#қайнаралагөзов

MOST RECENT

Ақылы асып асқардан, 
Қабілеті расталған.
Қай қызметке барса да,
Озып жүрер жоспардан.
менің Ербол ағама,
Әкім болу емес-ау,
Әділ болу басты арман.
Орда бұзып отызда.
Өз еліне бас болған.
Отыз бесте жасқанбай, 
Қамал алып тас қорған,
Мұғалжардай тұрғыны, 
Бай ауданды басқарған.
Төрінде отса жақсы әкім,
Жақсарады жақсы аудан.
Қадамына гүл бітті,
Қандыағашқа басқаннан.
Мақтамаймын ешкімді,
Сасқаннан не тасқаннан.
Алғыс болсын бұл өлең,
Еңбексүйгіш ағама,
Еліктейтін жастардан!!! 📷Данағұлов Ербол ағаммен естелік сурет.
#Ақтөбе #қайнаралагөзов

Ақылы асып асқардан,
Қабілеті расталған.
Қай қызметке барса да,
Озып жүрер жоспардан.
менің Ербол ағама,
Әкім болу емес-ау,
Әділ болу басты арман.
Орда бұзып отызда.
Өз еліне бас болған.
Отыз бесте жасқанбай,
Қамал алып тас қорған,
Мұғалжардай тұрғыны,
Бай ауданды басқарған.
Төрінде отса жақсы әкім,
Жақсарады жақсы аудан.
Қадамына гүл бітті,
Қандыағашқа басқаннан.
Мақтамаймын ешкімді,
Сасқаннан не тасқаннан.
Алғыс болсын бұл өлең,
Еңбексүйгіш ағама,
Еліктейтін жастардан!!! 📷Данағұлов Ербол ағаммен естелік сурет.
#Ақтөбе #қайнаралагөзов

Ауылсыз адам өссе де,
Адамсыз ауыл өспейді.
Ауылдан адам көшсе де
Адамнан ауыл көшпейді!

#ҚайнарАлагөзов #ҚЫЗЫЛОРДА❤️

2006-2008 жылдары "Қазақстан" телеарнасындағы "Аламан айтыс" ақындар айтысының продюсер-жүргізушісі болған кезімде Ақтөбенің мұзбалақ ақыны Қайнар Алагөзовты (@kainaralaguzov) алғаш "телеайтысқа" шығардым. Ол уақытта Қайнар жасы әлі жиырмаға жетпеген бозбала еді. Жас болса да өте алғыр, ұйқастырған өлеңдері мірдің оғындай, нағыз шаппа-шаптың ақыны деп танитынбыз. Мінезі ақкөңіл, біздің ұжымның еркесі болды. Қазіргі Қайнардың ойы терең, xалықтың ақыны, елінің сүйіктісіне айналған азамат. Талай жыл көріспеген бауырыммен қасиетті оразада, жұма намазында қауышып қалдық. Сол жылдардан қалған сыйластық, бір-бірімізге деген құрмет оты лапылдап-ақ тұр! Азаматым, аман жүр!
#қайнаралагөзов

Бауырыңды қолдап жүр,
Жан-жарыңды қорғап жүр.
Ұл-қызыңа жүретін,
Ұлағатты жол қалдыр.
#ҚайнарАлагөзов

Ей, Адамдар тоқтаңдар, қараңдар айналаға,
Не болып кеткенсіңдер, ниетін пайда ғана.
Ағайын-туысқанмен кездесіп тойда ғана,
Өтірік беттен сүйіп, өтірік аймалама.
Қаланы қоя қойшы, сырнасы айна ғана,
Сыр жұмбақ адамдары жүргендей айда дара.
Ауылда соған еріп бастапты-ау, пайдалана
Көршіге-көрші кірмей,тұрғандай айдалада.
Мынаумен аралас деп айтасың қай балаңа,
Өмірге бір келесің тура жүр,тайғанама.
Анамыз құрсағында тоғыз ай көтергенде,
Мақсатың байлық жинау, мансабың бай ғана ма?
#ҚайнарАлагөзов

Естелік 🎞🎥🎬📷📸
@kainaralaguzov & @asylbek_mannap
______________________________________
#ҚайнарАлагөзов
#шамшырақдуэті

Қорғасындап алатындар сақасын,
Алыстағы асықтарды ататын.
Тал-шыбықтың тамырына су құйсаң,
Көркейгенде көлеңкеде жатасың.

Бізден төмен тауық деген бір ұлтқа,
Тары шашсаң көп береді жұмыртқа.
Таңмен тұрып еңбек етсең ерінбей,
Ішкен суың бал болады ымыртта.

Егіншілер жерге дәнін сепкенде,
Кетпен алып күзді ойлайды көктемде.
Көл-көсір ғып жатыр, міне жемісі
Екі-ақ уыс тұқым еді өткенде.

Ерке бала ерке қызбен қосылып,
Некелесіп, еркелігі тосылып.
Сәби сүйіп көрсем дейді қызығын,
Маңдайына жел тигізбей өсіріп.

Әзірейіл көрсеткенше төбесін,
Төбемізден бақылайды төрешім.
Бұ дүниеде құлшылық ет Құдайға,
О дүниеде рақатын көресің.
#қайнаралагөзов #қайнар #алагөзов

«Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Əн: Достығымыз жарасқан
Орындаушылар: @toregalitoreali @kainaralaguzov @kuralmolzhanov @ayan_seitov
#Достығымызжарасқан
#ҚайнарАлагөзов
#ҚұралМолжанов
#АянСейтов
#ТөреғалиТөреəлі
#Достық #Достығы #жарасқан #Шынайы #дос #достарменжанымбірге #достығымыз_жарасқан #Астана #Алматы #Кызылорда #Шымкент #Тараз #Орал #Актобе #Актау

Білмеймін Сейтовтен басқа Аянды,
Жүлдені қасқа бала жастай алды.
Дайындалып бармайды бір айтысқа,
Пастасы бітіп қалып пастаянны.
#ҚайнарАлагөзов

Досым!
@anuar_kurmangali
Мен арақ ішкен жоқпын, дəмін көрдім,
Соған да бір кісідей зəбірлендім.
Біреудің қалтасына түспесем де,
Өзімнің қалтамдағы барын бердім.

Көңілін күндестердің көктем еттім,
Ең жақын туысымды өкпелеттім.
Сахараның төзімді түйесіндей,
Үйімнен бір шыққанда көпке кеттім.

Ақылын көршілер де айтып кетті,
Қонысын іргемізден жəй тікпепті.
Қанша рет қатарыммен тойға барып,
Қадірім менен бұрын қайтып кетті.

Елпілдеп сыйлағанға ел-аймағым,
Көшеде көлігімді кері айдадым.
Бара адам бауыр екен деп ойладым,
Жарымды жауым екен деп ойладым.

Енді дəмін татпаспын сол "бəленің",
Маңыма жуымасын ол да менің.
Алаштың адал ұлы боламын деп,
Анама сөз, ағама қол беремін.

Берем де, бос-серуенді бітіремін,
Бақылайтын сен барсың, шүкір елім.
Арақ ішсем бетіме түкіріңдер,
Насыбай атсам өзім түкіремін.

#қайнаралагөзов "Достығымыз жарасқан" өлеңі!

...Балалық шақ шектеулі,
Ойнайтын кезің асыр сап...
😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄
Өткен күннен естелік.Ақтауда
@asylbek_mannap
@kainaralaguzov
___________________________________
#Қайтаоралыпкелмейтін
#Балалықшақтыңқызығы
#АсылбекЫсқақов
#ҚайнарАлагөзов
#шамшырақдуэті

Most Popular Instagram Hashtags