#мемлекетте

MOST RECENT

#Қайда_барамыз?

Мен қай #мемлекетте өмір сүріп жатқанымды əлі де ұқпай келе жатырмын. Сəні мен салтанаты сап түзеген қалаңнан қайыр не, жұрт күнде жаға ұстайтын болса. #Жаһан танығанының түкке керегі жоқ, бүлдіршінің бесіктен шықпай зорлық көрсе, қызың қызықты өзге ұлттан іздесе, ұлың ұрлықты кəсіп етсе.

Басшың "басып қалумен" əлек, былайғы жұрт əншінің өмірін талқылап, бишінің бөксесіне есі кете елітіп отыр. Бүгін бəрі жиылып кеп əлеужеліде аза тұтады. Ертең есінен шығарады. Əділдікті де, иманды да, ибаны да, тəрбиені де онлайн өмірде көрсетуге құмар қоғамның бөлшегіміз.

Міне, бүгін тағы бір жұлдызың ақты. #Денис Теннен ай-күннің аманында айырылып қалдық. Жауың шекара асып шеттен келген жоқ, араңнан шықты. Талай күн талқылаған қытайыңнан қазақ қауіптірек болып тұр. #Алаш ұрпағы сауатсыздық һəм келте ойдың құрбаны болып келген. Əлі де солай.

Ұлының қадірін кемітіп, ұрыны ұлықтайтын, қайраткерді қорқытып, қарынқұлдың баласына баға қойғызып, бас игізетін, жарлыны талап, қалталыға құлдық ұратын қоғамымыз бар. Шалыс басқанның бəрі намысшыл, əдеп сақтамағанның бəрі #діншіл əйтеуір. Шаршамадыңыздар ма.

Мен шаршадым. Бұдан гөрі ауылда қалың қойдың артында көк есекке мініп, айқайлап əн айтып, отарды бастаған тоқал ешкіні іштей боқтап, кешті күтіп жүргенім жақсы ма еді?! Кім білсін... #қырбаласы

###Мемлекетте истеп журген кезімде тускен естелик суретім#

Most Popular Instagram Hashtags