасы 320 мың шығып тұр. Есіктерге тапсырыс беру қажет. Және төбесін жаппай тұрып құм, цемент, балласт әкеліп, кранмен көтеріп ішіне кіргізіп алу керек. Қысқасы, жұмыс жетеді. Сауап та жетеді. Әрқайсымыз сауаптан өз үлесімізді алып үлгерейік! Сауап сайысы жалғасуда! Қапы қалмайық!

Жетпіс бестегі "жігіт" бастаған топ жұмыстың жанын қоймады. Оразғали қажы 48 жыл құрылыс саласында еңбек еткен майталман құрылысшы. Бүгінгі жамағаттың жиналуы ерекше болды. Барлық ниет білдіргендерге Алла разы болсын!

Бұдан бес ай бұрын бұл жер шөп өсіп кеткен дала болған десе қазір сену қиын. Біз тұрған жерден 11 метр тереңде қанша адамдар жасаған жұмыс жатыр. Асты қазылып, оған тас төселген кезде келіп бір күрек болсын тас тастаған адамдар болды. Ол сауапты күндер де артта қалды. Сауап жинайтын мүмкіндік жанымызда тұрғанда оны жіберіп алмайық! 6 қараша сағат 9.00 ден бастап Үштөбе мешіті асар жариялайды. Істегендеріңіз бізге, сауап жинаған өздеріңізге жақсы! Ниет қабыл болсын!

إنما يعمر مساجد الله من آمن بالله واليوم الآخر وأقام الصلاة وآتى الزكاة ولم يخش إلا الله فعسى أولئك أن يكونوا من المهتدين. "Шын мәнінде Алланың мешіттерін Аллаға және ахирет күніне сенген, намазды орындаған, зекетті берген, әрі Алладан басқа ешкімнен қорықпаған жандар көркейтеді. Міне солардың тура жолдағылардан болуы үміт етіледі". Тәубе сүресі 18-аят. Екі күн демалыста (сенбі-жексенбіде) бірінші күні он екі адам, кеше бес-алты адам келіп мешіт жұмысына қол ұшын берді. Алла ниеттерін қабыл етсін! Әлі аяқталмаған жұмыс бар. Өзбек ағайындар күн суыған соң елдеріне қайтты. Аз ғана көңіл бөліп, ниет білдіріп жіберсеңіздер жұмыла көтерген жүк жеңіл болары хақ. Алла күн райын жылы етіп тұрған сәтте төбесін жауып алуымыз қажет. Күн жылы, мешітке деген ниетіміз суымасын бастысы. Ата-анамыздың, ағайын-бауыр, қайын жұрттың үйі төбесі жабылмай жатса жайбарақат жүре алмасымыз анық қой. Алланың үйін ақырғы орынға қоймаспыз... Ниет пен уақыт бар болса бүгін Үштөбе мешітіне келе қалыңыз!

Жұма мүбәрак болсын!

Мешіттің төбесін жабатын күнге жақындап келеміз. Күздің көзі қырау)) болса да жігіттер жұмысты жүргізіп жатыр. Айтпақшы, мешіттің ішіне электр сымдарын тартатын электрик қажет болып тұр. Маған хабарласыңыздар, электрик бар болса араларыңызда. Немесе танитын, білетін электрик болса айтыңыздар. Алла разы болсын! Жылу, су құбырлары мен кәріз жүйесін тартуға қажетті барлық материалдарды бір бауырымыз беріп отыр. Пластик терезелерге қажетті материалды бір жігіт мойнына алып, оны құрастырып, орнатып беруді бір ағамыз өз тарапынан Алла разылығы үшін тегін жасап беретін болып отыр. Ауыл мектебіндегі екінші, төртінші сынып оқушыларының ата-аналары мешітке үлес деп азын-аулақ қаражат жинап әкеліп берді. Барша иманды жандарға есесін Алла екі дүниеде қайтарсын!

Мешітіміздің қабырғалары қаланып бітуге жақын. Сіздерден бір өтініш: ауа-райының ашық болуын, жауын-шашын болмауын тілейікші дұға етіп. Төбесін жабуға ертең 12 метрлік плиталарға тапсырыс береміз. Плитаға біраз қаражат жетпей тұр. Үлес қосып, сауап аламын деушілерге мархабат!

Интересно, что бы случилось, если бы мы относились к Корану так, как относимся к своему мобильному телефону? Если бы вопрос: «где мой Коран» двигал нами? Что бы было, если бы мы постоянно носили его с собой? Что бы было, если бы мы возвращались обратно всякий раз, как забыли взять его? Что бы было, если бы мы заглядывали в него по нескольку раз в день?
А если бы мы дарили его детям, едва им исполниться 5 лет? А если бы мы прибегали к нему в экстренных ситуациях? Сдували бы с него пылинки, протирали очищающими салфетками, как многие делают это со своими смартфонами, покупали бы для него шикарную сумочку, одевали бы чехол с дорогими стразами, клали бы рядом с собой ночью, чтобы, только проснувшись, взять в руки и начать утро с поминания Аллаха.
Действительно, очень интересно, что бы было тогда? Тогда все мы, наверное, давно уже стали хафизами. Представьте, какое это счастье и благо быть хранителем речи Всевышнего Аллаха? Мы бы руководствовались Кораном в любой ситуации, чем заслужили бы довольство Всевышнего Аллаха. А что может быть лучше этого?
Так давайте же следить за своими молитвами так же, как мы следим за телефоном, отвечать на азан также, как мы отвечаем на входящий звонок, читать Коран так же часто, как мы читаем смс-сообщения, сохранять свою веру ПОЛНОСТЬЮ заряжённой, как наш телефон!
Не нужно паниковать, когда на вашем телефоне садится зарядка и он отключается, не нужно чувствовать себя в такие моменты оторванным от мира. Стоит бояться, что пропадёт связь со Всевышним Аллахом. Главное «звонить» Ему чаще, обращаясь с мольбой, «звонить» чаще, восхваляя Его и прославляя, «звонить» даже на несколько секунд, чтобы произнести лишь одно «Хвала Аллаху». Ведь Всевышний Аллах всегда внемлет нашим обращениям и никогда не бывает вне доступа. И Его врата покаяния открыты всегда. Но когда они закроются, одному Всевышнему Аллаху известно, так что нужно торопиться.
Помните, если вы потеряете Всевышнего Аллаха, связь с Ним, вы потеряете всё. Если же вы познаете Всевышнего Аллаха, не будете прерывать связь с Ним, у вас будет всё. Всё для этой жизни и для жизни вечной. Иншааллах.
Зейнеп Тасним

Most Popular Instagram Hashtags