[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

#даналық

919 posts

TOP POSTS

Асыл әжеммен керемет селфи. Өмірлік жеткен нәтижемнің барлығы, толағай табыстарым, елімнің алдындағы абыройым осы әжем берген тәрбиенің арқасында. Аллам өмір жасын ұзақ етіп, шөбере-шөпшегінің қызығын көруге жазсын! #amanzhol_rysmendiyev #ауылда #әжем #данаадам #даналық

САРЫ ЖАПЫРАҚ
🍁
Табиғаттың таңдантып жыршы лебі,
Кейде жүрек әрнеден түршігеді.
Оңып кеткен сарғайып жапырақтар
Кеп-кешегі көктемнің бүршігі еді.
🍁
Көктен нөсер тамшысын төгіп кетіп,
Жанарыңды, жаныңды еліктетіп.
Кеше ғана жап-жасыл жапырақтар
Тұрушы еді жас талды көрікті етіп.
🍁
Көктем күтіп тұр еді кеше дала,
Таңдар атқан, япырмай, неше жаңа?
Сенің маған дірілдеп сөз айта алмай
Тұрғаның да сияқты кеше ғана...
🍁
© Ақұштап Бақтыгереева
🍁
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Адамдардың жүрегіне жол тапқың келсе, Аллаға құлшылық етуге уақыт тап!

Саxабалармен замандас болған атақты табиғин Мұxаммад ибн Уаси айтады: "Сен Аллаға қарай (құлшылықпен) жақындай түссең, Алла басқа адамдардың бәрінің жүрегін сен жаққа жақындата түседі"
📚 Ибн Аби-Ддунья, «аль-Ихлас» 12
#құлшылық #ғибадат #насиxат #өсиет #даналық

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңен кетпейді!
#Ағалық#даналық#
#Н_Аташ
#А_Пракаш

Адам еңбегімен ардақты,
Мінезімен қадірлі. ©Абай
#мысливслух #нақылсөз #даналық

Қисық жолмен жүрсең де, түзу жүр!☝ #даналық #өмірлік_ұстаным

@repostapp @zhanadil_raymbekov Адамдардың жүрегіне жол тапқың келсе, Аллаға құлшылық етуге уақыт тап!

Саxабалармен замандас болған атақты табиғин Мұxаммад ибн Уаси айтады: "Сен Аллаға қарай (құлшылықпен) жақындай түссең, Алла басқа адамдардың бәрінің жүрегін сен жаққа жақындата түседі"
📚 Ибн Аби-Ддунья, «аль-Ихлас» 12
#құлшылық #ғибадат #насиxат #өсиет #даналық

Аспаздығымен, тағамдарының дәмділігімен аты шыққан бір кәрі әйел ұлы мен жаңа түскен келінін кешкі асқа үйіне қонаққа шақырады. Үйде басқа қонақтар да бар еді. Баласы мен келіні дастарханға жайғасып, дәмнен алғандарында күтпеген жағдай орын алады. Анасының жасаған тамағы адамның тәбетін қашыратындай өте жаман болған еді. Жасаған тәтті бәліштерінен жағымсыз иіс шығып тұрады. Картоптары жартылай піскен, ал еті күйіп кеткен. Ұлы келіншегіне білдірмеу үшін қанша жерден тырысса да, бәрібір жүзінен байқалып тұрған еді. Біраз уақыттан соң тамақтарын жеп болып, жаңа үйленген жұптар аналарының батасын алып, қош айтысып үйлеріне кетеді. Ұлы мен келіні кеткен соң әлгі қонақтар кәрі әйелден: «Сіз тамақты жақсы пісіретін едіңіз ғой, неге бүгін тамағыңыз дәмсіз болды? Әлде ауырып тұрсыз ба?» - деп сұрайды. Сонда кәрі әйел күлімсіреп: «Жоқ, бәрі дұрыс. Әдейі осылай жасадым. Бұдан былай ұлым қайта-қайта менің тамағымның дәмділігін айтып, әйелін ренжітпейтін болады», - деп жауап берген екен...
#асыларна #asylarna #ене #даналық

MOST RECENT

САРЫ ЖАПЫРАҚ
🍁
Табиғаттың таңдантып жыршы лебі,
Кейде жүрек әрнеден түршігеді.
Оңып кеткен сарғайып жапырақтар
Кеп-кешегі көктемнің бүршігі еді.
🍁
Көктен нөсер тамшысын төгіп кетіп,
Жанарыңды, жаныңды еліктетіп.
Кеше ғана жап-жасыл жапырақтар
Тұрушы еді жас талды көрікті етіп.
🍁
Көктем күтіп тұр еді кеше дала,
Таңдар атқан, япырмай, неше жаңа?
Сенің маған дірілдеп сөз айта алмай
Тұрғаның да сияқты кеше ғана...
🍁
© Ақұштап Бақтыгереева
🍁
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

МЕНІ ЕСКЕ АЛ
.
Тал шыбық тұрар жағада,
Майысып жеңіл желменен.
Мені еске ал соған қара да
Көңілін көп ой тербеген.
.
Қызғалдақ көрсең мені еске ал
Самалмен қырда билеген.
Домбыра көрсең мені еске ал
Шегіне саусақ тимеген.
.
Жол жүріп шықсаң, белес бар
Талайлар ізін қалдырған.
Қарлығаш көрсең мені еске ал
Оралып ұшқан алдыңнан.
.
© Ақұштап Бақтыгереева
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

КЕРЕКСІҢ МАҒАН
.
Керексің Маған....
Мазасыз ойлар арбаса,
Мен сенген #үміт...
Елесі тағы алдаса.
Жазмыш пен #тағдыр-
Жүрекке қаяу түсіріп,
Күресер күшім...
дəрменім бойда
қалмаса.
.
Керексің Маған...
Əлемде жалғыз қалғанда,
Ең ащы #өмір...
Сынағын басқа салғанда.
Алып құздардан...
Жаралы құстай
ұша алмай...
Қиылып қанат-
Аспанды шарлай талғанда.
.
Керексің Маған...
Сатқындық тұнған жалғанда.
Қаншама тағдыр...
Тоғыспай кетті арманда.
Мен сенсіз сірə...
Бақытты бола алмаспын,
Ақ #махаббатым...
Өткінші ойға алданба.
.
© @jasakyn.kz
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Көмегі ме? Аспанның,
Қосылуы жастардың.
Махаббат оты лаулады,
Жүрегінде жас жанның.
.
Тағдыры ма?
Кім шешкен?
Тек көзімен тілдескен.
Бірін-бірі танымай,
#Ғашық болды, білместен.
.
Сездірді де,
Сезбесті.
Жидырмады тез есті...
Белгісіз бір жағдайда,
Бір-біріне кездесті.
.
Кім көрсетті?
Бағытты,
Келер жерді, уақытты.
Білмей, көрмей - адамдар,
Жолықтырған бақытты.
.
Сүйсініп-ақ, кірді Күн,
Солай шығып тұр үкім.
АЛЛА қосты екеуін,
Екі жүрек бір бүтін.
.
© @bek_zhylkybaev
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Бәрін неге жинайсың ішіңе сен?
Шешілмеген жұмбаққа толы әлемің.
Сол мұңыңның түбіне түсіп өлсем,
Әлдеқашан түсінген болар едім...
.
Жүрегіңді тыңдатшы! Тамыршың - мен,
Көздеріңнен бір #сезім көргем сыңар...
Ақ қағазға xат жазсам қауырсынмен,
Саған қанат сыйлағым келген шығар!
.
Әлде сезім сөнді ме? Жоқ... Күмән көп...
Айыра алмай түстегі отты өңімнен,
Сенің биіктігіңді ұқтырам деп,
Алдыңда тым төмендеп кеттім, білем...
.
Қандай зәһар кеудеңде? Берші оны да!
Онсыз-дағы бірдей ғой жалған умен...
...#Өмір өтіп кетеді ең соңында,
Жеткізбейтін сәулеге алданумен...
.
© @zhanyn_zhadyrasyn
.
🎨 Alyssa Monks
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.
Сіздегі #үнсіздік – ақталу,
Мендегі үнсіздік – кешірім.
.
Солай-ау шамасы...
Жазмыштың жазуы –
Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну.
Тыныштық тағы өлді ауыр дем арқалап,
Сіздегі күрсініс – #жалғыздық,
Мендегі күрсініс – #сағыну.
.
Аязға, мұзға да бергісіз,
Жүрекке сұп-суық ерді сыз.
Толқындар жеткізген үніңіз жауратты.
Сіздегі салқындық – үмітті жылату,
Мендегі салқындық... белгісіз...
.
© @kuralay_omar
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Кетеріңде, жұлындың да қатты жаптың есікті,
Сол жапқаның ақ жүрегін қайғыменен тесіпті.
Білемісің?
Бұл қылығың ауыр тиді Анаңа,
Бір жандар бар,
Кешірімді сұрай алмай, кешікті.
Кетеріңде, жұлындың да қатты жаптың...
Не шықты?
.
Өмір сүрді ас әзірлеп, киіміңді түгендеп,
Айтшы маған ауырғанда жүрді сені кім емдеп?
Кем қылмады қатарыңнан,
Тауып берді керекті,
Ол өзіне түк алмады,
Ол өзінен үнемдеп.
.
Құшағына қайта алып, керек болса тербетер,
Анаңды бір еркелетсең, ардақтым-ау нең кетер?
Көңіліне қаяу түсті,
Қайта ашар есікті,
Кетеріңде, жұлындың да қатты жаптың сен бекер.
.
© @bek_zhylkybaev
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

#Сүйем демеші,
сүйе алмайсың ғой,
Мендік сезімнің иесі.
Менсіз əлемге сыя алмайсың ғой,
Махаббатымның киесі.
Сағынбан деме, сағынасың ғой,
Сағынышың да - тәтті #арман.
Мені іздеп жалғыз табыласың ғой,
Біз жүрген сонау бақтардан.
Қызғанбан деме, қызғанасың ғой,
Қызғанышың да - өмірлік.
Мен жүрген жерге жүз барасың ғой,
Өз ойларыңнан жеңіліп.
Жек көрем деме, аңсайсың тағы,
Күтесің тағы үмітпен.
Күтуден мені шаршайсың дағы,
Күтесің қайта күдікпен.
Сүйем демеші, сүйе алмайсың ғой,
Махаббатымның - иесі.
Өзіңді - өзің жиі алдайсың ғой,
Алданып қалып сүйесің.
.
© Дəуіржан ҚАМБАРОВ @d.kambarov
.
🎨 Chen Yifei
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Бұл күні жұрт жаңалық қосқан сайын,
Күнде бір азғындықпен танысып жүр,
Мектеп жасындағы қаршадай қазақ қызы,
Балаларын лақтырып жарысып жүр,
Ал біздің сорлы қоғам əлі күнге,
Орамал таққан қызбен алысып жүр! #барлық#сынақ#даналық
#сабр#бер#Аллаһ

💍НЕКЕ ЖҮЗІГІ💍
.
Тілекші ел жиылып жүзі жарқын,
Сезімнің қымбаттығын біз ұғар күн.
Отаудың егесі боп, тақтың жаным,
Сен менің саусағыма жүзік алтын.
.
Сол сəткі мендік күйді білші...қайтіп?
#Жүрегім соғып жатыр тыншымай түк.
Мен сенің келіншегің екенімді,
Бар елге неке жүзік тұрсын айтып...
.
Өмірден өткен шақта үзік қалып,
Біз енді бақытты да қызықтадық.
Атымды жүрегіңе жазып алдың
Аты жоқ саусағыма #жүзік тағып.
.
Сен үшін мен салайын бар күшімді,
Аяла алақанда ал құсыңды.
Сенімнің символындай #неке жүзік,
Айнымас ақ некенің анты сынды.
.
Талаптан талаптанып тау тұрғызып,
Жалғайық салтанатты салтымды үзік.
Мəңгілік ақ некелі жарың болып,
Жеткізсін алтын тойға #алтын жүзік.
.
© @juldiz_kazichan
.
🎨 Georgeta Blanaru
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

#Өмір ғой...
Өзгерді даланың да әні,
#Күз, сені келем жырлаумен.
Жалғанның жанарындағы
Жалт ете қалған бір дәурен.
.
Жүйрігін баптасын бәрі,
Тағдырдан келем нұр сұрап.
Қазанның қақпасындағы
Жанып бір өшкен бір шырақ.
.
Өткен күн менің өмірімдегі
Тұратын сынды мұнардан,
Күз деген шіркін көңілімдегі
Бір #үміт...
Сосын бір #арман...
.
Мұңымды менің жалғамас қайғы,
Жыр жазып қоям түн қатып.
Қолтықтап мені тауға бастайды
Жетелеп жүрген бір #бақыт.
.
Әуелеп көкке әнің қашатын,
Көңілде қалар барлығы.
Бақыт іздесең бағыңды ашатын
Өмір ғой күздің әр күні...
.
© @makpalmysa
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Бір уақытта,
Барлығына жағу қиын,
Көпшіліктің: көңіл, тілін табу қиын.
Бәрінен де,
Теріс қарап кетіп жатса,
Жалғыз ғана,
Өз-өзіңмен қалу қиын...
Сол кездерде,
Жан жоқ сені түсінетін,
Жақын келіп,
Үңілсін-ай ішіңе кім?
Көзді ашсаң - қараңғылық,
жалғыздық қой,
Кірмейді де,
Түнде жатсаң, түсіңе Күн.
Түсінемін,
Ондайды мен бастан кешкем,
Жүрегің де, ойың-дағы астан-кестен.
Бәрін ұмыт,
Жаңа #өмір баста, тездет!
Дүниеге қара дағы басқа көзбен...
Бір уақытта,
Барлығына жағу қиын,
Көпшіліктің: көңіл, тілін табу қиын.
Жастық шақта,
Әкем маған айтатұғын:
- Өз қолыңмен,
Бұзған оңай, салу қиын...
.
© @bek_zhylkybaev
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

ҚИЯЛ
.
Жанымды жылытып үнің,
Бесік боп көгілдір түнім,
Нұрыңа жылынсам деп ем.
.
Жүректі мұңдардан аршып,
Сізге іңкəр сырлардан ашып,
Бауырыңа тығылсам дегем...
.
Көгімнен тұрса Ай қарап,
Тек тілсіз көзбен аймалап,
Қыссаң ғой алақанымды.
.
Сызынан қорқып ызғардың,
Бақытын тілеп қыз жанның,
Күткенмін ала таңымды.
.
Жұлдызын санап көктемнің,
Бағыма балап тек менің,
Өзіңмен қыдырсам бүгін...
.
Жаңбырдың жұтып ауасын,
Жүректен ұшып нала шын,
Қиялым құбылса шырын...
.
Қабылдап Айдың батасын,
Құттықтау айтып жататын,
Шашу боп жұлдыз төгілсе...
.
Махаббат періштелерін,
Жолыма жегіп тек менің,
Сіздік мəрт #жүрек емінсе...
.
Болмайтын тілектеріме,
Солмайтын жүрек теріне
Осылай малынып ерен...
.
#Сыр толы #көктем кешінде,
Еріксіз түстің есіме
Мен сені сағынып келем...
.
Тағы да...
.
© @altynshapak
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

@repostapp @zhanadil_raymbekov Адамдардың жүрегіне жол тапқың келсе, Аллаға құлшылық етуге уақыт тап!

Саxабалармен замандас болған атақты табиғин Мұxаммад ибн Уаси айтады: "Сен Аллаға қарай (құлшылықпен) жақындай түссең, Алла басқа адамдардың бәрінің жүрегін сен жаққа жақындата түседі"
📚 Ибн Аби-Ддунья, «аль-Ихлас» 12
#құлшылық #ғибадат #насиxат #өсиет #даналық

Жол неткен бұралаң,
Жолыға алмадым.
Өзімді күн сайын алдадым
Келер деп,
Жанымды бақытқа бөлер деп.
Содан соң... тістелді бармағым.
Көтере алам ба салмағын?
Мың батпан #сағыныш, күдік пен үмітті...
Түсімде жолығып, өңімде жете алмай
Жүргенім жігерді үгітті.
.
Іздедім...
Көшелер... халді ұқпас біздегі
«Күдерді үз» деді.
Тек #жаңбыр аймалап жүзімді
Мен болсам, өзіңді өлгенше күтетін
Жапырақ боп кеттім күздегі.
.
© @kuralay_omar
.
🎨 Volegov
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Адамдардың жүрегіне жол тапқың келсе, Аллаға құлшылық етуге уақыт тап!

Саxабалармен замандас болған атақты табиғин Мұxаммад ибн Уаси айтады: "Сен Аллаға қарай (құлшылықпен) жақындай түссең, Алла басқа адамдардың бәрінің жүрегін сен жаққа жақындата түседі"
 Ибн Аби-Ддунья, «аль-Ихлас» 12
#құлшылық #ғибадат #насиxат #өсиет#даналық

Жұлдыз ақты...
Тілек тілеп жатырмын бағың үшін,
Сездіңіз бе жабырқау жаным түсін...
Мұңға батып көміліп мен жатырмын,
Сізге ғана арналып сағынышым.
.
Сағым бейне...
Арадағы сезімді өзім үзбей...
Бола алмады-ау ешбір жан өзіңіздей,
Жалт-жұлт етіп қарайды жұлдыздар
да,
#Сезім толы мөлдір пəк көзіңіздей.
.
Алдамшы #үміт...
Ойларыммен күресіп сан жүдедім...
Сонда да қаймықпаған ақ #жүрегім,
Міне, #жұлдыз тағы ақты, сонда менің,
Сізді көру болыпты бар тілегім.
.
© @jomartovna07
.
#поэзия #қазақпоэзиясы #лирика #шабыт #ұлылармұрасы #даналық #өлеңдер #ғашықтық #маxаббат #казаxскаяпоэзия #поэзия #стиxи #мудрость #наследиевеликиx #вдоxновение #kazakhpoetry #poetry #poems #inspiration #verse #qazaq_poetry

Most Popular Instagram Hashtags