paidaly_kenes paidaly_kenes

1793 posts   503931 followers   213 followings

Қыздарға пайдалы кеңестер 📝  👸 Қыздарға арналған пайдалы кеңес парақшасы ✍️ Пайдалы кеңестер 🍀 Денсаулық 🍳 Пайдалы ас 📖 Пайдалы цитаталар ♻️Сұрақ-жауап 📌 Бізді оқи жүріңіздер

Кей адам шалшық секілді, былғанбау үшін айналып өту ләзім
1. Мен су тек су болады деп ойлайтынмын. Бірақ оны ысытсаң – буға, суытсаң – мұзға айналады. Шын мәнінде ол бу ма, су ма, мұз ба – беймәлім. Адам да сондай. Ол да әртүрлі. (Януш Корчак)
2. Жоқ нәрсе ғайып болмайды. Іргесі қаланбаған дүниені құлату мүмкін емес. Тек шындыққа ұқсаған елесті сейілтесің. (Ошо)
3. Сіздің айтқаныңызды қанша адам кері түсінетінін білсеңіз, үндемеуді үйренер едіңіз.
4. Сіз үшін шалшықты да кешіп өтпейтін адам үшін мұхит асып келу бекершілік.
5. Әр қателіктің саған ұлы сабақ болуына мүмкіндік бер: әр батқан кеш – арайлап атар таңның бастамасы. (Шри Чинмой)
6. Кей адамның жаны мұхиттай терең, оларға бойлай алу мақтаныш. Ал, кей адам шалшық секілді, былғанбау үшін айналып өту ләзім.
7. Шын бақытты адам өзгеге жамандық тілемейді. (Л.Толстой)
8. Жүректегі күн жарқыраған кезде мұз атаулы ериді. Адам ғашық болғанда жүрегі шұғыла шашады. Ғашық адам жылдам өзгереді. Сенім нық жерде ғажайыптар орындала бастайды.
9. Сүйікті болу бәрінен маңызды. Бай болудан, сұлу болудан, танымал болудан... Өйткені, сүйікті болу – бақытты болу деген сөз.
10. Өзгені сүрінгені үшін мінеу жөн бе екен? Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бірақ сүрінген адамға екінің бірі қолын соза бермейді...
11. Бір данагөй көріпкел: «Адам үшін ең күшті дәру – махаббат пен қамқорлық» депті. Сонда біреу: «Көмектеспесе ше?» деп қайта сұрапты. Көріпкел: «Мөлшерін көбейтіңіз» деген екен.
12. Айналадағы адамдардың саған «Көңіліңе жақын алма» деп айтуы оңай. Олар сендік жүректің тереңдігін қайдан бойласын? Сен үшін не жақын екенін қалай білмек? (Эльчин Сафарли)
13. Алғаш көргеннен жаныңа шаттық сыйлаған адамдарды жоғалтып алмауға тырыс.
14. Нәзіктік деген қайсарлықтан туады, тек шын қайратты адам ғана жүрегін ашып, жан жылуын сыйлай біледі.
15. Көңіл қалу деген тұмау секілді. Ауырып тұрасыз. Содан соң иммунитет күшейеді.
16. Дүниедегі ең тәтті нәрсе балаңның беттен сүйгені, ең маңыздысы бөбегіңнің денсаулығы, ең ауыры нәрестенің көз жасы, ең қымбаты олардың кіршіксіз махаббаты
17. Әйел қандай еркекті бағалайды? Оның бар үрейін басып, күмән-күдігін сейілтіп, беймазалықтан құтқарып, есесіне тек өзін ғана сүюге мүмкіндік қалдыратын жігітке бас иеді.

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ  ҚҮПИЯЛАРЫ.

ҚАПЕРІҢІЗДЕ  ЖҮРСІН.! Керек болады, парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Ұялы телефон біз білгендей қарапайым дүние емес болып шықты.Өзіміз ұстап жүрген ұялы телефонымызды бүге шегесіне дейін білеміз десек,қателесеміз.Себебі олардың біз білмейтін ішкі құпиялары баршылық.Бүгін мен сіздерге ұялы телефонының сіз білмейтін құпиялары туралы кеңес жазамын.
ұялы телефонның құпиялары
1)112 нөмірін терсеңіз,ол дүние жүзі бойынша тарайды.Бұл шұғыл жағдайда көмекке шақыру нөмірі.Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да телефоныңыз жабық режимде тұрса да істей береді.Телефоныңыздан 112 нөмірін теріп,байланысқан жағдайда тиісті орган сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте ақ анықтап шұғыл шара көрсетеді.
2)Кілтіңізді автакөліктің ішінде ұмытып есігі жабылып қалды делік.Егер үйіңізде қосымша кілт болса барып әуре болмайсыз.Үйіңіздегі адамға телефон соғасыз.Ол кілтті қолына алады да телефонның жаңында ұстап басқышын басады.Сол кезде сіздің көлігіңіздің есігі ашылады.Ара қашықтығы қандай болса да бәрібір.Мың шақырым жерде болса да осылай ашып аласыз,тек телефон қоңырауы жетсе блғаны.
3)Телефонның ішінде сақтаулы тұратын қосымша қуаты болады.Мысалы сіз қоңырау күтіп тұрсыз.Ал телефонның заряды өшіп қалған.Ондайда телефонның резервтік акумляторын қосуға болады.Ол үшін *3370# белгілерін теру керек.Сол сәтте телефоныңызда сақтаулы қосымша қуат іске қосылып елу пайыздық заряд береді.Сіз қалауыңызша пайдалана бересіз.Ал кейін сіз телефоныңызды қуаттағанда резервтік аккумлятор қайта қуаттанады.

Мен мұндай ғажайыпты бұрын соңды көрген емеспін! 1953 жылдан бері медицина саласында жұмыс жасап келемін, жасым да біразға келді, буындарым сырқырап ауыратынды шығарды. Етікші етікке жарымас дегендей, дәрі дәрмектің түр түрін алып жағып ішіп те көрдім. Қарағандылық медецина ғылымының докторы Медет құрдасыммын ұсынған кремінен кейін біршама тәуірленіп кеттім. Шүкір.. Әлі де біраз жұмыс атқаруға қуат бар екен (кYлімсіреп) Негізі құрамы жақсы, табиғи өнімдерден даярланғаны қатты yнады. Кеңес беремін!" Маkаласын мына парақшадан оқи аласыз 👉@ahmetov_medet_k @ahmetov_medet_k @ahmetov_medet_k

ҮЛГІЛІ ОТАҒАСЫ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ ЕСТЕ САҚТА...
Бірде белгілі Имам Ахмад ибн Ханбал үйленіп жатқан ұлына былай деп өсиет айтыпты: Ей, ұлым, егер отбасың берік, шаңырағың шайқалмасын десең, менен мына өсиетті қабыл ал.
1: Расында, әйел адам күйеуінен жақсы сөз естігенді ұнатады. Сол үшін оған әрдайым жақсы сөз айтып отыр. Сараңдық танытпа. Өйткені, сараңдық екі жастың арасындағы жалулықты жояды.
2: Расында, әйел адам қатыгез немесе өте жұмсақ болған еркекті ұнатпайды. Сондықтан, тепе-теңдікті сақтау үшін осы екі сипатты арасында көрсетіп тұр.
3: Расында, ер адам өзінің әйелі алдында боянып, әдемі киініп, иіс су сеуіп жүргенді жақсы көретіндей әйел де күйеуі солай жүргенді ұнатады. Сондықтан, әйеліңнен бір жақты талап етпей өзің де солай жүруге тырыс.
4: Расында, әйел адам өзінің үйінде тақта отырған патшайым секілді еркін сезінеді. Сондықтан, әйелдің сол бойындағы еркіндікті жоғалтып тақтан түсіп қалуына себепкер болма.
5: Расында, әйел адам өз отбасынан кетіп бөтен үйге келіп жаңа шаңыраққа үйренгенше күйеуінен жылу іздейді. Сондықтан, қыз кезінде үйінен көрген жылуды сен беруге тырыс.
6: Расында, әйел адам қабырғадан жаратылған. Бұл оның кемшілігі емес керісінше, жұмсақ жаратылғанын білдіреді. Егер ол қателік жасаса оның қателігін жасыруға немене дұрыс жолмен дұрыстауға әрекет жаса. Оның айыбын бетіне басып қателігін қатыгездікпен дұрыстаймын деп қабырғаны сындырып алма.
7: Расында, әйел адам жұмсақ қатынасты жақсы көреді. Сондықтан, егер ол саған бір жамандық жасаса, оны жекіп, қатты сөкпе. Керісінше, оның саған жасаған жақсылықтарын есіңе ал.
8: Расында, Алла Тағала әйел адам нәзік жаратылғандықтан оған көп міндеттер жүктемей жеңілдік жасап мейірімін төккен. Мәселен, әйелдер кей жағдайда бойындағы табиғатына байланысты намаз оқымайды, ораза ұстамайды. Сондықтан осы секілді сен де әйеліңе қиындық уақытында мейіріміңді төгіп  әрдайым қарайласып отыр.
9: Расында, әйел адам өзінің шыққан отбасына қамқор болып келеді. Сондықтан, оның отбасына сен де қамқоршы болып екі жақтық қатынасты нығайтуға тырыс. Себебі, екі жақтың тыныштығы сенің отбасыңның беріктігіне кепіл.

Барлық қыз махаббатпен тұрмыс құрсын...

Мен сүйген жанға әлемде ешкім теңесе алмайды!

Біздің елде...
Біздің елде қол жетпейтін үйлер көп,
Бұйырмайтын қарапайым жұртыма.
Біздің елде қол жетпейтін билер көп,
Сөйлемейтін ақша тықпай ұртына.
Біздің елде қол жетпейтін жер де көп,
Жалға берген өзге елдің ұлтына.
Біздің елде қол жетпейтін төр де көп,
Байдың ғана жығылатын ырқына.
Біздің елде қол жетпейтін басшы көп,
Жолатпайтын жұмысының сыртына.
Біздің елде қол жетпейтін әнші көп,
Құдық қазып қойған шайтан құлқына.
Біздің елде көз жетпейтін ұрлық көп,
Бір-бірінің май жағатын мұртына.
Біздің елде сөз жетпейтін сұмдық көп,
Қойдан жуас болғандықтан бұл кінә.

Торғайлық ақын – Саят Әбенов.

Most Popular Instagram Hashtags