[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

aulieata_kokpar aulieata_kokpar

229 posts   6819 followers   327 followings

Әулие-Ата ат спорты клубы  Жамбыл облысының "Әулие-Ата" командасының ресми парақшасы. "Әулие-Ата" командасы Қазақстан Республикасы чемпионаттарының 9 дүркін жеңімпазы.

http://vk.com/club86560021

Əулие-Ата командасы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастап, жаттығу жүргізуде.

Əулие-Ата кəсіпқой клубының ұжымы көкпар командасының ойыншысы Мəтжан Мейіржан Мəтжанұлын шын жүректен туылған күнімен құттықтайды! Деніңе саулық, отбасыңа береке шаттық, еңбегіңе толағай табыстар тілейміз. Тақымың талмасын, жеңістің биік тұғырынан көрініп, биік белестерді бағындыра бер!

Ассалаумағалейкүм қадірлі ағайын! Əулие-Ата командасы жаңа ойыншымен толықты. Алматы облысының көкпар командасының ойыншысы, жекпе-жек ойынының шебері Мəтжан Мейіржан өзінің кəсіби спорттық мансабын Əулие-Ата командасында жалғастыратын болады. Сонымен қатар команда құрамына Абырой атты жекпе-жекке үйретілген тұлпар қосылды. Биылғы жарыс маусымында Мəтжан Мейіржан мен Абырой атты тұлпардың ойынына куə болып, Жамбылдықтарға жанкүйер болыңыздар.

Жекпежекте ешкімге есе жібермеген Лазер.

Ғұмырын тек көк туымызды желбіретуге арнаған арғымақ. Өкінішті.

Қадірлі ағайын, құрметті ат сүйер қауым, көкпарымыздың жанашырлары мен жанкүйерлері

Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағың елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді,
Құлагерім,
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.
Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлді деп Құлагерді естігеңде, Бір тұрып, бір отырып, ой ойладым.- деп Құлагерінен айырылған Ақан Серідей күй кештік. 20 жылдан астам Əулие-Ата командасының жəне Көкпардан ұлттық құрама көмандасының сапында еліміздің намысын қорғап келген ЛАЗЕРімізден айырылып қалдық. Командамызды жеңіске жетелеп, Ел чемпионаттарының 9-дүркін чемпионы, Ақ бидай ауыл спорты ойындарының, Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальдардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Президент жүлдесіне арналған халықтар ойындарының, І-ші Азия жəне І-ші Əлем чемпионаттарының жеңімпазы атануға ерекше үлесін қосқан болмысы ерекше жануар. Əулие-Атаның маңдайына біткен Лазер шоқ жұлдыздай ағып түсті.

Қайырлы таң Əулиеата бағдарламасында

Əулие-Ата командасына 20 жылдан астам өмірін арнап, жеңіске жетелеген негізгі құрамның қорғаушы ойыншысы, көкпардан ел чемпионаттарының 9-дүркін жеңімпазы Ғалымжан Таутайұлы Ақыловты спорттық карьерасын аяқтауына байланысты салтанатты рəсімнен естелік. Қазіргі таңда өскелең жас көкпаршыларды жаттықтырумен айналысуда.

Most Popular Instagram Hashtags