bawenova75 bawenova75

79 posts   511 followers   525 followings

Каламкас 

Әкем мен анамның іздері, алақан табы сезілетін туған үйім... Ағаш сарайдан аңқыған бауырсақ иісі, бұрқыраған түтіні, есік алдын су сеуіп сыпырып, киіз жайып самаурынмен бәріміз бірге арқа-жарқа шай ішетін күндер-ай. Сол кездері таңертеңнен кешке дейін уақыт өтіп болмайтын ұзақ еді-ау..

Адам өміріндегі ең асыл, тәтті кезең – ол балалық шақ. «Менің атым-Қожа» балалар көркем фильмінің ең үздік туындысы. Кеңестік дәуірде түсірілген осы туындыдан соң, мазмұндық жағынан «жібі түзу», балалар отыра қалып қарайтын отандық фильм жоқтың қасы.

Ұстаз бақыты - шәкірт құрметі. Менің мақтаныштарым, әр күніме қуаныш сыйлайтын кішкентай моншақтарым...

Жүректері мейірімге толы, жаны нәзік жандар мерекелеріңізбен! Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!
Сурет койғым кеп қарасам, ешбірі ұнамайды... Тағы сол открыткалар көзге, көңілге ыстық...

Қытай елінде өтіп жатқан "I am singer" байқауында Димаш Құдайбергенов 7 кезеңде 5 түрлі тілде ән шырқаған:
1-кезең. Француз тілінде — "SOS d'un terrien en détresse" 
2-кезең. Орыс тілінде — "Опера -2" 
3-5-6 кезең. Ағылшын тілінде — "The Show must go on", "Uptown funk", "Adagio" 
4-кезең. Қытай тілінде — "Осенняя печаль"
7-кезең. Қазақ тілінде — "Дайдидау" 
Жарайсың, Димаш!

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Сіздерге мың алғыс жаны алтын достарым🙌💐

Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі. Т.Айбергенов

"Жалғызбастыларға жатақхана беріледі" киносы болып жатыр екен. Алыстаа қалған күндер есіме түсіп... Барлығымыз қияға қонбай, ұядан ұшпаған кездер... Анам, әкем, әжем бар уақыттар-ай... Демалыс күні үй жинап, еденді түу верандаға дейін жалтыратып жуып, ( кейде әжем шегелеген мәсісімен тайып құлайтын) , дорожкаларды(алаша) қағып, жалпағы бар, тілдейі бар көп еді, су тасып, отын жарып(ұл-қыз демейміз, бәрі үш құшақтан👆) уф деп үйге кіріп, 11 жарымда ертегі болатын, соны көретін едік. Әсіресе, "Три орешка для Золушки" ұнайтын... Солай, балалық шаққа саяхат бітті. Түскі тамақ орнын жинайын👣😍😘

Отбастарыңызга денсаулық, аманшылық, бакыт-байлық тілеймін🙌🌈

Қазақтың дархан даласының Димашы.

Өс, өркендей бер🌟💫

Күн қаңтарда қарға адымындай ұзарар, ақпанда атан адымындай ұзарар...❄қыстың соңғы айы...💫

Most Popular Instagram Hashtags