[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

#ректортаргпи

64 posts

TOP POSTS

12.09.2017
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер Жамбыл облысы əкімдігінің Жастар саясаты мəселерлері басқармасымен бірлесіп, ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауды жан-жақты талқылады.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

11.09.17.
ТарМПИ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова ҚР Парламент Мәжілісінде өткізілген "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауға қатысты.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

50 жылдық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Болашақтың энергиясы – білімде» атты білім күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді. Аталған іс-шараға институттың түлектері, Жамбыл облысының зиялы қауымы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен олардың ата-аналары қатысты. Жиында сөз алған ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожамжарова Дария Пернешқызы барша қауымды Білім күнімен құттықтады. ТарМПИ-ға жаңа оқу жылына 2000-нан аса студент қабылданды: олардың 376-ы мемлекеттік грант иегерлері. Сонымен қатар, 10 студент жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру гранттарының иегерлері болып отыр. Бүгінгі таңда институтымызда 15 ғылым докторы, 130 астам ғылым кандидаттары, 200 педагогика ғылымдарының магистрантары тұтас қоғамның ұрпақ алдындағы қасиетті парызын адал орындап, шәкірттерге өз дәрістерін беріп келеді.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

01.09.2016
ТарМПИ Ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы 1 қыркүйек Білім күніндегі мерекелік іс-шараға қатысып, барша ұжымды мерекемен құттықтады. Ол сөзінде:
«Биылғы жаңа оқу жылының өзгелерден ерекшелігі – институт табалдырығын алғаш аттап, студент атанып отырған жастарымыздың қадамы ел тәуелсіздігінің 25, оқу орнының 50 жылдық торқалы тойына тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін ТарМПИ студенті атанып отырған жастарымыздың талабы – оң, білім жолына аттаған баспалдақтары құтты болсын! Қазіргі таңда әлемде төрт мыңнан астам мамандық бар деп есептеледі. Бірақ, қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын, білім саласында мұғалім – шешуші тұлға болып қала беретіні даусыз. Себебі, ұстаз – ол адам жанының инженері"- деп атап өтті.
#РекторТарГПИ #таргпи #прессслужбатаргпи

12.09.2017
ТарМПИ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облыстық мəслихатының депутаты Қожамжарова Дария Пернешқызы "Қазақстан - Тараз" телеарнасының "Сыр - сұхбат" бағдарламасына "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауды талқылап сұхбат берді. Бүгін 20:00-де тамашалаңыздар!
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

02.09.16
29-31 тамыз күндері Ректор өкімімен құрылған арнайы комиссия "Студенттер үйіне" студенттерді орналастырған болатын. Институт Ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы жатақханаға арнайы барып комиссия жұмысының қорытындысымен танысты. Жұмыс барысында студенттердің бөлмелерін аралап, оларға жаңа оқу жылына мол табыстар мен сәттіліктер тіледі.
#РекторТарГПИ #таргпи #прессслужбатаргпи

03.09.2016
ТарМПИ Ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы Тараз қаласындағы №50 орта мектепте академик-ғалым Өмірбек Жолдасбековке арналған ескерткіш-бюсттің ашылуына қатысты. Жиында сөз алған Дария Пернешқызы: «Өмірбек Жолдасбековтің қайраткерлігі ғана емес, егемендік алғаннан кейінгі жылдары ғылым-білімнің өркендеуіне қосқан үлесінің өзі бір төбе. ҚазҰУ-да 16 жыл ректорлық қызметте болған жылдары университеттің рейтінгісін жоғары деңгейге көтерді. Сондай-ақ, аталған білім ордасында алғаш рет қазақ тіліндегі тарих факультетін ашып, қазақ халқының тарихы әлі толық зерттелмегенін, төл тарихымызды зерделеуге бізге сенім артатынын айтқаны бар», – деп атап өтті.
#РекторТарГПИ #таргпи #прессслужбатаргпи

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Әулиеата әуежайынан Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз, әлем чемпионы Фируза Шарипованы зор қошеметпен қарсы алды. Жиында сөз алған ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова: «Фируза қыздың 50 жылдық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі екенін зор мақтанышпен атап өткім келіп отыр. Фируза 2013-2017 жылдары Өнер және мәдениет факультетінің, Дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алды. Студент кезінде талай жетістіктеріне куә болдық. Бүгін міне, әлем назарын өзіне аударған Астанада өткен кәсіпқой бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында болгар қызы Милена Колеваны ойсырата жеңіп, WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізіп отыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш» деп атап өтті. Өз кезегінде сөз алған Фируза Шарипова, бүгінгі жеңісін өзі білім алған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойына арнайтындығын жеткізді.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

28.01.2017
Универсиада алауы қасиетті Тараздан Алматыға аттанды. Бүкіл Əулиеата өңірінің атынан алауды жеткізу құрметі Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, Еуразия барысы Дәулет Пахритдиновке бұйырды. "Тараз-Арена спорт кешенінде ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысының əкімі Кәрім Көкірекбаев, ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова, басқарма басшылары, өзге де ЖОО ректорлары, ТарМПИ ұжымы мен студенттері қатысты. "Көне Тараз" кешенінен "Тараз-Арена" спорт сарайына дейінгі аймақты алаушылар жүріп өтті. Соңғы болып жүріп өту құрметі ТарМПИ-дың студенттік ректоры Диас Бəйдібектің еншісіне тиді. Ол өз кезегенінде алауды құрметпен ТарМПИ ректоры Дария Қожамжароваға ұсынды. Іс-шара барысында институттың "Томирис" бишілер ансамблі флэшмоб билесе, "Назарт" тобы əн шырқады. Шара соңында облыс əкімі Кәрім Көкірекбаев алауды Дәулет Пахритдиновке салтанатты түрде табыс етті.
Осы іс-шараның өте жоғары деңгейде өткені үшін облыс əкімі мен ТарМПИ ректоры ұйымдастырушылар проректор Орынқыз Джолдасоваға, Тәрбие орталығының барша қызметкерлеріне, факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына ерекше алғыс білдірді.
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

MOST RECENT

12.09.2017
ТарМПИ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облыстық мəслихатының депутаты Қожамжарова Дария Пернешқызы "Қазақстан - Тараз" телеарнасының "Сыр - сұхбат" бағдарламасына "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауды талқылап сұхбат берді. Бүгін 20:00-де тамашалаңыздар!
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

#Repost @rector_targpi (@get_repost)
・・・
12.09.2017
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер Жамбыл облысы əкімдігінің Жастар саясаты мəселерлері басқармасымен бірлесіп, ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауды жан-жақты талқылады.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

12.09.2017
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер Жамбыл облысы əкімдігінің Жастар саясаты мəселерлері басқармасымен бірлесіп, ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауды жан-жақты талқылады.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

11.09.17.
ТарМПИ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова ҚР Парламент Мәжілісінде өткізілген "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауға қатысты.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

50 жылдық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Болашақтың энергиясы – білімде» атты білім күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді. Аталған іс-шараға институттың түлектері, Жамбыл облысының зиялы қауымы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен олардың ата-аналары қатысты. Жиында сөз алған ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожамжарова Дария Пернешқызы барша қауымды Білім күнімен құттықтады. ТарМПИ-ға жаңа оқу жылына 2000-нан аса студент қабылданды: олардың 376-ы мемлекеттік грант иегерлері. Сонымен қатар, 10 студент жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру гранттарының иегерлері болып отыр. Бүгінгі таңда институтымызда 15 ғылым докторы, 130 астам ғылым кандидаттары, 200 педагогика ғылымдарының магистрантары тұтас қоғамның ұрпақ алдындағы қасиетті парызын адал орындап, шәкірттерге өз дәрістерін беріп келеді.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Әулиеата әуежайынан Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз, әлем чемпионы Фируза Шарипованы зор қошеметпен қарсы алды. Жиында сөз алған ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова: «Фируза қыздың 50 жылдық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі екенін зор мақтанышпен атап өткім келіп отыр. Фируза 2013-2017 жылдары Өнер және мәдениет факультетінің, Дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алды. Студент кезінде талай жетістіктеріне куә болдық. Бүгін міне, әлем назарын өзіне аударған Астанада өткен кәсіпқой бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында болгар қызы Милена Колеваны ойсырата жеңіп, WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізіп отыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш» деп атап өтті. Өз кезегінде сөз алған Фируза Шарипова, бүгінгі жеңісін өзі білім алған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойына арнайтындығын жеткізді.
#ректортаргпи #таргпи #пресслужбатаргпи

ТарМПИ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облыстық мəслихатының депутаты Қожамжарова Дария Пернешқызының əлеуметтік желісі жаңа оқу жылында өз жұмысын жалғастырады!
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

@rector_targpi with @instasave.app. 28.01.2017
Универсиада алауы қасиетті Тараздан Алматыға аттанды. Бүкіл Əулиеата өңірінің атынан алауды жеткізу құрметі Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, Еуразия барысы Дәулет Пахритдиновке бұйырды. "Тараз-Арена спорт кешенінде ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысының əкімі Кәрім Көкірекбаев, ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова, басқарма басшылары, өзге де ЖОО ректорлары, ТарМПИ ұжымы мен студенттері қатысты. "Көне Тараз" кешенінен "Тараз-Арена" спорт сарайына дейінгі аймақты алаушылар жүріп өтті. Соңғы болып жүріп өту құрметі ТарМПИ-дың студенттік ректоры Диас Бəйдібектің еншісіне тиді. Ол өз кезегенінде алауды құрметпен ТарМПИ ректоры Дария Қожамжароваға ұсынды. Іс-шара барысында институттың "Томирис" бишілер ансамблі флэшмоб билесе, "Назарт" тобы əн шырқады. Шара соңында облыс əкімі Кәрім Көкірекбаев алауды Дәулет Пахритдиновке салтанатты түрде табыс етті.
Осы іс-шараның өте жоғары деңгейде өткені үшін облыс əкімі мен ТарМПИ ректоры ұйымдастырушылар проректор Орынқыз Джолдасоваға, Тәрбие орталығының барша қызметкерлеріне, факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына ерекше алғыс білдірді.
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

#Repost from @rector_targpi with @instasave.app. 28.01.2017

22.12.2016
ТарМПИ Ректоры Дария Пернешқызы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңесі бюросына қатысты. Онда филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мұратхан Шүкеев тағайындалды. Ол бұған дейін Байзақ ауданының әкімі қызметінде болған. Сонымен қатар, Дария Пернешқызы Партиялық бақылау кеңесінің төрайымы болып сайланды.
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

09.10.2016
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері қатысты. Жиында сөз алған ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова институт ұжымын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады. Салтанатты жиын барысында «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік», «Желтоқсан – Тәуелсздіктің ұлы рухы» тақырыптарында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқу ордасының студенттік өнер ұжымдары қойған мерекелік концерт қойылды.
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова белсенді студенттермен кездесу өткізуде
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

06.12.2016
Спортшылар ұлықталған күн.
Желтоқсан айы ТарМПИ үшін жетістікке толы күндерден бастау алды. Институтының құрама командасы Алматы қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасында футзалдан өткен Студенттік лига ойындарында 2 орын алды. Петропавл қаласында өткен Спорттың кикбоксинг бойынша Қазақстан Республикасының кубогіне арналған турнирде Өнер және мәдениет факультеті, Дене шынықтыру мамандығының студенттері Орынбай Алдияр 1 орын (алтын медаль), Сахиев Қазыбек 2 орын (күміс медаль), 48 келі дәрежесінде Әуезова Арайлым қола жүлдеге ие болды. Өнер және мәдениет факультетінің 4 курс студенті Дәулет Пахриддинов 81 келі салмақ дәрежесінде Еуразия барысын жеңіп алды. Жеңімпаздарды Ректор Дария Қожамжарова арнайы қабылдап, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Алға, ТарМПИ!
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

02.12.2016
Ұзақ жылғы халық игілігіне атқарған зор еңбегі үшін, ТарМПИ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова Жамбыл облысының "Көшбасшы əйел" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

30.11.2016
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Тәуелсіздік. Елбасы. Мәңгілік ел!» атты Жамбыл облыстық жастар форумы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген жиынға жоғары оқу орнының студенттері, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Облыстық қазақ драма театрында «Қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ролі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орайластырылған. Конференцияның модераторы ТарМПИ ректоры Дария Пернешқызы болды.
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

29.11.2016
ТарМПИ ректоры Дария Пернешқызы Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық кеңестің кеңейтілген мәжілісіне қатысты. Кеңесті білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиева жүргізді. Оған Сара Алпысқызы Назарбаева қатысты.
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатаргпи

Облыстық "Жыл студенті" байқауында бас жүлдені, яғни "Жыл студенті" номинациясын ТарМПИ студенті Далғар Айгерім , облыстық "Жыл студенті" байқауында бас жүлдені, яғни "Жыл студенті" номинациясын ТарМПИ студенті Далғар Айгерім жəне ТарМПИ студенттер Альянсы "Үздік ұйымды" жеңіп алды. Институт жастарын Жеңістеріңіз құтты болсын!"
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатргпижеңіп
#ректортаргпи #таргпи #прессслужбатргпи

Most Popular Instagram Hashtags