#эльеко

MOST RECENT

Қасиетті Рамазан айындағы дұға-тілектеріміз қабыл болсын,ағайын! @abai_begei аға,сізді жаңа жасыңызбен құттықтаймын. Алла тілеуіңізді берсін. Не тілесеңіз,мен соның орындалуын тілеймін. Сіздің бойыңызда адамгершіліктен бастап көп қасиет бар. Жақсы қасиеттеріңіз жоғалмасын. Аппақ көңіліңізді ешқашан кір шалмасын. Екі дүние бақытын тілеймін. #Рамазан2018 #АбайБегей #аға #Маңғыстау #Эльеко

#Жүрегімсенкелгелібақытты❤❤❤❤ деп интрига жасап қояйын)))). (жақсы көретін фотом ғой сол) Қалайсыздар,не хабарлар? Оразаға дайындықтарыңыз қалай? Бұйыртса,оразада әлеуметтік желілерден аздап демалсам деймін. Көп кітап оқу керекпін. Жақсы кітап айтамын десеңіздер, мархабат! @aidana_alaman, "Күміс кітап" қайда дим ба?)). #Эльеко #Eleko

Екеуміз бейтаныспыз - ескі таныс
Бір сезім жетпейтіндей бос тұрады іш.
Әрқашан жаныңдамын деген бәрі
Жаныма сыйлай алмай еш қуаныш.
Артыма қарайлаймын көп шақырғандай
Дүдәмал күйде қонсын ақыл қандай?
Жақыным деуге сені хақым болмай
Ешкімім емес деуге дәтім бармай...,- деген өлең жолдарын кездеттіріп қалып,парақшамда тұрсын дедім. Авторын білмедім. Фотоға дым қатысы жоқ))))
Маған балмұздақ жеу үшін ауа райы да,көңіл-күй де,уақыт та кедергі емес. Көшедегі құйылмалы балмұздаққа махаббатым мүлде бөлек. #Эльеко #Eleko #балмұздақ #dondurma #acicream #아이스크림

Төрт кітап оқимын деп (бесіншісін оқып жатырмын) тәтті тортқа ие болдым (Сыйлық үшін оқымадым,әрине. Белгілеген бес құрбысының ішінде болғасын намысқа тырысқаным ғой аздап. Қатты кіріссем он кітап та оқи аламын дегенім да). Сөйтіп Аида құрбымнан бүгін сюрприз болды. Анау-мынау емес,мен қатты жақсы көретін #қызылбархат. Қатты қуандым балаша. Өзіңе көңіл бөлінгенді сезінген қандай жақсы?! Рахмет, алтыным. Мен де #достығымыздыбағалаймын. Өміріміз осы торт секілді тәтті болсын! Осындай қуаныш сыйлайтын достарыңыз бар ма?..Аллаға шүкір,достарға баймын. Жан-жағыңды доспен қала деген осы шығар?.. Адал достарымыз көп болсын. Адал достарыңызды белгісеңіздер болады. #Эльеко @aidaspara 😘😘😘

Кездер-ай! Мен бүгін көп адамға #ностальгия сыйладым. Менің архивімнен бәрі табылады ғой,мақтанып қояйыншы. Ағайындарым,достарым, кластастарым, группаластарым және басқалар да бір фото керек болса да (кейде номер керек болса да),маған хабарласады ғой. Кейде өзімді хард-диск сезінемін ))))). Менде осындай фото бар деп жіберіп,арасында өздерін "шалқасынан түсіремін". Бүгін де уатсапта біраз группаны "шулаттым". Фотодағы жандар достарым ғой. 2005-2006 таныстырған,табыстырған (көбі фотода жоқ). Бізді табыстырған "Айгөлек". Қымбат Әбілдақызының шапанынан шыққан жандармыз ғой. Асыл анамыз #ҚымбатӘбілдақызы аман болсын! Достығымыз мәңгі болсын. Қай жерде жүрсек те аман болайық. Әңгімеміз таусылмасын. Қуанышта кездесе берейік. Біз баратын той көп әлі!Біздің достығымыз шынайы. Көп нәрсе жазғым келеді,бірақ аз-маз басқа нәрсемен босамай отырғаным... #Ақжүректер #Айгөлек #Эльеко

Эля дегенді ұнатпайтындығымды тағы бір қайталап айтқым келіп кетті. Атым ондай ұзақ емес қой деп қоямын. #Эльеко #Элико

Өмір-#бумеранг. Істеген жақсылығыңыз да,жамандығыңыз да өзіңізге қайтады. Адамға,қоғамға, жан-жағымызға пайдамыз тимесе де,зиянымыз тимесінші. "Жақсы сөз -жарым ырыс " демекші,әрқашан жақсы ойлайық,жақсы сөйлейік. Өмір жолымызда жақсы адамдар жолықсыншы. Әрдайым. Бір-бірімізге ниеттес болайық. Мен баршаңызға жақсылық тілеймін. Қайырлы түн! 😘😘😘😘😘😘 #Эльеко

Күшті кино көргім келіп отыр. Ойландыратын, үмітті үзбеуге үйрететін,қандай жағдайда да жасымауға шақыратын,күш беретін болмаса риясыз күлдіретін,романтика әлеміне алып кететін... деп кете берсем. Ужас,фантастика болмаса болды. Айтпақшы, #легендасинегоморя -ны кім көрді? #Корей,#түрік кино-сериалдарының қайсысына рекомендация жасайсыз? #Үнді фильмдерінен ше? Көп болды көрмегелі. Жұрттың бәрі күнде көреді деп ойлайды бірақ))))). P.s. Даже #Karasevda-ны көрген жоқпын)))) #Эльеко

Ата-ананы қадірлеу, құрметтеу,аялау, бағалау - адамзаттың міндеті, парызы. Міндет пен парыз әрқашан орындалуы тиіс. Қос бәйтерегіміз аман болсын. Алладан соны тілеймін. #әкеана #атаана #Эльеко

Көпшілмін. Әңгімелескенді,сөйлескенді жақсы көремін. Достарымның да, таныстарымның айтқан әңгімелерін тыңдаймын, сырларын да сақтай аламын. Бірақ, айтқысы келмейтіндерін тықақтап сұрамайды екенмін. Осыны сұхбат алған кездерімде де жадымда ұстаймын. #Эльеко

Қалайсыздар? Арасында себепсіз хал сұрап тұрған жақсы ғой дегенім да... Фотоның аты - Жалғыз көп фотоға түсе бермейді екенмін. Неге екенін қайдам?.. Жеке фотоға түсуді үйреніп жүрмін)))). Айтпақшы, мен сұхбат жасамағалы көп болды (басқа жұмыстар көбейіп). Кімдерді жазсам екен деп ойланып жүргенім. Подсказдарыңыз бар ма?))). Сәресін ішуге дайындалып жатсыздар ма? Ниеттеріміз қабыл болсын! #ораза #рамазан #Эльеко

Абай аға, туған күніңізбен! Сіздегі адамгершілік, қарапайымдылық, елдің бәріне болсын деп тұратын тілектестік қасиеттер биікке көтеріп тұрады дер едім. Аман болыңыз. Ұл-қызыңыздың қызығын көріңіз. Өмірде де,өнерде де жолыңыз бола берсін. Мен әрқашан тілекшіңізбен. #АбайБегей #Эльеко

Сәкен аға әдемі тілегі мен күшті фотосын жолдап, қуанып қалдық. Мереке құтты болсын, АРУЛАР! @saken_maigaziyev аға,#алтынаға сізге мың алғыс.
#Мереке қалай өтуде?Мына достарым құттықтамады-ау деп отырғанмын, Актаудан досым Болат звондап, #телепатия болды))) #Эльеко

Журналист Сәкен Сыбанбай ағамыздың (өзіме "Жас Алаштан" бері аты таныс) "Ділдің дерті" кітабын бір деммен оқып шыққанмын.Бұл кітап менде болуы керек дегенмін сол кезде. Себебі,маған ұнайтын тақырыптар ғой... Бүгін сол кітап жеке кітапханама түсті-ау.Алуды ұмытпадым, ойымда жүрді. Әлде өзім құнттамадым ба, сәті бүгін келді әйтеуір.Сәуле апайымның "мен алып беремін" деген бір ауыз сөзі болды.Соны күтіп жүре бердім-ау)))).2017 жылға қалдырсақ ұят болар деп,бүгін "ұштым" сол кітапқа. Бұйыртса,қайталап оқып шығамын. Сәуле апайыма сыйлық үшін, Сәкен ағамызға жақсы кітабы үшін, керемет тілегі мен қолтаңбасы үшін рахмет айтып қояйын. #Ділдіңдерті #Эльеко

#Esentaimall-дың шыршасы күшті. Есентай жаққа барсам,шетелде жүргендей сезінем. Қамсыз-қайғысыз адамдар жүреді әйтеуір. Бір ауық жарқ-жұрқ әлемге біз де еніп тұрсақ,артық болмас)))).Қысқасы,келе жатқан жаңа жылдарыңызбен. Аман болайық,сау болайық. Бай-қуатты болайық. #Эльеко

Қуанышбек Әділов - #Махаббатбекеті фильміндегі #Орал ғой. (Бір танысым көрмей қалдым,таба алмадым деген соң қайта шығардым). Ол фильмді көрмегендер сирек шығар. Кинодан кейін жігіттер Гүлназды,қыздар Оралды көргілері келді-ау деп ойлаймын. Мен де бала кезден Оралды, Қуанышбек ағамызды көргім келетін. Жүзі жылы адам. Және жұмбақ адам сияқты... "Киноға түсу жайында ештеңе айта алмаймын. Театрдан көресіздер мені",- деді. Тағы киноға түсер, бәлкім түспес. Бірақ, бір ғана Оралымен миллиондардың есінде,жүрегінде қалары айдан анық! #Станциялюбви #Орал #КуанышбекАдылов #Куба #сұхбаттасубұйырар #Эльеко #kk

Кешелі бері туған күніммен құттықтап жатқандарыңызға мың рахмет.(Звоноктар,смс,уатсап,вк,фейсбук,инста,тіпті агент ). Шексіз алғыс. Ата-анама алғыс,оларға Алла ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Жан-жақтан табылатын тілекшілерім бар екеніне ризамын (Біліп отырып құттықтамағандар, ұмытып кеткендер де болды-ау деймін. Көңілім баяғыдай)))). Фотодағы маған қатты ұнаған тілектердің бірсыпырасы. Ерекше жақсы көретін,сыйлайтын жандарым ғой. Расын айтсам,менен үлкен үміт күтетін жандар көп екенін біліп таң қалдым. Сенімдерін ақтауға тырысамын. Бастысы,аман болайық. Бір жасқа ақылым толды деп есептеймін. (Ханзада бір жерде жүрген шығар,менен бұрын ел-жұрт уайымдап кетті)))). Айтпақшы, звондап құттықтаған күйеубалаларыма ерекше алғыс айтамын. Жақсы күндерде кездескенше. #туғанкүн #Эльеко #kk @m.tokashbaev, @abdullaaliya, @gulzhazira_naubetova,@aruzhan_ishtay, @rgalymkyzy, @aida180987, @aizatermek #сабақоқиын #қайырлытүн

Еліміздің қай жерлеріне барғыңыз келеді? Театрға барып тұрасыз ба? Ұнайтын қойылымдар қайсы? Қай актерлер ұнайды? Кімнің концертінен қалуға болмайды деп есептейсіз? Кіммен бірге дуэт айтқыңыз келеді? Ақша жағынан мәселе болмаса, тойыңызға қай әншілерді, яғни кімдерді шақырар едіңіз? Қай асабаны таңдар едіңіз? Киноға түсү мүмкіндігі болды дейік, кіммен бірге киноға түскіңіз келеді? Кімдердің сұхбатын оқығыңыз (тыңдағыңыз) келеді?.. және #біртүрлісұрақ: Кімді алыстан болса да көргіңіз келеді? #сауалнама тағы да. #қалаған сұрағыңызға жауап берсеңіз, бәріне міндетті емес#Эльеко

Естен кетпес кун! #Телгара (Жас Абай) спектаклинин екинши куни! #Режиссеры - Жанат Хаджиев. #Акжунис #СаулеАпай #Эльеко #Гулназ #Нуникон #Айза #Мен #Фанклуб #МусреповТеатрыЖасасын #ПремьераКуттыБолсын 👏🏽👏🏽👏🏽🎭🎭🎭

"Телгара" спектакли премьерасына келген конактарымыз. #Эльеко #СаулеАпай #Лариса

Most Popular Instagram Hashtags