ukgu.kz ukgu.kz

344 posts   7,595 followers   53 followings

www.ukgu.kz  🎓М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ-дың ресми парақшасы. 🎓Official Page SKSU named after M.AUEZOV Мы теперь в TELEGRAMе! ПРИСОЕДИНЯЙТЕСЬ👇🏻 #оқму #ukgu #юкгу

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің 20 жылдығына арналған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЖАҒДАЙЫ, ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция еңбектері жинағында жалпы саны - 118 мақала жарияланды. Конференцияға қатысушы шетел қонақтары және факультеттің профессор оқытушылары сертификаттармен марапатталды. Секция модераторларының есебі тыңдалып, конференцияның резолюциясы қабылданды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2018 жылы 18 мамыр күні сағат 10:00-де бас ғимараттың акт залында бітіруші түлектерге арналған «Жас маман- 2018» жәрмеңкесі өтеді.

В Южно- Казахстанском государственном университете имени М.Ауэзова 18 мая 2018 года в 10:00 часов в актовом зале главного корпуса будет проводиться ярмарка «Молодой специалист-2018» для выпускников.
#ЮКГУ #ОҚМУ #жəрмеңке #ярмарка #вакансия

14-15 сәуір күндері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратында «Startup «Bolashak»: Менің арманым» жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауының өңірлік іріктеу кезеңі болып өтті.
Байқаудың мақсаты: өмір сапасын, елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне алдыңғы қатарлы технология және білімді енгізуді жетілдіру бойынша жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бизнес-идеяларын қолдау.

Байқау 4 кезеңнен тұрады. Олар: Өңірлік іріктеу, Ширек финал, Жартылай финал, және Финал. Финал - «МЕНІҢ АРМАНЫМ» ТВ-шоу форматында бизнес-жобаларды қорғау бойынша өтеді.

Өңірлік іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерімізге сәттілік тілейміз!

ҚҰРМЕТТІ ЖҰМАХАН ҮШКЕМПІРҰЛЫ!

Сізді бүгінгі, 16 сәуір - туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіздің арқасында Сізді қатардағы оқытушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында жауапты қызметтер атқардыңыз, жастарға білім мен тәлім-тәрбие берудегі жүйені қалыптастырып, нығаюына көп еңбек еттіңіз.

Қадірлі Жұмахан Үшкемпірұлы!
Сізге осындай мерейлі күні, шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі, жастарға білім мен тәлім-тәрбие беру жолында абыройлы биіктен көріне беріңіз.

Шын жүректен, ОҚМУ ұжымы

2018 жылдың 11 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Біртұтас ұлт – іргесі ажырамайтын шаңырақ» тақырыбында форум өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Форумның мақсаты: Басқа ұлт өкілдерін құрметтеу, басқа халықтардың тілін, әдеп – ғұрыптарын және салт – дәстүрлерін сыйлау, басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру, сонымен қатар олармен жақсы қарым – қатынаста болу, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін жаңғырту мәселелері қарастырылған.

11 апреля 2018 года в Южно-Казахстанском государственном университете имени М. Ауэзова состоялся форум «Единая нация - неделимый шанырак». Форум был организован Ассамблеей народа Казахстана Южно-Казахстанской области. Организовано специальным отделом Ассамблеи народов Казахстана Южно-Казахстанского государственного университета имени М. Ауэзова.
Цель форума: Уважение к представителям других национальностей, уважение к языку, традиции и обычаи других народов, положительная оценка духовной жизни и культуры других народов, а также хорошие отношения с ними, модернизация культуры межэтнических отношений.

12-13 сәуір 2018 ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Әуезов оқулары – 16: «Төртінші өнеркәсіптік революция: Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет саласындағы жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция өткізудің мақсаты: Қазақстан Республикасы мемлекетінің және қоғамның алдына қойған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің жолдауындағы міндеттер бойынша пікірталасқа барлық санаттағы зерттеуші - ғалымдардың қатысуына мүмкіндік беретін ақпараттық ғылыми алаң құру.
Конференция аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының ғылыми-зерттеулер жұмыстарының нәтижелері мен жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Дүниежүзілік ғылыми ортаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының жаңадан танылған жаңалықтарының жасалымдары таныстырылды.
Конференция жұмысына (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Франция, Польша, Малайзия, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Беларусь, Украина және т.б.) шетелдерден белгілі ғалымдар қатысты.
Конференцияға 1000-нан астам мақала түсті, шетел жоо мен ғылыми мекемелерінен 51, шетел ғалымдарымен бірлескен мақалалар 113, оның 148-ы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен. Конференция материалдарынан 6 том жинақ шығарылды. Пленарлық және секциялық мәжілістерде 232 баяндама тыңдалдып, талқыланды, оның 183–негізгі баяндама және 49-ы стендік. Конференция жұмысына 537 профессор-оқытушылар, 219 магистранттар және докторанттар, 262 студенттер қатысты.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 10 сәуір күні университет «Әйелдер Кеңесінің» ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақалалық бағдарламасының негізінде халықтық педагогика мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында өткізілген «Әйел. Заман. Дәстүр» тақырыбындағы қалалық форумы болып өтті.
Іс-шарада қолөнер, ұлттық тағамдар көрмесі көрсетіліп, «Қыз-бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің орны мен рөлі» және «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыптарында баяндамалар оқылып, концерттік бағдарламамен ұласты. #юкгу #оқму #шымкент #əйел #форум

Бүгін, 10 сәуір күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимараты алдында "ДІНИ АҒЫМСЫЗ - ҚАЗАҚСТАН" атты эстафеталық флешмоб болып өтті. Шымкент қаласының барлық жоғары оқу орындары қатысқан эстафеталық флешмобты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына жолданды. #діни_ағымсыз_Қазақстан #эстафета #ОҚМУ #ЮКГУ #ВУЗ #Шымкент #ЮКО #Казахстан

Қайырлы күн!📣📣📣 Қызығушылықтарыңызды арттырған марафонға тіркелу ашық деп жариялаймыз . Аты-жөніңіз, телефон номеріңізді @ukgu_aqiqat парақшасында қалдырсаңыз болды✌🏼📚🥇📲 (Тек Шымкент қаласы бойынша)
______ 🔴📘Марафон барысы: 🔵 Күнделікті режіммен 7күн бойы сізге жан-жақты ізденіске бағытталған тапсырмалар беріліп отырады;
🔵 80% әлеуметтік желі арқылы орындалады;
🔴 Сізге қойылатын талаптар: 🔵 Әлеуметттік желіде белсенді болу; (Whats'App, Instagram болуы шарт);
🔵 Марафон шарттарын толық орындау 💯 (Тапсырма орындамау т.б.шикілік жағдайында қатысушы күн санап шегеріліп отырады);
🔵 Барлығын уақытылы орындалу, қатысушы екеніңізді сезіну; 🔴 Біздің тараптан: 🔵 Ең үздік деген қатысушыларды жіті қадағалау, саралау.✔ 🔵 Зейін қойып, сіздерді жекелей бақылайтын боламыз.✔ 🔵❕Марафон сізге не береді?
7күн бойы 7 түрлі бағытта сыналасыз, шыңдаласыз. Сіздің жеңіске деген бастапқы қадамдарыңызды жасап береді. Өз позицияңызды тауып, ізденісіңізді жиілеуге көмек тигізеріне күмәніміз жоқ. Ендеше сәттілік тілейміз! Бас жүлде қаржылай сыйлық иесін іздейді 😉 Ақиқатпен бірге оянып жеңісті күндерді өткереміз! Өзіңді өзгертетін сәті жетті.

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаратылыстану - математика пәндері, яғни математика, физика, биология пәндерінен 1-ші қалалық Ө.А.Жолдасбеков атындағы олимпиада ұйымдастырылып, жабылу салтанатында олимпиада жеңімпаздарына М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың білім гранты сертификаттары табысталды. Шымкент қаласының білім бөлімі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиеті және Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі бірігіп ұйымдастырған олимпиадаға барлық мектептердің 8, 9 және 10, 11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынады. Ал үздіктердің үздігі болып, 1-ші орын және университет грантына иеленген:
• Математика пәні бойынша №23 мектеп оқушысы Асанов Азат;
• Физика пәні бойынша №79 мектеп оқушысы Тілебек Дастан;
• Биология пәні бойынша №46 мектеп оқушысы Тұрсынали Диана.

Академиялық ұтқырлық бойынша ақпараттық күн!
Академиялық ұтқырлық тұжырымдамасын және Болон процесінің параметрлерін іске асыру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 4 сәуірінде сағат 11.00-де бас ғимараттың фойесінде өтетін академиялық ұтқырлық үшін ақпараттық күн өтеді.
Информационный день по академической мобильности!
В целях реализации Концепции академической мобильности и продвижения параметров Болонского процесса в Южно-Казахстанском государственном университете им.М.Ауэзова организуется Информационный день по академической мобильности, который состоится 4 апреля 2018 года в 11.00 ч. в фойе главного корпуса.
Demo day on academic mobility!
In order to implement the Concept of Academic Mobility and Promotion of the Parameters of the Bologna Process, the Information Day for Academic Mobility will be organized at the South Kazakhstan State University named after M.Auezov, which will be held on April 4, 2018 at 11.00 in the foyer of the main building.

Город Шымкент. ЮКГУ имени М.Ауэзова. 28.03.2018 #кемеровомыстобой

Most Popular Instagram Hashtags