bismillah.kz bismillah.kz

34 posts   198 followers   767 followings

БИСМИЛЛЯХ!!!  Aссаламуалейкум. Сіздің діни сауатыңызға кішкене болсада көмегі тиер Алла қаласа☺ Парақшаға тіркеліңіз @bismillah.kz

Айша анамыздан (р.а) "Пайғамбарымыз (с.а.с) қандай еді?" - деп сұралғанда, ол (р.а) : "Ол (с.а.с) жүріп жүрген тірі Құран еді" - деген. @bismillah.kz

Құран – әлемдерге рақым етіп жіберілген сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең үлкен мұғжизасы. Құран – әр мұсылман оқып үйрене алатындай оңай, қанша қайталап оқысаң да жалықтырамайтын керісінше жүректі тазартып, рухыңды жаңартып, бүкіл тұла бойыңды нұрландыратын мұғжиза кітап. Құран – қабырғаға іліп қою үшін емес ашып оқу үшін түскен, құрметтеп сөреге қойып қою үшін емес үйреніп, оқып, рухың “тою” үшін келген Алланың сөзі. Құран – молдаларға ғана оқыту үшін емес, әрқайсымыз өзіміз оқу үшін, өлгендерді “жәннаттық” жасау үшін емес, тірі кезімізде жәннаттық болуымыз үшін түскен кітап. Құран оқу – әлемдердің иесі Раббымызбен тілдесу. Жоғарыда айтылғандарды бәріміз де білеміз.
Ықылас танытқан әрбір мұсылманның Құранды үйренуі де, жаттауы да оңай. Құран оқуды үйрену – араб тілін үйрену емес. Кейбір кісілер Құран оқып үйренуді тіл үйрену деп ойлап қиынсынады. Иә, шынында жаңа тіл үйрену оңай емес, меңгеру ұзақ уақыт пен ерен еңбекті қажет етеді. Ал, Құран оқуды үйрену оңай, 28 әріпті танып, таңбаларды қосып оқу. Бір аптада ежелеп оқып кетуге болатындығын жастар түгілі жасы ілгерілеген кісілер де дәлелдеп жүр. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!

Quran.kz

Most Popular Instagram Hashtags