[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

#айдананыңжазбасы

MOST RECENT

Жүрегі әлсіздер оқымасын. Менің дәу қолыма жазылған пікірлердің тізімі: 💥Еріккен қатын
💥осындай суретті салуға ұялмайсың ба?
💥ауылда сен ақ тұрасың ба?
💥саусақтарың қып-қысқа,қызғаншақ ішің тарсың.
💥сен мақтаншақсың. Өзіңе комплимент іздеп тұрасың.
💥осы елдер қызық!
💥тек өзіңді сүй! А не мужа и ене!
💥жатқаның мен 🙊әжетханадағы суреттеріңді салмайсың ба оңбаған!
💥қасың өлгенски, ауылда тұрса да қасы татуаж
💥айналайын несіне мақтанасың, бәріміздікі осындай! 💥ЕНДІ ЕҢ СОРАҚЫСЫ :
МЕНІ АУЫЛСКАЯ БАЙЗАКОВАҒА ТЕҢЕГЕНІ. 💥Атың шықпаса жер өрте дегенін қайтерсің? Адам қандай екенін жазған пікірінен ақ біле береді екенсің. Құмыра ішінде не бар, соны құяды емес пе! Байзаковаға қай оймен теңедіңіз мені? Бір оқырманымның сөзіне күні бойы ішегім түйіле күліп жүрдім." Тұрсынайды құрсынай қып блокка тығып тастамайсыз ба? Сабырыңыз мықты екен" депті. Кайсы бірін блокқа тығам. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Айтпақшы жерді өртемей ақ дәу қолды суретке түсіре салсаң да атың шығады екен. Сізге менен дәлел болсын.........😀😀😀😀 Бір қызығы негатив жазатын адамдар маған тіркелмей, әр постымды сығалап, аңдып, реті келсе құсып кетуге дайын адамдар. Жанашыр оқырмандарыма мың алғыс. Сіздерге еш қатысы жоқ жандарым😘
#айдананыңжазбасы

9-бөлімі Қақпаның арғы жағында Шараның жан ұшыра айқайлаған дауыстары шыға бастады: - Мәлік сен О баста мені таңдауың керек еді. Әсия саған лайық емес-тін. Сонда да сен оған үйлендің. Мен сендердің аяқтарыңнан қанша шалсамда түк шықпады. Жер дөңгелек екен, қанша жылдан соң мен тағы сендерді жолықтырдым. Бақыттысыңдар әдеттегідей! Мен бір сасық шалдың қойнында жүргенде, Әсия менің ұнатқан жігітіммен тату-тәтті тұрып жатты. Менің қалай от болып өртенгенімді білсеңдер ғой. Жоооооқ! Сен Әсияның қалай өлгенін білесің бе? Мен оны өлсін деп қанша дуакешке барып, табан тоздырғанымды, ана сорлы шалдың тапқан қанша ақшасын сол қара дуаға бергенімді білемісің? Сауап! Асияға сол керек! Менің сүйіктімді ұрлады, өмірімді құртты. Мен сендердің махаббаттарыңнан жаралған балаларыңа не себепті жақсы қарауым керек? Олар да өлсін. Тек екеуміз, және Рахима қалсын. Мен саған сүйкімді балалар туып берем жаным! Қарлығаш полиция қызметкерлеріне қоңырау шалып, есі ауысқан Шарагүлді алып кетуін өтінді. Мәлік: -Нәзипа, алтын қызым келші бері. Жарығым, қызғалдағым, сенің қандай күй кешкеніңді әкең сорлы сезбеген де екен ғой. Ботадай көздеріңді нақақтан нақақ жәутеңдетіп, күнәға терең батқан екенмін. Енді бәрі жақсы болады. Сендер үшін әке де ана да мен боламын. Өмір бақи жалғыз өтсем де сендерді біреуге құл етпеспін. Әкелерің тұрғанда ендігі тек бақыттан жылайсыңдар! Уәде беремін. Келіңдерші бері деп маңдайларынан сүйіп,екеуін қаусыра құшақтап жылап тұрды. Мәлік балаларын мектептен уақытша сұрап алып, шет елге алып кетті. Бәрін ұмытып жаңа өмір беттерін ашуға тырысты. Саяхаттан келген соң балаларының сабағына көмектесіп, көбірек көңіл бөлді. 2 жыл өткесін ағайындары жиналып,Әсияның сіңілісін әйелдікке әпкерді. Мәлік қарсы болғанымен,балалары нағашы әпкесін анасындай жақын көріп, ана болсыншы дейді. Дария бала туалмағандықтан ажырасқан еді. Енді міне туған әпкесінің балаларына аналық махаббатын төгіп, өзі де жүкті болды. Мәліктің Дарияға деген сезімдері ашыла бастады. Дәрияның кейбір қасиеттері Әсияны еске салып тұратын.Ал Шарагүл болса жындыханаға түсті. Оның жазасы сол болды!Қызын нағашыларына тапсырды.
Соңы.Әңгімеден қандай әсер алдыңыз? Ұнады ма
#Айдананыңжазбасы

8-бөлімі. Жандарым, алтындарым, сендерге не болды? Жүрегімді ауырпай сөйлесеңдерші. Бағлан, құлыншағым,кішкентайым тоңып қалдың ба? -Әкееее, сезді қатты сағындым. Енді алысқа кетпеңізші. Сіз жоқта бізге өтеее қиын. Әпкемді үнемі қинай береді. Мені де ұрып, тамақ бермей қоятын күндері де болады. Бір күні Назипа әпкем тоқоштарды асханадан тығып әкелгенде , Шара апай көрді де ашуланып 1 күн бізді аш қалдырды. Әке анау Шара апай жаман адам. Мен оны жек көремін. Неге біздің анамыз өліп қалды? Мен мамамды сағындым.... Нәзипа:
- інішегім жыламашы, әкем бәрібір бізге сенбейді. Шара әпке жамандағанымызды білсе аямайды! Неге айтасың бәрін. Ендігі күніміз не болады?-деп бауырын құшақтап ентігін баса алмай жылап берді. Солқылдап еңіреген балаларының нендей хәлге түскенін көріп Мәлік не істерін білмеді. Қарлығаш апай:
-Тыңдаңыз Мәлік мырза! Сіздің атыңызға арыз түсіремін. Әкелік құқығыңыздан айыру үшін. Сіздер қандай адамсыздар? Балалардың қандай күй кешкені бір құдайға аян.
- Ия дұрыс айтасыз. Нағыз хайуанның өзі екенмін. Бауыр еті балаларымды айдаладығы біреуге сеніп тапсырып, алаңсыз жүргенім еш кешірімге лайық емес! - Жоооқ, әке, бізді жетімдер үйіне жібермеңізші. Біз сізді жақсы көреміз. Шарагүл арайды да ендігі жамандамаймыз. Бізден шет айналмаңызшы. Анамыз жоқ еді, енді сізден де айырылсақ біз қайтіп өмір сүреміз?-деп Нәзипа жанұшыра әкесіне жалынып, жалбарына бастады. Сол кезде Шарагүл де қызымен келіп қалды. Қолдарына пакеттерін толтырып, көтере алмай тұр. -Мәәәлік, жаным, қашан келіп қалғансың? Қоңырау шалмадың ғой. Дәмді тамақ әзірлеп қояр едім. -Тоқтат Шарагүл! Кет үйден.
-Бұл жерде не болып жатыр өзі? Мына әйел кім. Мен неге кетеді екенмін? Аааа, әлде мынау жаңа әйелің бе?
- Кет,құры, жоғалт көзіңді. Талақ, талақ,талақ айттым саған! Алла алдында сен менің ендігі әйелім емессің!-деп Шарагүлді жұлқылап қақпадан шығарып жіберді. -Жоооқ, оңбаған. Мен кетпеймін, ұятсыз ,маған айтқан рақметің осы ма? Мәлік қақпаны қайта ашып, Шарагүлге " рахмет!" деді де рейстен тапқан ақшасын бетіне шашып жіберді.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
#инстаана2018

7-бөлімі. Сабағын үлгілі оқитын Нәзипаның аз ғана уақыттың ішінде неліктен үлгерімі төмендеп кеткенін білу үшін сынып жетекшісі оқушысының үйіне іздеп келді. Анасының өмірден өтуі де қыздың жүйкесіне салмақ салуы мүмкіндігін ойлады. Бірақ,дәл сол уақыттарда Әсияның көңіл- күйі түскені болмаса, сабағында еш олқылық болмап еді. Қақпаны қағып тұр.... Есікті ешкім ашар емес. Қақпаны өзі ашып, ит жоқ па екен деп жан-жағына алақ жұлақ қарап тұрды. Анадай жерде бір нәрсе жыбыр- жыбыр етеді. Ол не болды екен деп жақындап қараса, Нәзипа мен Інісі. -Қааааарлыыығааааш апаааай!-деп Нәзипа қалай айқайлап жібергенін түсінбей қалды. -Әй жанымау, мұнда не істер отырсыңдар? Зәулім үйлерің тұрғанда мына үйшікте не бар сендерге? Жүріңдер,жаурап қаласыңдар. Үйге кіріңдер. Нәзипа ойнайтын жерді тауыпсың, есің бар қызсың ғой, ініңді ойласаң қайтті? -Жоооқ апай, біз осында отыра береміз. -Неге, Нәзипа????????
-Есікке қарасаңызшы, дәу қара құлып салынған. - Әкелерің қайда? Анау жаңа мамаларың ше?
-Әкеміз іс -сапарда. Ал Шара әпке қызымен бір жаққа кетіп қалды. Бізге осы жерде отырыңдар деген. -Неге қарақтарым ау, жылы үйде отырсаңдар болмайма? - Тамақты көп жейсіңдер деп бізге ұрса береді. Одан қалса үй жұмысын шамамыз келмесе де жасатқызып қояды. Істемесек таяқтың астына алады. Апай, қоя беріңіз, бізге осы жер де ыңғайлы деп байғұс қыз жылай бастады Балалардың адам төзгісіз халіне Қарлығаштың жүрегі езілді. Өгейдің аты өгей, ол белгілі. Ал әкесіне не жоқ! Балаларын қатыгез адамның қолына тапсырып, ең құрығанда аналарының әруағын сыйласа қайтті деп ызадан жарылардай болып тұрғанда Мәлік қақпадан кіріп келді. Жұмыстарын мерзімінен бұрын атқарған әкесі балаларын сағынып, көруге асық. -Нәзипа, Бағлаааан, жандарым мен келдім,әкелерің келді құлындарым!-деп есікке қарай беттеді. Қара құлыпты көріп, бұлар қайда кеткен деп ойланып қалды. -Саламатсызба Мәлік мырза! Балаларыңыз мұнда! Қараңыз. Бейшараларды қандай күйге жеткізгенсіз. Обал емес пе? Мынадай суықта жауратып, қораңызға қамап қойғандарың не?
-Кешіріңіз, мұнда не боп жатыр? Қызым түсіндірші жаным. Неге отырсыңдар мұнда. Біраз болды ма? Қолдарың тоңып, мұрындарыңнан су ағып қалыпты ғой.
#Айдананыңжазбасы

@aidana_ibirai сіңлім жаста болса балапандарымен ата-енесі қарасып,уйдің тіршілігімен отағасының бұйымтайын қоса алып жүрген пысық келіншек👍Қолынан келмитіні жоқ😘жап-жас дегенім өзімнен кіші болғасын аитқаным,əйтпесе 30- да жаспын деген ешкімге бас болмайды деген нақыл сөз бар ☝Отанасы болып нанды да жабады😘ішек-қарын тазалап,малға да қарайласады.Отанасы болып,бар тірлекте бас болып,оқушыларменде оқу жағын басқарып отырған орта маман📚📖Қолы қалт етсе əңгіме жазу жазатын өнері ұнады👏Өздеріңіз оқып бағасын беріңіздер👉
БІЗ БАҚЫТҚА ЛАЙЫҚПЫЗ атты əңгімесі жəне де #Айдананыңжазбасы нан əр түрлі тағдырға байланысты əңгімелер оқуға болады.☝
#Айдананыңжазбасы
#Айдананыңжазбасы
#Айдананыңжазбасы 👈👌мархаббат.

6-бөлімі. Мәлік жайменен аяғынан тұра бастады. Дүкенде ендігі жұмыс жасай алмады. Себебі ондағы әр бір бұрыш Әсияны еске салып тұрды. Екеуінің қандай пейнетпен көтерілгені, аяқтарынан суық өтіп базардан базарда жүргені,бәрі-бәрі ойына орала бастады. Дүкенді сатып, орнына үлкен жүк көлігін алып, көрші елдерге көкөніс пен басқа да шикі заттарды тасумен айналысты. Бір айдың бір аптасын ғана үйінде өткізетін. Бұл әрине Шарагүлге майдай жақты. Үйінде өзі би, өзі қожа. Қызын қуыршақтай киіндіріп, тамаққа тойдыратын да Нәзипа мен Бағланға жарытып ас бермейтін. - Сендердің аналарың менің өмірімді ұрлады! Мен оның орнында болуым керек еді! Сендер сол аналарыңның күнәсі үшін жауап бересіңдер. Аяқтарыңды аспаннан келтіремін әлі. А, айтпақшы,осыдан әкелерің келгенде мені не қызымды жамандап,жақ ашатын болсаңдар көздеріңе көк шыбын үймелетермін. Абайлаңдар жетімектер!-деп зәре құтын алып қоятын. Әкелері сапардан келгенде тойған қозыдай томпиып отырған балаларын көріп, "бәрі жақсы екен" деген ойда қалатын. "Нәзипа, әй Назипа "-деп бишара қыздың демалуы мен оқуына мұрша бермейтін Шара Мәлік келгенде мүләйімсіп, бетпердесін ауыстыра салатын. Нәзипаның оқу үлгерімі де нашарлап, күннен күнге азып барады. Інісі екеуі анасын сағынып, көз жастарына жиі ерік беретін. Құшақтасып, бір бұрышта тығылып жылап отырған балаларды көріп қалса Шара ашуға булығып,қаққанда қанын, соққанда жанын шығаратын. Аналарының аялы алақанын, шексіз махабатына аз ғана уақыт бөленсе де сол бақытты шақтарын жандарына азық етті. Бала болғасын шалалығы болады емес пе? Нәзипа ес біліп қалған қыз ғой, бауырына араша түсіп, үнемі таяқ жеп қалатын. Үйдің бүкіл жұмысын өгей шешей Нәзипаның мойынына іліп тастады. Белі майысып, ауыр тірлікті көздері жасқа тола атқаратын. Шарагүл Нәзипаны әкеңе айтамын деп қорқытып қойғандықтан әкесі келсе ашылып сөйлесе бермейтін. Бәрібір менің сөздеріме әкем сенбейтін шығар деумен өзін мүжитінді шығарды. Рахима (Шараның қызы) Мәліктің арқасында ханшайымдай өсіп келеді. Еркелігі де жетерлік. Балаларыма жақсы қарап отырғой деумен тапқан табысын Шараның қолына ұстата салатын.
#Айдананыңжазбасы #жазушыана
#инстаана2018

5-бөлімі. Шарагүлдің көрсе қызарлығы мен өшпенділігі күн санап арта түсті. Күйеуінің қитығына тиіп, әр кімнің күйеуімен салыстырып,бишара қалыпқа түсіріп,адам санатынан сызып тастады. Әділ Шарагүлге іштей ғашық еді. Шараны, қызын да жанындай жақсы көрді. Жұмыстан шаршап келіп,қызын бір иіскесе рахатқа бөленетін. Қанша нашар мінезді болғанымен, әйелінің сөздеріне көнуге мәжбүр. Шарагүл өз үйінен гөрі Әсияның үйінде уақытын көбірек өткізетін. Кей кездері сол үйде қонып та қалатын. Күндер зулап өте берді. Бірде Әсияның денсаулығы сыр бере бастады. Қаралмаған дәрігері мен емханасы қалмады. Олардан қайыр болмағасын емші жағалап,алыс шалғайға да барып дертіне шипа іздеді. Бәрінің айтатыны бір сөз:
-Сізге көз тиген. Не болмаса сізге қарсы қара ниетті дуа жасалған! Әсия мен Мәлік ондай тылсым күштерге сене бермейтін. "Оттаған әңгіме"-әлі ақ бәрі оңалып кетеді деп жүре бергенде,кенет Әсияның дәм-тұзы таусылып, өмірден өтті. Аялаған аяулы жарын ақтық сапарға шығарып салу Мәлікке ауыр тиді. Жан -тәнімен сүйген келіншегі өзін тастап,ана өмірге кете барды. Қызы Нәзипа 7 -ші,ал ұлы 4-ші сыныптарда оқитын. Ендігі өмірін балалары үшін сүру керектін түсінсе де бас көтерер шамасы қалмады. Дүкенін жауып, ішімдікке салынып кетті. Шынайы жанашыр әкесі өмірден өткелі қашан. Жалғыз анасы мен бауырлары қолынан келгенін аянбай, Мәліктің аяқтан тұруына ықпал жасады. Әсияның жылын өткізген соң Мәліктің қайта үйленуін жөн санайды. Бұл сәтті Шара уысынан қалай шығарсын. Онсызда Әсия қайтқалы Мәліктің үйінен шықпай,жасанды жанашырлық танытып жүрген. Қыз кезінде қолы жетпеген жігітке әні-міне дегенше етене жақындай түсті. Болмашы себептерді сылтауратып, күйеуімен ажырасып та үлгерген. Кезінде үйінде жасамаған тамақтарды әзіреп, жақсы көрініп жүрді. Мәлік Шараның ішінде бір саусағы бүгулі екендігін сезсе де, оны үйінен шығара алмады. Қызы Нәзипаға сырлас құрбыдай, ұлына жанашыр жандай көрінді. Не керек Шарагүл өз дегеніне жетіп, Мәліктің некелі жары атанды. Әрине Шарагүлдің қуанышында шек болмады.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
#Инстаана2018

4-бөлімі.
-Ееее ,Әсияжан, аңғалым-ай. Сен оның өзіңнен сырт айналып, реті келсе маған қылымси қалатынын білмейсің-ау. Саған айтып,жан құрбыңды жамандап, жүрегіңді ауыртқым келмеген-ді.
-Қойшы отағасы, жастық шақта жігіттің дүлдүлі болғаныңды білемін. Басқа-басқа Шарадан ондай опасыздық шығады деп ойламаймын.-деді де тақырыпты жылы жауып қоя салды. Дүкенде отырғанда белгісіз нөмір Әсияға қоңырау шалды. Тұтқаның арғы жағынан Шараның дауысы естілді. Екеуі телефонмен ұзақ сөйлесе алмады. Әсия құрбысын үйіне қонақ болуға шақырды. Кешкісін ,Шарагүлді құшақ жайя қарсы алды. Шарагүл Әсия мен Мәліктің үй тұрмысына қызыға да қызғана қарады. Тәрбиелі қызы мен өнегелі ұлына қарап, іші өртеніп барады. Өртенетіндей ақ халде еді. Себебі өзінің күйеуі қарапайым жұмысшы, түрі де келіспеген,жасы біршама үлкендеу кісі болатын. Ақша таппайды емес табады ау, бірақ сол ақшаның берекесін бермей жүргені қашан. "-Сенің әкелген тиын -тебенің қай жыртығымызды жамайды? "-деп үнемі күйеуіне көңілі толмайтын. Шарагүл оқуын бітірісімен жұмысқа оп оңай орналасқанды. Жалындап жүрген жас қызға көз қырын салған азаматтар да аз емес. Мектептегі әріптесімен көңілдері жарасып жүріп аяғы ауырлап қалады. Жігіттің үйлі-боранды екенін біле тұра,ешкімнің сөзін елемей, менмендікке салынды. Әлгі көңілдесінің келіншегі мектепке келіп, Шарагүлдің абыройын айрандай төгіп, жұмыстан шықпасына қоймай, арыз жазумен болады. Ойнап жүріп от басқан қыз сорлап қалды. Ата-анасына қалай айтарын білмей қынжылғанда жеңгесі көмекке келді. Келіншегі өмірден қайтқан ағасына Шарагүлді қашырып жібереді. Шараның ол кезеңдерде жігіт таңдайтын шамасы жоқ ... Дөңгеленген шаранасы көзге көрініп қалған-ды. Некелерін қидырып, Әділбектің айелі атанды. Егде күйеуін жақтыртпаса да , амалсыз тұруға мәжбүр... Шарагүл аман есен қызын босанып алады. Әділ жас келіншегінің көңілін табуға барынша тырысатын. Отасқандарына екі-үш жылдың көлемі болса да,Шара күйеуінен құрсақ көтеруге асықпады. Өзінің қызы болмаса да күйеуі бауырына басып, бар тәттіні аузына тосатын. Шарагүл Әсияның отбасына қатты қызықты. Не де болса достықтарын жалғап, ара-қатынасты үзбеуге бел байлады.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
#Инстаана2018

3-бөлімі. Оқуын аяқтап,қолына дипломын алысымен Мәлік Әсияға үйленуге ұсыныс жасады. Келісіммен алып қашып,үйіне келін етіп түсірді. Жөн-жоралғысын жасап, құдалық пен дүркіретіп тойды да абыройлы атқарды. Екі жақтың туыстары бір-біріне сыйлықтарын жаудырып,құдалықтарымыз мың жылдық болсын десіп тарқасты. Соңғы курсын аяқтау үшін, Әсия университетке бару керек. Мәлік қалада тұратындықтан оқуды жалғастыру қиындық тудырмады. Қыз жолдас болып Әсияның шашбауын көтеріп жүрген Шара екеуінің бақыттан бал бұл жанған жүздерін көре алмады. Аяғы ауырлап, жүріп -тұруы қиындап,әупірімдеп дипмломдық жұмысын қорғап шықты. Мамандығы бойынша сарапшы болып орналасқан Мәліктің жұмысы алға баса бастады. Ол шақта келіншегі де оқуын аяқтап, нәрестенің туылуын күтіп жүрді. Көп ұзамай қызды болды. Нәзік гүлдей болсын деп апасы мен атасы " Нәзипа " деп ат қойды. Мәлік жұмыс бабына байланысты басқа қалаға қоныс аударуға мәжбүр болады. Оның үстіне үйдің тұңғышы болғасын, ата-анасы баласы мен келініне еншісін бөліп, ақ батасын беріп жібереді. Екіншісіне аяғы ауыр келіншек жаңа қоныстарында ұлды болып, қуаныштары қойындарына сыймады. Нәзипа мектеп табалдырығын аттаған жылы, Мәлік жұмыстан қысқартылып, бос отырып қалады. Әсия мамандығы бойынша жұмыс тапса да, жұмыс берушінің сұраған қаржысын тауып бере алмады. Амалдың жоқтығынан екеуі саудаға кірісті. Алғашында майда-шүйде заттармен бастады. Кейіннен кәсіптері дөңгелеп, өздерінің дүкенін ашты. Еңбектері жемісін беріп, үйлерін зәулім ғимаратқа айналдырды. Күндердің бір күнінде Әсия байырғы құрбысы Шарамен кезігіп қалды. Сол жерде жөн сұрасқаннан соң, Әсия үйіне шақырды. -Қолым боста бір өтермін сендерге. -деп қысқа қайырған келіншек бір жаққа асығып тұрғандай көрінді. Нөмірі жазылған парақшаны ала салысымен, алды артына қарамай зытқи жөнелді. Көптен бері көріспеген құрбысын күтпеген жерден көрген Әсия болған жайды Мәлікке айтып берді. -Әй,қойшы жаным, сол құрбыңды. Маған тегі бір еш жақпай ақ қойды! - Мәке,неге олай дейсіз? Есіңде ме ең алғашқы сенімен кездесуге шыққанымда ерте шығып едім ғой. Үнемі маған қол ұшын беріп,көмегін аянбайтын,нағыз жанашырдың өзі.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
#инстаана2018

2-бөлімі. Көркі көз сүріндірмесе де орта бойлы сары қыздың сүйкімді жүзі мен күлімсіреген көздері өзгелерден оқшауланып, Мәлікті өзіне тартатын да тұратын. Сері жігіттің өзінде көңілі бар екенін сезсе де сезбеген сыңай танытып, Әсия бойжеткен оқу мен жұмысты қатар алып жүре берді. Бір күні мейрамхана бастығы үлкен тойға тапсырыс түскенін айтып, түн ортасына дейін даяшылардың қызмет етуін тапсырды. Есесіне екі есе үстемақы төлейтінін айтып, қуантып қойды. Айтқанындай бір дөкейдің дүрілдеген тойы өтіп жатты. Аяқтарынынан аяқ қалмай,жүгіре қызмет көрсеткен даяшылар шаршап-ақ жүр. "Ухххх!" -деп ақыры той да аяқталды. Уәде етілгендей өздеріне тиесілі ақшаларын алып үйді- үйіне тарқасқан жастардың мазасын тойдан тарқаған мастар ала бастады. Үлбіреген жап-жас қыздарға ерсі қылық көрсетіп, былапыт сөздер айтылды. Жігіттер жағы бірге жұмыс жасайтын қыздарды шығарып салуды жөн көрді. Мәлік те оңтайлы сәтті пайдаланып, Әсияны жатақханаға жеткізіп салуға ұсыныс жасады. Зәре құты қалмаған бойжеткен, бозбалаға келісім беріп, жатақханаға беттеді. Екеуі жол жөнекей бір-біріне жақ ашпаса да, таныстықтары:
- Рахмет саған Әсия, өзіңді шығарып салуыма мүмкіндік бергенің үшін!-деген жылы сөздерден соң ұлғая бастады. Күндіз университеттен Әсияны іздеп, көре қалса кездейсоқ жолыққандай ыңғай танытып, ұнатып қалғанын сездірмеуге тырысты. Мәлікті көргенде өне бойы елжіреп, сөзін әрең сөйлейтін бойжеткеннің де бойында сезім ұшқындары пайда болды. Шынайы махаббаттың рахымына бөленген екеуі бір-бірін іздейтін де тұратын. Ерік-жігерін жинап, сүйген қызына сөз салуға бекінген жігіт,қыздың сөзін алады. Көңілдері жарасқан жастар махаббаттан бастары айналып, сезімдерін ел-жұрттан жасыра алмады. Іштарлық қылған бойжеткендер жағы Мәлікке Әсияны тең көрмеді. "Қайдағы жоқ сап-сары,тапал,сұрықсыз қыздан не тапты екен соншама?"-деп сөгіп, жұп көрмейтіндігін айтып жатқандарда кездесті. Жан құрбылар бола тұра Шарагүл де Әсияға іштарлық танытты. Армандаған ханзадасының өзін емес өзге біреуді таңдағанына көндіге алмайды. Екеуін айыру үшін түрлі құйтырқы тірліктерді астыртын ойластыратын.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
#Инстаана2018

Алла жар болсын. Жазбаларым оқырманымның жүрегіне жол тауып,ойымды дұрыс жеткізуіме нәсіп қылсын. ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖1-бөлімі -Әй қыз! Жата бермей тұрсаңшы. Тал түс болды,өзің нағыз маубастың өзі екенсің! Әкеңе айтып , бір сыбатып алмасам ба сен құрғырды!- деп Шарагүл таң атпастан миын жеп, бишара Нәзипаның қитығына тиетін. Әкесімен шақыстыруға шебер Шарагүл Мәліктің бала -шағасына әзірейлідей қарайтын.......................................... Шара Әсиямен жан құрбылар болатын. Студент кездерінен бір жатақханада,тез тіл табысып, бір үзім нанды бөлісіп жейтін. Әсия сабағын үздік оқымаса да, сыпайылығымен, тәрбиелілігімен мұғалімдердің оң қабағын алып,қатарынан қалмайтын. Шарагүл тобының көшбасшысы, әрдайым алға ұмтылып, белсенді студенттердің қатарында жүретін. Ауылдағы әке-шешесіне салмақ салмай, оқудан қолы қалт етсе, Әсия қосымша табыс тауып, мейрамханада даяшы болып жұмыс жасайтын. Өмірлік жары Мәлікпен де дәл сол мейрамханада танысты. Студент жас жігіт те ата-анасына масыл болмай, өз күнін өзі көріп жүретін. Университеттің бетке ұстар азаматы, озат та алғыр студенті бола тұра көкірегін кермей, әрдайым кішіпейілділігімен көптің алғысына бөленетін. Бой десе бойы,ой десе ойлы, кескін келбеті келісті, ірі денелі,сымбатты жігіттің төресіне қаншама қыздар ғашық болып, көз жастарын көлдетіп, жауапсыз сезімге толы хаттардан талайы ішқұса болатын. Жігіттің сабазымен бірге жұмыс атқаратын Әсияның Мәлікте ойы болса да, көңілін құлыптауға мәжбүр.... "-Мені қайтер дейсің? Маңайын сылқым сұлулар торуылдап, жөніне қояр емес. Мен олардың шаңына да ілесе алмаспын" -деп өзін сабырға шақыратын. Өліп-өшіп ұнатқан қыздардың арасында Шарагүл де бар-тын. Қоғамдық жұмыстарға бірге араласатын жастардың ішінен Мәлік пен Шара да қалыспайтын. Етене жақын сөйлесіп, жігітті бұраң белі, қиғаш қасымен қағып түсіруге тырысқанмен, Мәкең ыңғай бере қоймайды. Себебі жігітке адуынды,өктемдігі басым,билік құмар қыздан гөрі,табиғатынан нәзік, сыңғыр қаққан баяу үнді, сыпайы қыздар жағатын. Әсиямен бір оқу орынында оқыса да,тек жұмыста ғана кезігетін. Жігіт қыздың болмысын ұзақ бақылап, көз қырын сала жүретін.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
#Инстаана2018

Қаймағы бұзылмаған Таудың самалы есіп тұратын ауылдан жалынды сәлем🙋. Әдеттегідей фильтрсіз суреттер үшін лайк❤❤❤. Табиғи жолмен қазан ағарту әдісі. #Өляяя недеген қарайып кеткен қазан десеңіздер де болады. Қысты күні тамақты қазанды отқа қойып пешке пісірген соң күйелеш болмағанда қайтсін. Көктемге дейін шыдамай,💥💦жалтыратып тастадық. Келім- кетім адам бірінші үйіңдегі қазан-ошағыңа 👀қарап баға беріп кетеді емес пе? Мәә мына үйдің #қатыны қандай өзі деп айтып кетсе бәле ғой😩😱. Басқаны қайдам,өзім біреудің үйіне барсам,не әдет екенін:шәугіміне, газына, ошағын байқап, тазалығына іштей баға беріп кетем🙈👍👎. Әсіресе қыста күлді алып,көмір салып жүріп, тазалық сақтау өте қиын әрине. Біз үнемі қазанды осылай ағартып,тазалап аламыз. Ары кетсе жарты сағат. Керемет нәтиже, табиғи тазалық деп ағаштарымның мақтауын асырып жарнамалап жіберсең я😄😝. Сіздер қазандарыңызды қалай тазалайсыздар? Білгендеріңізбен бөлісе отырыңыздар😇👇👇👇
#Ауылана
#инстаана
#инстаана2018
#жазушыана
#Айдананыңжазбасы

Үйдің ішіндегі бұйымдары көздің жауын алды. Қонақ бөлмеге жайғасқан екеуінің әңгімесіне қызыл шарап арқау болды. Қыздың бойын қыздырып алған профессор жатын бөлмеге беттеді. Не болатынын сезіп тұрса да қыз міз бақпай, өздігінен беріле салды. Досболдың көздері жайнап үлбіреген денесін аймалап сүйе бастады. Екеуі түнді таңға атыра, бір төсекті бөлісті. Көркемнің көзін шел басып, доңызша дөңбекшіген Досболдың ыңғайына көне түсті. Студенттердің оқу орнын тәмамдап, дипломдық жұмыспен жүгіріп жүрген шағында Көркем профессордың құшағына жантая жайғасып, ешнәрсеге алаңдамағаны бекер еді. Аяғы ауырлап қалғанын сезген Досбол қыздан құтылудың әрекетін жасады. Көркем соңғы кездері ағайының өзгеріп жүргенін байқады. Сөздерінен тайқып, кезінде берген уәдесін ұмытты. Дипломы мен жұмысты уайымдама деген көкесі Көркемге бір бума ақша беріп:
- Қарағым, айналайын, жөніңді біл. Мына ақша мәселеңді шешуге жетіп қалар. Мені енді мазалама. Ақымақ қыз емессің, менің не айтқым келгенін түсінген шығарсың ә?! -О не дегеніңіз? Мені пайдаланып, тастағаныңыз ба? Көз жасымнан қорықсаңыз етті. Мен сізді кешірмеймін. -Хммм, сен мені пайдаландың қалқам! Кешірімің кімге керек? Мен сенің пейіліңді аңғардым. Жылтырақ дүниеге еліге қызығатын, ақша үшін жаныңды беретініңді білгесін сені өзіме тең көрмедім. Қош сау бол, осымен бәрі бітті-дегенде Көркемнің ойыны осылды. Әп сәтте , тер төкпей байлыққа ие болғысы келген қыздың ойынынан от шықты. Әр нәрсенің өтеуі болатынын біле тұра акылды қыздың ақымақтықпен жасаған қадамы шекесіне таяқ боп тиді. Бақытгүл мен Сапар да Көркемнен теріс айналды. Онсызда әзер жүрген Зәуре қызының масқара жағдайын білгесін денсаулығы көтере алмай өмірден өтті. Анасының қазасына қатты қиналған Абзал біршама уақыт өз-өзіне келе алмайды. Көркемнің баласын алдырамын дегенінен түк шықпады. Жатырдағы сәби үлкейіп кеткесін, босанамын деп шешті. Аяқ асты көрсе қызарлыққа бой алдырған Көркем ақымақ емес еді ғой, неліктен бұндай қадамдарға барды деп ойланамын кейде. Шыныменде кедейлік пе, әлде отбасын асырай алмаған әкесі ме? Жоқшылық па? Оқуда озат, ынтасы биік бойжеткеннің тағдырына тек өзі ғана кінәлі болар бәлкім? Сіздің ойыңыз қандай? Соңы.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана

Бақытгүлдің бармай ақ қойшы деген сөзіне құлақ аспай, қандай қадамға барғалы жатқанын біле тұра шақырған жерге барды. Әйелімен ажырасқанына біршама уақыт болған Досбол жас қыздардың бірін жемтік қылса, енді біріне әйелдікке ұсыныс жасағысы келген. Уыздай жас қызды ұнатып қалғаны да сөзсіз. -Ағай сіздің алдыңызға келуге мұқтажбын. Сізден басқа қол ұшын берер жан жоқ. Бар үмітім сізде .
- Көмек қолын созуға дайынмын қарағым. Әр нәрсенің өтеуі болатынын білетін шығарсың.
- Не қалайсыз сонда?
- Бойдақ екенімді білетін шығарсың. Сенімен кездесуді қалаймын. -деген нақты шешімін айтты. Ұзақ ойлануға мұршасы болмаған қыз байқұс ұнатын жігіті бола тұра, оңай жолды таңдады. Сапардың қоңырауларын көтермей,өз бетінше шешім қабылдады. Уәдені үйіп-төккен Досболдың соңынан еріп кете берді. Оқуыңды уайымдама, димломыңды өзім әперемін, жұмысқа орналасуға да көмектесемін деп сенімді сөйледі. Асқар мен Зәуренің қыздары үшін ештеңе жасай алмайтыны белгілі. Әке шешесін асыраймын деп құрақ ұшып жүрген інісі. Қара жұмыстың бәрінің басын шалып, қиындықпен күнкөріс табуда. Зәуренің денсаулығы күрт нашарлап, дәрі-дәрмек алып, емдетуге бірталай қаржы керек. Асқар жатып алғанымен қоймай, бөтен әйелмен байланысып, үйінен кетіп қалды. Абзал мен Көркем әкесін райынан қайтара алмады. Зәуре күйеуінің опасыздығын бұрыннан білген екен. Көркемнің Досболмен байланысы шиеленісе түсті. Киім кешегі мен жүріп тұрғанына ақшасын аямайтын еркек-қыздың қызығушылығын арттыра берді. Әбден таршылық пен жоқшылықты көріп өскен Көркем байлықты аңсады. "Қашанғы жоқ сұрап жүруге болады? Мен ле адаммын. Мен де бақытты болуға лайықпын. Жасы үлкен , оның үстіне ажырасқан болса қайтеді екен? Сүйе тұғын Сапар мен үшін не істей алар дейсің? Азар да болса үйіне апарып, қолыма сыпыртқы ұстатар. Маған ондай өмір керек емес! Мен бай болғым келеді"-деп алдына мақсат қойды. Досболдың айтқанын орындап, айдауынан шықпайтын. Бірде Досбол Көркемді үйіне апарды. Даңғарадай зәулім үйді көрген бойжеткен өзіне сол үйдің ханшайымы болуым керек дейді. Ол тек Көркемнің ойы ғана болатын....
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана

Абзал оқуға түсе алмай, қара жұмысқа араласып кетті. Зәуренің денсаулығы нашарлап, үйде отыруына тура келді. Ауырмаған жамбаспен жантайып жатқан Асқарды ешнәрсе алаңдата қоймады. Көркемнің оқудағы мәселелеріне ешкім де басын қатырмайтын. Кеш қарая жұмыстан қайтатын Абзал тамақтана салысымен төсегіне аунай кететін. Шәкіртақысынан айырылмай, емтиханды қайта қарау тек Досбол ағайдың құзырында. Араға түскен кураторы да түк бітіре алмады. Профессордың кабинетін үнемі көз жасын көлдеткен студенттер тосатын. Бұл жолы ешкім жоқ! Ерік жігерін жинап, ағайдың кабинетінің есігін қақты. -Ия, кір!-деген өктем дауыс студент қыздың зәресін ұшырса да міз бақпай,тұтқаны сыртқа тартып, ішке кірді. Терең тыныстап, түйткілді мәселенің түйінін тек өзіңіз шешесіз деп жымиып сала берді. Өжет, қайсар қыздың қылығын манадан бері байқап отырған Досбол ағай арам ойдың жетегіне жиі еретін. Қаншама қыз-қырқынға көзін сүзіп, жағымсыздығымен елге мәлім. Бәрін біле тұра Көркем кірпік қақпай, қалауыңыз болсын дегендей ыңғай танытты. - Кешкісін мейрамханада сөйлесіп, сол жерде талқылайық қарағым.
-Жарайды ағай, міне нөмірім деп бір жапырақ қағазды үстел үстіне қойды да кабинеттен шығып кетті. Университтеттен шыға бергенде алдынан Сапар жолыға кетті. Көркемнің жағдайынан хабардар жігіт қызға демеу болудан басқа көмек бере алмады. Құрбысы Бақытгүлге Досбол ағайдың сөздерін айна қатесіз жеткізді. Арам ойы барынан сезіктеніп тұрса да, кездесіп көрмекші болады.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана

Әні-міне дегенше Абзал да ержетіп, оқуын аяқтады. Асқардың сол жатқаны жатқан. Зәуре азып- тозып екі жұмысты қатар атқарып жүрді. Жұмыстан кешігіп, кейде қауырт жұмыс жасалынса үйіне қайта алмай қалатын. Әйеліне "салқын жүрістісің"- деп айып тағатынды шығарған Асқар үй ішінің берекесін алып бітті. Жоқшылық пен ұрысты көріп өскен Көркем мен Абзалдың өмірге көзқарасы басқаша еді. Көркемнің алдына қойған мақсаты оқуын үздік аяқтап, өз ісінің маманы болу. Қаншама рет білімін дәлелдесе де жүзеге шыға алмайды. Жанында жүрген қыздардың жолы болып, үнемі артта қалып қоятын. Бұл жалғанда бәрі адал жолмен келе бермейтінін ұғынғандай. Көркемнің көркем мінезіне іштей қызығып, сүйсініп жүрген Сапар қызды қалай ұнатып қалғанын сезбеді. Достық қарым қатынас- ғажайып сезімге ұласа бастады. Жігіт қызға ғашықтық сезімдерін білдіре алмай, кібіртіктеп жүрді. Қашанда сезімтал қыз кеудесі ерекше тылсым ғажайыпты байқаса да, жігіт сөз айтпайынша күтуді жөн санады. Сапардың батылы жетпей, сан сынақтан сүрініп, әйтеуір қадамы нық болмады. Осылай күндер өте берді. Емтихан сәті таяп, студенттер әзірлігін бастап кетті. Жігітті ойлаймын деп жүріп, төмен баға алған қыз- шәкіртақыдан қағылғалы тұр. Бірден бір амал профессормен келісіп, бағасын жөндеу ғана! Профессор Досбол ағай қырықтың қырқасындағы айбынды кісі. Онша мұнша кісілердің сөзін елемей, тек өз дегенімен жүретін. Қатулы қабағынан сескеніп, бетіне тіке қарауға қорқатын студенттер бес аттам жерден төбесін көре басын ала қашатын.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана
Жалғасы бар. Сабыр танытыңыздар.

Көркем мен Абзалдың өмірі қиыншылықпен өтті. Әкесі жұмыс істемегенімен қоймай, мінезі де күрт өзгере бастады. Зәурені бостан босқа кінәләп, тырнақ астынан кір іздей беретін. Балалары мен әйелінің алдындағы борышын өтей алмай, психологиялық күйзеліске түсті. Уақыт өте жатып ішер жалқауға айналып, ұят пен отағасылық міндетті біржола жиыстырып тастады. Көркемнің мектеп бітіретін соңғы жылдары. Бар зейінін сабағына аударып, мемлекеттік грантты жеңіп алуға ниеттенді. Бітіру кеші жақындап, қыздардың ойы - кеш ханшайымына айналу . Жан-жақтан көйлек іздеп, бет әрлеуші,шаш шеберлеріне алдын ала жазылып жатты. Киер көйлегі мен қаржысы болмағасын, кешке қатыспайтын боп шешті. Үздік бітірген оқушы болғасын,Көркемнің қалмай келуін ұстаздары өтініп, сұранады. Абзал әпкесіне қымбат болмаса да жарасымды көйлек әперді. Көркем өте көңілді әрі ақкөңіл қыз болатын. Сыныптастарының ата анасы балаларының қызығын көруге келсе, Көркемнің әке-шешесі дастархан басынан табылмады. Қанша көңілі жарым болса да, ешнәрсе білдірмеуге тырысып бақты. Ол күндер де өтіп , Көркем жоғарғы оқу орынына түсті. Шуақты күндер құшақ жайғандай жаңа таныстар мен достар тапты. Уақытының басым бөлігін оқуына арнаған қыз үйіне қайтқысы келмейтін. Себебі әкесі болмашы жерден жанжал шығарып отыратын. Соңғы кездері тіптен есіріп анасына күн бермейтін.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана

Кешірім сұрап келген күйеуін қайтарып, ажырасуға бел буған еді. Бірақ, бойына біткен нәрестені байқағанда райынан қайтуына тура келді. Өзінен алдыңғы әпкесі де тағдырдан теперіш көріп, екі баласын төркінінде асырап отырған-ды. Тағы бір баланы әкесіз өсерудің қиын екенін ақылға сала ойланып, күйеуімен қайта табысады. Дүниеге келген сәби Асқардың өмірін күрт өзгертті. Жақсы жаққа түзеліп, арам суды аузына алмады. Жұмыстың мәнісі болмаса да бес-он теңгесін тауып келетін. Қызының артынан көп ұзамай Зәуре ұлды болды. Ел қатарлы бақытты отбасыға ұқсайтын. Ауыр жұмыстың әсері ме, қалай болғаны белгісіз Асқар жұқпалы өкпе ауруына шалдықты. Жұқпалы аурулар емханасында ұзақ уақыт жатып, емделді. Тығырықтан шығу үшін Зәуреге жұмысқа шығып, табыс табудан басқа амал қалмайды. Оның үстіне балалардың да мектептегі қажеттеллігі артып бара жатыр. Жұмыс сұрап барған жердің бәрі бір жапырақ қағазға қадалып, оқымағандығын сылтауратып, тәуір жұмыс табылмайды. Бір мекемеге еден жуушы болып орналасады. Асқар толықтай емделіп шаққанымен, еш жерден жұмыс табылмайды. Үй ішін асырау тек Зәуренің мойынында . Ата -анасының қандай қиыншылықпен өздерін асырап жатқанын көріп өскен балалары да қолғанат бола бастайды. Көркем сабағын жақсы оқып, сыныптастарының үй тапсырмаларын ақыға орындайтын. Абзал болса сабақтан кейін көлік жуу орталығында көлік жуатын. Тапқан ақысын үйлеріне апарып, керектеріне жарататын. Өз қатарластарындай жарқырап жүргісі келетін балалар ата анасына ренжитін кездері де жиі болатын.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана

Күлтөбенің төбесінде күнде жиналыс. Асқар Зәуренің тиындап тапқан табысын есептеп, азық-түлікке әрең жеткізуде. Арзымайтын ақшаны ары-бері тартқаннан мәселе шешілер емес. -Қай жыртығымызды жамаймыз бұл ақшамен?
-Менің қолымнан келгені осы Асқар! Түнімен көзімді тырнап ыдыс жуам, күнімен еден мен терезенің шаңын сүртем.... Бары осы, маған не дейсің?-деген келіншек соңғы кездері күйеуіне дауыс көтеріп, өктемдік танытатын болған. Күйеуі жатып ішер жалқаудың өзі екен. Зәуре өліп-өшіп сүйіп, тұрмысқа шықпады. Жоғарғы оқу орнына түсіп, екінші курсқа аяқ басқаны сол еді, бас салып алып қашудың құрбаны болады. Қанша қарсыласып, жылап-сықтағанмен дегені болмады. "Оқуыңа кедергі болмаймыз. Күйеуінің осы, жігіттердің төресі. Қолынан келмейтіні жоқ. Бұйырса бағың жанғалы тұр. Ақ жаулығын басына салдырып, сол үйдің келіні атанды. Үйленген күндерінің алғашқы аптасында ақ Асқардың ішімдікке үйірлігін байқайды. Қуанышқа ішілген шөлмектер, көтерілген бокалдар тым көбейе түсті. Әр нәрсені сылтауратып, тойлатуға дайын Асқар берген уәдесінен тайқып, Зәурені оқытпай қояды. Зәуре "бармасам болмайды"- деп есікке ұмтылып еді, көк ала қойша сабап, білгенін жасады. Алпауыт жұдырыққа шамасы да әлі де қалмаған келіншек осылайша оқуымен қош айтысады. Күннен күнге өмірі тозаққа айнала бастаған Зәуре-" есім барда елімді табайын, бұл маған күйеу болып жарытпас"-деп масайып жатқан Асқардан киімдерін жинап, қашып кетеді. Көздері жалтақтап келген қыздарын көрген ата-анасы мән жайға қанық болды. Іштен шыққан шұбар жылан болса да өз баламды өзегінен теппеймін деген анасы әкесінің "қайт" деген сөзіне қарсы шықты.
#Айдананыңжазбасы
#жазушыана

Баяғы бір заманда дәулетіне сәулеті сай өте мейірімді,жомарт бай өмір сүріпті. Өзі ақкөңіл кісі болғанымен, мақтау сүйер әрі тез ренжігіш екен. Байдың бірінен- бірі өткен сұлу үш қызы болыпты. Бірде әлгі бай қыздарын шақырып алып: мені қалай жақсы көретіндеріңді ас пен дәммен теңеп жеткізіңдер депті. Сонда үлкен қызы үстел үстінде тұрған тіл қуырар тәтті әселді нұсқап: "Әке сізді мына балға теңеймін. Әсел қандай тәтті болса, сізде дәл сондай тәттісіз"-дейді. Қызының сөздеріне еріп, марқайған әкесі 1 келі алтын сыйлапты. Екінші қызы әкесіне қарап тұрып, жалма жан кәмпиттерді біртіндеп ашып жатып:"-Әке қараңыз, мен мына кәмпиттерді жеуді ешқашан тежей алмаймын. Сізді де дәл осы тәттілердей жақсы көре беремін"-десе, әкесіне қызының сөздері жағып, 1 келі күміс берді. Кезек кенже қызына да келіп қалды. Ал алтыным, сен мені қай тәттіге теңейсің деп қарқылдап күліп жіберді. Қызы:"-Жоқ әке! Мен сізді тәттіге теңемеймін! Тұз. Тұзды қалай жақсы көрсем, сізді де тұздай көремін!"-дейді. Қызының қайдағы жоқ, ащы тұзға теңегеніне ызасы келген бай 1 қапшық тұзды мойынына артып, үйінен қуып шығып, ауылдан аластатып жібереді. Менің ең сүйікті қызым мені тұзға теңегені қалай деп ашуға булыққан әкесі қызын кешіре алмайды. Уақыт өте берді. Бай қызын қатты сағынады. Еркетайын іздеуге кірісіп, атын ерттейді. Ауылдарды кезіп, ұзақ іздесе де еш пайда бермейді. Демін басып, жолшыбай бір асханаға тоқтайды. Қатты қарны ашқан бай даяшыға тамақ әкелуін сұрайды. Даяшының әкелген асын ішер ішпес, түкіріп тастайды. Дәмі болмағасын басқа тамаққа тапсырыс берді. Ол тамақтың да дәмі жоқ! Ашуға салынып, асхананы басына көтергенде арғы жақта бақылап тұрған кіші қызы әкесінің маңына барып:кешіріңіз әке, даяшаға тамағыңызға бал мен тәттіні сал деп өтінген мен болатынмын. Сіз кезінде неге менің тұзға теңегенімнің себебін сұрамай қуған едіңіз. Себебі тұздың аппақ, мөлдір, тазалығын сіздің пейіліңізге, ал өзі кез келген астың дәмін келтіргені болатын. Тұз өмірдің нәрі емеспе. Сіз менің өмірім едіңіз деп жауап беріпті. Әкесі сөздерін қайтып алып, қызын үйіне әкеліп, мейіріне бөлепті. #айдананыңжазбасы
#айдананыңертегісі Әке сіз менің өмірімнің мәнісіз. Сізді тұздай жақсы көремін. Менің қамқоршым!

Most Popular Instagram Hashtags