#өлең

MOST RECENT

Бір қыз тапсырыс беріп шығартып еді осы өлеңді! Атында қойған жоқпын. Оқығаныңызға раxмет @guldokon_
#өлең#поэзия#оқу#~#өзөлеңім

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.

Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытым тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Аттанған ата-ананың
Артынан қуып барамын.

Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.

Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.
Мұқағали Мақатаев
Солай да солай қарағым...
#32жас
#Мұқағали
#өлең

Бүгін менің жан құрбым Сымбаттың туылған күні! 16 жасқа келіп,төлқұжат алып,жүрегі қобалжып,келесі жылғы 11 сыныпты аяқтауды арасында уайымдап жүр. Қорықпа досым сенің жанында қолдаушыларыңмен,қорғаушыларың көп сондықтан көп уайымдпй берме. Әрдайым сенің қасыңда боламын!Тағыда туылған күніңмен!💕💞💖
-------------------------------------------
Жан құрбым Сымбатқа
Ерекше күн,бүгін осы тамаша күн,
Болар саған естен кетпес жарасар түн,
Туған күнің құтты болсын,Сымбатжан,
Жан құрбым өмірде тек балаша күл.
Ата-анаңның күлім қаққан қызы бол,
Бұлақтың сыңғыр қаққан сызы бол.
Саған әркез жақсылықты ойлайтын,
Дос-жаранның көктемі мен жазы бол.
Алға қойған мақсаттарың көп болсын,
Мүлдем делік уайымдарың жоқ болсын.
Армандаған арманына қол жетіп,
Бір сейіліп көңіл-күйін тоқ болсын.
Бақытыңның есіктері ашық болсын,
Тек қана сені сүйер ғашық болсын.
Әрдайым базарлықта,ажарлы бол,
Жаман күндер сенен әркез қашық болсын.
#АқкенжеОразбек #ХХІғасырақыны #поэтессаХХІвека #арнауөлеңдер #ақындардыңжалғасы #жасақын #молодаяпоэтесса #өлең #жыр
#жыршы #шабыттыларданшабыталамын #ЖамбылАбайлардың #сөзінесеніп #ізіменкелем #поэзияжақыны #анадандарығанақындық #жасталант #дарыниесі #талантты
@talantty.zhastar @talant_p
@akyndar @zhas_akyndar @akyndar.kz @massaget.kz @akyndar.zhyrlasyn
Туған күн иесі:@_____symmba

Шабыт келіп жатыр😉 #өлең #тілек #арнау #ақын #шабытактау

"❤️СІЗ❤️"
автор: Данияр Жігітек @dzhigitbek
Еш махаббат жетпейді,
Сыйластыққа СІЗ деген.😍 #Поэзия #ТолегенПоэзия #ТолегенКыдырбеков #Сіз #өлең #Кордай

Shúkirligimiz az ģoı...
➖➖➖➖➖➖➖➖➖
✅Бiздi оқи жүрiңiз✏️ 📔📌@makataev_m #МукагалиМакатаев #МҰҚАҒАЛИМАҚАТАЕВ #MukagaliMakataev #қазақпоэзиясы #поэзия #өлең #қазақөлеңдері #өлеңдер #стихи #ақын
➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Парақшамызға тіркел 👉 @kazakh_inform

Нағыз ақын

Дүниеге шын ақын, ұлы ақын келген күні сонымен қабаттасып даңқ та туады. ©(Қадыр Мырза Әли)
Ақындықтың шыңына шығу үшін,
Сол шыңға өлең туын тігу үшін,
Тіл байлығы керек-ақ әр ақынға,
Ақындықтың мол сырын ұғу үшін.
💮Еліне жырдан алқ таға білсе,
Шындықты ырылдатып жаза білсе,
Ол жанды нағыз ақын дер едім мен,
Өлеңімен тау суындай аға білсе. 💮Ақындық-даналық деп ұрандайын,
Нағыз шайыр болады қырандайын.
Өлеңімен иен далада сайран салған,
Нағыз ақын болады құландайын.
💮Сөз маржанын алыстан іздеп терген,
Аз болды ма ақындар өлең өрген.
Ақындардан асыл жүрек үлгі алайық,
Халқына қара сөздің нәрін берген. ✒6.02.2014
#өлең #ақын #әдебиет #поэзия #алматы #руханижаңғыру #нағыз #казгюиу #шымкент #поэт
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Music:Arash-Goalie Goalie

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болған...» Республикалық онлайн-мүшайрасы қорытындыланды «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар шеңберінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болған...» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын. Ақын бейнесін жырмен сомдап, қысқа ғұмырында қараңғылықтың кегіне күн болып сәуле шашқан кемеңгер тұлғаның ерен істерін дәріптеу, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-өрлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен онлайн-мүшайраға еліміздің түкпір-түкпірінен 36 ақын қатысты, 108 шығарма ұсынылды. Әр қатысушының өлеңдері «Мәдениет порталында» жарияланып отырды.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылында ашық аспан астында құрылған этноауылдағы сахна төрінде осынау республикалық онлайн-мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онлайн-мүшайраның ең жоғарғы марапатын қазылар алқасының төрағасы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек табыстады. Шығыс Қазақстан облысынан келген Рауан Қабидолдин бір айға созылған жыр байқауының Бас жүлде иегері атанды. Ал, шымкенттік шайыр Батырхан Сәрсенхан бірінші орынмен мәртебеленді.  Екінші орын иегерлерінің жүлдесін ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Бауыржан Қарағызұлы табыстады. Аталмыш жүлдеге астаналық қос ақын Қарлығаш Қабай мен Ұмтыл Зарыққанұлы иелік етті.
Жыр бәйгесінің үшінші жүлдегері атанған алматылық Айдана Қайсарбекқызын, көкшетаулық Қайрат Сейтқазинді және павлодарлық Жарқынбек Амантайұлын ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры Арман Қани марапаттады. «Мәдениет порталы» ұлы мәртебелі өлеңге, ақынға, Баянауыл жұршылығына қолдау һәм құрмет білдіріп, «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы» арнайы жүлде тағайындады. Сонымен бірге Павлодар қаласындағы «Aser Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы» бәйге тіккен болатын.
#руханижаңғыру #руханижаңғырупавлодар
#астанапавлодар

Әнәәәәу күні (оғанда біраз күн болды ғой). Группаластарыммен кешкі серуенде жүріп болған уақиға ғой))) Бүгін соны көзім шалып қалып, апыл-ғұпыл жүктедім.
Жалпы берер баға жақсы болса неге салмасқа)))....
Қалай-былай?))))
--------------------------------------------------------------------------------------
Оператор: @aigerimzhanatlekova 🤗😙😙✔💥💥💥
-------------------------------------------------------------------------------------
"Адам жылы сөйлеу керек, адамға.

#поэзия
#өлең
#сондайбірдеңе
#группа
#мен)))))

🎵🎶🎵.
Сенсіз аспан шуағын шашпай нұр,
Сенен өзге ешкімге ашпай сыр.
Өзің ғана жүрегімнен орын ал,
Керегі жоқ басқа бақ, басқа ғұмыр.
🌸
Саған деген əдемі сезім гүл,
Жүрекке əн сыйлаған жүзің нұр.
Аспанмен астасып ақ арманым,
Сеніменен бақытты кезім бұл.
🌸
Шырқап өтер əдемі əніңмін,
Саған жаным арналды əнім мың.
Жүрегімнің төрінде -сен ғана,
Өзіңсіз өткен күннің бəрі мұң.

#АвторыАсанбаеваСағынышОразайқызы
#жасақын #өлең #Өлеңдер #поэзия #шабыт #ақын #ақындар #өлеңөмір #өмір #бақыт #махаббат #лирика #сезім #махаббат #лирика #сезімлирикасы #өлеңөмірёё

Сағат сайын арпалысқан сабыр, #мұң...
Мұндай #өмір кімге ұнайды...
Қадірлім?
Ұмытуға тиістіні ұмытпай,
Сағынуға болмайтынды #сағындым!
.
Түсіме еніп таңнан #сұлу түндер кей,
Өкінішке күйгенімді білгендей:
Қимайсың деп, ойлайсың деп тек мені,
Қинайсың кеп...
Мен жетісіп жүргендей!
.
Көңіл сынық...
Өмір мынау...
Күнде осы!
Мына шоқты өзің келіп үрлеші!
Құлап қалса, не боларым белгісіз,
Соңғы үміттің әрең тұрған іргесі!
.
Көңіл қалды көшедегі кісіден,
Араздастым бақыттың да құсымен!
...Мониторға тесілемін күні-түн,
Сен жүгіріп шығатындай ішінен!
.
Сағат сайын арпалысқан сабыр, мұң...
Мұндай өмір кімге ұнайды...
Қадірлім?
Ұмытуға тиістіні ұмытпай,
Сағынуға болмайтынды сағындым!
.
©️Рахат ӘБДІРАХМАНОВ
@rakhat_abdirakhmanov
.
🎨 Carolina Ocinschi-Gogalniceanu
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #өлең #сағыныш #ұлылармұрасы #даналық #махаббат #ғашықтық #өлеңдер #казахскаяпоэзия #стиxи #мудрость #вдохновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Жалғасы...👉👉👉 ___________________________________________________
Мен бәрін жұбата білемін😿🙌.Бірақ мені анамнан басқа ешкім жұбата алмайды❤❗Мен көздің жасын көп шығара бермеймін🙅.Бірақ бір жыласам тоқтамай жылаймын😖...Мені жылату қиын,күлдіру оңай❗ Себебі мен тез кешіре саламын😊❤.Көз жаспенен барлыыық қиын сәттерді еске алып💔,жинап жүріп,шығарып тастаймын😿.Іште сақтап жүрген ауыр болса😞, жылап шығару жеңіл,әрі тез🤗❗ Бірқалыпты болсам да,😖эмоцияларға😀беріліп кетуім адамдардың 🗣сөздеріне байланысты, қарым-қатынасына👭 байланысты.Өзімді ешбір тірі жанға тәуелді еткім келмесе де,мен жұтынған әрбір ауаға🌺,атар таң мен батар күнге 😌тәуелдімін❗ Әуелі Аллаға🙏,Алланың шапағатына тәуелдімін🙏❗Сырт көзге әлсіз,нәзік🌷 көрінгеніммен,іштей мен қайраттымын💪.Тіпті мұңды сәттерде де менің жүрегім💟 «Жылама❗ Осы жағдайға әлі-ақ күлесің❗» -деп тұрады.Мен жүрегімді тыңдай алатын адаммын🙌.Маған ешкімнің сөздері өтпейді.Бірақ керегін өзіме алып,керек емесін сыза саламын❤. Жүрегіме жеке басымдағы жайттарды жақын алмасам да,өзгенің мұңы жанымды ауыртады😔. Жоқ,менің жаным ашымайды,мен тек жұбатқым келіп тұрады🌷.Өзгелердің жылағанын,қиналғанын көре алмаймын💔.Ол маған қиын💔!Бірақ менің жылағанымды көргісі келіп,тілеп жүретін 🤕адамдар🤒 қаншама❗Сонда да,сол адамдарды да мен жұбатар едім❗ Алдыма,егер жылап келсе❗Мұңаймаңыздар❗Өмір деген қамшының сабындай қыыып-қысқа ғана емес пе❓❗ Жанарды суға💧 толтырғанша,жанарды бақытқа☀ толтыра біліңіздер❗Әрбіріңізді жақсы көріп,жақсылық тілеуші,бүгінде өздеріңізге [Өзі жайлы] кішкене болса да таныс қыздарыңыз - Алтынай Аман😘❤🌷❗❗❗
___________________________________________________
📣Оқыған және Авторы✒ : – 💁© Алтынай Аман!
___________________________________________________
💁@altynay_aman_poetry [2-бөлім]
________________________________________________
📌 #АлтынайАманөлеңдері
#мұңайма #жылама #қиналма #жас #мұң #жұбату #бекембол #поэзияменинжурегимде #видео #жыламашы #поэзия #күлімде #әсерлі #строки #поэзияәлемі #қанментер #казахстан #жұбатадыбұләнім
#ақын #өлең #тапсырыс #клип #эмоция #АлтынайдыңАлтынСөздері #АлтынайАманәңгіме #followlikewhachvideospoetry #мелодрамма
#композитор

___________________________________________________
📣Оқыған және Авторы✒ : – 💁© Алтынай Аман!
___________________________________________________
💁@altynay_aman_poetry
________________________________________________
📌 #АлтынайАманөлеңдері
💁Тақырыбы:🎬«Мұңайма❗»🎹
🎧⏪◾⏩🎶 [1-бөлім]
_______________________________________________ 💁Толық нұсқасын Youtube желісінен көріп-🔴https://youtu.be/F4yd75vmiKE , Телеграм желісінен жүктей аласыздар-🔵t.me/Altynay_Aman_poetry
[Төбеде ссылкасы жазулы
________________________________________________
#АлтынайАманөлеңдері
#мұңайма #жылама #қиналма #жас #мұң #жұбату #бекембол #поэзияменинжурегимде #видео #жыламашы #поэзия #күлімде #әсерлі #строки #поэзияәлемі #қанментер #казахстан #жұбатадыбұләнім #вайн
#ақын #өлең #тапсырыс #клип #эмоция #АлтынайдыңАлтынСөздері #karasevda #АлтынайАманәңгіме #мелодрамма
#композитор

Most Popular Instagram Hashtags