meiirbek_sultankhan meiirbek_sultankhan

483 posts   41838 followers   330 followings

Мейірбек Сұлтанxан  Шекпен алдың,шен алдың,атақ алдың, Одан бірақ олжалы атанар кім. Бақыт деген байлық та,басқа да емес, Аман-есен жүргені ата-анаңның.М.С

Қонақ болып келсеңіз де қанша айға,
Әңгімеміз жарасады әр шайда
"Думан" барып акуланы көргенше,
Жайын аула қармақ салып Нәнсайға✅

Жолда қалар шокалад,балмұздағың,
Шиеліден жесеңіз қарбыз-қауын.
#ауыл
#шиелі

Жайықтағы айтыс та аяқталды.Бас жүлденің иегері Жансая әпкемізді және жүлдегер болған барлық ақын аға-бауырларымды шын жүректен жүректен құттықтаймын. @musinazhansaya @iran_gaiyp @mukhtar_niyaz @rustem_kaiyrtai

Халық ақыны Қонысбай Әбілов пен Ұстазымыз Аманжол Әлтаев ағаларамызбен бірге Оралға сапарға шықтық.Бұйырса,ертең Батыста дүбірлі айтыс.Стюардессаның ар жағында @kalkaman_sarin ағамыз көрінбей қалды))
Байқамай қазылар алқасының алдына шығып кетіппіз😃😃😃
Ал,жол болсын!

Жасай білсең бай құрмет,
Жігіттігіңе сай міндет
Байлықтан асқан достық бар,
Достықтан артық байлық жоқ

Туған күніме жиналған туған бауырларым ғой😊.Бар болыңдар!💪✊️
26_06_2017

Қалайсыздар,достар?Айт құтты болсын!
Алдымдағы Нартай бауырымның сыйлығы.Кеше үлкен матрешкадағы жігіт Лионелдің туған күні болды.Ертең одан үлкен жігіттің)Аман болыңыздар,бар болыңыздар!✋️✅

Өткен күннен бір белгі.2012.Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы. @serikzat_duisengazy @aspanbek_kz

Құрметті Қызылордалық жерлестер.Ұлттық нақыштағы түрлі киімдерге интернеттен тапсырыс беріп жатпай-ақ,енді өз қаламыздан да табуға болады. Күнделікті тұрмыста киіп жүрген киімдердерімізде де қазақи дизайн болғаны жарасымды емес пе?Сырттан қарағанғада әдемі,өзімізге де қонымды.Ендеше өзіңізге керек дүниелерді Қызылорда қаласы,Желтоқсан көшесі 47 үй, @sabyrzhanayrin_kzo дүкенінен таба аласыз.Жақсыны көрмекке.Сәттілік✅ @sabyrzhanayrin_kzo

Белгілі меценат Маxмуд Нәлібаев ағамыздың 60 жылдық мерейтойына ортақтасып келіп, @sarkanai екеуміз Үшқоңырда серуендеп жүрген кез ғой.

2014 пен 2017.Айырмашылық бар ма біраз?😊
Жаймашуақ жаздың алғашқы күнімен қатар келген Балаларды қорғау күні құтты болсын!Айлардың сұлтанында сауаптарыңыз еселеніп,дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
#МейірбекСұлтанхан

Астанаға анашым келді.

#Repost @maselebagdarlama with @repostapp
・・・
@meiirbek_sultankhan:
Ұқсап жүрміз тордағы тотыға біз,
(Ұнамаса пікірім оқы­маңыз)
Дастарханның басына жиналсақ та,
Телефонға телміріп отырамыз.

Қонағыңды көрсең де бүгін келген
Байқамадым жылылык түріңнен мен.
Ауызымыз бармайды әң­гімеге,
Саусағымыз сенсорға жүгіргенмен.

Құлағына сіңіріп қоң­ыр әнін,
Құлыным деп иiткен омырауын.
Қарап көрші,соңғы рет қашан екен,
Анашыңа соғылған қоң­ырауың.

Қабағынан түсінген бала сырын,
Ана шығар ең жақын жанашырың.
Хабарласып сұрап қой хал-жагдайын,
Даусын естіп марқайс­ын баласының

Тастамаған кедейдей көне тонын,
Босамайды Айфоннан неге колың.
Алтынменен апталып жасалса да,
Артық емес анаңнан телефоның.
#ҰлттықАрна #Мəселе #МейірбекСұлтанхан

Most Popular Instagram Hashtags