galym_ospanov galym_ospanov

200 posts   2,039 followers   748 followings

Галым Оспанов  "Театр және кино" актері, жургізуші 🎥🎬🎤🎭♨🗿🗿🗿Тел: 8 707 416 24 36

Дакеша бауырым, группаласым каскадёрім, киноактёрім бойдақтық өмірмен қоштасуыңмен. Зейнеп екеуіңе тек ғана жақсылық, бақыт тілеймін. Баянды да бақытты ғұмыр кешіңдер!

Жасалған еңбекпен төгілген тердің жемісі осы болса керекті. Ажарка жарайсың!✊💪☝ Сен бұл марапатқа əбден лайықсың. Сенімен мақтанамыз группаласым, əріптесім, партнёрым. Қандай дəрежеге жетсеңде, еңбекқорлығыңмен, табанақы маңдай теріңмен жеткенің осының айғағы. Сенің алар асуың алда. Шын жүректен группаластарың құттықтайды.

Ұлыстың ұлы күні, ұлы мереке, Əз-Наурыз баршамызға, берекеліде мерекелі жыл болсын! Мерекелеріңізбен! Шырайлы Шымқаладан салем!🙋 Қасымдағы əріптесім, нағыз еңбекқор, əрі қарапайым, өнер кеңістігінде қанатын кеңге жайып жүрген, Кəмшəт!

Камера, мотор 🎬🎥 Старший лейтенант Мязболов!👮 Сьемки... Фильм: "Достучаться до Мужчин"

Бұл менің Асёкам! Жайықтың кішкенееее толықтау аққуы. Нағыз батыстың ермінез қызы. Барлығын еркекше шешетін, Төлеген ағаның қызы.💪☝👊 Негізі екеуміз бір- бірімізді жаман жақсы көреміз. Кешкілік дайындық.

Қарашаңырақ театрымыздың аяулы анасы, ұлы дара актриса, Ғазиза апаймен кешкілік қойлымға дайынбыз. Бұл кісімен партнёр болудың өзі, үлкен мектеп, үлкен мəртебе! Махаббатым Ғазиза апайым!❤

Елбасының биылғы елімізге жəрия еткен," Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен, Азияның алпауыты, Жапония елінің астанасы, Токио қаласында гастрольдік сапармен келгенімізге міне бүгін,7ші күн. Жапон халқының осыншама əлемдік деңгейдегі мемлекет болып қалыптасуы, бірінші кезекте мəдениеттілігінде деп есептеймін. Себебі, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жаратушының бойларына дарытқан, табиғи тазалықтарымен ұлттық құндылықтарын жоғалтпаған. "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деп бекер айтпаған, М.Əуезов. Мұхиты мен теңізі қоршаған, осындай қарқынды дамыған, керемет Жапон халқынан, аларымыз əлі көп. Осы бақытты күндерді нəсіп еткен, əуелі Аллаға, екінші қасиетті де киелі қарашаңырақ @auezovtheatre театрымызға алғысымызды білдіреміз!

Желтоқсан айының 18 нен бастап ұлттық арнада,"Текетірес" телесериалы көрерменге жол тартады.
Режиссер: Виктор Климов.
Оператор: Ескендір Нарымбетов.
@kaztrk_kz

Бірі аға, бірі іні, сен тұр мен атамын деп тұрған бұл қос жігіт, менің əріптес замандастарым. Бойларына Алланың дарытқан ұшқын өнерін, халыққа дəріптеп журген өнерлі азаматтар. Бүгінгі театрымыздың іс шарасынан.

Тимка, Тимош төл мерекеңмен құттықтаймын досым! Сенің бойыңда Алланың саған дарытқан таланты, қарапайым жайсаң мінезі бар. Сенің адалдығыңмен азаматтығыңа ешкімнің күмəн келтірмесі анық. Сен нағыз доссың, басқасын айтпасада түсінікті. Шын жүректен досым!

Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын дейді, дана қазақ. Қадірлі жерлесім, аяулы Ақнұр тате, өзіңізбен дидарласып қауышқаныма бек қуаныштымын! Қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!🙏🙏

Most Popular Instagram Hashtags