[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

#менөмірдісүйемін

580 posts

TOP POSTS

"Ойыңды өзгертіп,өміріңді өзгерт"кітабын оқып,бір басқа бақытты əлемге кіргендей күй кешіп жүрмін.Жазғаннан лəззат алатын маған күнде аффирмацияларды,алғыстарымды, армандарымды жазу тіпті керемет қуаныш сыйлауда.Азанда тұра салып:-бүгін мен үшін ең сəтті күн,-деп айту қандай бақыт.Суреттегі жолдасымның анасы(түсінікті болу үшін)апам ғой.Қайта-қайта оқып,бəрін жазып үлгеруге тырысып жүрген маған: -əй,не оқып жүрсің,не жаза бересің? -деп қояды.
-Қолым тигенде бəрін оқып беремін,-дедім.Жаным апам жақсы көремін ғой сізді! Осы өмірде өсек айтпайтын адам болады дегенге сенбейтіндер көп шығар.Ол рас,апама 20жыл келін болып біреуді даттап немесе біреу туралы əңгіме айтқанын естіген емеспін.Аллам ұзақ ғұмыр берсін!
Бірін айтып екіншісіне кетіп қалсам айып болмасын.
#менөмірдісүйемін
#менбаршаадамдардыжақсыкөремін

Бүгінгі күннен.Күз келді.Күн салқын. Күздің алғашқы жаңбыры да жауды,бүгін.Ағаш жапырақтары да сарғайып,алтын түске боялған. Көңіл күй тамаша.Тек аман болайық,көңілімізде тек жайнаған жаз болсыншы! #менөмірдісүйемін#😘

Өзіңнің жақсы көретін жұмысыңмен айналысқан #бірбақыт 😇🙏 Егер адам еңбек етсе, талпынса, мақсат қойса бәріне жетеді 👆👆💪💪 П/С: не жайлы посттар салғанымды қалайсыздар???🤔🤔🤔 #Менөмірдісүйемін #Аллағашүкір

Құлақтан кіріп бойды алар,
Əсем əн мен тəтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Əнді сүйсең,менше сүй....🎤🎼🎶🎵
"Алаш ұлы" тобына шығармашылық табыстар тілей отыра,олардың өнердегі ұстанған бағыттары мен стильдері бүгінгінің нағыз патриоттары,💪нағыз жігіттері дегім келеді.👍#менөмірдісүйемін

Мен сондаймын... Өзгеремін кей-кейде жүз құбылып,
Шығарамын əр күні түрлі қылық.
Елжіреп ет жүрегім тұрсадағы,
Қатыгез жан көрінем түрді бұзып.

Ішім жылап тұрса да,сыртым күліп,
Жасырынып жатады жасым тұнып.
Жылы жүзге жолықса атып шығады,
Жүрегімде тығылған мейірімділік.
Бар менде тəкаппарлық,өзімшілдік
Ұстаймын ақыл болса өзімді нық.
Дəтім берік өзімді сүйген жанға,
Қал демеймін менде оны сүйіп тұрып.

Бар бəлкім өп-өтірік төзімшілдік
Көндігем көп нəрсеге көзім жұмып.
Кейде бірақ өкпелеп өміріме,
Жоғалады өз-өзіме  сенімділік.

Қырсық деген бар менің бір сыңарым,
Ештеңені елемей қырсығамын.
Мен енді бұл күйімнен өзгермесем,
Өр мінезге қақалып,тұншығармын.

Бойымда бар білемін жаман қылық,
Өзгертемін иншалла жақсы қылып.
Мен сондаймын қазірге кешіріңдер!
Үйренгенім өмірден жасандылық.
#күндеріңізсәттіөтсін😊😘✌️ #альхамдулилляхбақыттымын🙏
#менөмірдісүйемін

Сəлеметсіздер ме менің қымбатты оқырмандарым! Инстаотпуск керемет өтті, бірақ, шыны керек сіздерді сағындым😙😙😙 Отпуск жəй өткен жоқ... осыдан бірер күн бұрын "Хабар" арнасының сценаристі @kenesmadina Мадина ханым хабарласқан болатын, мені кереметтей @ana_men_bala.khabar бағдарламасына қонақ болып, өзімнің осы артық салмақпен күресу жолымдағы жетістіктеріммен телекөрермендермен бөлісуімді сұраған еді. Əрине, сөз жоқ мен бірден келістім)) мына көрініс сол түсірілімнен...
Бірден айтайын, қобалжу болды😒 сіздердің алдарыңызда инстаграмда алғаш тікелей эфирге шыққанымда да сəл қобалжығаным бар еді😊 бірақ одан кейін тікелей эфирге үйрендім, тіпті барлық сұрақтарға жауап беріп үлгеру үшін, жылдамдатып сөйлеуді де үйрендім😊
БІРАҚ мұнда енді сондай үлкен Казмедия орталығына кірген бойда қобалжи бастадым кіттей қызша😂
Одан үлкееен студия😮, камералар🙈, жұмысшылар🙆, гримерный😍, алдында дауысын естіп жүрген сценарист ханым, бір кезде вааааау Қарақат ханымның өзі @karakat_a
Содан неменеге барғаныңды ұмытып қалғансың ғой😂😂😂
Əйтеуір бірдеңе ғып өтті-ау түсірілім...
Түрлі факторларға байланысты: ... Қарақат ханыммен бетпе-бет көрісу;
...аңғарадай студиядан алған əсер;
...эфирдегі уақыттың аздығы;
...сондағы көрермендердің назарлары маған ауып, мені тыңдап отырғандары салдарынан мен өз ойымның 30-40 пайызын айта алдым өкінішке орай, бірақ онда айтпаған ойымды осында Сіздерге айтып жүрмін емес пе,
ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАЙМЫН, МЕНІҢ МАҚСАТЫМ БҮКІЛ ҮЙДЕ БАЛА БАҒЫП ОТЫРҒАН ҚАЗАҚ КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ, ЖАС АНАЛАРҒА, ТЕК ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА, БІР ТИЫН ШЫҒАРМАЙ-АҚ, ҚОЛДА БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ДҰРЫС ТАМАҚТАНЫП, ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЙ ƏРІ ТИІМДІ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАП АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУҒА БОЛАДЫ ДЕГЕНДІ АЙТУ, СІЗДЕРГЕ ЖЕТКІЗУ

Нəтиже шығарып жатқан қыздар да бар, тіпті өте көп, мен олар үшін өте қуаныштымын!!! Мен секілді артық салмақтан арылып, өмірлеріңізді гүлдендіре түсіңіздер, бақытты болыңыздар!
#сəндіАна #гульвираАнаменБала
#ГульвираИбраева #инстаАна2018 #менБақыттымын #менӨмірдіСүйемін #менӨзімдіСүйемін #Қарақат #Қақат #ҚыдырəліҚарақат

Мен кіммін? Қолымнан не келеді? Бұл дүниеге нендей миссиямен келдім? Осы сұрақтарға жауап іздеп келемін. Жауабын өзім ғана шеше алатынымды да жақсы білемін. Мен тереңірек ойланған сайын дүние-тірлік алаңдата береді. Алдарқата, ойымды әлденеге бұра түседі...Іздеп жүрмін. Сіз өзіңізді таптыңыз ба? #менөмірдісүйемін #менімоямиссия #менкіммін #ЛЮБЛЮЖИЗНЬ #моямиссия

Негатив жоламайтын күн болсын✋🏼Жоспар,мақсат айқын болсын✋🏼
#шынайытілегім #менөмірдісүйемін

I love you life
#Менөмірдісүйемін
🌸💞❤️💋😈👗👠🌹🌞🌛⭐️🍏🍎🍊🍌🍇🍦🍦🍦🎂🍨

MOST RECENT

АЛЛАҒА сансыз мақтау-мадақтар болсын!!!
Кеше Астанада Zepter International компаниясының Батыс Қазақстанның аумақтық директоры, мықты тəлімгер, керемет ана, бизнес-коуч жəне кəсібін дамытам немесе кəсіп ашқым келеді деген ынталы жастарға дұрыс бағдар беріп, жол көрсетіп, ақыл-кеңестерімен қуана бөлісіп жүрген керемет жан Шолпан ханымның @tussipbekova_sholpan семинарына қатысу сəті түсті. Керемет əсер алдым. Расында да 2 жарым сағаттың ішінде өмірге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді деп айтуға болады. "Ойың дұрысталмайынша өмірің де дұрысталмайды" деген рас екен. Адам өзіне жақсылықты шақыру үшін, өзінің 7 жаман əдетін 7 жақсы əдетке айырбастау керек дейді. Мысалға: ренішті (обида) махаббатқа, уайымды (тревога) қуанышқа, сенімсіздікті (сомнение) батылдыққа, қорқынышты (страх) сенімге, депрессияны құлшылыққа, қызғанышты (зависть) бақытқа деген сияқты. "Мысли матерелизуются" деген сияқты ой мен тілге сақ болып, АЛЛАҺтан тілегенде дұрыс тілеу, сұрау керек екен. Не естіп, не түйгенімді бір постқа салу мүмкін емес. Жаза берсем өтеееее көп. Айтпақшы жоғарыдағы Damu журналы сол кісіден бұйырды. Бірінші көтерген 3 адамға беремін деп айтып үлгермей жатып қасымда 2 адам бар үшеуіміз жанталасып бірден көтеріппіз. Сол үшеуімізге бұйырды😁. Өте қуаныштымын. АЛЛАҺ жазса оқып біткен соң группадағы қыздармын керек ақпараттармен бөлісермін😉. Ал сіздерге айтарым: треннинг, семинар дегендерге жиі барып тұрыңыздар. Рухани байып, өзгере бастайсыз👍👍👍. ИншаАллаһ 4-5 Астанада өтетін Халықаралық конференцияға барғым келеді.
Əзірге барлықтарыңызға қайырлы түн😘😘😘 #аллағашүкір #аллағасансызшүкір #менөмірдісүйемін #отбасымбақытым #бақыттымын #семинары #инстаана2018 #кəсібиана #ісмерана #16қатысушыана

Дәстүрлі #қазақ танымында: «Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасқан» деген ұғым бар. Жаратылыстың бәрі де жұп-жұбымен жаратылған. Адам да бұдан тысқары емес. Ер мен әйел бір-біріне мұқтаж етіп жаратылғандықтан, үйлену Адам ата мен Хауа анамыздан бері келе жатқан табиғи құбылыс. Үйлену - #сүннет, үй болу - #міндет!, Бойдақ кезде үйдің де, түздің де бар ісін жалғыз арқалап жүріп үйленгеннен кейін жұмыстар өзара бөлісіп, бір-біріне тірек болады. Шаңырақтың жауапкершілігін сезініп үйленген жұптың әрқайсысының бойында жаңа қабілеттер ашылып, іскерлігі артып еңбекке деген құлшынысы да артады, бір-бірінің кемшіліктерін толықтырып байсалдылық пен сабырлыққа өздерін тәрбиелейді, дегенмен ердің жауапкершілігі үстем ол ең алдымен жұбы үшін жауап береді, сонан соң ғана өзі, туыс жекжатына. Дүниені үнемдеуді, есептеп, орын-орнымен жұмсауды да үйренеді. Ал үнемшіл үйге береке жауады. Үнемшілдік іштарлық емес! Құранда былай делінген: «Егер олар кедей болса, #Аллаһ оларды шексіз шарапатымен байытады» («Нұр» сүресі, 32-аят). Екі жарты бір бүтін болып өмірдің жаңа бір белесіне аяқ басады...екен.....рас, 3жылда біраз қолдардан жасалған балшықты басып өтіп, тазарып, дауылдан тіктеніп, боранға қарсы тұрып, жауыннан қорғанып келеміз...#шүкір...Алланың қалауын адам өзгерте алмайды, қамалын бұзғанымен іргесін бұза алмайды деген осы болар. Аллаға сансыз #шүкіршілік етеміз, ендігі іс кезекті бір сынақтан абыройлы өтіп төзімділік танытып отбасын сақтап керегесін кеңінен, шаңырағын биіктетуіміз керек...Раббымыз тілегімізді қабыл етіп сынағын жеңілдетіп құлағымды ашып, үйлі ұрпақты болуды нәсіп етсін.......#жаным өмірімде бар болғаныңа рахмет...Жаратқанға алғысым шексіз сендей жанның жары болуды маған нәсіп еткен 🙏 болашағымыз жарқын болсын 🙏 Алла тілегімізді қабыл етсін
#18қазан2014 #бізбақыттымыз #бізбіргеміз #АйманМарат #бізге3жыл #тілекниетдұғамызқабылболсын #ӨмірЖолы #АйманМахамбетова #шынжүректен #ертеңімесенемін #менөмірдісүйемін

#Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде мынадай аят бар: «Адамдар: «Иманға келдік» – деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?» Ибн Касир өз еңбегінде бұл аят жөнінде мына риуаятты келтіреді: «Алла Тағала Өзінің мүмин құлын иманының әлсіздігіне және күштілігіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады». Міне, осы аяттың талдауын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисінен оқысақ болады: «Адамдар арасында ең қиын сынаққа түсетіні – пайғамбарлар. Содан кейін салих ізгі құлдар, сосын сол секілді адамдар. Кісі өз дініне (иманына) қарай сыналады. Егер діні (иманы) қатты болса, сынағы арта түседі»,– дейді.
сынақ еш уақытта тоқтамаған. #Мұсылман иманы қаншалықты екенін көрсететін және оның тілімен айтқан сөзі мен амалы бір екенін білдіретін де осы – сынақ. Демек, сынақтың мақсаты – мұсылманды шыңдау, шынайы сенім шыңына шығару. Түрлі тауқыметке төзіп, иманы шыңдалған адам нағыз иманның дәмін татады. Ал, бұл – дүниеге бергісіз сезім. Әрине, адам болмысы жеңілдікке, оңайлыққа құмар. Алайда, жай тас пен жауһар тастың айырмашылығы жауһарға жұмсалған қажырлы еңбек пен сабырлылықтан байқалады. Сол іспетті, дүниелік сынаққа сабырлық танытқан адамның рухани болмысы байи түседі. Ал, бұл оңайлықпен келмейді. Сабырсыз бен қиыншылыққа төзімсіз жан бұл шыңды бағындыра алмайды.
Алла өзі сүйген құлын рухани байыту үшін ең таңдаулы пенделері – пайғамбарлар пен ізгі құлдар жолына салады. Осылайша оны өмір тезіне салып, бойынан керексіз, пайдасыз, бидаймен араласқан қоқым іспетті жаман әдеттері мен мінезін сыпырып тастап, тоқ бидайдай жақсы қасиеттері мен мінез-құлқын қалдырады. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) таңсәріде сахабаларының алдына шығып: «Бүгінгі таңды қалай атырдыңдар?»– деп сұрайды. Олар: «Аллаға иман еткен күйде»,– деп жауап қайырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иман еткендеріңнің белгісі не?»– деп қайта сұрады. Олар: «Қиыншылыққа сабыр етеміз, кеңшілікке шүкіршілік етеміз, Алланың жазғанына ризашылық білдіреміз»,– дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қағбаның Иесімен ант етемін, сендер шынайы мүминсіңдер»,– деген екен.... 📌Аллаһым иманымды күшейте гөр 🙏

#АйманМахамбетова #ӨмірЖолы #МенӨмірдіСүйемін

Күз . Сарғайған , қызарған жапырақтар ағаштардан құдды бір бояушының қылқаламынан шыққан алқызыл туындысындай. Өзім күз мезгілін ерекше ұнатамын. Күз мезгілі - ерекше сағынышты , керемет қимас естеліктерді , ұмытылмас сəттерді есіңе алуға бірден бір себепкер. Кейде бұл сəттер қиналыспен , жабырқаумен , сағыныш деген сезім көңіліңе де , жүрегіңе де маза бермесе, кейде жүзіңе күлкі ұялатып , бір жасап қаласың . Терезені жарыса қаққан жауынды айтсаңшы... ол мына тылсым əлемнің бір кереметі.... #күз#көңілдемұз#жүректергежылусыйлайық#Мерей#Мика#менөмірдісүйемін#жаныңдажүржақсыадам🌸♥люблювас

Бүгінгі күннен.Күз келді.Күн салқын. Күздің алғашқы жаңбыры да жауды,бүгін.Ағаш жапырақтары да сарғайып,алтын түске боялған. Көңіл күй тамаша.Тек аман болайық,көңілімізде тек жайнаған жаз болсыншы! #менөмірдісүйемін#😘

Бір сəтке ойланып көріңізші? Соңғы бір жылда сіздің өміріңізде не өзгерді? Айтарлықтай ештеме емес пе? Онда ойлананатын жағдай екен. .. Дəл қазір жаңа қадам бастаңыз, Мысалы жаңа кітап бастап оқуға болады немесе бір шет тілін үйренуге болады. Ең бастысы өзіңізге пайдалы іс-əрекет бастаңыз. Пайдалы əдеттер адамды тек алға жетелейді.
Бастамаларыңызға тек сəттілік, достар!
#инстаграм #жұмысүйде #өзбизнесім #инстамама #успех #финансоваянезависимость #путешествия #доллары #премии #онлайнжұмыс #жизнь#өмір#менөмірдісүйемін

Айман сіңілім еміне ақша жинау үшін осылай қолөнермен айналысады.
#Repost @aiman.makhambetova (@get_repost)
・・・
Қайырлы күн #Тілекшілерім Достарым. Шүкір жағдайым жақсарып қалды, қазір жүремін сөйлеймін.....сәл бар енді 😉 дегенмен #шүкір 🙏 Аллаға сансыз шүкіршілік етемін 🙏 Осы күніме шүкір 🙏 бірнеше айдан бері жұмыс жасамадым, ара арасында әйтеуір күн ай созып жасаған жаңа жұмыстарыммен таныс болып бағасын беріңіздер. Суретке көп зең салып кеттім, рас сурет салу адамды басады, ойларын сақтамай бояуға жіберетін секілді. Психологым #Қаракөз және #Зухра логопедыма рахмет. Емдері өте өте жақсы, #достарым жақсы #психолог жақсы #логопед іздесеңіздер менің дәрігерлеріме қаралыңыздар. Жастар болсада өте білікті мамандар. Рас айтам. Аллаһым екі дүниенің бақытын нәсіп етсін сіздерге 😘😘😘 сіздерді қатты жақсы көремін.
#ӨмірЖолы #АйманМахамбетова #ЕртеңімеСенемін #ШынЖүректен #МенӨмірдіСүйемін #AimanMakhambetova #handmade_aizere #helpAiman #арттерпия #qyzylorda #qazaqstan #АйзереҚолӨнерБұйымдары

Қайырлы күн #Тілекшілерім Достарым. Шүкір жағдайым жақсарып қалды, қазір жүремін сөйлеймін.....сәл бар енді 😉 дегенмен #шүкір 🙏 Аллаға сансыз шүкіршілік етемін 🙏 Осы күніме шүкір 🙏 бірнеше айдан бері жұмыс жасамадым, ара арасында әйтеуір күн ай созып жасаған жаңа жұмыстарыммен таныс болып бағасын беріңіздер. Суретке көп зең салып кеттім, рас сурет салу адамды басады, ойларын сақтамай бояуға жіберетін секілді. Психологым #Қаракөз және #Зухра логопедыма рахмет. Емдері өте өте жақсы, #достарым жақсы #психолог жақсы #логопед іздесеңіздер менің дәрігерлеріме қаралыңыздар. Жастар болсада өте білікті мамандар. Рас айтам. Аллаһым екі дүниенің бақытын нәсіп етсін сіздерге 😘😘😘 сіздерді қатты жақсы көремін.
#ӨмірЖолы #АйманМахамбетова #ЕртеңімеСенемін #ШынЖүректен #МенӨмірдіСүйемін #AimanMakhambetova #handmade_aizere #helpAiman #арттерпия #qyzylorda #qazaqstan #АйзереҚолӨнерБұйымдары

🏃🚶Өмір - күрес! Жеңілмеу үшін күресуің керек! Екі қолыңды тастап жіберіп, басыңды салбыратып, дәрменсіз күйге енсең - сені баса береді. Заңдылық қой. Сенің жеңілгеніңді көрсе, қарсыласың да соққыны үдете түсетіні сияқты, бұл да... Сондықтан, веселее ребята, веселее)😂🙈😂 Любой проблеманы күліп қарсы алсаң, "мынауың ақымақ қой" деп мәселенің өзі-ақ қашады. 🏃🏃🏃Ну бывает, грустный пингвин болып қалатын кездерің. 🐧🐧🐧(Не скрываю, менде де көңіл-күй болмай қалады. Ауырып қалсам дегендей🐤) Но не сдавайтесь!🐝🐝🐝 Вообще, көңілді адамдарды сүйемін!🐣🐣🐣 Көңілсіздерді көрсем, бір сәт жәмәәән болып қаламын.🐒 Көңілін көтергім келеді.🐣🐣🐣 Кейде ойлаймын, клоунның киімін сатып алайын ба деп.🐙🐙🐙 Киіп алып көшеге шығып, адамдарды күлдірсем деп... 😀😀😀Осы жеріне келгенде, Ашок қууууды дейтін шығарсыз)😂😂😂 Бұл менің шын сөзім)🙏🙏🙏 Өйткені, өмір тым қысқа, біз ойлағаннан да! 😬Так что, көңілдірек достар, көңілдірек! 🙋🙋🙋😊😊😊😍😍😍 #ӨмірКүрес #КөмірсізӨмір))) ПыСы: Суретті менің Жүрегім түсірген. Әскери болмағанда, потогрып бала болар ма еді деп қоям. Таланты бар. Болашағынан көп үміт күтуге болады деееп Отағасын мақтап кетсең ба))) #АманБолайық #МенӨмірдіСүйемін #11102017

Most Popular Instagram Hashtags