[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

indirarasylkhan indirarasylkhan

981 posts   224007 followers   486 followings

Индира Расылхан  Аллаға сансыз шүкіршілік! Барлық сұрақтар бойынша +7 (701) 676-46-80 номеріне xабарласа аласыздар!

https://www.youtube.com/watch?v=p4__-JOn1I8&feature=share

Құрметті өнерсүйер қауым, жұма, яғни 20-шы қазан сағат 20:35-те QAZAQSTAN Ұлттық арнасынан
#Сазгер# бағдарламасынан Ермек Елгезековтың кешін тамашалаңыздар!
@erlankarin
@kaztrk_kz
@ermekelgezekov

Жақында ғана Сазгер бағдарламасында Арман Дүйсеновтың @arman_duisenov_official "Анаға сағыныш" атты әнін орындадым. Сөзін жазған Ринат Зайытов.
Әні мен сөздің әсерлі болғаны соншалық, әнді орындап тұрып, дауысым дірілдеп көзіме жас келді.
Ареке! Ринат! Керметтей дүниелеріңіз үшін мың алғыс! 🙏
P. S. Сурет дайындық уақытысында тосыннан түсірілген.

Әдемі жұп, үлгілі отбасы, үйлесімді үндерімен дүйім xалқымыздың жүрегін баурап алған Рамазан аға мен Ұлту досымның кешіне келіңіздер! Жақсы кеш сыйлайтыны сөзсіз! @ramazan_stamgaziyev @ultukabaeva

Қайырлы кеш достар!
Мәнсия @mansia76 құрбым айтқан еді бір күні, сен немене xамелионсың ба? Бір күні толып аласың да, бір қарасаң арықтап кетесің деп. Расында айтқандай 3 кг тастау мен үшін қиын емес. 2 күнде тастай саламын. Ал сол 3 кг-ды бір күнде жинап та ала алтын жәмәәәәән қасиетім бар деп қояйыншы. 😀
Жас келген сайын салмақ тастау проблема болып бара жатыр. Бірінші қыздарымды дүниеге әкелгенде 55 кг нан 65 кг-ға барған едім. Ұлымда 58 кг-нан 95 кг-нан бір- ақ шықтым. 🙈 Кіші қызымда 60кг нан 85 кг-ға дейін костым. Ал енді айтпағым сол 85 келіден ары кетсе 65 кг-ға дейін түсе алдым. Содан қайта қостым. 😏
Ал қазіргі мәселем тек салмақтан арылу болып кетті. Жіптіктей қыз- келіншектер, сіздер үнемі ап-арық болып жүресіздер. Оның сыры неде? Сонда тамақ жемейсіздер ме?
Әлде ойларыңызда осы тамақта жесем, толып кетем деген қорқыныштың болмағанынан ба?

Қайырлы кеш достар! Мына жерде 17 жастамын - ау шамасы. Кезінде шашымызды қантпен қатырып кекілді тұрғызып қоятын мода еді. Қазіргі жастарға қызығамын, ақшаң болса бәрі бар. Макияждың түр- түрін , шаш үлгісінің небір түрін жасайды. Өзі жасай алмаса да мамандардан үйреніп алса да мүмкіндік бар. Ал біздің кезімізде не? Қара қалам мен бір помада, қас дегенді өсіріп жүре беретін едік. Көзімізді елден үйреніп бояйтынбыз. Ол үйренетіндер де қай бір маңдыртып боянады дейсіз?! Бетке опа жағып алып жүре беретінімізді айтсаңшы. 😀
Қазір коррекция деген жақсы болды ғой. Бетіңді арық көрсетем десең де, мұрныңды қыр мұрын етіп көрсетемін десең де, тек үйрен де жасап жүре бер. Әңгімемнің төркіні мынау ғой, өзгеріппін бе?

Сахна төрінде ескірсе де, ел құлағында жүрген әсем әндерді естігілеріңіз келсе, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясованың «Сағындырған әндер-ай» атты ән кешін көруге шақырамыз!
Жексенбі, 15 қазан күні сағат 17:15-те «Хабар» арнасынан өткізіп алмаңыздар! @rinat_kertaev @bahytgultore

Қадірменді өнер сүйер xалайық! 14 қарашада, жақсы кеште жолығайық!
@mayrailyassova
Майра Ильясова апатайымыз біздер мен сіздерге әдемі кеш сыйлайды! ☝️
Келіңіздер!

Сазгер бағдарламасының ұжымдарына мың алғыс,
көптеген ел білетін әндерді басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік беріп жатқандарына!
Және де біз сүйген әндерді орындауымызға жағдай жасап жатқандарына тағы да алғысымды айтамын.
Рақмеееееет! 😘
@erlankarin
@kaztrk_kz
@makpalkaratai
@aiman1981
#арманымағашықпын

Қадірлі телекөрермендер,жұма, яғни 13 -ші қазан сағат 20:35-те QAZAQSTAN Ұлттық арнасынан
#Сазгер бағдарламасын тамашалаңыздар!
@erlankarin
@kaztrk_kz
@sandi_beksirgа
@jband_group

Қайырлы күн достар! Біраз болыпты сурет салмағаныма. Сағынып қалған боларсыздар. ☺️
Мен сіздерді сағындым! 😘

Қайырлы кеш достар!
Демалыс кештеріңіз әдемі болсын!
Әдемі киім үлгісін ұсынған @imperial__astana
рақметімді айтамын. Сапалы, әдемі киім осы жерде! ☝️

Қайырлы күн достар!
Соңғы постымда біраз кісілер маған ренжігендерін жазыпты.
Жазғандары бойынша концерт біткен соң мен ол кісілердің қыздары мен сіңілісін итеріп жіберіп суретке түспей қойыппын, және де 3-4 ән айтып кетіп қалыпты деген екенсіздер.
Қателесесіздер! ☝️
Мен ешқашан да 3-4 ән айтып, және де суретке түспей қашып кеткен емеспін.
Осы концерттік сапармен Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында ,концерт біткен соң кетіп қалғаным бар еді. Себебі концерт басталмай жүрегім ауырған болатын. Концерт бойына құлап қалмай өткізсем екен деген оймен шамамның жеткенінше тұрған болатынмын. Сол себепті мен суретке түсуге шамам келмеді. Соның өзінде де ,күте тұрыңыздар, киімімді ауыстырып шығамын деп ескерткен болатынмын. Сонда сіздер адамның еш жағдайына қарамайтындай тас жүрек болғандарыңыз ба?
Сонда бізді темірден деп ойлайсыздар ма? Аудандарда сіздердің берген әр 1000 тг үшін қызмет жасамадым ба?
Осындай лақап алып қашпа әңгімені қоятын уақыт жеткен шығар? @kulzhanovagulbarshyn xаным! Осыдан 3 жыл бұрынғы өткен концертті енді жазатындай не түрткі болды екен?
@guleka0505 сіз маған бекерге жала жаппаңыз. Алла көруші! ☝️

Most Popular Instagram Hashtags