#Өсекграм

MOST RECENT

Бүгiнгi тойдағы дружок.😄 Сөз сөйлеуге шығып, "Нұрболханға арнаған өлеңiм бар" деп елең еткiздi.😜 Дружоктың #ДружокГода-ға арнаған өлеңiн оқып көрiңiздер.😉
-------------Нұрболханға--------------
Асаба боп мардымды сөз айта аласың,
Бiлесiң асабаның тайталасын
Инстада боқтап жазған адамдарға,
Сыпайы ғана жауап қайтарасың.

Ер адамға әлбетте жақсы ат қажет,
Жүр адамдар миыңды ватсапта жеп.
Структура құрып ап NL-менен,
Нұрлы лидер атанып мақсатқа жет.😂

Естiледi алыстан сан қырдан үн,
Өнерден керi қарай тартынбадың.
Жайдарман мен КТА деген жерде,
Эфирларда жұлдыздай жарқырадың.

İшкi ойды айтқызбай түсiнесiң,
Кiрiсесiң қамданып iсiңе шын.
Полицияға шынайы жаның ашып,
Жигулиды видеоға түсiресiң.

Кездерiң жоқ шалқақтап тойып алған,
Қайтарады шопан да қойын алдан.
Өзiңнiң талай жеке хэштегiң бар,
Инстаграмнан өз орнын ойып алған.

Түсейiк Хақ жолында бiр ағымға,
Алып тастап Талисман тұмарын да.
Сен айтатын Эшкере тамсандырып,
Бүгiнде бар Қазақтың құлағында.

Көзiңдi де демалтып iлдiрмейсiң,
Адамдарды жайдан жай күлдiрмейсiң.
Перелетпен жүресiң SCAT-тармен,
Ал тойларда шаршауды бiлдiрмейсiң.😄

Оңалмас Москвичтер оңдасаң да,
Көрсек те қанша итерiп жолға сап та.
Жiгiт жолдас боламыз ақырындап,
Сен секiлдi "Дружок года" болмасақ та.
Воот осындай!😄 Қалай, былай?😉
P.S. Кiмде тағы ақындық қасиет бар?😜 Кiм тағы да маған арнап өлең жазар екен? Ұнағанын салайын.😜👌🎖🤝💥👏
#ДружокГода #Инстаграм #Өсекграм #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

📚📝 Жеңiлiстер мен Жеңiстер.🖤
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Тірлік-күрес. Жеткізе ме мұратың.
Сол тірлікте керек екен бір адам
Жүрегіңді жақынырақ ұғатын.

Кездеріңде қиял аттан құлаған,
Кездеріңде қиянаттан жылаған
Жұрт аяйды. Бірақ сенің жаныңда,
Қалмайды ешкім. Қалатыны бір адам.

Сол адамның жақын болар аты тым,
Бөліседі ол жақсылығын, уақытын.
Сол адаммен жеңілірек жүгің де,
Сол адамға байланысты бақытың.

Болсын сенде дос ондаған, жүз мейлі,
Болсын бәрі мейірімді, ізгі ойлы.
Бір-ақ адам сеніменен бақытты,
Бір-ақ адам сені аңсайды, іздейді.

Өмір-теңіз. Толқындары қатерлі,
Ол іріктер жақын жанды, жат елді.
Бір-ақ адам шындықты айтып шыңғырған,
Бір-ақ адам түзетеді қатеңді.

Тәңірінен тірлігіңді сұраған,
Бар болса егер сол аяулы бір адам.
Қолын созып кездеріңде құлаған
Арашалар жаза менен күнәдан.

Сені ешқашан шығармас ол санадан
Қасіреттен,қайғы, мұңнан, наладан.
Жауыздықтан, жамандықтан, жаладан,
Құтқармайды одан басқа жан адам.

Түсінбеске түсіңді де жорытпа
Жүрсеңдағы жол үстінде, жорықта
Сені жақсы көретұғын жан барда,
Басқаларға басыңды име, қорықпа!

Тастамайды ол төпесе де ақпан қар,
Сол адаммен арайлырақ ақ таңдар
Ондай адам жоқ болса егер, іздеңдер,
Ал бар болса, аялаңдар, сақтаңдар.

Жалғыз болсаң, жаның қалай жалындар,
Махаббатың барда – мәңгі әнің бар.
Сүйгендерің болса, адасып қалмаңдар
Сүйгендерің болмаса, іздеп, табыңдар!
___________©️Күләш Ахметова___________
#ЕркiнПост #ПоэзияЖүрегiмде #Инстаграм #Өсекграм #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға #ЖекеӨмiргеКөңiлБөлуКерекЕдi
Photo by: @tm.studio @maksat_rysbekov

Бүгiн Шымкентте мощный той болды.👍 Ерлан бауырымыздың анасының 60 жас мерей тойы және ұлдарының сүндет тойы. Рахмет, Шымкент.😘 Медет бауырыма рахмет, қасымнан әрдайым табыла қалады.✊😎 @medetdoskhanayev
#Инстаграм #Өсекграм #Шымкент #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Это мой не обычный, черно-белый друг.😁✌️ @gaziz.erbolat
Не обычный достарыңды белгiле.😜
#Инстаграм #Өсекграм #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Ақтауда, Саммитпен қатар Айбек @aibek_imashev бауырымның тойын дүркiретiп атап өттiк. ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi. Азия чемпионы. Еуропа кубоктарының иегерi. Ұлттық құрама мүшесi, Айбек Имашев. Таныс есiм бе?😉
Тойында, қазақты әлемге танытып жүрген елiмiздiң барлық өңiрiндегi батырлары және шетелдiң спортшылары жиналды. Абыройың асқақ болсын, Айбек. Той на ура өттi.👏💥💪🎖
Ендi, бақытты бол, срочно.😉💐
#Инстаграм #Өсекграм #АйбекТоғжан #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Шалдың балдары, Ақтаулық "Барыстар" КВН командасының белдi ойыншысы, Абылай @abylaibarstar бауырым рухани жаңғырып үйленгенде тойына келе алмаған едiм.😁 Кеше арнайы қонақ боп, келiннiң қолынан шай iшу бақыты бұйырды.☺️ Рахмет, бауырым. Шаңырағың берекелi болсын. Мама, папаға рахмет. Құдай қуат берсiн ол кiсiлерге.😘✊
#Инстаграм #Өсекграм #МаңғыстауБаласы #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

😄✊🎖💪💐
Құдайым, қатар бердiң бақ пен бапты,
Қатарымнан тұлпарым оза шапты.
Бергенiңе шүкiр деймiн, мiне тағы,
Көкшетаулық қазағым шапан жапты.
Рахмет, Көкшетау!😘 Кең пейiлiңнен айналдым. Фотодағы Көкен әжемiздiң қызын ұзаттық, бүгiн. Әжемнiң жапқан шапаны. Аллам бойына қуат, денiне саулық берсiн.
Бақытты күндерiмiз, сәттерiмiз көп болсын.
Шапандар жаман жарасатын бопты маған ше...😂😂😜
#Инстаграм #Өсекграм #Няшка #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

😂😂😂 Бесконечно можно смотреть только на три вещи: как горит огонь, как течёт вода и на мои фотки.😂😝 Осының өзi бiраз адамның нервысына тиедi ғой.😂
Моя жизнь. Мой выбор. Мои ошибки. Мои уроки. Не ваше дело.😂 Мәә, ал керек болса.😜😝
#Инстаграм #Өсекграм #Ақтау #ТәщҚала #МаңғыстауБаласы #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Той десе қу бас домалап, әр қалаға ұшып жүрiп ұйқыны ұмытамыз. Өзiмiздi аямай кетемiз. Бiрақ, оның өзi приятная усталость дейдi ғой, солай.😄 Шаршағанымды тойда көрсетпеуге тырысамын. Себебi, әр той мен үшiн жауапкершiлiк. Бiреудiң артқан аманаты. Ал, аманатқа қиянат жасағым келмейдi. Барымды салып есте қалатындай етiп өткiзуге тырысамын. Әр тойдың өз ерекшелiгi бар. Жалпы, тойдан көп фото, видео сала бермеймiн. Себебi, парақшамды халтура қылғым келмейдi. Шлиии, аккуратныймын ғой.😄 Қазақтың тойы бiтпесiн, вәщще.😂
Айтпақшы, мына фотода примерно шаршаңқы түр ғой.😄😝
#Инстаграм #Өсекграм #ҚазақтыңТойыБiтпесiн #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Менің жарым "сымбатты" деп мақтанатын емес, оны көргенде "Жәннатым" деп жәй табатын жанды күтудемін.
Сірә бұл тәкаппарлыққа жатпас! #жігіттердің_ойынша_мінезім_нашар_өзімшіл_адам_екенмін! #не_ойласаңда_маған_бәрібір! #кім_не_десе_де_көңілім_жаздағыдай #айтып_айтып_қоясыңда! #өсекшілердің_құлағына_алтын_сырға #өсекграм

😂🤣😝⚔️
Во времена древних богов,
Воителей и королей,
Простой народ искал защитника.
Им стала Зена - королева, закаленная в боях.
Сила, страсть, опасность.
Её отвага изменит мир.
деп басталатын едi ғой.😄 Домалағын лақтыруды армандаушы едiк.😜 Көрген жан бар ма?😄
#Инстаграм #Өсекграм #Зена #ДемеушiмiзБолашақ #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Most Popular Instagram Hashtags