paidaly_kzo paidaly_kzo

147 posts   42790 followers   9 followings

Пайдалы кеңестер 👩  👰 Іздеген сұраққа-жауап 🍝 Ас мәзірі 👥 Ақыл-кеңестер 🏃 Тіркелуге асығайық ⏬⏬⏬

8 қарапайым құпия
1. Кәдімгі қасық көз астына жағылып қалатын тушь іздерінен қорғай алады. Кірпікке тушь жағып тұрған кезде, қасықты төменгі қабақтың астына ұстап тұрсаңыз, болғаны.
2. Көзіңіз ісіп тұрса, аршылған картопты алып, тура ортасынан екіге бөліңіз де, көзіңізге 10 минутқа басыңыз. Көздің ісігі қайтып, өң кіріп қалғанын байқайсыз!
3. Қазіргі кезде бетке жасалатын масканың неше түрлісі бар. Бірақ біздің айраннан жасалған масканы бір көрсеңіз, теріңізге бұдан артық күтімнің қажеті жоқ екенін түсінесіз. Оны дайындау үшін, екі қасық айран, бір ас қасық бал және жұмыртқаның сарысы қажет. Осы үшеуін жақсылап араластырғаннан кейін, таза бетке 18-20 минутқа жағып қою керек. Сосын бетті суық сумен шайыңыз. Айран маскасы бетті жақсы тазартады, қорғайды және теріні жақсы тыныштандырады. Тері күтіміне арналған қымбат маскалардан кем түспейді.
4. Кофенің қою қалдығы целлюлитке көмектесе алады. Оны денеге арналған скрабтың орнына қолдансаңыз, жақын арада бұрын кедір-бұдыр болып тұрған дене бөліктерінің біршама жақсарғанын байқайсыз.
5. Шашты ашық түске бояу үшін, қымбат әрі зиянды бояуларды қолданудың қажеті шамалы. Ол үшін түймедақты (ромашка) қайнатып, сүзіп, пайдалансаңыз жеткілікті. Онымен шашыңызды шайыңыз, тіпті, ара-тұра жай ғана жағып тұрсаңыз да, шаш түсі біраз ашық реңк бере бастайды.
6. Суық су тырнағыңыздағы лакты кептіруге көмектеседі. Шағын тегешке суық суып құып, оған бірнеше бөлік мұз салыңыз. Осы суық ерітіндіде тырнақты екі минуттай ұстаңыз. Бірақ, суға қолды емес, тек боялған тырнақты салған жөн.
7. Жаздың күні адам терлеп есі шығатыны белгілі. Тершеңдіктен арылудың бір тәсілі – жалбыз (мята) қосылған ваннаға түсу. Жалбызға сондай-ақ шатыраш (шалфей), түймедақ (ромашка) қосып жіберуге болады.
8. Қажалуға жол бермес үшін, немесе ауырған жерді басу үшін, теріге вазелин жағып қойған дұрыс.

Тез әрі оңай десерт 😊🍴

🍀 "Цезарь" салаты!
Әр дастарханның көркін ашатын салат түрі. Өте дәмді салат. ✅ Құрамы: 🔹 Салат жапырақтары 🔹 Тауық еті 🔹 Қызанақ 🔹 Ірімшік 🔹 Майонез 🔹 Сухариктер. ✅ Салаттың дайындалу жолы:
Салат жапырағын соломка қылып алып үстіне піскен тауық етін және қызанақты төртбұрыштап тураймыз. Ыдысқа бірінші көк жапырақты саламыз, үстінен тауық етін салып оны қызанақпен араластырамыз. Бетіне майонез жағып, ірімшікті үкіштен өткіземіз. Ең соңында сухариді себеміз.
Ас дәмді болсын! 😋

Пайдалы кеңестер.... 1.Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккен-нен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.
2. Ұзақ уақыт пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдыр. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай жалтырап шыға келеді.
3. Пышақтарды жарты сағат тұз ерітіндісінде ұстасаң (1 стақан суға 1 қасық тұз), олар әлдеқайда жақсы қайралады.
4.Қабырғаға жапсырылған түсқағаз оңайлық-пен алынбайды. Оны жеңілдету үшін, үтіктің ыссы буын басып жүргізсе, тез алынады.
5. Дастарханның қайрылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластар жапсырып қою керек.

✨ Қыздарға арналған кішкентай қулықтар ✨ «Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?», «Беті домалақ қыздарға қандай ойығы бар кофта жарасады?» - қыздардың сұлулық жайлы сұрақтары ешқашан таусылмаған. Кейбіріне бүгін жауап табылды. ✅ 1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетеді; ✅ 2) Жамбастың толықтығын тік пішіндегі шалбарлар мен джинсылар жасырып тұрады; ✅ 3) Егер беліңіз жіңішке, бірақ жамбасыңыз жалпақ болса, онда сізге клеш джинсы мен белге тағылған белдік жарасады; ✅ 4) Киімдегі ұсақ суреттер сырттан кішірейтіп көрсетеді, ал үлкен суреттер керісінше ірілетіп көрсетеді; ✅ 5) Ұзын көйлектер мен белдемшелер бойыңызды қысқартып көрсетеді; ✅ 6) Формасыз киімдер кез келген пішінді бұзып тұрады; ✅ 7) Басы домалақ, өкшесі біздей туфлилер аяғыңызды жіңішке етеді; ✅ 8) Ал басы үшкір туфлилер аяқтарды толықтау етіп көрсетеді; ✅ 9) Қара колготкилер (50 деннен аспайтын) аяқтарыңызды бір-екі келіге азытады, ал қара аяқ-киіммен үндескенде аяқтарыңыз ұзара түспек; ✅ 10) Ашық түсті колготкилер керісінше аяқтарыңызды толығырақ әрі қысқарақ көрсетеді. Бірақ, ақ сары туфлимен ұзынырақ көрінеді; ✅ 11) Мөлдір блузка сырт көзге барлық артықшылықтарыңызды да, кемшіліктеріңізді де көрсететінін ұмытпаңыз; ✅ 12) Егер киімдерді үйлестіре алу қасиетіңіз болмаса, классикалық стильдерге жүгініңіз; ✅ 13) Үш түс ережесі: бейнеңізде үштен артық жасаушы пайдаланбаңыз, әйтпегенде елдің күлкісіне қалуыңыз мүмкін; ✅ 14) Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы киімдермен үйлесуі керек; ✅ 15) Егер бірнеше иіс су пайдалансаңыз, иіс суды киіміңізге сеппеңіз. Иіс бір ай бойы сақталуы мүмкін; ✅ 16) Бет пішіні домалақ қыздарға V-түріндегі ойықтар келеді, ал домалақ ойық сопақ бетті қыздарға жарасады; ✅ 17) Бір ғана стильдегі киімге құмар болмаңыз, әйтпесе бейнеңіз уақыт өте келе қызықсыз болып қалады; ✅ 18) Ботфорты аяқтарды қысқартып көрсетеді; ✅ 19) Футляр пішінді көйлек арық қыздарға да, толық пішінді қыздарға да жарасады. Бірақ жіңішке белді және биязы жамбасты қыздардың үстінде тіпті керемет көрінеді.

Қас бояп үйренейік 😋👌

Маса кімдерді жиі шағады?
Америка ғалымдарының масаларға жасаған зерттеуінде қансорғыш жәндіктердің томпақ адамдарды көбірек шағатыны белгілі болған. Зерттеу нәтижесінде қансорғыш жәндіктердің бойында холестерин, сүт қышқылы көп, томпақ адамдарға қызығатыны анықталды.
Зерттеуге дене бітімі әртүрлі адамдар қатысып, белгілі бір уақытқа дейін тексерілген. Олардың 20 пайызынан астамын маса шаққан. Нәтижесінде маса адамның иіссуына немесе қанының тәттілігіне қызықпайтын болып шықты. Маса алып денелі, бойында артық салмағы бар адамдарды таңдайды екен.
Одан кейін масалар спортпен айналысатын адамдарды көбірек шаққан. Өйткені олар үнемі қозғалыста жүретіндіктен, қандары таза болады әрі сүт қышқылын көп бөледі.

Назарларыңызға шайды қантсыз ішудің 5 түрлі пайдасын ұсынамыз.
1. Күш-қуатыңыз арта түседі.
2. Салмағыңыз тұрақталады.
3. Ішектеріңіздің жұмысы 2 есе жақсарады.
4. Тәтті тағамдардан бас тартасыз. Егер шай мен кофені қантсыз ішетін болсаңыз, печенье, вафли, бәліш сынды тәтті тағамдарды аз жейтініңізді байқайсыз.
5. Теріңіз сауығады. Безеу мен қара дақтардан арыласыз.
Есіңізде болсын: жаңа тамақтану тәртібіне үйрену үшін 3 апта уақыт қажет.

📌 ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯСЫ 📌
Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.
Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.
Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.
Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды.
Сүтке қатып жасалған қамырға жарты стакан минералды су қосып араластырыңыз. Минералды суда сірке суы не лимон шырынына қосылған шәй қасық ас содасын ерітіңіз. Бұл да қамырдың жақсы көтеріліп, ұзақ сақталуына көмектеседі.
Нан илейтін ас бөлмесіндегі терезелерді жауып қойыңыз. Солайша, қамырдың беті кеппей, көтеріле алады.
Ашытылған қамырдың құрамдас бөліктерінің барлығы жылы болуы тиіс. Тоңазытқыштан алынған азық-түлктерді алдын ала микротолқынды пеште жылытып алыңыз. Ал қамырдың құрамындағы сұйықтықтарды 30-35 градусқа дейін жылытқан дұрыс. Ашытқы осындай температурада белсенді болады.
Қамырды құрғақ қолмен илеңіз.
Бәлішті пісіру пешіне салмас бұрын, 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Керісінше жағдайда бәліш ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді.
Бәліштерді орташа отта пісіріңіз, осылайша ол күймей көтеріліп үлгереді.
Қамырдың құрамына сары май қосу керек болса, оны ерітпей, турап қосыңыз.
Қамырды суға илегенше, сүтке илеңіз. Осылайша оның иісі де, түсі де жақсы болады.
Нанның жақсы көтерілуі үшін жаңа ашытқы қолданыңыз. Ашытқының сапасын тексеруге болады. Суға кішкене ашытқы қосып, кішкене ғана ұн қосыңыз. Қамыр жақсы көтеріліп, бетінде жарықтары болмауы керек.
Қамырдың құрамында тым көп қант болса, бәліш тез қызарып, күйіп қалады. Қамыр қажетінше көтерілмей қалуы да мүмкін. Сондықтан қантты көп қосқанша, кемірек қосыңыз.
Бәліш нәзік болып пісуі үшін, қамырға жұмыртқалардың тек сарысын қосыңыз.
Қамыры көп үлкен бәліш пен нандарды өте баяу отта пісіріңіз, ортасы піспей қалмауы үшін.
Бәліштің асты құрғақ болып пісуі үшін, крахмал ұнтағын себіңіз.

Smokey eyes 👀✌

Денсаулыққа пайдасы көп кеңестер

Денсаулыққа пайдасы тиетін кеңестерімізді ұсынамыз:

1. Дүкеннен күнделікті алып ішіп жүрген газдалған сусындардан бас тартып, орнына таза ауыз суды ішуді бастаңыз.

2. Екі апта бойы аш қарынға ұйықтауға тырысыңыз. Жағымды түстер көріп, таңертең жақсы көңіл-күйде оянатын боласыз.

3. Екі апта бойы кофе мен шай ішпесеңіз, тыныш әрі терең ұйықтайтын боласыз. Бетіңіздегі әжімдер де азаяды.

4. Бір апта бойы жүргенде де, отырғанда да денеңізді тік ұстаңыз, есте сақтау қабілетіңіз жақсарып, тез ойлай бастайсыз.

5. Ұйықтауға 1-2 сағат қалғанда компьютер, теледидарды өшіріңіз. Армандарыңыз бен ойларыңыз айқындала бастайды.

6. Көліктер қозғалысы мен қала шуынан алысырақ жерге барып, ағаштардың арасында, шөп үстінде жатып, біраз демалыңыз.

ІPhone үшін аянбағандар... Соңғы үлгідегі жаңа технологияның жанынан табылғанын бәрі де қалайды. Тезірек қол жеткізуге ұмтылады. Ал ол жолда қандай болса да қадамдарға баруға дайын жандар да кездеседі. Бүгін сіздермен ІPhone үшін адам сенгісіз қадамдарға барған жандардың оқиғаларын бөлісеміз.

Көлді құрғатпақ болған

Жақында ғана Германияның Кельн қаласында қызықты оқиға орын алды. Достарымен балық аулап жүрген жас жеткіншек ІPhone телефонын көлге түсіріп алған. Ал көлден телефонын алудың жолын қарастырған бала әртүрлі амалдарды жасаған. Бірақ, нәтиже шықпаған. Ақыры соңында ойына көлді құрғату келіпті. Ұзын екі сорғыш арқылы жақын маңда орналасқан жанармай құю бекетінің дәретханасына суды сорғы арқылы тартқан. Ал дәретхана болса орталық кәріз жүйесіне қосылмаған екен. Нәтижесінде су тасып, жанармай бекетінің алды үлкен шалшыққа айналған. Мұны байқаған қызметкерлер полиция шақырған. Ал жас жеткіншек болса, оларға ІPhone-да кеткен телефон нөмірлерінің, әуендердің, суреттер мен видеолардың маңызды екенін айтып шағыныпты.
Жылдам теру үшін ота жасатқан

Американың Денвер қаласының Томас Мартел есімді тұрғыны ІPhone телефонында әріптерді дұрыс тере алмайтынына өкініп, қолының саусақтарына пластикалық ота жасатыпты. Өйткені, достарына хабарлама жібергенде кешігіп, әрі қате жазудан ұялған көрінеді. Отадан кейін оның саусақтары қыз баласының саусақтарындай нәзік болғанына қарап, достары тағы да қалжыңға айналдырыпты. Томас болса, әлеуметтік желілерде жылдам жауап жазатынын алға тартып өзін жұбатып жүргенге ұқсайды.

ІPhone үшін дүние салған

Қытайда жаңадан сатып алған ІPhone телефонын дәретханаға түсіріп алған әйел күйеуіне алып беруін талап етіп құлақ етін жейді. Шыдамаған күйеуі дәретхана тереңіне түскен. Ауа жетпей қиналған оны құтқаруға анасы ұмтылған. Бірақ, анасының да халі көп уақыт өтпей мәлім болған. Соңында айыпты болған әйелдің өзі түскен. Мұны байқап қалған көршілері арқан тастап құтқарғанымен, ІPhone-ын түсірген әйелдің күйеуі мен енесі ес жимай дүние салған.

Most Popular Instagram Hashtags