[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

#ӨМІРДЕ_БОЛҒАН

MOST RECENT

Алматыға үйренісіп қалған кезіміз. Бірақ, ары-бері қала шетіне көп шықпаймыз. Сырт жақтың сырын білмейміз. Екінші курс па екен, əлде үшінші курс кезіміз ба нақты есімде жоқ, бір курстас қызымыз👸 Талғарға тұрмысқа шықты.💑👰 Содан не керек əлгі тойға шақырылдық. Ол кезде шақырылған жерден мүлдем қалмайтын уақытым болатын. Шақырған жерге, шақырған уақытта, уақытша көлігімізді (Автобус🚍🚍🚍🚍) мініп алып жетіп бардық. Сөйтсек ол Талғардан сəл төменірек Кең дала "Раздоля" деген жер екен. Той басталды. Кафе жол жиегінде орналасқан. Тура Төмен тартса Алексеевка. Бұған дейін Алексевканы естімесек, мүлдем болмаған жерім. Талғарда солай. Білмейміз, білмеген соң біздер үшін ой шұңқыры көп. Той түнгі бірде тарады. Тойдан шықтық. Уайым қалаға жету. Куртой болып мініп келген уақытша көлігіміз🚌🚌🚌 түн жарымда жүрмейтіні жаман. Сондан такси ттоқтаттық. Олардың да құны көкке көтерілді. Артық Көк тиын жоқ.
Сөйтіп, əйтіп-бүйтіп Талғардың центріне жетіп, кейін зеленный базарға деп мың теңгеге такси ұстап тайып тұрдық. Түн ортасы Талғар өте тыныш қала болып көрінді. Көлік атаулысы өте сирек жүреді. Жолда құр отырмай ой үстінде кетіп барамын. Ит байласа тұрмайтын жер екен деп қоямын ішімнен. Сол əңгіме, сол түні, сол жерде қалды. Кейін Талғарға өте жиі баратын болып шықтым. Тіпті, есік, бесік, тесігіне дейін жақсы білем. Ит байласа тұрмайтын жерге, жіпсіз байланып учаскі алуды, тауға қарап тұруды армандай бастадым. Айтпағым, аузыма келгеен əңгімені кезінде қыртып айта салғанмын. Кейінрек жасаған сол жақты мандайыма жазған ба депте бір ойлаймын. Кім білсін болашақта Талғардыңда тұрғыны болып қалармын.🏠🏘 Шынымен де керемет жер. Бұл суретте əлгі Кең далада "Раздоля" түсірілген. Бұл əңгіме күні кеше ғана ойыма түсті. Сосын жазып тастағым келді. Ауыздан шыққан əр сөзге абай болу керек екен!
#Қыртқан_Ой #Алып_Шаһар_Кешкі_Ой
#Талғар #ТалғарШыны #Сентябрь #Қыркүйек #ФотоАрхив #Өмірде_Болған

Бұрын қыздарды неге алып қашқан білесіздер ме?
Себебі, ол кезде қызбен қыдыратын кафе, кино, парк деген нәрсе болмаған😁
Ал, қазір неге алып қашады?
Себебі, қазір кафе, кино, паркке қыдыратын ақша жоқ😂
Әрине әзіл)))
Жалып "Алып қашу" деген нәрсені естісем "Не жабайылық?" деп айтатындардың бірімін. Әкем кезінде анамды алып қашсада😆
Әкем мен анамның танысуы қызық болған.☺️(Мен үшін қызық,сіздерге қайдам)
Әкем көрші үйдегі қызбен жүретін болған, бірақ ол қыздың үйінде телефон болмай көрші қыз анамның үйіне келіп сөйлеседі екен. Сөйтіп, бір күні әкем сол қыздың үйінің телефоны деп анамның үйіне звондап, телефон анам көтерім, әкем анамның дауысына сынған.
Ары қарай пошло-поеxало. Анау қыз жайына қалған😄
Анам сұмдық оқымысты, комсомолка, спортсменка, красавица, линейкада тұрып тәртіпсіз оқушыларды жер қылатын қыз болған😆
Әкем бір районның смотрящийі болған.😅
Жалпы айтқанда минус пен плюс қосылған😄
Қазір анам ойнап алып қашып кетпесін десе "Мам, успакойся соттап жіберемін" деймін😂
*Түйін: Жігіттеріңізге басқа қыздардың телефонынан xабарласпаңыздар😆
____________________________________________
Ал сіздердің ата-аналарыңыз қалай танысқан?☺️
Бөлісе отырыңыздар😄
#өмір_юмор
#өмірде_болған

Most Popular Instagram Hashtags