kyzylorda_girls_bil kyzylorda_girls_bil

629 posts   2,262 followers   96 followings

Кемел келешек кепілі  № 10 "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейінің ресми парақшасы ✏Қызылорда қаласы ✏Мекен-жайы: Сұлтан Бейбарыс 10 ✏Байланыс телефоны: +77242 70 00 80

4. 💃💃💃 Би билеу әр адамның бойында бола бермейтін қабілет. Лицей оқушыларымыздың биін қабыл алыңыздар...
#kyzbil , #biledu , #bil, #biliminnovation, #dance, #kzogirls, #beactive and #becreative

Кеше қараша айының 10 жұлдызы №10 «Білім-инновация» лицейінің базасында Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облысының «Білім-инновация» лицейлерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарларының жиналысы өтті.
@qyzylorda.bil
@taraz.bilim
@tarazkizbil
@kentau.edu.bilim
@shymkent_bil
@shymgirlsbil
#biledu#kyzylordabil#kyzbil#тәжірибеалмасу#guests#ordabil#orda

Күздік оқу демалысы уақытында, яғни қазан айының 29 жұлдызы және 7 қараша жұлдызы аралығында облысымыздың көркем мекені Жаңақорған ауданы,Талдысу елді-мекенінде, Қызылорда облыстық білім басқармасының "Облыстық олимпиадалар жəне қосымша білім беру орталығында" Сырдың сайыпқыран 146 білім алушыларына арналған жалпы пәндер бойынша ұйымдастырылған олимпиадаға дайындық кезеңіне білім ордамыздан 19 оқушымыз жолдама алып, өз білімдерін шыңдап қайтқан болатын. 10 күнге созылған бұл дайындық уақытында облыстық академияішілік "Сыр дарыны" олимпиадасында лицейіміздің озат қыздары өз бақтарын сынап, түрлі марапаттарға ие болды.
Ағылшын тілі пәні бойынша:
• Дильназ Жұмажанова - І орын
• Дариға Нарманова - ІІ орын
• Мөлдір Алпамыс - ІІІ орын

Қазақ тілі пәні бойынша:
• Жанель Шайық - ІІ орын

Химия пәні бойынша:
• Құралай Исабек - ІІ орын

Биология пәні бойынша:
• Арша Құрманали-Ходжа - ІІІ орын
• Арайлым Жеңіс - ІІІ орын

Белсенділігі үшін:
• Аида Сұлтан
• Жанель Шайық
• Арша Құрманали-Ходжа қыздарымыз түрлі марапаттарға ие болған оқушыларымыздың қанжығалары майланып оралды.

Барша жеңімпаздарды құттықтай отыра, белестеріңізден сүрінбей өтіп, биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспіз! Ізгі ниетпен: @kyzylorda_girls_bil

#qyzbil#kyzylordagirlsbil#syrdaryny#qyzqyzbil#kyzbil10

3. Бақытжанова Жанар, 9 сынып оқушысы, мәнерлеп оқу жарыстарынан лицейіміздің атын шығарып,Абай, Мұқағали, Мағжан аталарымыздың өлеңдерін мәнерлеп айтудан жүлделі орындарға ие.
Жанарға тек алға дейміз. Биік шыңдардан көріне бер🎉

2. Қазақстанға танымал, тек Қазақ еліне емес, шет елге де аты шыққан Мейрамбек Құралай оқушымыз дәл қазір 11 сыныпта оқуда.
Бразилия, Бельгия, Румыния, Германия, Африка, Испания, Италия, Болгария, Белоруссия, Туркия, Украина елдерінде өнерін көрсетіп, " Bala turkvision" 2015, "Türkçe olimpiyat" 2015, Белоруссияда өткен "Словянский базар" жарысында 1 орын, Испания еліндегі "Мадрид" жарысында 1 орын иеленген.
#kyzylordabil#biledu#словянскийбазар#turkceolimpiyatlari#balaturkvizyon

1. Айтмағанбетова Дильназ, 9"а" сынып оқушысы, пианино аспабын үйреніп жүргеніне 2 жылдан асты. Бұл жыл ішінде аспапты жақсы нәтижеде үйренген, әлі де үйренуде. Дильназға сәттілік... Жарайсың Дильназ, биік шыңдарды бағындыра бер.

Рухани жаңғыру аясында бұл аптаны лицей оқушыларының ішінде тұнып тұрған өнерлеріне арнадық. Елбасымыздың #руханижаңғыру жолдауы бойынша әрбір адам жан-жақты болу қажет деп айтылғандықтан, лицей оқушыларын әр түрлі салада дамытуға бел будық...

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар ІІ тоқсан бәрімізге сәтті өтсін...
🎥by: @aisaule_akbergen

Challenge-Чэллендж💥💥💥
Қызылорда Білім-Инновация лицейінің 11сынып оқушыларынан мини-релакс...
Чэлленджді жалғастырушы @tarazkizbil @petropavl.bilim.school @shymgirlsbil
Сәттілік!

Made by: 11 b girls
🎥 by: @whitessoul

#challenge#handchallenge#чэллендж#kyzylordabil#biledu#janjaktibol#becreative

Қараша айының 1-3 күндері арасында ҰСТАЗ КӘСІБИ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ (@ustazplc) ұйымдастыруы бойынша лицейіміздегі Ақберген Айсауле( @aisaule_akbergen ) химия пәнінен, Қуандық Аймөлдір (@aymoldir.kh ) информатика пәнінен, Жиенбаева Амина (@zhiyenbayevaamina ) қалалық мектеп мұғалімдеріне химия, информатика пәндерінен шет тілінде жүргізу әдістерін үйретті. Мұғалімдерімізге сәттілік!
#kyzylordabil#clil#seminar#bestteachers#biledu#ustazplc

•Кәсіби бағдар беру•

Қызылорда қаласында күздік ҰБТ дайындығында бас қосқан 2019 жылдың түлектеріне "Кәсіби бағдар беру", отандық және шетел университеттері туралы ақпарат беру сәті

#collegecounselor#kyzylordabil10#kyzylordabil10#collegecounseling#KBB

Kyzylorda Camp 2018
Day - 5
Қызылорда,Тараз және Шымкент қалаларының білім алушылары бас қосқан демалыс уақытындағы бұл 5 күндік күздік дайындық уақыты да тәмамдалды. Дайындықтың соңғы күні қыздарымыз Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына барып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Хүсейн Әмір-Темірдің арнайы қонақтар үшін сахналанған "Ескі үйдегі екі кездесу" қойылымын тамашалап қайтты. Керемет естеліктерге, қызықты сәттерге толы ұмытылмас кездер болды. Жоспарлы жұмыс жасап, ұжымшылдықпен ұйымдасқан бұл дайындық уақытын ұйымдастырған @kyzylorda_girls_bil әкімшілігіне, ұстаздар ұжымына және аяулы тәрбиешілерге алғысымыз зор. Ат терлетіп қос оңтүстік мекенінен Сыр еліне ат басын тіреген @shymgirlsbil @tarazkizbil өз алғысымызды білдіреміз! Жолдарыңыз ашық болып, бағындырар биіктеріңіз көп болсын! Тек қана алға!
#түлек2019 #graduate2019 #mezun2019 #выпуск2019 #140
1️⃣4️⃣0️⃣🔝
#qyzylordacamp#kyzylordacamp2018#kyzylordabil10#qyzylordagirlsbil#shymkentgirlsbil#tarazgirlsbil#biledu

Most Popular Instagram Hashtags