perizatmyrzakhmet perizatmyrzakhmet

937 posts   28,602 followers   400 followings

Перизат Мырзаxмет  ТВ сценарист-редакторы 📺 Бақытты болыңдар, и!

#Жайдарман, мен бүгін саған қайта ғашық болдым 😍. #АТУ құрамасы "Юсуф Мироғлының қарындастары" тобының сәлемдесуі он жыл бұрынғы ойындарымызды сағындырып қойды. OMG, it was cool!!! Менің жекеменшік сүйікті топтарымның үштігіне кірді деп қояд дит 😂. Алысқа шабыңдар!

Қайырлы кеш инстадостар. @present_party парақшасында өтетін конкурс туралы ұмытпадыңыздар ма?
.
30.04 алғашқы тапсырма беріледі. Қапы қалмаңыздар, бар болғаны @present_party парақшасы мен 22 демеушіге тіркеліңіз.
.

Конкурс барысында ақын қызымыз Сара Тоқтамысованың @sarkanaidyn_sandygynan су жаңа, екі жақты киілетін əсем тастармен көмкерілген бешпеті де ойнатылады😍😍 Əділдігі мен шынайылығына сенімді болыңыздар👉👉@present_party @present_party @present_party

Ұйқы - арсыз, күлкі - арсыз, тамақ - арсыз...
Өлгеннің артынан өлмек жоқ...
Тірі адам тіршілігін қылады...
Жан бөлек болған соң қалдық...
Адам өзін-өзі ақтап алу үшін қандай мақал-мәтел ойлап таппайды дейсің. Бірақ қанша ақталу дегенмен өмірдің ақиқат жүзі осы. Ақиқаттың ащылығы сондай, өңешіңді өртеп жібереді, бірақ итжанды адам ілініп-салынып өмір сүре береді екен.
Өткен жексенбіде ортаншы ағамыз келместің қайығына мініп кетті. Аңырап жеңгем, аңқайып жеті бала қалды. Баласының топырағын салуға мәжбүр болған әкенің жүзіне қарауға шыдамадық...
Шыбын жан кеудеде ызылдап тұрған соң құлқын да қылқылдап қоймайды, өз тірлігімізді күйттеп үйімізге қайттық бәріміз.
Ортамыздан бір адам кеткен сайын тізесі шыққан пәлсапа ойға оралады: біз қашан, қай жерде, қандай жағдайда аманатты тапсыратынымызды білмейміз. Сондықтан ең басты сөздерді айтып, парызды өтеп, қарызды қайтарып үлгеру керек... Білем ғой, бірақ ең басты сөздерім айтылған жоқ. Тұзым таусылғанша айтып үлгеру бұйырсын.

Баламның иісі шығады...
Бір күні келетін жерім осы.
Бір күні қалатын жерім осы.
Мәңгілік бақытты болатын жерім осы...

Ауыл этюдтерінен. It’s my mom ❤️

As an unperfect actor on the stage,
Who with his fear is put besides his part,
Or some fierce thing replete with too much rage,
Whose strength's abundance weakens his own heart;
So I, for fear of trust, forget to say
The perfect ceremony of love's rite,
And in mine own love's strength seem to decay,
O'ercharged with burden of mine own love's might:
O let my books be then the eloquence
And dumb presagers of my speaking breast,
Who plead for love, and look for recompense,
More than that tongue that more hath more expressed.
O learn to read what silent love hath writ:
To hear with eyes belongs to love's fine wit.
--------
Sonnet 23 by William Shakespeare
Photo by @dinarabolat

Мартбек ағам жадымнан, жүрегімнен ешқашан шықпайды ғой. Бірақ 15-сәуір күні ерекше көп ойлайм. "Ұлт үшін жасалған істің ұсағы мен ұлысы болмайды" деген ағам. "Қазақта бәрі бар, бірлік қана жоқ" деген ағам.

Оның екінші аты - Үйлесім (Harmony). Бірінші атын білесіздер, білмесеңіздер жазып алып, оқып жүріңіздер - @dinarabolat.

Бір-бірлерін жақсы түсінетін адамдар кездескенде шай көп ішіледі😂😂😂
@nurmaxan екеуміз шай ішеміз дегелі 3 ай өтіп кетіпті. Ақыры ол кофе ішті.
@ja_net_ka мен @roza_raqyzhan келген соң тіпті #Public жабылғанша отырдық. Даяшы тарсылдатып жинай бастамағанда отыра берер едік 😂

Адамға жолап кетсең жағдай айтады. Жұрттың жағдайын түсіне-түсіне өз жағдайыңның мәз емес екенін көресің. Салт басты, сабау қамшылы біреу болсам, диуана боп жүре берер ем. Ұяда аузын ашып күтіп отырған балапанға қалай біреудің жағдайын айтам?
P.S. Не тілеп отыр екен #ӘБ?

Туған күніңіз құтты болсын, Анашым! Айналаңызға төккен мейір-маxаббатыңыз Алладан қайтсын. Біз үшін тікен кіргізген маңдайыңыға бақ қонсын, біз үшін тас басқан табаныңыз Мекке жеріне тисін!

Көріп жатсыздар ма? #Қалайқарайсың #НТК @ntk_channel чатына жаза отырыңыздар 🙃

Most Popular Instagram Hashtags