madi_manatbek madi_manatbek

1,703 posts   35,343 followers   1,364 followings

Madi Manatbek  Журналист Продюсер Медиа менеджер

...
"Отандастар" қоры басшылығының тапсырмасымен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалым Мұтанұлының қабылдауында болдым. Қордың құрылуына атсалысқан ұстаз, бұдан әрі де университет тарапынан қажетті көмектің жасалатынын айтты. Қандастарымыздың азаматтық алу үшін құжат ресімдеуде туындаған мәселеріне университет заңгерлері тегін кеңес беруге дайын. Қандастарымыздың негізінен Алматы қаласы мен облысында шоғырланғанын ескерсек, бұл маңызды көмек болушы еді. Онымен қоса жаз айларында шетелден келген мектеп жасындағы қазақ балаларын университет жатақханаларында тегін жатқызып, 15 күндік жазғы мектеп ұйымдастыруға әзір. ЖОО басшысының басқа да ұсыныстарымен «Отандастар Қоры» президенті Н. Әбіқаев мырзаға жазған хатынан таныса аласыздар:

Құрметті Нұртай Әбіқайұлы!

Мемлекет басшысының идеясымен құрылған «Отандастар Қоры» сынды дүниежүзіндегі қандастарымызға қолдау көрсетуге бағытталған мәртебелі ұжымды Өзіңіздің қолға алып, жұмысына білек сыбана кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің дамуында ерекше маңызға ие мемлекетқұрушы ұлт – қазақтардың әлемге тарыдай шашылған өз қандастарына қолдау көрсетуі қажетті әрі дер кезінде қолға алынған әрекет деп түсінеміз.
85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бүгінде Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан, Тәжікстан, Иран және Түркіменстаннан келген 361 студент білім алып жатыр.
Төмендегі жобаларды Өздеріңізбен бірлесе отырып жүзеге асыруды ұсынамыз:
1.Университетіміздегі «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының
күшімен шеттен келген ағайындарға нострификация, Қазақстан Республикасының көші-қон тәртіптеріне байланысты кеңес беру, оқуға түскен шетел студенттеріне визалық қолдау рәсімдеу, оқу визасымен қамтамасыз ету, оқу тіркеуімен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер және т.б. заңдық кеңес беруге және осы мәселе бойынша ғылыми-тәжірибелік кеңес құруға;
2.Шетелдегі қазақ диаспорасының мектеп бітіруші түлектеріне арнап
келешекте оқуға түсуіне қолғабыс ету мақсатында, университет базасында 15 күндік жазғы мектеп курсын ұйымдастыруға; 👇

...
Шудың бойында...
Алматы облысы әкімдігінің кіре берісінде қабылдау кезегін күтіп тұрмын. Қазір әлеуметтік мәселеге қатысты талап күшейгендіктен, кіріп жатқан аналар, белсенді азаматтар көп. Полицейлер өте сыпайы, өзіммен таза қазақша "ассалаумағалейкум" деп амандасқанына ішім жылып қалды. Қысқасы, әкімдікке кіргендер полиция жанындағы көк жәшікке көп телефон қалдырып кетеді екен. Асығыс болғандықтан ба сөндіріп не дыбыссыз режимге қоймай кетіпті. Енді мына жер азан-қазан. Полиция сайраған смартфондардың дыбысын басып, кейбіреуінің тетігін таппай, келушілерге жауап беріп үлгіре алмай әлек. "Шудың бойында", "Жүрегімнің иесі" деген әндерді тыңдап, осылар хит екен ғой деп телефон шұқылап мен тұрмын.
Айтпағым, мемлекеттік мекемеге кірерде телефонымызды сөндіріп кетейік. Бұл да мәдениеттің бір түрі.

...
Елдің сөзін сөйлейтін министрлер болады.
ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың «Елден кетіп жатқандардың 70 пайызы - өзге этнос өкілдері. Бұл - қалыпты жағдай. Адамдар өзінің тілдік ортасын, шығу тегін іздеп кетіп жатыр. Бұдан трагизм сезінбеуіміз керек»,- деген сөзімен келісемін.
Бұны белгілі саясаттанушы @aidos.sarym да қуаттайды:
"Шынын айтса, елден қазақтар кетіп жатыр деген Путинді, Сиді, Мырзияевті көрмедім. Тіпті солар басқаратын елдің бір министрінің қабырғасының қайысқанын да көрмеппін...
Жаңағы "кетіп жатыр" деген жазбаға түсінік бере кетейін. Бізде "ойбай, құрыдық", "ең ақылдылар кетіп жатыр" деген мақалалар көбейіп кетті.
Шындап келсе, елден кеткендерді үшке бөлуіміз керек деп түсінем.
Бірінші және үлкен топ орыстар мен славяндар. Негізінен Ресейге көшіп жатыр. Олардың да арасында білімді, талантты бар шығар. Бірақ олардың кетуіне негізгі және басты себеп - мемлекет болмысының жыл сайын өзгеруі, қазақылануы.
Біздегі орыстілді қауым үшке бөлінген болатын. Қаламын, кетемін, қазақыландыра бастаса, жанымды қинаса кетемін дейтін. Бүгінде үшінші ширектегілер өз таңдауын жасай бастады. Бұларға ештеңе деп айта да алмаймыз. Өз таңдауы.
Екінші топ - әлемді көрелік, оқиық, білейік деген жастар.
Үшінші топ - экономикадан, саясаттан әбден түнеріп, күманданған жастар.
Бізге қызықтысы да маңыздысы да осы еккнші және үшінші топ. Осы екі топты мықтап зерттеу керек. Өкінішке қарай терең зерттеулер аз, ал эмоция басым. Бұған тағы екі мәселені қоса айту қажет: а) елінен адамы кетпейтін ел жоқ. Бар елден әртүрлі себеппен адамдар көшіп-қонып жатады. Бұл заңды дүние. Солтүстік Корея емеспіз, тіпті соның өзінен 22 мың адам қаша алған. Елден кетуге тыйым салынса жағдай мүлдем басқаша болар еді. Әрине, елден кетіп жатқандар мен кеткісі келетіндер деген әңгіме бар. Реті келсе, шамасы жараса олардың легі мүлдем басқа болары да хақ. Біздегі жағдай керемет те емес, мүлдем нашар да емес. Аш-жалаңаш, қайыққа мініп, теңіз асқан қазақ жоқ.
ә) өкініштісі қазақ көші тұралап қалды. Бұрын, әйтеуір, елден кеткендердің санын шеттен келген қазақтар жауып отыратын. Қазір ол да жоқ. Баланстың бұзылғаны анық. Осы жағын көбірек айтып-көтеруіміз қажет сияқты".

...
Бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Астана бөлімшесінің төрайымы Қарлығаш Бекпатшақызы, "Отандастар" қорының байланыс орталығының жетекшісі Марат Есімқұлұлы үшеуміз Қарағанды облысының Шахтинск қаласына барып, атажұртқа қоныс аударған қандастарымыздың жай-күйімен танысуға жолға шыққанбыз. Ақтүтек бораннан жеңіл көлікті полиция жібермей, Осакаровкадан (Аса қарлы) ары аса алмадық. Кері қайту үшін "Қостанай - Алматы" пойызының плацкартына отырып, жолаушылармен тілдестік. Пойыз кеңес одағын еске түсіріп әрі елдің қазіргі жағдайынан хабар беріп тұрғандай. Әбден ескірген кір вагон, әжетханамен арадағы жабылмайтын есік, киімге сіңіп қалған күлімсі иіс. Жолсеріктің бізден билет сұрамағанына таң қалдық. Әйтпесе электрон билетіміз бар еді.
Айтпақшы, вокзалда Осакаровка деген атаудың "аса қарлы" деген сөзден шыққанын білдік. Бірақ оны қазақшалауға ешкім асықпайтындай. Есесіне Осакаров вокзалына Сарыбел деген қазақы атау беріліпті.
Шахтинскке жете алмағанымыз үшін жиылған қауымнан және қандастармен кездесу ұйымдастырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қарағанды облысы бөлімшесінің төрайымы Меруеш Башайқызынан кешірім сұраймыз. Атқарып жатқан игі ісіне береке тілейміз!

#дүниежүзіқазақтарықауымдастығы
#отандастарқоры
@merueshbashai
@otandastar_qory

...
Бұл әнді досым, белгілі зергер, қырғыз елінің нағыз патриоты @rysbekmambetakunov азаматқа арнаймын. Достығымыз артсын, қазақ-қырғыз достығы мәңгі болсын!
Әнді орындаушы Шымкенттің жас өнерпазы @almas_muzapparov Алмасқожа Қарлыбайұлы. Қазақ пен қырғыз әндерін жақсы көрем, екі елдің мәдениеті бір дейді ол.
@dairash_erbol досымыздың қоныс тойына келіп, осындай мықты жігіттермен танысып жатырмыз.

...
Ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосында қуанышты жаңалық.
Бүгін, 15 ақпанда Қазақ радиосының Алматы студиясы өз ғимаратында, су жаңа студиядан тікелей эфир жүргізе бастады. Бұл жаңалықты алматылық әріптестер ұзақ күтті. Сабыр түбі сары алтын дегендей, игілікке жеткізді.
Осыған дейін Қазақ радиосы мен Шалқар радиосы бір студиядан кезектесіп хабар тарататын. Енді екі радионың екі бөлек студиясы бар. Енді екі радио да әдеттегі кешкі эфирмен бірге таңғы хабарларды да тікелей эфирде жүргізуге мүмкіндік алды. Жаңа студияның тікелей эфирін бастаған Гүлмира Нәлібай мен Бақытжан Жармұхаммед. Олайн түсіріп, балаша қуанып жүрген Мөлдір Жанбай. Ұйымдастыру жұмысының басы-қасында жүрген Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлына, бас инженер Ербол Хасеновке, радионың техникалық қызмет жетекшісі Берік Болатқа, корпорацияның техникалық директоры Ернар Баймолдаевқа мың алғыс! Осы қуанышымен Алматы студиясын, "Қазақ радиолары" ұжымымы мен басшысы Құрманбек Жұмағалиды және "Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қаринді шын жүректен құттықтаймын!
Бұл "Қазақ радиолары"

#ҚАЗАҚРАДИОЛАРЫ
#QAZAQRADIOLARY
#QAZAQSTAN
#Балапан
#balapan
#balapantv
@qazradio.fm
@shalkarfm
@astanafm
@radio_classickz
www.qazradio.fm
@kurmanbek_zhumagali
@gulmiranalibai
@bahytjan_zharmuhammed
@moldir_zhanbayeva
@kalkaman_sarin
@mukhamediyar_rashay
@asel_asqarqyzy
@ermekqyzy_amangul
@talant_argyngali
@samal_balqash
@bostan.g_kazradio
@zhanarorazymbet
@amantasygan88
@muhamedali_bolatuly_

...
Бақыт шешкен мәселе немесе үлкен көмек кішкентай қадамнан басталады.
«Отандастар» қорына туған ағасының мәселесімен Амангүл Уатханқызы деген қарындасымыз келді. Құдай қосқан жарымен бірге Астана маңындағы бір шаруашылықта малшы болып жұмыс істейді екен. Өздері Моңғолия азаматтары, Қазақстан азаматтығын алуға әлі құжат тапсырмаған. Қазақстанда заңсыз жүрген болып саналмау үшін, отбасымен үш ай сайын шекара асып келіп отырады.
Амангүл туған ағасы Ерболат Уатханұлынан Астанада көз жазып қалыпты. Мәселені шұғыл шешу үшін бұл іске әріптесіміз, өзі Моңғолиядан қоныс аударған белсенді азамат Бақыт Сарайқызын салдық. Бақыт Ерболаттың Астана қалалық ішкі істер басқармасына қарасты қабылдау-тарату мекемесінде қамауда отырғанын анықтап, сол күні шығарып алды. Анықтағанымыздай Астанадағы құрылыстың бірінде жұмыс істейтін Ерболаттың қоғамдық көлікке төлейтін ақшасы болмапты. Сол үшін кондуктор полиция шақыртқан. Бір айналдырғанды шыр айналдырады дегендей, полиция Ерболаттың автобусқа ақы төлемегенін, Моңғолия азаматы екенін, Қазақстанда жүру мерзімі өтіп кеткенін және төлқұжатын жоғалтып алғанын анықтап, сот шешімі бойынша 30 күнге қамауға алған. Бәрі заңды және құжатты жоғалтқан Ерболаттың өзі кінәлі деуге негіз бар. Бірақ жоғалған паспорттың халыққа қызмет көрсету орталығындағы көші-қон полициясының кабинетінен табылғаны таңқалдырады. Егер оның иесі түрлі себеппен келе алмаса, көші-қон полициясы паспортты Моңғолия елшілігіне тапсыруына немесе Ерболаттың өзін іздеп табуына болар еді ғой. Сот отырысында судьяның бұл сұрағына көші-қон полиция қызметкері паспорттың өздерінде 9 айдан бері жатқанын, бірақ кімнен, қалай келгенін білмейтінін, оған жауапты емес екенін, себебі жұмысқа орналасқанына бір апта ғана болғанын айтқан. Бұл жаны ашымастың қасында басың ауырмасын дегеннің кері. 👇

...
"Біз әскери адамбыз. Ондай жағдай, қалай үкімет, президент шешеді, солай біз соған көнеміз",- деген Қалмұханбет Қасымов жоғары шешімге көнген болар, бүгін қызметінен кетті.
Дегенмен елде жетісіп тұрған сала жоқ, қай министрлік, әкімдікті алсаң да толған, тұнған мәселе. Мықты, іскер мамандардың мемлекеттік қызметке барғысы келмейтінінің бір сыры осында. Маман қанша жігерлі болғанымен, сірескен жүйеге қарсы тұра алмайды. Сондықтан сенімді азаматтар көп жағдайда жеке секторды таңдайды.
Хош, Қасымов мырза елде қай берекелі ісімен есте қалды? Ондай іс болса іздеу керек. Есесіне, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасындағы қырғында полиция қаруы туралы айтқаны есте:
"Сізге айтайын, олар да автоматпен қаруланған. Егер қажет болса, біз де қару қолданамыз. Бастапқыда топты тыныштандыруға арналған қаруларды пайдаланамыз. Егер олар біздің полицейлерді өлтірсе, кешіріңіз, онда не істер едіңіз?"...
Сөз соңында шағын анекдот:
- Халайық!
- Иәәә!?
- Кімді қызметінен босатайық!?
- ӘбілҚАСЫМОВаны!
- Естілмейді, Қасымовты ма? Мақұл, шешілді!

...
"Отандастар" қорының инста парақшасы ашылды. Жазылыңыздар, қолдаңыздар, қор жұмысына атсалысыңыздар!
#Repost @otandastar_qory (@get_repost)
...
Құрметті отандастар,
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен елге оралған және шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға бағытталған «Отандастар» Қоры құрылғаны баршаңызға аян.
Қор жұмысын басқаруды мемлекет басшысы маған сеніп тапсырды.
Ендеше, жүктелген міндет пен үмітті ақтауға асықпын. Қызметіміз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланысты.
Осы тұста қандастарымызға кешенді әрі жан-жақты көмек көрсету жүйесін құруға басымдық беріп отырмыз. Алдағы уақытта қызметіміздің барлық дерлік саласын қамтитын заңнаманы жетілдіру, елге оралған және шетелде тұратын қандастарымыздың мәселелерін зерттеу мен бірлесіп шешуге бағытталған диалог алаңдарын құру, отандастарымыздың бастамалары мен бизнес-жобаларын қолдау, мәдени және білім шараларын өткізу жұмыстарын бастап кеттік.
Елшіл азаматтар мен белсенді ұйымдарды
ортақ мүдде тұрғысында бірлесуге, берік ынтымақтастық құруға шақырамыз!

Құрметпен, "Отандастар" Қоры Президенті
Нұртай Әбіқаев.

#дүниежүзіқазақтарықауымдастығы
#отандастарқоры
@otandastar_qory

...
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы...
Бәсекелестік басым болса да, батыл қадаммен ән әлеміне қанат қаққан осы жаңа жұптың өнеріне тәнті болдым. Жарас, Айдана, қанаттарың талмасын! Елді қуантар есті әндерің көп болсын!

#Тұсаукесер #жаңа_ән
Жарас&Айдана "Биле, биле" әнін @KAZAMUZA_NET сайтынан тыңдап, жүктей аласыз. #music_kazamuza
@kazamuza
@zharas.nakipbek
@miras_altynbek

...
Елге оралған қандастарымызға қолдау көрсетіп, олардың Қазақстан қоғамына кірігуіне жағдай жасау – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» Қорының негізгі бағытының бірі. Осыған орай футзалдан Астанада өткен "Алаш" турниріне қандастардан құралған 12 команда қатысты.
Жастар жылына арналған жарыста "Алтай-Арқа" құрамасы чемпион атанса, "Астана-Сауыр" тобы күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені еншілеген "Темірлан" командасы. Педагогтардан құралған "Зерделі" құрамасы төртінші орынды олжалады.
Бұл бес жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі кубоктың Астана қалалық кезеңі. Алда республикалық және халықаралық жарыстар бар. Осы ретте белгілі айтыскер, ақын Серікзат Дүйсенғазы қандастар кубогына ақындар мен журналистер командасын қоссақ деген ниетін жеткізді. Бұйырса, бұл жағы да шешілер деп біз қуанып қалдық.
"Алаш" турнирін ұйымдаструшы әрі жоба жетекшісі Талапбек Тынысбекұлы мен «Отандастар» қорының баспасөз хатшысы Назгүл Назарға алғыс айтамыз!

#дүниежүзіқазақтарықауымдастығы
#отандастарқоры
@serikzat_duisengazy
@nazgul_nazar

...
Бес баласынан бірдей айырылған отбасына қайғырып көңіл айтамын.
Қазақ елі үшін ауыр қайғы.
Періштелерді Алла тағала панасына алсын. Ата-анасына сабыр берсін!

Most Popular Instagram Hashtags