#ақмараллеубаева

MOST RECENT

🇰🇿 Тірімде тілдегендер,
Бағымды білмегендер,
Мен өлген соң, үндемеңдер.
Айтылар тәтті өтірік,
Барлығын шын демеңдер
Айдың да жарығы бар,
Қараңғы түн демеңдер.
Өздері жасай алмай,
Өкінер күлкім түгілі,
Күнәмді күндегендер... ©Ақмарал Леубаева

#АқмаралЛеубаева
#AkmaralLeubayeva
#KazakhPoet
#Kazakhlanguage
#Kazakhstan
#photo#tbt

ЖҰМА ТІЛЕК.
Аллаға шүкір еттік бай жұмада,
Əрбір амал болсыншы сай жұмаға.
АЛЛА қолдап, қорғап, сақтап панасында,
Аман есен жетейік əр той жұмаға!

Бауырларға сыртынан дұға қылған,
Игі істерің жақсылық боп шығады алдан.
Кешірімді АЛЛА төгіп рахым нұрын,
Жан, тəніңді тазартқай күнəлардан.

Босағаңнан бақ дәулет ене берсін,
Кісі адамы адал боп келе берсін.
Денге саулық, дертке шипа, несібемен,
Тілеуіңді Тəңір қолдап бере берсін.

АЛЛА шынға айналдырғай арманыңды,
Адал етіп дос жаран, жан жағыңды.
Бір Алладан сұрайтыным қайда жүрсең,
Аман есен, абыройлы болғаныңды!

Ең керегі адал ниет, бізге көңіл,
Қуанышын көрсетсін сізге өмір.
Алла сыйлап мол ырыс, ризығын,
Ынтымақпен сүрейік бірге өмір!
#АқмаралЛеубаева

Қойып кеттім өздері іздемесе,
Өзім деген досты да мазалауды. #АқмаралЛеубаева

Орамалым...
...Сезем мүлде бәрінен бейхабарсыз
Әрі кетсе ел айтқанды айта аларсыз.
Жауабын да күтпестен қайта-қайта
Көп сауалды тек іштей қайталарсыз.... Елден ерек күйім емес дараланған
Жаным аулақ жұрт ойлар жорамалдан.
Арымның адалдығын сақтау үшін
Орамалды осылайша орап алғам.
Мүмкін жанға айналғанмын басқа білем
Жұмбақ болып барамын досқа кілең.
Бір тал шашым секілді көрінбейтін
Құпиямды жасырдым ақ шәліммен.
Адамды адам ар керек сүймек үшін
Тура жолды табу - мендік күйдегі сын.
Ұялта да алмайды мені ешкім
Ұятымның кимешек кигені үшін.
Бәрі тозар өзгертер түсін мейлі
Тек орамал тозбайды кішірмейді.
Абыройдың аманат бұл пердесі
–Ешқашан да еңсемді түсірмейді.

#кимешек#асылтəжім#АқмаралЛеубаева

Босқа екенін түсіндік те бұл тірлік.
Себеп тауып ықтиярсыз іркілдік
Өтіріктің бəрін өртеп өлтіріп,
Шалажансар сезім қалды...кіл шындық.

Бұл түсімді мейлі жоры, жорыма,
Ақ көгершін түсіпті кеп торыма.
Жүрегінің бұрышына жасырған,
Жүзікті əкеп тағып кетті қолыма.
#АқмаралЛеубаева

Қиял шіркін тұп-тұнық таза қандай,
Кейде қалам қағазға жаза да алмай.
Қанша жақын болсаң да қиналамын,
Жетіп тұрған қолымды соза да алмай.
Жақсы көрсең, сен мені жазаламай,
Жақсы көрем мен сені мазаламай.

Тіршілікте тек сәби мұңсыз ғана,
Кейде қалар дүние тым сыздана.
Күннен бұрын сүйетін жанарымды,
Жалғыз адам жердегі, бұл- Сіз ғана.
Жақсы көрсең сен мені шын қызғана,
Жақсы көрем мен сені үнсіз ғана.

Жалған өмір жанталас шынды ұқтырып,
Тайталаста танытар кім мықтылық.
Ақ бұлттармен төбемнен өтпей қойды,
Түн ауғанда қараймын түңлік түріп.
Жақсы көрсең сен мені шын күттіріп,
Жақсы көрем мен сені ынтықтырып.

Мұнарым ай, сүйгенде кінә қандай?
Мұxит асқан аралдан шыға да алмай.
Жүрегіңе ең жақын қабырғаңмын,
Жүрсің бе әлде кім бұл деп ұға да алмай.
Жақсы көрсең сен мені кінәламай,
Жақсы көрем мен сені пірәдардай!
#АқмаралЛеубаева #поэзия #өлеңсөздіңпатшасы #әдеміөлең #Ақмараллирик #лирика

Тірімде тілдегендер, бағамды білмегендер,
Мен өлген соң үндемеңдер.
Айтылар тәтті өтірік, бəрін шын демеңдер,
Айдың да жарығы бар, қараңғы түн демеңдер,
Өздері жасай алмай, өкінер, күнəмді күндегендер,
Ол жайлы білмегендер, үндемеңдер.
#АқмаралЛеубаева.

***
Мен сені жақсы көрдім, білесің бе?
Маған еріп ақ бұлтқа кіресің бе?
Ақ бұлттан аппақ найза жасап алып,
Дайынсың ба өмірмен күресуге?!
#АқмаралЛеубаева
#Ақжайық
#БатысҚазақстан
#ArdaMediaGroup

Орамалым...
...Сезем, мүлде бәрінен бейхабарсыз,
Әрі кетсе, ел айтқанды айта аларсыз.
Жауабын да күтпестен қайта-қайта,
Көп сауалды тек іштей қайталарсыз... 💦💦💦
Жас адамның көрсетпесе заңдылығын,
Кінәсі жоқ бұл қыздың жаулығының.
Еңсесін көтерсін деп ескерткенің –
Есіме көп жағдайды салды бүгін.
💦💦💦
Елден ерек күйім емес дараланған,
Жаным аулақ жұрт ойлар жорамалдан.
Арымның адалдығын сақтау үшін,
Орамалдмен осылай орап алғам.
💦💦💦
Мүмкін жанға айналғанмын басқа білем,
Жұмбақ болып барамын досқа кілең.
Бір тал шашым секілді көрінбейтін,
Құпиямды жасырдым ақ шәліммен.
💦💦💦
Адамды адам ар керек сүймек үшін,
Тура жолды табу - мендік күйдегі сын.
Ұялта да алмайды мені ешкім,
Ұятымның кимешек кигені үшін.
💦💦💦
Бәрі тозар, өзгертер түсін, мейлі,
Тек орамал тозбайды, кішірмейді.
Абыройдың аманат бұл пердесі –
Ешқашан да еңсемді түсірмейді.
#АқмаралЛеубаева#ораамал#түсінгенге#мәні#зор#мағыналы#өлең#бурабай#қостанай#оқжетпес#жұмбақтас#шацтанкөл#бала#кезімде#сенбілесіңбе#кітапшасынан#көп#оқыған#едім#енді#көрдім#шүкір

"Мен сені жақсы көрдім білесің бе?"
...ақ бұлттан əппақ найза жасап алып, дайынсың ба өмірмен күресуге?...
#ақмараллеубаева
@kuandykrakhym_official
#əнкеші
#қаскелең
#кукабай_фан

Мен сенің қабырғаңнан жаратылғам, қисайып тұрар қырсығып.
Бұралып жатып айтпайтын мұңын тұншығып.
Бауырыңа бассаң, балапан сынды қанатын,
Қағатын құспын құлшынып.

Мен сенің аманатыңмын, Ием екеніңді сезіндір.
Тәңірдің сыйы удан да тәтті сезім бұл.
Ұясын тастап кетпейді екен аң-құс та,
Қиып кетсең өзің біл.

Мен сенің өзіңмін ғой, өзіңді қайталаған.
Қайран басың барымды байқамаған.
Бір ғана айырмамыз...
Жауыздықтан басқаның бәрін,
өзіңе қайтара алам.

#АқмаралЛеубаева

"...Екеумізге Алла берсе разылық,
Ешбір пенде жасай алмас қазылық.
Таңдайыңа түскен тәтті тілегің,
Маңдайыңда тұрса шіркін, жазылып.
Солай болды, солай болды көмескім,
Арбауына алданбайық елестің.
Тасқа басқан тағдыр таңба алдында,
Сен де ешкім, мен ешкім емеспін... #АқмаралЛеубаева
#гиацинт#моилюбимые

Біржан Байтуов арнау айтып, Сарағаштықтардың алғысын алуда!
#АқмаралЛеубаева #әнКеш

Ақмарал апам ән айтқанда залдағылар да қоса шырқауда. Керемет кеш болып жатыр! #Сарағаш #АқмаралЛеубаева

Most Popular Instagram Hashtags