dana_nurzhigit dana_nurzhigit

1,621 posts   508,911 followers   395 followings

Дана Нұржігіт  ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ 🎥"Dara jol" бағдарламасы 📺"Qazaqstan" Ұлттық арнасы 📲+7-776-266-47-37 Ұсыныстар бойынша (Жансая)

Оқу жылын жақсы бітірген ұлға сыйлық.Тіпті подъезде түспейді енді 😂
Өзі таңдаған кішкентай велик деп жазбасам болмайды-ау,шамасы!Биылша болады.

Бүгінгі ауызашарға отбасымызбен қайын ағамыздың үйіне бардық. Әдетте осындай xан-палауды видеолардан ғана көретінбіз, бүгін көз алдымызға @realplov -тан термосумкамен алып келді😂 Түріне қарап, жеуге де қимадық🙈 +2 кг қош келдің!))) Ниеттеріңіз қабыл болсын! @realplov қыз-жігіттеріне раxмет!💐
P.S әуенмен әрлеген @igrashina 😂😘

Бәрің де,бәрі де есімде...
1990 ж.
25 мамыр
А.Жұбанов атындағы Республикалық, музыкада дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлектері.

25 мамыр
1990 жыл. "Соңғы қоңырау".Мектеп бітіру кеші.Бәрі кешегідей есімде.Әкемнің қайтқанына бір жыл.Мамам мені "басқалардан кем қылмаймын" деп дүкеннен әдемі, жылтыраған көгілдір түсті "песок" мата тауып, "Дом бытаға" келдік.18 жастағы мені соншалықты дәріптеп,үлкендерше ательеге апарып көйлек тіктіріп жатқанымыз бұл күннің анам үшін,өзім үшін маңыздылығын арттыра түскендей.Көйлек емес,әдемі костюм тігетін болдық.Бәрі ойымыздан шығып,маған құйып қойғандай жараса кетті! "Ешкімнен кем қылмаймын" деген анамның өжеттілігінде 38 жасында үш баламен жесір қалған әйелдің көкірегіндегі шері, өксігі,ерте кеткен сүйіктісінің ары,жарына деген махаббаты жатқан еді.
Мектеп бітіру кеші өзіміздің асханада өтті.Небір тілектер айтылды,небір армандар ұшты сол жерден.Таңға дейін биледік.Ол кезде "Күнді қарсы алу" деген дәстүр бар еді ғой. Кластастарымызбен Алматыдағы ескі алаңға жаяу бардық.
Үкімет үйінің есігін ашып,күзетшімен сөйлесіп жүрміз)) Балалықпен қоштасқан ол таңда біз әлі еліміздің тәуелсіз мемлекет болатынын,өз Президентіміз,өз теңгеміз, байрағымыз,елтаңбамыз, әнұранымыз болатынын білмейміз. Тұтас бір империяның күл-талқаны шыққан уақытқа,қытайлықтар айтатын ең ауыр қарғыс"өзгеріс заманына" тап келген ұрпақ біз едік.
Бүгін мектеп бітіріп жатқан түлектер де мемлекетіміздің үлкен өзгерістер алдында тұрған кезінде жаңа өмірге аяқ басып отыр.
Олардың армандары орындалуы үшін бізге ең алдымен ел тыныштығы керек.Сабырмен,салқынқандылықпен келетін шешімдер,ақылға қонымды, елдің қажеттілігінен туатын әрекет керек.Мамандық таңдауда мұқият болыңыз,түлектер, дегім келеді.Қазақстанда жұмыс көп,нарықта бос орын жетіп артылады.Ал оны игеретін мамандар өте аз! Сол орындарды басқалар басып қалмай тұрғанда керекті мамандықты зерттеп барып таңдаңыздар және ол міндетті түрде университетке түсіп барып табатын кәсіп болмауы да мүмкін.Қазір өздігінен іздене білетін жасампаз адамдардың заманы.Кәсіпті жүрекпен таңдап,сол саланың АС маманы болуға ұмтылыңыз! Сонда ғана сізді ешқашан,ешкім,тоқтата алмайды!Армандамаңыз!Қиялға берілу кезеңі мектепте қалды.Енді сіздің алдыңызда МАҚСАТ қана бар.Алға,Жас түлек!
p.s.пост осыншама ұзақ болады деп ойламадым😀 ✊

Алдыңғы посттың жалғасы.
----------------------------
"Vuca world"деген терминді естіген шығарсыздар.Болашақ әлем.Болашақ дегенімізбен ол біздің бүгініміз.Біз сол "Vucа world" шарттарына еріксіз бағынышты болдық. Z- буынының өкілдері,яғни ғасыр басында туылған балалар мүлде басқа деп жатамыз.Олар расында да басқа! Олар "Дәл қазір!Дәл осы жерде!" деген ұғыммен өмір сүреді.Уақыт жылдамдығы,технологиялық прогресс оларды сондай етіп өсірді.Біз-ересектер олардан ақыл сұрайтындай күйдеміз.Солардың ығына жығылуымыз керек.Мұндай жағдайда бұл жастарға білім беру процессі қалай жүргізілу керек дегенде,"AlmaU" университетінің ректоры Гүлмира Аманжолқызының презентациясы өте қызықты өтті.Жас айырмашылығына қарай адамдарды шартты түрде X-Y-Z буындарының әр өкіліне мінездеме бере отырып,бүгінгі күні осы сабақтастық қоғамда қалайша тиімді болуы мүмкін екенін көрсетіп кетті.Ал,сол уақытта тағы бір аудиторияда біз айтып отырған Z-буынының жастары өздерінің бизнес жобасын таныстырып жатты...
Осының бәрін көріп,бойға сіңіріп отырып,мен жоғарғы оқу орнымды дұрыс таңдағаныма және "AlmaU" үнемі ізденісте жүретін "мазасыз" ұжым,шығармашылық орта екеніне тағы бір көзім жетті."AlmaU",I LOVE YOU!💓 @almau_edu

Кәсіпкер болу бұл өнер.Кәсіпкерлік білім беру ісін сонау 1989 жылы бірінші болып қолға алған бүгінгі "AlmaU" университетінің Президенті Асылбек Қожахметов.30 жыл бұрын жоспарлы экономиканың аясында өмір сүріп,жеке меншік,жеке кәсіпкерлікті тек қана "спекулянт","торгаш" деген жиіркенішті мағынада ғана түсінетін қоғамның қасаң пікірін аттап өтіп,кәсіпкерлікке үйрететін білім ордасын ашқан осы саладағы бірінші адам.Қазақстанға мықты лекторларды жинап, бизнес-тренер,коучинг деген ұғымдарды әкелген алғашқы жоғарғы білім ордасы.Елордада "AlmaU" университетінің ұйымдастыруымен "Инновациялық экономикадағы кәсіпкерлік білім беру"деп аталатын форум өтті.Жер жерлерден өзінің бизнесі жайлы қызықты кейстер,инновациядағы жаңалықтар,болашақтағы тренд,яғни жаңа бастамалар туралы ақпарат берген кәсіпкерлер,бизнес-тренерлер жиналды.Қуантарлық жайт: форумда мектеп мұғалімдері,директорлар,өзінің старт-ап бизнес жобаларын көрсеткен жасөспірім,жастар көп болғаны. Сол форумнан үзінділер тыңдап көріңіздерші!
-------
Сөйлеп тұрған "AlmaU" түлегі,бизнесмен Тимур Худайбергенов

@almau_edu

Жыл басында Әлімге "математикадан 4-5 шықсаң, "AlmaU" университетінің 30 жылдығына арнайы шығарылған қалам сыйлаймын" дегенмін.Айтқан сөзімде тұрдым!💪💪💪 Әлім батыр да жарады!🏃‍♂️🏃‍♂️🏃‍♂️✌✌✌

"Соңғы қоңырау"

Қайырлы таң!Бүгін оқу жылының соңғы күні.
Ураааа!

Екі бөлімнен тұратын тамаша концерт!Саф таза ауамен тыныстап қайтқандаймын.Шопен,Тілес Қажығалиев,Россини, Моцарт.Осындай авторлардың тілін түсінуге баулыған ата-анама,ұстаздарыма мың алғыс!Ой көк жиегі кеңейіп,өнер тілі шексіз,шетсіз кеңістік,түпсіз тұңғыйық екенін түсінесің. 30 жыл бойы сахнадан осынау өнерді насихаттап келе жатқан талантты Жәния Яхияқызы Әубәкірованың өнеріне өмір бойы ғашықпын."Astana opera" театрының симфониялық оркестрінің кәсіби деңгейі өсіп келеді.Әсіресе бүгін мені қуантқан үрмелі аспаптар тобының solo-сы! BRAVO!Мәскеулік дирижер Анатолий Левиннің Тілес Қажығалиев музыкасын ерекше көңілмен орындап тұрғанын байқадым.Өмірден тым ерте кеткен Шамғон Қажығалиевтің ұлы Тілес аға қазақтың кәсіби композиторлық мектебін әлі талай жерге апарар еді!Әттең! Бүгін орындалған фортепианоға арналған концертінде Шостакович,Прокофьев,Хачатурян сынды шеберлердің музыкасынан кем түспейтін,өзіндік таңбасы,ұлттық бояуы бар күрделі,сапалы шығарманы тыңдадық.Bravi,оркестр,Маэстро және Жәния Әубәкірова!
Тамаша кеш!Өмір сүргің келеді...👏👏👏👏

Бүгін мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Менің отбасым: ата-анам,бауырым,сіңілім,жиенім бұл мерекеге тікелей қатысы бар адамдар. Құтты болсын,жандарым!
#бәрімәдениеттенбасталады

Most Popular Instagram Hashtags