mezet.kz mezet.kz

459 posts   5,541 followers   3,808 followings

mezet.kz📰👇  🇰🇿👨🏻‍💻ЛЮДИ НОВОСТИ СОБЫТИЯ Енбекшиказахского района и не только😉 Разместить рекламу 👉🏻@enkaz_reklama Наш сайт👇🏻

Осы аптада Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем Кубогінің иегері, бүгінгі жастардың кумиріне айналған Ардақ Назаровпен кездесу өтті. Соңғы уақытта жастар тәрбиесімен айналысып, оларға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген чемпионмен кездесуге алыс-жақын ауылдардың жастарымен қатар, округ әкімі Бота Елеусізова, мектеп директоры Римма Ахметова қатысты.

Мақаланың толық нұсқасын 𝕞𝕖𝕫𝕖𝕥.𝕜𝕫 желілік басылымынан оқи аласыз.
Сілтеме профильде.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz
#ардақназаров #чемпион

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бақыт Жексембиевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуге байланысты оқыту семинары өтті. Жиынға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Семинар барысында арнайы әзірленген дауыс беру күні учаскелік комиссиялардың жұмысы туралы оқыту бейне-ролигі көрсетілді. Аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары С. Абросимова сайлау қорытындысы бойынша хаттамаларды дұрыс рәсімдеуді үйретті. Комиссия мүшесі Ш.Бөлтаева қаржылық құжаттардың сауатты толтырылуын түсіндірді. Сайлау өткізуге арналған бөлмелердің дайындығын пысықтап, керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгендігін тексерді.
Жиын соңында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тарапынан қажетті оқыту құралдары мен құжаттар таратылды.

Өз тілшіміз.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

Рахат №1 орта мектебінің мәжіліс залында «Ислам діні туралы түсінік» тақырыбында жиын өтті. Жиынды жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай жүргізді. Баяндамашы ретінде Еңбекшіқазақ ауданының дін инспекторы Олжас Сатай, Көктөбе ауылдық мешітінің имамы, аудан имамының наибы (орынбасары) Нұржан Нышан келіп қатысты.
Шара шымылдығы «Ұл» атты қысқаметражды фильмнің көрсетілімімен ашылды. Қонақтарымыз өз сөздерінде: «Дін – адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықтың адамзатты алға жетелейтінін уағыздайды. Бүгінгі жиынның мақсат, міндеттері де осы, себебі дін ұстараның жүзіндей нәзік, бұл салада жаза басуға болмайды. Өйткені, адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жататыны белгілі. Біз ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз. Сондықтан да баршаңызды осы мәселеге немқұрайлық танытпай, қолдан келгенше жан-жақты атсалысуға шақырамыз», - деп басып айтты. Қасиетті рамазан айымен, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ораза ұстау тәртібі, білім алу, ата-ананы және ұстазды сыйлау, әлімжеттік жасамау тақырыптарында көптеген мысалдар арқылы ақпараттар берілді. Жастарымыз сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Айжан ӘБІТ,
Еңбекшіқазақ ауданының жастар
ресурстық орталығының маманы.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

✨Күніне үш шынаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді түрлі аурулардан қорғай аласыз. Себебі, қара шай стрептококка және лактобактерия деп аталатын дертке шалдықтыратын екі түрлі бактерия мен тісжегіден қорғайды дейді ғалымдар. ✨Тіс дәрігерлері бұл бактериялар қызыл иекті зақымдайды деп отыр. Алайда, зерттеу тобының жетекшісі доктор Кэрри Ракстон күнделікті ішетін шай көлемі 3-4 кеседен аспауы тиіс екендігін алға тартты. ✨Бір қызығы, қара шайға қант қоссаңыз да, ол бактерияларды жоятын қасиетінен айрылмайды. Сондай-ақ, көк шай да осындай қабілетке ие, әрі ауыздан шығатын жағымсыз иістердің алдын алады. ✨Флавоноид және катехин секілді антиоксиданттардан тұратын сусын микробқа қарсы күресудің бірден-бір құралы. Британ тағамтану қорының журналына жариялаған мақаласында доктор Рокстон шай ішу тістің түсуінен сақтайды деп отыр. ✨

Дереккөз: @paidalitagam парақшасынан алынды.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz #шайдыңпайдасы #пайдалыкеңестер

Өмірдің әр мезеті таңғажайып.

ℙ𝕙𝕠𝕥𝕠 𝕓𝕪: @zhanylaidauletbai
Сіз де өзіңіздің таңғажайып суретіңізбен бөлісіңіз.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

Елбасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазіргі таңда кең көлемде қолдау тауып, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап бергені мәлім. Аталмыш мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндеді. Жастарымыз халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Шынайы бақыттың шуағына оранған Еңбекшіқазақ ауданы бүгінгі таңда тұмса табиғаты мен тереңге бойлаған тарихымен ерекшеленген «Алтын адамның» киелі мекені. Сонымен қатар, бүгінде ынтымағы мен айрандай ұйыған ұйымшылдығының арқасында төрінен құт кетпеген, тұрған жерін тұрақтаған 54 ұлт пен ұлыс өкілінің алтын ұясы ғана емес, 300 мыңнан астам тұрғынның, 67 мыңнан астам жастардың атамекені.

Айбек ІЛЕБАЙ

Мақаланың толық нұсқасын 𝕞𝕖𝕫𝕖𝕥.𝕜𝕫 желілік басылымынан оқи аласыз.
Сілтеме профильде.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

Қазақ тілінің бір игерілмей де жүйеленбей келе жатқан саласы – кісі аттары, әкесінің аты мен шыққан тегі. Әсіресе, адамның қазақтың тегін жазуға келгенде әрізді жолмен жүріп, ат иесін, есім егесін әлекке салып қоямыз. «Тірі» мысалдар қажет болса, өтпелі кезеңде болған күлетін емес, күйінетін іске куә болып, араласуға осы істің шешімін табуға қол ұшын беруге тура келгенін жиырма жыл бұрын жазсам да қайта жазуға тура келіп тұрғанының себебі – сол жағдай тағы қайталанғандықтан. Сөз ретімен айтсам, алыс ауылдан келген ақ сақалды адамның алдыма келіп айтқан «Тегім - пәмелиям бұрмаланып тұр, түзетуге көмектес» деген арызы еді. Ол ақсақалдың тегі Сыдықбеков, әлде Сыдықбаев болар. Атын жазып, ол кісі тірі болса тағы да намысына тиіп қорламайын. Кеңес кезінде орыс шенеунік, әлде орыс тілді өзіміздің қазақ бауырымыз фамилиядағы «ы» әрпін «и» деп жазып берген. Бүгінгінің қызметкері «и» әрпін қазақшалағанда «і» болады деп өзінше топшылап кіші дәреттен бөлінетін сұйықтыққа айналдырып жіберген. Япырмау деймін-ау орыс алфавитінде бар «ы» әрпін аяды ма деймін сол алғашқы бүлдіргіш Кеңестік кеңсе қызметкері. Жуырда теледидардан Сидикова деген әйелдің фамилиясын көзім шалды. Енді бұл азаматшаның тегін қазақшалағанда «и»-дің орнына «ы» әрпін қойса екен деп тілейік.

Ал сіздің аты-жөніңіз құжатта қазақша жазылған ба?

Хайролла АХМЕТЖАНОВ

Мақаланың толық нұсқасын 𝕞𝕖𝕫𝕖𝕥.𝕜𝕫 желілік басылымынан оқи аласыз.
Сілтеме профильде.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz #паспорт #есім

Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтіндей ұлттың тәрбиесіне жауапты тұлға ана екені даусыз. «Қызға қырық үйден тыйым» деп дана халқымыз қыз баласының тәрбиесіне о бастан үлкен мән берген. Себебі бүгінгі тұлымшағы желбіреген бүлдіршін – ертеңгі ибалы келін, абзал ана. Елдің батырын да, ақынын да, дүлділін де, бұлбұлын да дүниеге әкелер алтын құрсақ. «Есті етегін жабар» деп, тіпті, киім киісіне де мән беріп, шашына шашбауын тағып, жүріс-тұрысын да бақылаған. Үлкенге құр-мет, кішіге ізет көрсету керектігін құлағына құйып отырған. Осындай ұрпақтар сабақтастығын жалғауды мақсат тұтып, Есік медициналық колледжінде аталмыш тақырыпта дөңгелек үстел өтті жуырда.
Шараға аудандық ауруха-наның акушер-гинекологы Н.Бла-гатворева, саламатты өмір салты дәрігері А.Нысанбаева мен колледж студенттері қатысты. Қыз баланың отбасындағы рөлі, ерте жастағы жыныстық қатынастың зияны туралы түсіндірілді. Түрлі әлеуметік роликтер көрсетіліп, болашақ ақ халаттылардың орындауында көрініс қойылды. Қыз бала – ұлт болашағы, елдің анасы екенін ұмытпау керек. Сондықтан, өз денсаулығына мұқият болып, арын сақтауы тиіс деген түйін жасалды.

Раушан ЖЕЛДІБАЕВА
Есік медициналық
колледжінің тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

Ананы баласынан, баланы әкесінен, ер азаматты ет жақынынан айырған сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске 74 жыл толды. Бұл Жеңіс – қан майданда Отан үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлердің, майдан үшін аянбай тер төгіп, жеңісті бір қадам жақындату үшін тылда еңбек еткен аналарымыз бен соғыс балаларының жеңісі. Бұл – фашизмге қарсы тұрған қазақ халқының жеңісі. Арада 74 жыл өтсе де, алапат соғыстың зардабы мен ұрыс алаңындағы аталарымыздың қайсарлығы еш ұмытылған емес. Осы ерлікті ұрпаққа үлгі ету мақсатында, 9 мамыр – Жеңіс күнінде Есік қаласындағы ҰОС боздақтары мен ардагерелеріне арналған ескерткіш маңында мерекелік шара өтті.
Жылдағы дәстүр бойын-ша соғыста қаза болған боздақтардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан батырлардың портретін ұстаған жақындары ескерткішке тағзым жасады, бір сәттік үнсіздікпен еске алды.
Мереке басында ортаға салтанатты түрде ҚР Туы енгізіліп, мемлекеттік Гимн орындалды. Ауданымыздың өнерпазы Алмас Мухаметәлиев жарты ғасыр бойы Ұлы Жеңістің әнұранына айналған «День Победы» әнін шырқап, жиылған көпшіліктің көзіне жас үйірді.
Мерекелік жиында сөз алып, қала тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығын жеткізді:
– «Арыстанның белгісі – артына қарап ақырмайды. Нар түйенің белгісі – қабырғасын сөксе де бақырмайды. Нағыз туған асыл ер, қанша қасірет көрсе де, қайғыланып аһ ұрмайды» – деген Қанжығалы Бөгенбай батырдың сөзі соғыс даласында иығына ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанған, оқ болып атылған, ұрыс даласынан қайтпаған боздақтарды, арын – байрақ, намысын – найза еткен, сіз бен бізге бейбіт аспан астында бірлігі бекем елде өмір сүруге мүмкіндік берген қаһармандарымызды бейнелейді.

Сардарбек НҰРАДИН

Мақаланың толық нұсқасын 𝕞𝕖𝕫𝕖𝕥.𝕜𝕫 желілік басылымынан оқи аласыз.
Сілтеме профильде.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

Жеңіске бір ай қалған еді
«Өмірдің әрбір сәті таңғажайып» деп аударып едім еркіндеу түрде неміс классигі Гетенің «Остановись мгновенье – ты прекрасно» деген орысшаланған жолдарын. Мына суреттегі 20-25-тегі жас жігіттердің көңілді күйінен бірден ажыратуға болады соғыстың қай кезінде түсірілген фотосурет екенін. «Восточная Пруссия, г.Кёнигсберг, март 1945 г.» деген жазудан-ақ сұрапыл соғыстың аяқталуы да жақын екенін, қан майданнан аман өтіп, елдеріне оралғалы тұрған жауынгерлердің көңіл-күйін қалай ғана әдемі кадрмен жеткізген десеңші фотосуретші. Гимнастеркаларына гвардиялық белгі, медаль таққан алты жауынгердің алдыңғы қатардағы сол жағындағы жас қазақ ауданымыздың Талдыбұлақ ауылының азаматы Шоман Иманбаев соғыстан аман оралып, еңбек етті, отбасын құрып, балалы-шағалы болды. Немере сүю бақытына кенелді. Ұрпақтарының алдында бақилыққа аттанды. Ал ұлы Төлеген Шоманұлы осыдан бірнеше жыл бұрын Талдыбұлақ ауы-лына соғыс ардагерлеріне, оралмаған боздақтарға арнап ескерткіш қойды.
Осы суреттегі Шоман Иманбаев «Біз де жас болғанбыз. Қолға қару алып, елімізді жарақты жау-дан қорғап қалғанбыз. Бейбіт өмірді сақтаңдар!» деп тұрғандай ұрпақтарына.
Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

#мақала #ақпарат #жаңалықтар #новости #новостиалматы #еңбекшіқазақ #есік #иссык #иссыкскоеозеро #графика #қазақстан #алматы #mezet.kz

Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейн медицина саласына сіңірген ерен еңбегі үшін марапат алуға xалықаралық бір конференцияға бару үшін, ұшаққа отырады. Бірақ ауа-райы күрт өзгеріп,найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын маңдағы әуежайға қонуға мәжбүр болады.Бұдан кейінгі ұшақ 16сағаттан кейін ұшатын еді. Дәрігер ызалы түрде:
Мен міндетті түрде үлгеруім керек,16 сағ күте алмаймын, - дейді. Әуежай қызметкерлері:
- Баратын жеріңіз 6 сағаттық жер,қаласаңыз көлікпен бара аласыз,-дейді. Хусейн асығыс жолға шығады,бірақ қатты жаңбыр жолды көрсетпей,ақыр соңында селдің салдарынан жүре алмайтындай жағдайға жетеді.
Әбден тоңып,қалжыраған дәрігер жолдың шетінде тұрған бір ескі үйдің есігін қағады.Үйде бір қарт әйел бар екен.Дәрігер оған асығыс түрде телефоныңызды бере тұрыңызшы шұғыл түрде xабарласуым керек дейді. Балам-ау, көрмей тұрмысың бұл жерде телефон түгілі,электр қуаты да жоқ. Кел, одан да шай ішіп жылынып ал дейді.Дәрігер шарасыз түрде әйелдің айтқандарына келісіп шай ішіп жылынады.
Әйел орнынан тұрып Құдайға құлшылық етуге отырады.Ұзақ уақыт дұға етіп,жалбарынады.
Хусейн назар салып қараса,әйел бір қолымен бесік тербетіп,жалбарынып отырғанын байқайды.Бесікте қимылсыз жатқан өте әлсіз нәрестені көреді.
-Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? -Бұл кімнің баласы,апатай,- дейді.Қарт әйел:
- Бұл ата-анасынан жетім қалған немерем.Ауыр дерті бар.Жақын маңайдағы дәрігерлер ешқайсысы емін таба алмады.Ишан Хусейн деген мықты дәрігер бар екен,емін сол біледі дейді.Бірақ ол өте алыста,оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек.Қаражатым да жоқ,оның үстіне бұл бала жол көтере алмайды.Шарасыздан немеремнің дертін жеңілдетіп,шипасын бере гөр деп дұға қылудамын,- дейді қарт әйел.
Сол сәтте дәрігер Хусейн көз жасына ерік берген еді,екі бетін жас жуған күйі"Орныңнан тұр,апатайым! Құдайым сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып,ұшақты жерге қондырды.Аспаннан жаңбыр жауғызып,айналаның бәрін селге айналдырып,мені сізге алып келді дейді. Алла құлдарына қалағанын осылайша береді.

Әңгіме ұнады ма? Осындай ғибратты, ойсаларлық xикаяларды жиі салып тұрғанымызды қаласаңыз, төменге пікірге қалдырыңыз👇🏻. Сіздің ойыңыз өте маңызды, құрметті оқырман!

💜 Лайк басып, комментарий қалдырып отырайық✊🏻. Ал кеттік!

Берілген эмодзиларда мақал-мәтелдер жасырылған.

Кім бірінші табады екен?👇🏻👇🏻👇🏻.
.
1.👼🏻👅🐝🍦
2.💵👀🙅🏻‍♂
3.🐰4️⃣0️⃣🌞👍🏻
4. 🐄😍🐂🙅🏻‍♂
5. 👺🚶🏽🚰🚿🙅🏻‍♂
6.🌧🏞🔵🙏🏻👫👫🔵
7.🍜🍝🥘🍛🤒😷🤧🙅🏻‍♂
8. 👧🏻🏡=4️⃣0️⃣💪🏻👆🏻
9.👂🏻💨❄🗣,♥️☃
10. 🎮🔥💥 #мақал #мәтел #жұмбақ #логикалықсұрақтар #жаңалықтар #новости

Most Popular Instagram Hashtags