kazakhstan_news_kz kazakhstan_news_kz

310 posts   1,849 followers   5,455 followings

ЖАҢАЛЫҚТАР. НОВОСТИ. NEWS🔵🔴🏁🇰🇿  ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ПАТРИОТ ҚЫЗ ЖІГІТТЕРІ. ОТАНДЫҚ ЖƏНЕ БҮКІЛ ƏЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАЙ ЖҮРІҢІЗДЕР. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿ӨЗ ЕЛІҢНІҢ ПАТРИОТЫ БОЛСАҢ ЖАЗЫЛ!👨👩👆👆👆

👇👇👇Бұл қай қала? Кім табады екен?👇👇👇
КОММЕНТ ҚАЛДЫРАМЫЗ?

Қостанай облысының әкімдігі қысқы ХІІ Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге пәтер сыйлайды.
Бұл туралы бүгін өңір басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында айтты. Пхенчхандағы Паралимпиадада 1,5 км қашықтықтағы спринтте алтын медаль иеленген шаңғышыны жерлестері бірнеше күннен кейін салтанатты түрде күтіп алады.
Әкімдікте 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен Александрға жіліншік протезі беріліп, ол соның арқасында шаңғы спортымен айналысып, қарқынды түрде дайындалғаны айтылды. Мұндай протездің бағасы 1,9 миллион теңге тұрады. Осы жылы протезді ауыстыру үшін тағы осындай көлемде қаржы қарастырылуда.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядиннің көпке үлгі боларлық спортшы екенін, сондықтан оның спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау керектігін айтты.
Айта кетейік, 14 наурызда қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл - еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.
Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан елге оралған - паралимпиадашылар мінген ұшақ Астана халықаралық әуежайына бүгін сағат 21.35-те қонады.
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Америкада Флорида штатындағы шаруа жыланның екі басты баласын тауып алды. Ветеринарлар анықтағандай, оның екі басы, екі жүрегі және екі асқазаны бар.
Мамандар оның көп ұзамай өліп қалатынын, себебі екі басты жылан жеткілікті азық таба алмайтынын айтады. Бұған дейін шетелдік ғалымдар Гаити аралындағы көртышқан тектестер мен жертесерлер сияқты қуыстістілердің ДНК-сын зерттеп, олардың арғы тегі динозаврлармен қатар өскенін анықтаған. Осылайша олардың жер бетінде 73 миллион жыл бұрын пайда болғаны белгілі болды.
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізіп,жеңіске жетті.

Бокс кеші Аргентинада өтті. Рысбектің қарсыласы жергілікті боксшы Виктор Леонардо Лот болды. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, Арман Рысбек биыл ақпанда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентінің сайлауында жеңіске жеткен Владимир Путинге қоңырай шалып, жеңісімен құттықтады:
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

NURKZ: «Қазақ аруының» жеңімпазы Нәбира Рақым құны екі миллиондық тонға ие болды.

Биылғы жылдың алтын тәжі ақтаулық ару Набира Рахымжанға бұйырды. Үшінші орынды ресейлік Самал Мурадияева, күміс жүлдені Ақмарал Айтбаева, ал бірінші орын Ақбота Бақытқали иемденді. «Қазақ аруы-2018» байқауында биыл Арман мен Аша, KeshYou-дің экс-мүшелері Камшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали, «Алаулық» Әсет Арыстанбек, Айдын Жасыбай жүргізушілік қызмет атқарды.

Қатысушылар арасында байқауда 16 қазақстандық арумен қатар Ресей, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстаннан да келген бойжеткендер де бар. Ал түркиялық ару белгілі себептермен байқауға келе алмаған.
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Қазақпарат: 17 наурызда Қостанайда №11 орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кетті.

Бұл оқиғаны облыстық білім басқармасының жетекшісі Бәтима Даумова растады. «Оқушы қыздың өлтірілгені рас. Білім бөлімінің қызметкерлерін ешқайда кіргізбейді, тергеу шаралары жүріп жатыр. Ертең бәрі белгілі болады. Қыздың әкесінің жағдайы нашар, ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деді БәтимаДаумова.
Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері аталған фактіні растады және осы оқиғаға байланысты қосымша деректерді дүйсенбі, 19 наурыз күні айтуға уәде етті.
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

⚡️⚡️⚡️ Станимир Стойлов: Ұсыныс түссе Қазақстан құрамасының бапкері болуға дайынмын «Астана» - «Спортинг» арасындағы ойыннан кейін бас бапкерлердің баспасөз мәслихаты өтті. - Өкінішке орай, біз жеңілуге болмайтын матчта бәрін құртып алдық. Басын жақсы бастап едік, екінші таймда мүлде ойынды қолдан шығарып алдық. Жылдам соғылған екі гол біздің команданы істен шығарып тастады. Енді, екінші ойында бірдеңеге әрекет қылу мүмкін болмай қалды. Еуропалық футболдың бір ерекшелігі осы, сәл қателік жасасаң ешкім кешірмейді. Ойын бойы 4-5 қателік жасадық, соның үшеуі қақпамызға гол болып енді. - Екінші ойында қандай тактикалық өзгеріс бола ма? - Бүгінгідей құраммен шығамыз, өзгертетін ештеңесі жоқ. Тек қателіксіз, сабырлы өнер көрсетуіміз керек. Бүгінгі матчта қорғаушыларымыз сасқалақтап кетті. Соның салдарынан бүкіл жасаған ойынымыздан айырылып қалдық. Оның үстіне біздің демеушіміз қаржыны дер кезінде бермеді. Береміз деген сыйақысын да бермеді. Ешкімнің де команданың одан әрі дамығанын қаламайтын секілді. Бұлай жалғаса беретін болса мен өзімнің болашағымды бұл командамен байланыстырмайтын да шығармын. Қарымта ойыннан кейін ойланып көремін. - Ұлттық құраманың бас бапкерлігіне басты кандидат өзіңізсіз. «Астанадағы» қаржылық жағдайдың нашарлығынан кейін, жұмыс ауытыру туралы ойламайсыз ба? - Демеушілеріміз барлық мәселені шешетін шығар деп ойладым. Алайда, олай болмады. Жалақыны үш ай бойы алмаған кездеріміз болды. Сыйақы туралы мүлде айтпай-ақ қояйын. Команданы осыншама уақыт дамытып келіп, бүр күнде құрта салу жаныма қатты батады. Одан кейін «Астананы» қайтадан нольден қайта көтеру қажет болады. Ал Ұлттық құрамаға келетін болсақ, бәлкім ол жақта да осындай шаруалар орын алатын болса, онда мен ойланбастан бас тартамын. Егер жақсы ұсыныс түсіп, бүкіл мәселені шешіп, жұмыс істеуге мүмкіндік берсе мен ойлануға дайынмын. Қазақстан құрамасының бас бапкері болуға қарсы емеспін.
Ермұхамед МӘУЛЕН
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Казахстанцам предложили устанавливать знак разворота на авто.
В сети стали появляться объявления о продаже сигнала разворота, которое устанавливается на заднее стекло и позволяет позади едущим машинам видеть, что впереди идущее авто планирует разворачиваться, передает NUR.KZ.

Казахстанцам предложили устанавливать знак разворота на авто “Повторитель разворота", как написано в объявлении, продается за 14 000 тенге в розницу и за 12 000 оптом. Пока предлагается сделать предзаказ на устройство. Авторы объявления отмечают, что устройство «очень полезно», и «в Астане это уже поняли». Сигнал разворота включается заранее, как и обычный «поворотник», но не с рычага под рулем, а с пульта, который можно прицепить к ключу зажигания. Цена, кстати, указывается без установки.

Пресс-секретарь Комитета административной полиции МВД РК Ирина Лукьянина сообщила в комментарии Tengrinews.kz о том, что установка такого устройства не противоречит ПДД и требованиям действующих технических регламентов и стандартов.

Источник NUR.KZ
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

АҚОРДА хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Алашорданың 100 жылдығына арналған «Тар заман» телехикаясы 22 ақпаннан бастап кинотеатрлардан көрсетілетін болады!
#қазақстан #астана #актобе #семей #уральск #актау #шымкент #тараз #кызылорда #караганда #лайк #eap #kz #kaz #атырау #жезказган #өскемен #талдыкорган #алматы #павлодар #петропавловск #гоу
#новости #news #жаналыктар

Most Popular Instagram Hashtags