[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

#ойтолғау

324 posts

TOP POSTS

Былай карап тұрсақ, дос деген сөз 3ақ әріптен құралған..ал мағынасы терең...Әркімнен, тіпті өзіңнен де «сенің досың бар ма?» -деп сұрасақ, -Иә, менде дос көп деп айтамыз..Бірақ...нағыз достық ол сирек..достарыңмен бірге өткізген уақыт, бірге күлген, бірге жүрген кездер ешқашан ұмытылмайды..Мен өзімді бақыттымын деп толық айта аламын!Себебі менің қасымда әрдайым қолдау көрсететін ата-анам, достарым, туған-туысқандарым бар! Ризамын бәріне..❤💞
#кешкішабыт#ойтолғау#бірдосың керек екен..

Өмірімнің жаңа арнасы бастау алған күн....қыз баласы болған соң, тұрмыс құрып,ана атану әрбір жанның арманы-ақ... Аллаға шүкір. Жанымда арқа сүйер азаматым, мамалап шақыратын құлыншағым,бесікте жатқан қуыршағым бар. Мен үшін ата-анамның амандығы мен қуанышынан артық ештеңе жоқ. Барым отбасым, байлығым бауырларым аман болсын. #ойтолғау#анашымдысағындым Болсам да өзім ана, жүрегім көңілім әлі бала😊👫💑

Дәл қазіргі уақытта бос уақыт мүлдем болмай жүр. Бірақ қоғамдағы жәйттарды көріп ой толғатып, жазуға шабыттанып жүргенім бар. Тек уақыттың тапшылығы мүмкіндік берер емес (Әттең, инстаграммда дыбыстық жазба болса ғой!)
Негізі ойтолғауларымның саны 3 десем де болады. Біріншісі, адамгершілік туралы; екіншісі, қазіргі басты мәселе латын әліпбиі туралы; ал үшіншісі қоғамдағы жастардың әлсіздігі туралы.
Бүгін жастардың әлсіздігі туралы жазсам деп едім.
Мен, әрине псиxолог емеспін. Бірақ қазіргі жастардың, яғни біздің ерік-жігеріміз төмен сияқты. Псиxологиялық тұрғыдан өте төмен.
Бұрыңғы кездің жастары мен қазіргі кездің жастарын салыстыруға келмейді. Білемін қазір 21 ғасыр! Бірақ заманды кінәлай беруге де болмайды.
Неге біздер болмашы қиындыққа бола депрессияға түсеміз? Неге біз үшін күні-түні еңбек етіп, бізді уайымдайтын ата-анамызды ойламаймыз?
Өмірдің ащы тұстары болмаса, өміріміз қызықсыз болады ғой! Қателесу керек, адасу керек дұрыс жолға түсу үшін. Өзіңе еркіндік бер! Анау не ойлайды, мынау не ойлайды, адамдарға ұнамай қаламын ба деп өзіңді тежеме. Қиындықтар сен қателесіп, орныңнан қайта тұрып дұрыс қадам жасау үшін берілген! Сондықтан, өмірден түңілме!
Ата-анамыз, Отанымыз, Елбасымыз бізге үміт артып, болашағымызға сеніммен қарап отыр! Тәк чтөөө вперёёёёдддд!!! #ойтолғау#камшатжайык

Сұрақ❓
Шынайы өмірді Қазекең қасқырды жек көреді, көрсе атады, қуып жүріп өлтіреді.. Ал итті жақсы көреді, тамағын береді, жақсы тазы итті үйіне кіргізіп, арнайы тамақ беріп, досындай күтеді. Ал біреуге "ит" екенсің десе қатты ренжиді, "қасқыр" екенсің десе масаттанып қалады? Неге?
#бизнесбастау #кәсіпкерлікмектеп #ойтолғау

...
"Бір ел"
"Бір тағдыр"
"Бір орындық"
"Бір кітап" деген сурет!)))

#ҰлттықАрна
#ОйТолғау
#фотосессия
#архив

Балалық шағым ауылдың қара топырағында аунап өскен қыздардың бірімін🙋🏻 Ауылдың кез келген қара домалақ баласынан қалыспай, үлкендерден тығылып жүре, ауылды талай шулатқанмын(нақты ақпарат көзі). Таңертең, міндетті түрде ас жеп алып, ойынға кететінмін👧🏻. Ақтөс 🐶деген төбетім бар еді, күлесіздер ме білмедім, бірақ тамақты өле жегенше бөле же деп, бөлісетінмін. Кейін, ата-анам біздің болашағымызды ойлап, жаңа белестерді бағындырсын деген ниетте қалаға көштік(қаланың өмірі бір бөлек). Енді, міне ауылды қайта аңсап келіп жатырмыз, бұйырса. 💬Қаланың адамдары ауылды менсінбей жатады десе, ауылдың тұрғындары қазақ мал баққан, жайлы өмірдің ағысымен өмір сүру ауылда екенін айтумен болады. 🔴Менің ойымша, балалық шағы ауылда өткен, білімі заманауи талаптарға сай қалада алынған бала ауыл-қала деп бөлмей, қадірін білген, болашағы зор, ақылды азамат болады.😊 #ауылқызы #қалақызы #ойтолғау #Томпаққыздыңтолғамы

Ескірді кейбір өмірлік құндылықтар!🗿
#ОйТолғау

Жерге емес, 📱 қарап отырмын!)

Астына ақылды бірнарсе жаза сал👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻
#ойтолғау #цитатывеликиxлюдей #өмірсолай #типаақылды

Құрметті бауырлар қыздар жігіттер ойланайық....
Осындай ата-ананың қамқорынсыз қалып жатырған бүлдіршіндеріміз осындай дұға жасауда...
Ал ,сен еліңмен туған жеріңнің гүлденуі жолында,ата-анаңның амандығын тілеп Алла разылығы үшін қашан дұға еттің?···
Дұға мұсылманның қаруы әрі қорғаны! ..
P/S:Дәл осындай жетім жесірлер қоғамда қайдан пайда болды...?
Өз мхб-тыңды таңдар алдында ,ойланған дұрыс ....Ақыр соңы қателікке бой алдырмас үшін
#ойтолғау
Бейнеролик 8 777 479 35 90

MOST RECENT

Жаныңа сирек кездесетін және шынымен лайықты адамдар бар. Олар қызықты әңгімелер жүргізеді, тіпті қолын ұстап, нәзік талшықтайды, бұл оларға сенім мен еркіндік береді, сонымен бірге олардың қарапайымдылығын сақтайды.
Бірақ, көбінесе, әбден негізсіз мақтаныш, еріксіздік, бос сөйлесу қабілеті бар адамдар кездеседі. Олар өздерін мақтайтын нәрсені жасай отырып, мұның төмендейтінін түсінбейді, өйткені олардың әрекеттері құрметке лайық болса, адамдар бұл туралы өздері туралы сөйлеседі. Олар қадір-құрмет туралы емес, оны көреді.
#ойтолғау
#түсініксіз😂

Өмір сынақтарымен қызықты, бірақ сол сынақтармен уақыт тез өтіп кеткенін байқамай қаламыз😇. Əр сынақтың артында бір қуаныш жасырулы. Сондықтан күліп жүріңіздер☺. Өмір күлетіндерді ұнатады жəне ол арқылы сынаққада төтеп бере аласыздар😊! #18
#ойтолғау
#оптимистка

📣📣📣ЖАС АНАЛАР НАЗАРЫНА!!! 👪 - БАЛАМЕН КӨП СӨЙЛЕСІҢІЗ, ЕРКЕЛЕТІҢІЗ, ҮЛКЕН АДАМ СИЯҚТЫ АҚЫЛДАСЫҢЫЗ, МЕЙЛІ ОЛ ЕМЕТІН НƏРЕСТЕ БОЛСА ДА, ОЛ СІЗДІҢ СӨЗДЕРІҢІЗ АРҚЫЛЫ ТІЛІ ШЫҒАДЫ;👅😇 - БАЛАНЫ ЕМІЗЕРДЕ ДƏРЕТ АЛЫП, БАСЫҢЫЗҒА ОРАМАЛ ТАҒЫП ЕМІЗІҢІЗ, БАЛАНЫҢ АСЫНА ШАЙТАН ОРТАҚТАСПАСЫН; 👀 - БАЛАНЫ ДАМЫТЫҢЫЗ, ОЛ ҮШІН ТҮСІНБЕСЕ ДЕ ҚАЗАҚЫ ЕРТЕГІЛЕР ОҚЫП БЕРІҢІЗ БОЙЫНДА ҚАЙСАРЛЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ ОЯНСЫН,👍 - ƏНШІ БОЛМАСАҢЫЗ ДА ӨЗ ДАУЫСЫҢЫЗБЕН ƏН АЙТЫП БЕРІҢІЗ ƏЛЕМДЕГІ ЕҢ ƏДЕМІ ДАУЫС ОЛ ҮШІН СІЗДІҢ ҮНІҢІЗ;👌 - ҚҰРАН ТЫҢДАТЫҢЫЗ ЖҮРЕГІНЕ ИМАН ҰЯЛАСЫН;❤ - ОЛ БҰТЫНА ЖІБЕРІП ҚОЙСА ДА МАҚТАҢЫЗ. СІЗДІҢ "ОҢБАҒАН" "ЕСУАС" "АҚЫМАҚ" "МИСЫЗ" Т.Б СӨЗДЕРІҢІЗДІ ЕСТІП ӨСКЕН БАЛА РАСЫМЕН ДЕ ОҢБАЙ МИСЫЗ ҚАЛАДЫ. БАЛА ҚОЛДАУДЫ АТА-АНАСЫНАН ҒАНА АЛАТЫНЫН ҰМЫТПАҢЫЗ. ☝ - ЖƏНЕДЕ БАЛАҢЫЗ ҚАНДАЙ БОЛСА ДА ШҮКІРШІЛІК ЕТІҢІЗ. "СЕН АНАУ СИЯҚТЫ БОЛМАДЫҢ, ЖҰРТ СИЯҚТЫ БОЛМАДЫҢ" ДЕУ ҚАТЕ ҰҒЫМ. БАЛАҢЫЗ ЕШКІМГЕ ДЕ ҰҚСАМАСЫН. БАЛАҢЫЗДЫҢ АРМАНЫ ДА ЕШКІМДІКІНЕ ҰҚСАМАСЫН;👏
-
БАСТЫСЫ ДЕНІ САУ БОЛСЫН!!! БАЛАЛАРЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН! ! ! -
БАРШАҢЫЗҒА ҚАЙЫРЛЫ ҰРПАҚ НƏСІП ЕТСІН!!!#ОЙТОЛҒАУ #МАССАЖАЛМАТЫ #ДЕТСКИЙМАССАЖАЛМАТЫ #ЛЕЧЕБНЫЙМАССАЖАЛМАТЫ #ВРАЧПЕДИАТР #НАЗКЕНАРЫСБЕКОВНА

❤Адамды кешіре біліңіздер. Кешірім ол тек мықтыларға лайықты, тек әлсіздер мен ақымақтар кешірімнің не екенін білмейді.
❤Сіздің болашағыңыз бүгін істейтін еңбегіңізге байланысты.
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
❤Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол.
❤Адам – өз ойының жемісі. Не ойласаң, сол болады.
❤Өзіңді табудың ең оңай жолы – өзгелерге құлақ аспау.
❤Өмірдегі ең жақын адамдар – мерзімдік уақыты бітпейтін тауар сияқты, әрқашан сенің қасыңда. Сондықтан тауарды таңдағанда баға емес, сапаға көп мән берген дұрыс.
❤Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды? (с)Махатма Ганди
#махатма #махатмаганди #философия #ой #ойтолғау #қасиет #махаббат #болашақ #адам #өмір #кешірім #бақыт #уақыт #нақылсөздер #мотивация #мотивейшн #мотивейшен #қазақшамотивация #жеңіс #love #mahatmagandhi #india #me #instagram #instagood

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
#ойтолғау#аманболыңдардостарым

Қалайсыздар?
Жағдайларыңыз қалай?
Өмірде жақсылық пен жамандық қатар жүреді дегенге көзім тағы да жетті. Қиындыққа төтеп беру үшін жүрек керек, ал жүрек сол қиындық алдында қорқақтықты жеңе білу керек. Бір сөзбен айтқанда "таспен атқанды, аспен ат"деген немесе "какой привет, такой ответ"деген, қайсысын таңдасаңда жеңілдеп қалудың жолы.... Сол қиыншылықты уақытымын шешіп кету керек, артынан өкініш қалмау үшін! УОООТ ТАААК!!!😎 #ОЙТОЛҒАУ
#ОЙТОЛҒАУ
#ОЙТОЛҒАУ

Өмір – сырға толы, қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. «ӨМІР -КҮРЕС» дейді ең бастысы «Дүние алма кезек» дегендей, жалғандағы БАРША қиындықтың уақытша екендігін ұғынып,«ӨМІР» атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек. Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз.
#фая_елемес #фаризка #ойтолғау #өмірсабақтары #өмірбелестері

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірдегі ең басты жақұтымыз, баға жетпес байлығымыз ол біздің ата-аналарымыз.
Баласы үшін жан-шыбын шырылдаған ата аналарымыз аман болсын. Көгімізде желбіреген туымыз секілді әр қашанда биік тұрасыздар.
#анасыбарадамдарешқашанқартаймайды
#ойтолғау

Қазақ тіліне баса назар осы XX ғасырда аударылған секілді. Қазіргі кезде шала қазақтар көбейіп, тіл шұбарланып жатыр. Жəне де Ахмет Байтұрсыновтың жасаған əліпбиінен -латын əліпбиіне ауысу мəселесі қаралып жатыр. Латын əліпбиін көптеген елдер қолданады. Ал біздің қазақ тіліне тəн 9 əрпіміз де жойылғаныма? Тəуелсіз Қазақстаннын ресми тілі-орыс тілі. Неліктен қазақ елі, қазақ халқы бола тұра, өз тіліміз-қазақ тілді ресми тіл ретінде алмасқа?! Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тілі -қазақ тілі" деп жазылған. Міне,  XXI ғасыр сауатсыз адамдар дəуірі деп атасақ та болады. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының ресми тілі болатын болса, тіліміз дүниежүзіне белгілі, қолданыста жүретін тілдердің қатарында болар еді. #латынəліпбиі #қазақтілі #қазақстан #латынəліпбиінекөшу #өзойым #эссе #ойтолғау
#фотоархив

Тағдырың неге сыр айтты сараң? 
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
#Мұхтаршаханов #шабытАстана
#гримерка#ойтолғау

Адамдар!!! Адаспаңыздаршы...🔊🔊🔊
.
.
.
Биыл Рамазан🌛айында Қасиетті Құран Кəрімді 📖оқып бастадым.
Алланың құдіреті...не деген ғажап...😮
Бəрі ап-анық жазылып тұр ғой Құранда?!✍
Құдай өте САБЫРЛЫ🙏 жəне ЕҢБЕКҚОР🚵🚖👩‍‍💻👨🔬👨🔧🚀👩‍✈ адамдарды мықты жақсы көреді. Жəне адамдарға ең көп ЖАҚСЫЛЫҚ 👩⚕👨🚒жасап, ПАЙДАСЫН тигізіп, ТАҒДЫРЛАРЫН жақсыға өзгертуге ұмтылып, НƏТИЖЕГЕ жеткен пенделеріне əзірлеген сыйы 🎁бар, дəл солай жазылып тұр.
Иə, Алланың 5 парызын орындауға міндеттіміз бəріміз де, жəне ол талқыға салынбайды.
Бірақ, НЕГЕ СОНЫ ПАНАЦЕЯ ДЕП ҚАБЫЛДАЙДЫ көбі?
Сіз Құдайдан таңнан кешке дейін сұрай беріп, алайда түк əрекеттенбесеңіз, сұрағаныңызды береді деп ойлайсыз ба, расымен???... Өте өкінішті...🙍
Бір күн туды ма🌅, тағы бір мүмкіндік 💯берілді деген сөз. Бір жылда 365 күн, ендеше 365 мүмкіндікті қабыл алыңыз. Алланың "шексіз махаббаты" 💟деген осы, жолдастар...!!!
Оқыңыз,📚 Ізденіңіз,🔍 Еңбектеніңіз,💡 Талпыныңыз, 🏊Сұраңыз, ❓Ұмтылыңыз,🔝 сол кезде НƏТИЖЕ болады🎯, ЖҮРЕКТЕ ТЫНЫШТЫҚ 😍орнайды. Сол кезде Жаратқан иемізбен бірігеміз💓, өйткені ол бізден о баста жүректің ішінде жасырылды 💝емес пе?...
#Ілесіңіздер💕💕💕
.
.
.
#ОйТолғау 💬
#МыслиВСлух 💭
#НакипелоВсе 💥
#ВзрывМозга 🌟
#Осознание 🌸
#МонетыПроваливаютсяТоннами 🆒
#КажетсяДождьСобирается
#ЯНаВолне 🏄
#МоеВремяПришло
#НашеВремяПришло
#МыМеняемМир 🌏
#МыМеняемЛюдей 👥
#ЯГоржусьССобой 😜
#КажетсяСкороБудетПрорывВМоейСудьбе 🔜
#ИстинаГдеТоРядом
#Следуйте💕💕💕 #BeBest ✋😉
#ToBeContinued
#FollowMe💕💕💕
.
.
.
#Жанаргүл_Аманжанқызы
#Zhanargul_Amanzhankyzy
#5_11_2017

Ешкімнен жарылқау күтпе. ✋
Тек қана алға ұмтыл!😉
#мысльдня #ойтолғау

Нелегко размышлять над таким понятием, как "судьба". Конечно, я часто слышу это слово от взрослых. Но разные люди понимают судьбу совершенно по-разному.
Одни говорят, что от судьбы зависит все. Ну, почти все. Кто-то счастлив и богат — значит, судьба относится к нему благосклонно. А если с кем-то произошел несчастный случай — что ж, такова судьба. Если, например, девушка не может выйти замуж — значит, у нее одинокая доля. Говорят, что злой рок преследует даже целые народы.
А другие люди говорят, что свою судьбу человек строит сам и сам определяет свою жизнь. Если в траву бросили окурок или зажженную спичку, значит, произойдет пожар. Все в жизни определено действиями самого человека, на все есть объяснимые причины.
Лично я считаю, что у каждого человека, конечно, существует судьба. Ведь кто-то рождается в семье президента, а кто-то — у родителей-наркоманов. Но я уверена, что свою судьбу и судьбу других можно менять к лучшему. Вместо того, чтобы жаловаться на нее, нужно просто действовать.
Есть такая итальянская сказка о девушке Сфортуне, у которой была злая судьба. Куда бы не подалась бедная девушка, неудачи постоянно преследовали ее. Но она все же победила злую судьбу добротой и прилежным трудом. В сказке Сфортуна разыскала свою судьбу в образе страшной старой ведьмы, переодела ее в красивое платье, расчесала ей волосы, надушила духами. А еще накормила старуху пирогами, которые сама испекла. И судьба изменила свое отношение к девушке. Она стала доброжелательной и ласковой.
Сказка есть сказка. Но она очень поучительна. Недаром говорят, что каждый человек — сам хозяин свои судьбы.
#ойтолғау

Дәл қазіргі уақытта бос уақыт мүлдем болмай жүр. Бірақ қоғамдағы жәйттарды көріп ой толғатып, жазуға шабыттанып жүргенім бар. Тек уақыттың тапшылығы мүмкіндік берер емес (Әттең, инстаграммда дыбыстық жазба болса ғой!)
Негізі ойтолғауларымның саны 3 десем де болады. Біріншісі, адамгершілік туралы; екіншісі, қазіргі басты мәселе латын әліпбиі туралы; ал үшіншісі қоғамдағы жастардың әлсіздігі туралы.
Бүгін жастардың әлсіздігі туралы жазсам деп едім.
Мен, әрине псиxолог емеспін. Бірақ қазіргі жастардың, яғни біздің ерік-жігеріміз төмен сияқты. Псиxологиялық тұрғыдан өте төмен.
Бұрыңғы кездің жастары мен қазіргі кездің жастарын салыстыруға келмейді. Білемін қазір 21 ғасыр! Бірақ заманды кінәлай беруге де болмайды.
Неге біздер болмашы қиындыққа бола депрессияға түсеміз? Неге біз үшін күні-түні еңбек етіп, бізді уайымдайтын ата-анамызды ойламаймыз?
Өмірдің ащы тұстары болмаса, өміріміз қызықсыз болады ғой! Қателесу керек, адасу керек дұрыс жолға түсу үшін. Өзіңе еркіндік бер! Анау не ойлайды, мынау не ойлайды, адамдарға ұнамай қаламын ба деп өзіңді тежеме. Қиындықтар сен қателесіп, орныңнан қайта тұрып дұрыс қадам жасау үшін берілген! Сондықтан, өмірден түңілме!
Ата-анамыз, Отанымыз, Елбасымыз бізге үміт артып, болашағымызға сеніммен қарап отыр! Тәк чтөөө вперёёёёдддд!!! #ойтолғау#камшатжайык

Қандай жағдай болмасын, қарым-қатынасқа 👬👭👫сызат түспесін. Өмір - 🌠тым қысқа, уақыт -⌛ өте аз, махаббат💏- мөп-мөлдір, ал жүрек 💝- өте нəзік дүние. Бүгін 💃бармыз, ал ертең... бір Аллаға🙏 аян... #Ілесіңіздер💕💕💕
.
.
.
Что бы ни случилось, 🙌🙆берегите отношения. Жизнь - 🌞🌜очень коротка, время уходит ⏰навсегда, любовь нуждается в заботе 👪и внимании, а сердце -💔 совсем хрупкое. Сегодня мы🏃 есть, а завтра... только одному Всевышнему🙏 дано знать... #Следуйте💕💕💕 .
.
.
#ОйТолғау #МыслиВСлух .
.
#Жанаргүл_Аманжанқызы
#Zhanargul_Amanzhankyzy
#30_10_2017

Жүректен жазасың, жүрекке жетпейді.
Жүректен жазғаның, жүректен кетпейді.
Өмірге келесің, бәрінде көресің.
Құлайсың, жылайсың, бірақта көнесің.
Өрт болып жанасың, лаулайсың сөнесің.
Маңдайға жазғанын, өзіңде көресің.
Біреуден аласың, біреуге бересің.
Адасып шындықтан, жалғанға сенесің.
Ақпенен қараны өзіңше білесің.
Тым қысқа бұл өмір келесің, кетесін.
Көп білсең, ақыл айт түсінер адамға.
Сөзіңді қор қылма, түсінбес наданға.
Жақсы мен жолдас бол жеткізер асқарға.
Жаманға жоласаң етеді масқара.
Тектіден қыз алсаң ошағың сөнбейді.
Жиынның ішінде сөзіңді бөлмейді.
Тексізден қыз алсаң басыңа өрлейді.
Санасыз сабырсыз айтканға көнбейді.
Әйелді есіктен, баланы бесіктен.
Тәрбие қыласың боласын кешіккен.
Жаман ат келтірме аялы Анаңа,
Тоғыз ай көтеріп әкелген жаханға.
Қаттырақ тіл қатпа - Әкеге, Анаға.
Жүрегін ауыртпа қашанда бағала.
Сынақтан сүрінбе, түңілме, бүгілме.
Сан өткел тұрсада алдыңда күніге.
Байлықтың артынан қуалап жетпейсің.
Маңдайға жазғаннан құтылып кетпейсің.
Жамандықты тиғаның, есіңді жиғаның.
Ин шаа Аллах берік бол, күшейсін Иманың!!! #ойтолғау#шабытымояныпкішкене🙃

Мінез - расында да адамның мінезі ОНЫҢ өміріне əсер етеді.....
Бірқалыпты.... тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі....... Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді  тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. "Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз" деп Абай тегіннен тегін айтпаған.....Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады....
.
СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? .
"МІНЕЗ - АДАМНЫҢ ӨМІРІНЕ ƏСЕР ЕТЕДІ?" дегенге келісесіз бе?
#ойтолғау
#мінезі
#өмірқұндылығы
#өмірмəні💖

#кешкішабыт#денсаулықзорбайлық#ойтолғау#өміршындық#қадір#жансұлулық#жандауа#тыныс#өміркеремет#алтынуақыт#ақындық#шабытермек#қолдау#ішкіой
ӨМІР СИҚЫРЫ
Мен жеңемін аждаһаны ырылдаған
Бермеген күні-түні тыным маған
Кеудеме кеп, жайғасып, жабысып ап
Не істейсің ал сен маған деп жымыңдаған "Бал бұлақтай" тоқтамайтын не бұл сарыл!
Түйсігім айқайлайды, арыл-арыл!
Мен жеңемін аждаһаны тас кенедей
Кеудемде от бол мейлі, мейлі жарыл
Таппадың сен аждаһа өз орныңды
Көрсеттің-ау бітпейтін сен сорыңды
Жеңілетін, егілетін жан емеспін
Қателесіп құрып қойдың сен торыңды
Əлсіретіп бір ұрарсың, бір жығарсың
Бір күні жеңілістен сен бұғарсың
Жеңе алмассың, шаша алмассың сен уыңды
Ақыры ытқып қашып сен шығарсың
Сен кеткен соң, кең кеудеммен тыныстаймын
Бұрынғыдай бүрісіп, құрыспаймын
Сен аждаһа мəңгілікке жоқ боласың
Қайтадан қарсы алуға тырыспаймын
Жабысқақ, қанды сорған аждаһаны
Мекеніме екінші жолатпаспын
Кейде əлжуаз, кейде сергек болсам дағы
Дейінші ырымдап бір, болат таспын
Бақыт екен жерді көру, елді көру!
Аждаһасыз ырылдаған, өмір сүру
Басқасы қасірет пе, қайғы ма екен
Ең бастысы жайлы жатып, ерте тұру!!!😊💪✌💛💜💖💙💚💟💗

Бала мен Ата #ойтолғау #глобализация #зияткер Resource: балалар журналы "Айголек"

@anaraaltibai маған жолдаған сұрағыңыз үшін үлкен рахмет😘қатты ұнады, ойландырды. Себебі, оқушы кезімде осы сұрақты өзіме қойып, "ол бір жарқыраған ақ сəуле или свет"деп елестетінім бірден есіме түсті.. Өз түсінігіммен шамам жеткенше жауап берейін. ----------------------------
Нұр-шуақ, сəуле, жылу сөздерінің синонимі. Мен үшін "нұр" жүректің тазалығымен тікелей байланысты. Ал жүрек тазалығы-Алламен "байланысу". Яғни, сіз əрбір күніңізге, əрбір ісіңізге шүкіршілік айтып, жамандықтан сақтауын, əрдайым дұрыс жолды нұсқауын,күпірліктің алдын алып, барлығы Ұлы Күштің Құдіретімен болатынын түсіну. 7-8 кл.оқып жүргенімде, "Құран хикаялары", "Пайғамбардың хадистері"деген кітаптардан оқығаным бар еді: Ақырет күнінде күнəдан пəк Пайғамбарымыз Мұхаммед(оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын)өз үмбеті үшін тізесі жара болғанына қарамастан Аллаға сəжде етіп, дұға ете береді екен. Сонда Алла Тағала Пайғамбарымыздан(с.а.у.) қалауын сұраса: "менің үмбеттерімнің арасынан өмірінде бір рет болсын иман келтірген, дəрет алып,намаз оқығандардың күнəларын кешіріп, жəннатқа кіргізші",-деп сұрайды. Алла қалауын орындайды. Сонда əлгі адамдардың арасынан дəрет алып,намаз оқыған адамдардан нұр шашылып, ерекшеленген екен. Содан күнəлары кешіріліп, Алланың рахымына бөленген. Демек, бұл тым "кең" ұғым. Нұр көзге көрінбейді, бірақ "нұрын төгіп тұр" немесе əкеңіз айтқандай "көздің нұры" болады. Оны тек сезіне аламыз не сезіндіре аласыз. Қалай? Сіздің əрбір жасаған, шаңның түйіріндей болсын шынайы жасаған жақсылығыңыз, мейірімге толған жүрегіңіз, негативке қарағанда позитивті ойлайтын санаңыз, жақсы адамдермен араласуға, жалпы жақсылыққа, имандылыққа ұмтылуыңыз арқылы, Жаратқанға алғыс айтуыңыз-сізден "жүзіңізден, көзіңізден нұрдың төгіліп", айналаңызда жақсы адамдардың көбеюіне əкелетін ерекше ғажайып құбылыс.Негізі күнделікті тіршілікте байқай бермейміз.Жанары үнемі күліп тұратын адамның қасынан кеткіміз келмей, сөйлесе бергің келетін адамдар болады.Міне солар, өміріне қанағаттанатын адамдар.Міне нағыз бақытты, нағыз "жүрегінің, көзінің нұры солмаған,солмайтын"адамдар. БАР МƏСЕЛЕ-ЖҮРЕКТІҢ ТАЗАЛЫҒЫНДА❤ АЛ СІЗДЕР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗДАР?
#инстаана2018
#136қатысушыана
#ойтолғау #жүрегімнұрғатолсын🙇

ТАНЫДЫҢЫЗДАР МАА?👀 ..Өзі аш болса да, өзгеге соңғы нанын бере алатын, адам баласына жақсылық жасаудан жалықпайтын, главный міндетсінбейтін, жүрегін соншалықты мейірімге толтырған Алла не деген шебер деймін да.. (Бұл тəрбиеден бұрын "генге" де байланысты сияқты🙄) Осы қалпыңнан айныма. Бастысы, денің сау болсын❤Ата-анамыз аман болсын❤ Қалғанына бірге жетеміз, бұйыртса.

Туылған күніңмен, жаным! 💞👪 #туғанкүн27жас
#ойтолғау
#меніңжəннатым🙇

Астына ақылды бірнарсе жаза сал👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻
#ойтолғау #цитатывеликиxлюдей #өмірсолай #типаақылды

Тайланд павильоны.

3ай жүріп қайта қайта көрсекте, көз алдымыздан əр мемлекеттің көрнекіліктері кетер емес.

ЭКСПО сені сағынатын боламын, келесіде кездескенше😉

#фая_елемес #ординская_эра #ойтолғау #фая_жазбалары

Таңды сен туралы оймен қарсы алып
Күн шуағым!

Сезімнің ыстық лебіне тамсанып
Келші жаным!

#фая_елемес
#ойтолғау #фая_жазбалары

Жүре берсең, көре бересің, негізі, суретті айтып отқам жоқ.
Адамның саған деген іс-əрекетін, қысқа мерзім ішінде, мүлдем танымайтын адам секілді өзгеріп кететінін айтып отырмын.
Жаныңа қатты батады екен, айтып жеткізе алмайтын сезім.

#фая_елемес #ойтолғау #фая_жазбалары

#фотоархив
Қайырлы таң достар😊 сенбінің таңы нұрлы болғай✨ әрбір күндеріңіз мерекелі де берекелі болсын💞
енді мен сөзді осы интернет жайлы қозғайын😉 жалпы менімен қатарластар жақсы біледі 2007~2009жылдары агент деген гуледі ғой бір😀 жұрт танысып, табысып жатты, сол агенттің арқасында қаншама жастар отау тікті💏 менде біркездері агенттің гүлі болғанмын😄 ол кезде нокия экспресс деген телефон қолда😅 кейіннен тұрмысқа шыққан соң агент деген жайына қалды ғой😆 содан 2013жылы күйеуім смартфон телефон алып берді, смартфон телефонның жалпақ тілмен айтқанда "передни" камерасымен суретке түскенге мәзбін ғой ол кезде мен хатун🙊🙈 көп ұзамай қайынсіңлім "жеңеше вк, фейсбук, ватсап, инста дегендер шыққан тіркеп берейін" деуден басталды ғой интернет мектебі😇 айтпағым осы уақыт ішінде бірде~бір марафонға қатыспаппын ғой мен құрғыр😉 осы көп байқаймын түрлі марафондар бар, бірі арықтауға көмектесеміз, бірі өміріңізді түбегейлі өзгертеміз, жаңаша өмір сыйлаймыз марафонға жазылу саны шектеулі деп қояды ғой тағы да... оларға менің дауым жоқ🙅 жәй ғана білгім келгені осы марафонға қатысып шынында арықтап не өмірлері өзгерген жандар барма екен? мені сол қызықтырады😴 негізі орекеңдер айтады ғой "әрбір адамда сило воля болу керек" деп, "вөбшім" жасаймын, өзгерем деген адам өз қолында💪 ғой негізі😎пы~сы мынау бір ақылгөйсініп отыр ғой деп сөге көрмеңіздер🙌 жәй ғана ой бөлісу деп қабылдаңыздар😚 Бейбіт ағам айтпақшы "бәріміз инстада сұлу, фейзбукта ақылды болып көрінгіміз келеді" деп, қай кезде болсын, қай жерде сұлу да сымбатты әрі ақылды болып жүріңіздер💓
жалғасы коментте👇
#101қатысушыана
#айсұлудыңжазбасы
#айсұлу

Жаңа ортаға қалыптасу, қолжетімділікті арттыру оңай нәрсе емес. Бойына дарыған қасиет пен қабілет сенің айнан болып табылады. Өз келбетін жасырып, сыртқа екі жүзді көрінетін келсаптардың саны көбеймесе екен. Өзің өмір сүріп, рахат алып отырған тыныштықты бұзбандар!
#таубұлағыкөрінді #ойтолғау #сенжәнеол # сөздікқор

Тагдыр гой әрине, дегенмен де көп жағдайда келген жұрт жатсынып, дұрыс қабылдамай, талай сұлулардың өміріне тікелей зиянын тигізгені ащы шындық. Өз қызына кір жуытпай, өзгенің қызының тағдырымен ойнайтыны несі кейбір енелердің....... #өзбасымнан😕 #ойтолғау

Жаңа ғасырдың жаңа заңдарына сүйене өмір сүрдік, дегенмен, алыстағы ат төбеліндей ауылда өскен біздер үшін қалаға барған соң мықты болып өсу, ол-заңдылық. Бала кезден ағайын-туыстың ортасында өсіп, намысқойлық пен ұяңдығы бар біздер үшін қала баласының әлсіздігін жақындарына көрсетуі, дәл маған бір ерсі көрінетін. Қанша жерден әке-шешем болса да олармен өмірімде ашылып, сырласып, маxаббатым жайлы айтпақ түгілі, ауырған жерімізді жасырып қалатынмын. Шалдың баласы болғаннан кейін ба білмеймін, ер жетіп ес білсемде әлі күнге дейін ата-анаға тіс жарып көп ашыла бермеймін. Алматыдағы қанша қиын күндерде қолдауды жүрек жанынан орын алған жандардан іздеймін. Қанша жерден қиналып, өзегіме өкініштің запыраны тығылып, шарасыз күйге түскенде сол бір алыстағы демеушімнің бір сөзі көңілге сенім ұялатып, талай жерге дейін жеткізді. Бірақ оны да көп көрді. Әлсіздігін көрсеткен жанның жүрегін емдеуге аттанды. Ал біз, біз мықтымыз, бізге шыдауға болады. Қиындық деген не тәйірі. Маxаббаттың бал дәмін қасықтап ішпесекте шетінен нан ауыс тиіп көрдік. Оған да шүкір. Әйтпесе мына ғаламда қанша адам жақсы көрудің не екенін білмей өтіп жатыр емес пе? Сол үшін тағдырыма өкпелемеймін. Өкпелегеннен де не табам, бәрібір дәл қазір қанша жерден айтқанмен, болар іс болды. Бірақ ең жаманы қанша жыл құрметтім болғанымен жақсы қоштасу бұйырмапты. Ой ақымақ менде қоштасудың жақсысы болатындай айттым-ау.)) Эxx, өмір-ай, біреуден өлідей, бірінен тірідей айрылдыратын қандай құдіреттісің десеңші. Өмір атты аялдамада соңына дейін баратын батыл жүректілеріміз аман болсын. Өкінішпен өзегімізді толтырып, өкіріп жылағанмен өткен іс өтті. Хәм, қарекет қылудың жолында жетем деген жетістігіңіздің жолында соңына дейін барайық. Себебі, Жаратушымызда сабырлық пен шыдамды болғандарды ғана бақытты етері барлығымызға аян емес пе?! #ойтолғау
#андасандабоптурады

Білесің бе,
Соңғы кезде оңашада жиі ойланам,
Өз-өзіме сұрақ бар ма мен қоймаған?!
Кедергілер келе берді қабаттасып,
Қиындықтар қалмағандай мен жоймаған!

Осыменен жетер енді қинағаның.
Демеймін маған үміт сыйламадың,
Таудай талант үйіп-төгіп бергеніңмен,
Мұның қалай?
Бармақтай бағыңды бір қимағаның?! Ей өмір,
Бұл назымның бəрі саған,
Қажет болса шағымымды тағы жазам.
Қаншама рет кетсеңде адастырып,
Мен бəрібір шығатын жолды табам... Сабыр жүрек,
Ентікпе, деміңді бас
Жылдар бойы жиналған "кегімді" бас.
Ал ендеше ,
Тағы нең бар мен көрмеген?
дайындай бер...
Әуселеңді көрейін сенің біраз... Талшын Сагыныш!

P\s Өмір~күреске толы майдан секілді ғой😊 өлең сөздері👆 менің ішкі жан-дүниемді ақтарғандай😌 тек 💪 алға деп алға қарай ұмтылайық😎 сағат 🕒тілі де тек алға жылжиды емес пе🔥😉
#ойтолғау #кешкіпозитив #менөмірдісүйемін #сіздердіжақсыкөремін ❤❤❤
#айсұлудыңжазбасы

Қалай бізді жаратқан, деееп ойланамын?!. Табиғат қандай керемет! Өмір деген тіптен ғажапқой! Біздер ерекшеміз! Бізге берген бəрін табиғат! Олай ойлауымның себебі бар.
Осы біздер адам баласы дүниеге келгенде тым қамқорсыз, түк білмейтін, тіпті көзімізде дұрыс көрмей, құлағымыз дұрыс естімей, қозғалысымыз тұрақсыз, тіптен есімізді де білмей келемізғой өмірге. Ал, жануарларды қарасақ... Мысалы: ит - сол күннен-ақ үруді біліп, құлыншағың туыла салып аяғына тұрып жүгіріп кетіп, құстарың шиқылдап барлығы өзінің білу керек затын біліп, бірден соны істеп жатадығой. Сонда қалай болғаны?!. Біздің сонша дəрменсіз болғанымызба деп ойлап қаласың... Бірақ міне ғажаптың бəрі қайда жатыр, ит дегенің сол үргеннен өмір бойы үріп, құлыншағың тек жүгіріп өмірін өткізіп, ал тіптен иттің арасында өсіп, солармен тəрбиеленген мысығың, бəрібір өзінің мияуын айтып тұрады емеспе?. Ал ештеңені білмей туылған адамың, өсе келе бəріне де үйреніп алады, жүреді де, жүгіреді де, қалаған тілінде сөйлейді де, керек десең жүзеді де, ұшады да. Қалаймын, істеймін деген затына шектеу жоқ! Міне керемет, алланың бізді ерекше қылып жаратқанының бір белгісі. Барлығына құйылып қойған тəртіп болса, бізде сол тəртіп жоқ. Бостандықты бізге аямай берген, осы адамдар өздерін-өздері қалыптастырсын, өздері жасасын, өссін, қалаған жолын таңдасын деп жасап қойғандай. Ендеше сол мүмкіндігімізді молынан тек жақсы жағынан қолданғанымыз абзалғой! Сондықтанда, бұрысымыздан дұрысымыз көп болған АДАМ болайық!!! П.с. бір жанұялық дұрыс суретіміз жоғай!) Тұрысымыз мынау 😂😄😅#ойтолғау #құдіретікүштіалла #бізбақыттымызадамболыпжаралған #шүкіршіліккесебепкөп #лето17

Былай карап тұрсақ, дос деген сөз 3ақ әріптен құралған..ал мағынасы терең...Әркімнен, тіпті өзіңнен де «сенің досың бар ма?» -деп сұрасақ, -Иә, менде дос көп деп айтамыз..Бірақ...нағыз достық ол сирек..достарыңмен бірге өткізген уақыт, бірге күлген, бірге жүрген кездер ешқашан ұмытылмайды..Мен өзімді бақыттымын деп толық айта аламын!Себебі менің қасымда әрдайым қолдау көрсететін ата-анам, достарым, туған-туысқандарым бар! Ризамын бәріне..❤💞
#кешкішабыт#ойтолғау#бірдосың керек екен..

Өмірімнің жаңа арнасы бастау алған күн....қыз баласы болған соң, тұрмыс құрып,ана атану әрбір жанның арманы-ақ... Аллаға шүкір. Жанымда арқа сүйер азаматым, мамалап шақыратын құлыншағым,бесікте жатқан қуыршағым бар. Мен үшін ата-анамның амандығы мен қуанышынан артық ештеңе жоқ. Барым отбасым, байлығым бауырларым аман болсын. #ойтолғау#анашымдысағындым Болсам да өзім ана, жүрегім көңілім әлі бала😊👫💑

Дін. Философия. "Қазақы мінез".
Оқуға кететін уақыт: 4минут
______________________
Философия ғылымдарының докторы: Амангелді Айтаұлы мен Дінтанушы ғалым: Қайрат Жолдыбайұлы.
@kalkaman_sarin ағаның
📺"Ой-толғау" бағдарламасында.
1.🌎Жаxандану заманындағы "ақпараттар білімсіздер", Жаxандану-шын мәнінде өз елінде/топырағында аяғында нық тұрып, әлемді шолып, жақсысын алу. Бірақ әр уақыт өз ұпайы дұрыс болуы керек. Елге қызмет ету керек, ана тілін білуге қызмет ету керек.
2. 📝 Терроризм-Салафизм: Адам бір күнде қолына қару алып террорист болып кетпейді. Алып келетін жағдай: жұмыссыздық, болашағына еш нәрсе елестете алмау, өмірден түңілу. Кейін әдемі сөйлеп, "менікі ғана дұрыс, бізден басқанын бәрі адасқан" деген бір сақалды, шолақ-шалбардың уағызы әсер етіп, кең дүние тар қапасқа айналып, тезірек жұмаққа кеткісі келеді. "Құдайдың кешірмейтін күнәсі жоқ" дегенді қате түсәнеді.
1.Халыққа ағартушылық керек!
2. Салдарымен емес, себептерімен күресетін заң керек.
3. ӨТЕ Маңызды:
А. Айталы: "Біздің ата-анамыз, 70 жыл атеистік қоғамда өсті, дінді көп ұстамады.
Ал сол кісілерде, діннен қашық адамдар да, дінді ұстанбаса да, намаз оқымаса да Кісілік (иман) бар ма?
Қ. Жолдыбай: Жалпы "қазақы мінез", тәрбиемен келеді. Біздің дініміз кесек-кесек қағидала есебінен емес, толықтай өмірімізге араласып кеткен. Дін әдет-ғұрыпызда, мақал-мәтелімізге сіңісіп кеткен. Дінді өз өмірінде салт-дәстүрінде сақтап қалған. Жаппай намаз оқып кетпесе де, діннің адалы мен арамы, жақсымен жаманын біліп жүрген. 💯 👍🏻
4. Рулық қатынас пен Той.
Қазақ руға бөлінбейді, рулардан құралады.
ТОЙ-дарақылық, дөрекілік, даңғойлық, ысырапқа айналмауы керек.
Қазақтың тойлы кунінен, ойлы күні көп болса деген үмітпен. Той ағайынды жақындататын бірақ, адамдардың көп уақытын алмайтын, әрі пайдалы әрі жақындастыратын дүниеге айналуы қажет. (*Үлкен кісілерге бөлек, у-шусыз тыныш)
#ойтолғау kaztrk.kz 24.09.2016. Көріңіздер👍🏻👍🏻👍🏻 @kalkaman_sarin

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінде қулық сақтап,
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап!
@ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
#әуеліАллаға сосын #өзіңесен
#ойтолғау #біршумақ
#верьвсебя #верьвсебяивсеполучится

Рахмет жаным ыстық лебізіңе @ulykbek_fariza Ия студенттік жылдар өте-өте қызықты өтіп еді. Студенттік көктем, "БІЗ" студенттер театры, Студ.совет, Маслихат барлығын сағынамын. Ал қазір менің өмірімнің жаңа сатысы өтіп жатыр. Бұл кезеңдіде сүрінбей мəнді-сəнді өткізгім келеді. Менің Өмірімде үлкенді-кішілі Із қалдырған жандарға алғысым шексіз Менің Есімде Əрбір Сəт Əрбір Минут қалған қуанышты күндер көп болды бəріде жадымда қалады. Өміріме Ризамын Аллаға Шүкір🙏 #ОйТолғау

Most Popular Instagram Hashtags