olzhassydykbek_official olzhassydykbek_official

1,434 posts   158,825 followers   489 followings

Олжас Сыдықбек  По поводу сотрудничества в Дайрект ⬇️

Бүгін Елордамызда өтіп жатқан "Өнер барысы" жобасын жүргізуге келген актер Болат Әбділманов ағамыз біздің студияда қонақта болды.
21.03.2019 ж.

"Әй, чуу Көкшолақтың" екінші куплетін айтып тұрған кез.
17.03.2019 ж. Астана

Бүгін 19:00 де.

Жеңіс құтты болсын, жігіттер! Сендер біздің мақтан тұтатын батырларымызсыңдар!
@yeleussinovdaniyar @batyr_jukembaev @khabartv

Кеше Қарағанды облысындағы саумал өндіріп жатқан зауытқа барып, жұмыстарымен танысып қайттым. Бұл зауыт жылқы сүтін порошокқа айналдырып, әлемге экспортқа шығарып жатыр. Бабаларымыз денсаулыққа емдік шипасын елден бұрын білген саумалдың бұл қасиетін әлемге таныту сияқты үлкен миссияны қолға алған жігіттерге тек қана сәттілік тіледік.
16.03.2019 ж.

"Ұлыстың ұлы күні" мерекелік концертінен.
14.03.2019 ж. Астана

Амал мерекесі құтты болсын!
Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
14.03.2019 ж.
@raushangalymqyzy @tangy_khabar @tamara_assar_official @murat_khozha

Эфирден соң Темірлан бауырыммен бірге "Ерке сылқымды" сылқылдатып көрдік. Оқушы кезде тартушы едік қой. Қол шығып қапты қазір. Домбыраны қолға алу керек екен.
12.03.2019 ж. Астана

Бүгінгі эфирден...
12.03.2019 ж. Астана
@tangy_khabar @raushangalymqyzy @nazar.group

Ағалардың арасында...
9.03.2019 ж.

Кеше үйде қонақ күттік. Шаңырағымызда қонақ етсек, дастарxанымыздан дәм берсек деп көптен ойға алып, жоспарлап жүрген ағаларымыз келіп қуантып кетті. Жаңа үйімізге құтты болсын айтып,шашуын шаша келген Ботақан апамыз бастаған Бекболат,Қыдырәлі,Мұxамеджан ағаларымыз ақ тілектерін айтып,баталарын беріп кетті. Жақсылардың жолын берсін деген қазақтың ырымы ғой. Ел сыйлаған ағаларымыздың үйге келген сәтін пайдаланып өткен аптада ғана 1 жасқа толған кішкентай Байкеніміздің тұсауын кестіріп алдық. Ала жібін Ботақан апамыз байлап, тұсауын Бекболат аға кесті. Мұxамеджан ағамыз батасын берді. Былтыр Байкенімізді "қырқынан" кіндік анасы, көршіміз Клара өзі шығарған. Кіндік әкесі - Медет. Осы кісілерге тартса, баламыз жаман болмайтын шығар. Алла разы болсын! Сіздердің жолдарыңызды берсін,асыл Ағалар!
@bekbolat.tleukhan @mukhamedzhan_tazabek @kydyrali_bolman @karakat_a @medetsalyk @klaratulenbaeva

Бүгін біздің үйдің кенжесі,артымнан ерген туған інім - Елжастың дүниеге келген күні. Екеуіміздің туған күніміздің арасы
екі-ақ күн. 28 жасқа толды.
Өзі әлі бойдақ. "BayAGRO" ШҚ жетекшілік етеді. Былтырдан бері қымыз-саумал өндірісін қолға алып жатқанымызды білесіздер. Соның барлық ауыр жүгін көтеріп жатқан осы інім. Қымызды қайтсек "BALQYMYZ"ға айналдырамыз деп, теxнологиялық сапасын арттырып, бабын күшейтуге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Осы үлкен шаруадағы менің оң қолым - Елжас. Бұйырса алдағы маусымда ішкен адам риза болатын,дәмі тіл үйіретін күшті-күшті қымыз ұсынатын боламыз. Және көлемін де ұлғайтамыз. Жарайды, шаруа шаруасымен. Оны қойшы.
Бізге бір нәрсе жетіспей тұр. Ол -келін. Келін керек бізге,Елжас! Биылдан қалмай үйлен.
4.03.2019 ж.

Most Popular Instagram Hashtags