#кітапоқыпжарысайық

507 posts

TOP POSTS

Халлед Хоссейнидiң "Бегущий за ветром", қолыма алған автордың екiншi кiтабы болды. Кiтапты оқу барысында, мен көптеген әсерге бөлендiм... Кiтап өте мағыналы, оған өздерiңiз оқи отырып, көз жеткiзе аласыздар.
Кiтапқа үңiле отырып, өзiмдi Ауғанстан елiнде Кабул қаласында болғандай сезiндiм... Кабул қаласындағы дәулеттi отбасыдан шыққан Амир, үйiндегi қызметшiнiң баласы Хасанмен дос болады. Дегенмен, ең қорқыныштысы, Амир досым деп санағанмен, оны басқаларға Хасанды досым деп айта алмайтыны... Амир бiрде бiр рет Хасанға көмек бере алмайтын, ал Хасан Амир-аға деп ол үшiн барлығын iстеуге дайын болатын, сол себептi нағыз дос деп, Хасанды айтуға болады... Хасан өте ақылды, бiрақ әрiп танымайтын, тек Амирдiң оқыған әңгiмелерiн тыңдап отыратын... Амир көп шығармаларды оқып, өзi де шығармашылықпен айналысуды жөн санайды. Оған Хасан қолдау көрсетедi... Бiр күнi Амир әкесiңе өзiнiң шығармаларын оқуға келедi, бiрақ әкесi оны тыңдамайды, бiрақ сол кезде досы Рахим-хан оқып, оны мақтайды... Бала кезiнен Амир әкесiнiң көңiлiнен шыға алмайтын, оған себеп Амирдiң өз-өзiң қорғай алмауы, бұл ең жаманы екенiн түсiндiм, кез-келген бала өзiң қорғай алуы шарт, себебi әр адам өзiн қиын жағдайдан шығара алуы қажет! Сол себептi, Амир бала кезiнен қызғаныш сезiмi басым болып өседi..
Амир өмiр бойы өкiнетiн iс-әрекеттер жасайды, содан соң, қатты қиналады... Бұл жерде түсiнгенiм, кез-келген адам кешiрiмдi болуы қажет, сондай-ақ егер сiз бiреуге қол үшiн бере алатын болсаңыз, неге оны жасамайсыз?! Неге жасай алмағаныңызды айтып, кешiрiм сұрамайсыз?! Ешқашан өтiрiк әрекетке бармаңыз, себебi ол ешқашан жақсылыққа алып келмейдi, керiсiнше өмiрiңiздi тек мұң мен қайғыға толы өткiзесiз.
Кейiн, соғыс басталып, Амир әкесiмен Америкаға барады... Сол уақыттары Ауғанстандағы жағдайды суреттей бiлген автор, оның түбегейлi өзгерiп, Америкадан мың жылға артта қалғандай көрсетедi...
Ауғанстан елiне талибтердiң соғыс бастауы, сол кездегi балалардың өмiрiнiң астан-кестенiң шығарады. Балалар балалық шағында соғысты көрiп, балалық кезiн сезiне алмайды😪...
⤵️⤵️⤵️ [жалғасы]

#кітапоқыпжарысайық жобасындағы жастар жиналып қалдық))
@qazaqtyng_balasy
@kairollakyzy_1
@lyazzat_aidarkulova

Болашақта, иншалла аяулы жар, ардақты ана, бір əулеттің сыйлы келіні 👰болу əрбір қыз баласының мақсаты, міндеті, мұраты. Сол бір жолды түзу салуға бағыт берер жолды, көркем мінездің символдары,😊 жүректеріне 💞дақ түсіруден өздерін алшақ ұстап, имандарына берік👐 болған асыл аналарымыздың өмір жолынан алуға болады. Махаббат пен сыйластық💕, иман мен игі амалдар, тəлім мен тәрбие баяндалатын "Асыл аналар" кітабы əрбір жанның көңілінен шығары сөзсіз.👍Оқып отырып өз бойымдағы кемшіліктерді көріп ұялған сəттерімде де болды.😒 Бұдан тек нәтиже шығару керек.
......
Қыздар, артық қылықтардан арылу керек, ұят болады.
#кітапоқыпжарысайық
#004
#bookisthebestfriend

Әуезовтің "Абай жолы" романының || томы, менің ұзақ оқыған кітаптарымның бірі болды. | томға бір аптадан аз ұақыт жеткен еді, бірақ || томының тілі ауырау екен, сөйлемдерге бір рет көз жүгіртіп,түсіне қою оңай емес.| томда ұлы ақынның балғын балалық шағы, жастық дәурені жазылған болса, ІІ томда Абай мүлде басқа қырынан танылады. Мен ел ағасы,жанашыры болып, ұлтының болашағын ойлаған, мұңын тыңдаған ұлы тұлғамен таныстым.Ел арасындағы бітпейтін жер дауы,жесір дауы,мал дауы, xалықтың қараңғылығы Абайды әбден қажытты.Бірақ оған енді ғана Абайдың "өзімен" мойындалып келе жатқан ақындығы,есті шәкірттері,Миxайловтай досы,білімге құштар балалары үміт отын сыйлады. Өнердің,оқудың құдіретін түсінген ол, қараңғылықта жатқан елінің кішкентай ғана болса да, шамы бола алды. Өз балаларын,ел балаларын оқуға беруі, жастарды өзі оқыған орыс әдебиетімен сусындатуы, бәрі,бәрі тек бір Абайдың-еңбегі. Кітаптағы мені қатты қызықтырған оқиғалар Абай мен Шүкіманның кездесуі, Керімбала мен Оразбайдың xикаясы, Әмір мен Үмітей, ал маған ең қатты әсер еткені араға талай жылдар салған, сағындырған кездесу болды.
Қорыта келгенде, Абай тағы да өмірге деген өзге көзқарасы үшін жалғыз қалды. Өнер мен білімді xалық қазынасы санап,елін жақсы көргені үшін дәулеттіге жақпады, түп-тамыры "бар" отбасы болған соң қараша xалыққа да сіңіп кете алмады.Өмірлік тартысын әрі қарай шәкірттері мен кітаптарынан күш алып жалғасытыруға бекінді. Бір білерім осы кітаптағы Көкбайдың өсиетін тыңдар болсақ, қазақ "қазақтығынан" айырылмайды.
#kitap2017 #kitap002
#кітапоқыпжарысайық
#serikqyzy

🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Қайырлы күн, достар! "ТЭО summer reading challenge" басталуына орай алғашқы 5 кітабімнің тізімін жариялаймын!📚
1.Игра на понижение: Тайнные пружины финансовой катастрофы. Майкл Льюис
2.Дневник памяти.Николас Спаркс
3.Крестный отец.Марио Пьюзо
4.Зулейxа открывает глаза.Гузель Яxина
5.Правила мафии.Луис Ферранте
#teoSRC
#alemdiozgertemin 📚
#кітапоқыпжарысайық 📕☝️

Әлемдегі ең бай адамдардың өмірін оқып, соғысты ұйымдастыратын да, бастайтын да, тоқтататын да солар екеніне тағы бір рет көзім жетті. Ал саясаткерлер - солардың топ менеджерлері, тариxшылар мен жазушылар - пиаршылары мен идеологтары, ал ең танымал сұлу әйелдер - тоқалдары мен ойнастары екен. Қысқасы 2017 жылдағы 4-кітапты оқып бітірдім.
Бұдан кейін өмірім мүлдем басқаша болғалы тұр. Мына кітап миымды төңкеріп жіберді. Ұйқы дегенді ұмыттық.
Алдағы 1-2 күнде сапалы сараптамалық (бизнеси-тариxи) жазбалар сериясын жазамын.
#intellectincubator
#intellectreading
#кітапсүйерқауым
#кітапоқыпжарысайық
#kitapbooking

Халед Хоссейни, "Бегущий за ветром"
📚📚📚
#bookisthebestfriend
#кітапоқыпжарысайық
жоба аясындағы 6 ай - 12 кітаптің 1-сі.
Бір демде оқылатын Х.Хоссенидің бұл туындысы өте керемет жазылған. Автордың сайып келгенде айтқысы келгені меніңше:
-әрбір істеген қателігің я болмаса жасаған жаман ісің соңында өзіңе бумеранг болып қайта шығады. Сол үшін әсте жауап бересің...
Өзім әсершілмін. Бұл кітапта болған оқиғаны 3 күн ішінде сіміріп, кейіпкерлермен бірге болып, барлық болған оқиғаны өз көзіммен көргендеймін... Міндетті түрде оқуға кеңес беремін!
🖊📖
Ауғанстан. Кабул. Бір қала, екі әлем...
Екі дос. Бірінің маңдайына қожайынына адал қызмет көрсету жазылған болса, екіншісі еш таршылық көрмеген, сауатты бай баласы. Әлеуметтік жағдайға қарамастан, дос бола білген екі бала.
Хасан батыл, Амир қорқақ келген. Хасанның сабырлығы мен адалдығына қарамастан Амир оны арасында алдап та тұрады...
Әкесінің көңілін аулаумен әлек болған Амирдің, достық сезімінен гөрі қызғаныш пен қорқақтық сезімі басымырақ болып, достығынан бас тартты. Себебі, Хасанның басынан өткен жан түршіктірер оқиғаның куәгері болып, оған ешбір көмек көрсетпей, қорыққанынан бұғып қалды...
Бұл Амир үшін ешкіммен бөлісе алмайтын ауыр сыр болып қалды. Оны ұмыту үшін өзінен-өзі қашып, өмірдің түрлі шыжығына тап болады. Сол бір қателігі өмір бойы жанын жегідей жеп, өзін іштей сөге бастайды.
Түптің-түбінде ұмытқысы келген жағдай алдынан шығып, есеп айырысатын заман келеді. Алайда, мұнымен шытырман оқиға әлі біте қойған жоқ...
1973-2001 Ауғанстан саяси жағдайлары...
Соңы жоқ сұрапыл соғыс...
Шейіт болған бейкүнә xалық...
#кітапоқыпжарысайық
#kitap2017
#kitap001
#Abilbekov_Alisher

MOST RECENT

ТІПТІ ТАСТАН ҒИМАРАТ...
Жазғы демалыс. Еліміздің барлық өңірлерінде мектептерде жөндеу жұмыстары жүруде. Жыл бойы оқушылардың игілігіне қызмет еткен тіпті тастан ғимарат ескіріп тозған болса, осы ғимараттың жүрегі асыл жандар, ұстаздар, шаршамайды деп айту қиын.
Еңбек демалысымыздың жартысы өтіп, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалыпты. Дайындықты бастау керек. Оқу, тәрбиеге байланысты жаңа жобаларды ойластыру қажет.
Мүмкін, «әлі ерте ғой» дерсіздер. Нағыз дайындық 40 күн бұрын басталады. Адам бір істі 40 күн бойы жасайтын болса, онысы әдет-дағдыға айналады. Мысалы, аз да болса 40 күн бойы #кітап оқысақ, ары қарай өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдыра алмақпыз. Ендеше,#кітапоқыпжарысайық !!!#ғаникей_кітап_оқиық #мектептежаңғыру #мектептеүйірмеаш #мектебімніңертеңі #мұғалім #мектеп 📚SUMMER NEEDS TO SLOW DOWN📚

Посоветуйте какой-нибудь роман о любви 💟 Чтобы не слишком тяжелый по содержанию, что-нибудь такое, после чего в душе остается приятное теплое чувство и чтобы можно было бы закрыть книгу после завершения с улыбкой😊

My book reading challenge - 40.
Ученые полагают, что врожденных страхов у нас всего два: мы боимся громких звуков и мы боимся падений. А значит, все остальные накопившиеся со временем страхи – это страхи усвоенные: вы приобрели их, наблюдая за поведением других людей, просматривая телепередачи, читая книги и, конечно, набираясь собственного жизненного опыта.
#кітап #кітапоқыпжарысайық #ғаникей_кітап_оқиық #mybookreadingchallenge #bookworm #какразговариватьскемугодно

«Озар елдің ұлдары кітап оқиды, тозар елдің ұлдары қалтафон шұқиды." Бақытжан Бұқарбай
#кітапоқыпжарысайық #ғаникей_кітап_оқиық #кітап
📚SUMMER NEEDS TO SLOW DOWN📚

Тікелей аудармасы "Баламды ғаламторда жоғалттым. Ғаламтордың зиянынан сақтану жолдары". Оқып-түйгенімді жуырда назарларыңызға ұсынамын.
SUMMER NEEDS TO SLOW DOWN✍🏻
#ғаникей_кітап_оқиық #кітапоқыпжарысайық #ғаламтор #интернет #internet #internetinzararları #çocuklar

Жылда бір, жазғы демалыста ауылға барғанда, жездем -"сен әлі оқып жүрсін бе? қайда жүрсін?"-деп әзілдейтіні бар. Мен де -"сол баяғы оқып жүрген" - деймін. Мұғалімдік - ғұмыр бойы оқу екен.
“Teachers are the lifeblood of schools, but teaching is a creative profession. Great teachers mentor, stimulate, provoke, engage.” – Sir Ken Robinson
SUMMER NEEDS TO SLOW DOWN ✍🏻
#кітапоқыпжарысайық #ғаникей_кітап_оқиық #learningtobecreative #creativity #teaching #kenrobinson #kenrobinsonquotes

My book reading challenge - 39.
Бұл кітап осы автордың "7 навыков высокоэффективных людей" атты кы́табындағы "7 навык" - тың мектептерге қалай енгізілгені жайында жазылған. Жалпы мақсаты, балада көшбасшылықты дамыту( балаға әрбір істеген ісі үшін бірінші өзі жауапты екенін үйрету және де үлкен мақсаттар қоя білудің маңыздылығын түсіндіру) болып табылады. 1999 жылдардан бастап Американың бірнеше мектептері осы тәсілді өздеріне енгізіп, біршама жақсы нәтижелерге қол жеткізген.
Мектепте жұмыс істейтін адамдарға міндетті түрде оқуды ұсынамын. Мектепте кез-келген бір жұмысты бастамас бұрын қандай нәрселерге мән берген жөн?, не нәрседен бастаған дұрысырақ болады? - деген сұрақтарға жауап таба аласыз.
Ең басты ерекшеліктерінің бірі де, кәсіпкерлер мен ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға белсенді араластыра білген.
#кітапоқыпжарысайық ##mybookreadingchallenge #ғаникей_кітап_оқиық #стивенкови #stevencovey #bookworm #bookstagram #school #7навыковвысокоэффективныхлюдеи

Болашақта кітап жазуға ниеттенгендер және журналисттерге арналған әдістемелік құрал. Бұл салада басқа кітап оқымағандықтан салыстырмалы пікір айта алмадым. Кезінде сторителлинг, фильммейкингке әуес болғандықтан шығар, өзіме ұнады.
Егер адам қызығушылығын біліммен дамытпаса, нәтижесі ұзаққа бармайды. Мұны ньюсмейкингпен айналысқанда түсіндім. Сол себепті, оқу, іздену керек. Джек Ма айтыпты: "Кез-келген істі білімсіз бастауға болады, бірақ оны дамыту үшін білім қажет". Білім - кітапта.
SUMMER NEEDS TO SLOW DOWN✍🏻
#кітапоқыпжарысайық #ғаникей_кітап_оқиық #кітапжазу #журналист #автор #кітап #mifbooks #мектептеүйірмеаш

Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы зор!
Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да керемет пайдалы екендігін дәледеніп отыр. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар.
Жақында ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді.
Қан тамырдың, өкпе, жүрек және басқа да ағзалардың сау денелі болуы үшін дене әрекеті маңызды орында тұратыны белгілі. Бірақ, барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу. Кітап оқу – жүйке жүйесін шынықтыру, дене-бітімді күшейту, әртүрлі аурулардың алдын алуда тамаша маңызға ие.
Адамның ішкі құрылысында кезігетін барлық аурулар психологиямен тікелей байланысты. Көңіл-күйдің түсіңкі болуы, үлкен мидың шаршауы қатарлылар әртүрлі аурулардың басты себепкері. Сол үшін де жақсы кітап – рухани азық. Сау денелі болудың табылмас дәрісі.
Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі – ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осылай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер екен. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді.
P.S: Кітаптың пайдасы тек ақылды болуға емес денсаулықты жақсартуға, ұзақ өмір сүруге де мол екен. Менің ойымша ең аз дегенде күніне 20 минут уақытымызды əлеуметтік желіге емес кітап оқуға арнасақ біз көп жетістікке жетеміз. Бүгінгі күннен бастап өмірімізді өзгертсек алда жарқын болашақ күтуде 🤗
#кітапоқыпжарысайық
#өміріңөзқолыңда👐🤚

"Кез келген жерде кітап оқу", "Шабыт беретін жерде кітап оқу"... Кітап оқыған адамның ой-өрісі, сана-сезімі жоғары болады. Ондай адамдармен сөйлесіп, әңгімелескеннің өзі қандай керемет. Кітапты көрсетіп оқудың дұрыс екеніне көзім жетті. Оның мақтаншақтықпен еш қатысы жоқ деп ойлаймын. Осы инстаграмға қойған кітаптардың өзін қаншама кісі сурап алып оқыды(қызыққаннан деп ойлаймын). Сол үшін ата-аналар баласының көзінше, мұғалімдер оқушылардың көздерінше, бастық жұмыскерлерінің көздерінше, парктарда, автобуста..., былайша айтқанда кез келген жерде оқу керек. Адамдар көрсін. Оқысын. Оқудың пайдалы екенін түсінсін...
Жаз уақытын үнемдейк!!! Нағыз кітап оқитын кезең!
#кітапоқыпжарысайық #ғаникей_кітап_оқиық #Қазақстан #тараз #караганда #ақтөбе #ақтау #атырау #семей #өскемен #астана #алматы #кызылорда #шымкент #костанай #кокшетау #павлодар #петропавл

По #кітапоқыпжарысайық 📚.
Когда друзья просят посоветовать книгу, у меня начинается пожар в голове. "Какая, может это, нет ему может не понравиться, может последняя книга или же та история интереснее и т.д". ( но во многих случаях просто отправляю ссылку аккаунта @gani_nurgozhayev) Но а сейчас хотелось бы самой написать о книге, которую случайно увидела в библиотеке. Книга Джонa Максвелла "Иди к золоту". 📖 Книгу посоветовала бы всем, кто планирует возглавлять чем-то, кто хотел бы стать лидером в своём кругу и, конечно же, #аблашкам и #учителям. Ведь в школе именно они являются лидерами. Именно они создают лидеров. Практический курс подскажет вам как стать и быть настоящим лидером. Думаю, коротко и ясно. А дальше цитирую: "Если бы мне предложили назвать заблуждение, имеющееся у некоторых из нас относительно лидерства, я отнёс бы к нему мысль о том, что лидерство приходит к людям, которые занимают видное положение или имеют звание. Однако это очень далеко от истины. Не требуется более высокое положение, чем у членов группы, отдела, подразделения, чтобы руководить людьми." P.S Тараз, книгу взяла в библиотеке им. М.Ауезова за обкомом #ОқушыКөзқарасымен
#nighthoughts #marjommismood #идикзолоту #джонмаксвелл #НеСудиКнигуПоОбложке #marjommiкүнделігінен

Кішігірім хобби
#кітапоқыпжарысайық
Баяғыда бір кісі білім жолына түсіпті. Бірақ қанша оқыса да басына кірмей қояды. Содан не керек, бірде білімнен көңілі қалып келе жатса, бір құмырсқаның қайтпай еңбектеніп, тырмысып жүргенін көріпті. Өзінен үлкен, ауыр жүкті қозғап-қозғап илеуіне дейін жеткізгенін, содан құмырсқадан ұялып, тура жолға түсіп кеткен екен😄😀😜
Сондықтан мұңаймаңыздар достар басы қатты болса, жемісі тәтті болады.

My book reading challenge - 38.
"Думай как миллионер" Харв Экер. * Мы живем так, как мы думаем. *«Мой внутренний мир порождает окружающий мир». *Богатые работают, чтобы стать богаче.
Бедные работают, чтобы не стать беднее. *Если ваша цель — комфортность, вероятнее всего, вы никогда не будете богаты. Если ваша цель — богатство, вероятнее всего, вы действительно будете богаты. *Если для вас существуют большие проблемы, значит, вы маленький человек!

Жалпы біздің ой-өрісімізде мынандай нәрсе қалыптасып қалған. Бай адам ба, демек жаман адам, жмот... дегендей. Айта берсең көп. Өзім де кейде солай ойлайтынмын. Негізі өз күшімен бай болған адам еңбекқор болады. Байлық далада жатқан жоқ. Әрине тек еңбекқорлық жетпейді, нәсіп те керек. Бірақ, нәсіп те терезеден келіп түспейді, еңбек етпесең. *БАЙ БОЛСАҢ, САРАҢ БОЛМА!!!
#mybookreadingchallenge #bookchat #bookworm #думайкакмиллионер #ғаникей_кітап_оқиық #кітапоқыпжарысайық #кітап

Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
SUMMER NEEDS TO SLOW DOWN✍🏻
#кітапоқыпжарысайық #ғаникей_кітап_оқиық
@gani_nurgozhayev

Раxмет сіздерге)))) керемет,пайдалы бір кешкі ас болды. #Repost @salimkoishybay (@get_repost)
・・・
#кітапоқыпжарысайық жобасындағы жастар жиналып қалдық))
@qazaqtyng_balasy
@kairollakyzy_1
@lyazzat_aidarkulova

#кітапоқыпжарысайық жобасындағы жастар жиналып қалдық))
@qazaqtyng_balasy
@kairollakyzy_1
@lyazzat_aidarkulova

Most Popular Instagram Hashtags