jaidarmanofficial jaidarmanofficial

1,473 posts   57,909 followers   43 followings

Jaidarman  @jaidarmanofficial @jaidarman_production #jaidarman

⏰Тик-так! Тик-так!
Бәріміз сағына күтетін мереке - Маусымашарға санаулы ғана сағаттар қалды. Ұйымдастырушылар барлығын дерлік дайындап қойып, фестивальдің басты кейіпкерлері жайдарманшыларды асыға күтіп жүр.
jaidarman.kz-ке кіріп, оқуға ерініп жүрген немесе түсінбей жүрген нәрселерді жазайық.
✅ биылғы маусымды Елбасымыздың тапсырмасымен "Жастар маусымы" деп аталды.
▪️4 ақпан сағат 10:00-де Қазмедиа орталығында командаларды тіркеу басталады. Қазмедиа Д. Қонаев, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан, сол жағалау. Пәтерді де осы маңайдан алуға тырысыңыздар, күн-райы суық екенін білесіздер, Астана жазда да суық қой❄️
Мектеп командалары тіркеуге ертерек келуге тырысыңыздар. Себебі, 5 ақпан күні сағат 17:00-де мектеп оқушыларына арналған Жайдарман өтеді, оған дейін тіркеліп үлгерулеріңіз керек. 👶🏼 айтпақшы, бұл сайысқа 13 жасқа толмаған командалар қатысады. Одан үлкен болсаңыздар, жалпы редактурада ойнайсыздар.
☝🏻 тіркеуге толық құрамда келу міндетті емес, жетекші әр ойыншының сапалы ақ фондағы электронды суретін ұялы телефонына сақтап алып келсе, жеткілікті. Әсіресе, кішкентай балаларды суық күнде әрі-бері тасымаңыздар! Үлкендеулері фестиваль атмосферасын сезіну, жайдарманшылармен танысу, жаңа дос табу үшін келгендері өздеріне жақсы болады👍🏻
5 ақпан сағат 10:00-де редактура басталады. .
🕠Регламент - 5 минут. Уақыттан ассаңыз, редакторлар бірден тоқтатады, ұятқа қалмас үшін олай жасамаңдар!
6-сы чемпиондар лигасы - оған тек аймақ чемпиондары қатысады, ашық немесе орталық лигалардың жеңімпаздары қатыспайды☝🏻Редактура 8 ақпанға дейін жалғасады, бұл күні фестиваль нәтижесі айтылып, сертификаттар тапсырылады. 🎪10-ынан бастап гала-концерттер: 10-ы үлкен галка, 11-і түлектер кездесуі🤝, бұл ойынға жайдарманшылардан басқа да көрермендер кіре алады. Соңғы концерт - Нұр Отан кубогі. ❤️ Бәріңе сәттілік! Фестивальде ойлаған нәтижелеріңе жетіңдер! Бәріңді жақсы көреміз♥️ Тәртіпті болуды ұмытпаңдар✊🏻
❓❓❓ Сұрақтарың болса, жазыңдар⬇️

👋🏻👋🏻👋🏻👋🏻👋🏻👋🏻
Түлектер кездесуінде кездесейік!
.
🎫 Билеттер Астана концерт залы, Жастар сарайы және Keruen, KeruenСity СОО кассаларында сатылымда.
. 📆 11 ақпан 19:00.
.
📍Бейбітшілік және келісім сарайы .
#jaidarman #jaidarman2019 #түлектеркездесуі #жайдарман2019 #жайдарман #түлектеркездесуі #тараз

Былтырғы "Жарасым" маусымының фестивалі осылай басталған еді.
Биыл жастар жылында қандай қызық болар екен?
#jaidarman #jaidarman2018 #жайдарман #жайдарман2018 #жайдарман2019 #jaidarman2019

"Уже жүрміз моншада"
😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
#jaidarman2018 @grant_oral_official @jaidarman_production #jaidarman
Финалды көрдіңіздер мe?
Ұнады ма?

Алматы қаласы әкімінің кубогi! Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген үздік командалардың қатысуымен 20 қараша күні сағат 19:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында өтетін арнайы жобаны жіберіп алма!
Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен және Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен өткелі отырған тартысты ойынның куәгері бол!
#Жайдарман#Алматы#ӘкімКубогы2018#АлматыЖастары#ӨзіміздіңОрта #алматыжастары #алматы1002

«Жайдарман» ойындарының Астана қалалық біріншілігі «Жарасым» маусымын тәмамдады.
Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен 11 мамыр күні алғашқы ойын өтіп,  15 қараша күні маусым қорытындыланды.  Біріншіліктің ойындарын биыл Қазақстан КВН Одағының Астана қаласындағы филиалының директоры болып тағайындалған танымал жайдарманшы Жүсіпжан Жамаш жүргізді.  Елорданың 20 жылдығына  арналған қалалық чемпионаттың финалында ойнағандар: «Тұран – Астана» университетінің «Тұран жастары» командасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен «Жаңатех», «Астана» медицина университетінің «МУА», Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт»  құрамалары және Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен екі топ «Евразиат» пен «Дастан».
Ойынға елге танымал тұлғалар, жайдарман жұлдыздары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қалалық мәслихатының депутаттары  шақырылды. Қазылар алқасының құрамы да жұлдызды. Біріншіліктің тұрақты қазысы, жоғары лиганың чемпионы Әділет Төлеутайұлы, талантты актер, «Жайдарманның» ардагері, тележүргізуші Дәулет Бижанов,  жоғары лиганың чемпионы, продюсер Парасат Ибраев, «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі  Жалын Тілеуберген пен жаңа «Шаңырақ» шоуының жүргізушісі Жұлдыз Абдукаримова финалистерге төрелік етті.
Нәтижесінде чемпиондық пен 75 000 теңге көлеміндегі сыйақыны «Евразиат» тобы ұтып алды. Ал 2-орын мен 65 мың теңге ЕҰУ-дың тағы бір командасы «Дастанға» бұйырды. Қола жүлдемен бірге 55 000 теңгені «Тұран жастары» еншіледі. Қазылар ойынның үздік ойыншысы ретінде «Дастан» тобындағы Таңшолпан Қадырованы танып, оған 50 000 теңге сыйақы табыстады.
Сәлемдесу, әуенді жамбы ату және көрініс сайыстары бойынша жүлдегерлер анықталды. Көріністің ерекшелігі - сайыскерлер танымал жайдарманшылармен бірге өнер көрсеткендігі: Аягөз Оразғалиева, Есет Мырзағазиев, Азамат Жадырасынов, Хамит Ердехан, Мейрамхан Шалқыбеков, Бақытбек  Қарамырзаев, Бекзат Дүйсенов. #jaidarman #жайдарман #жайдарман2018 #астана @qogamdyk_damy_astana

Ертеңгі мереке күні жаңа қазақстандық фильмнің тұсаукесері🇰🇿
#югарнаяпоездка

👋🏻👋🏻👋🏻👋🏻
Бізде жартылай финал💫
Сенбі күні үздіктерді анықтаймыз, сағат кешкі бесте Қазмедиа орталығына келіңіздер🏤
Ойынды әдеттегідей Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы қолдайды. Ал сіз өз оқу орындарыңыздың командаларын қолдаңыздар😉
#жайдарман #jaidarman #jaidarmanastana

Премьер лига!
#jaidarman #jaidarman2018 #değirmen .
🔸@degirmen.ast біздің серіктесіміз

Most Popular Instagram Hashtags