arsu_fm arsu_fm

278 posts   1266 followers   1073 followings

Физика-математика факультеті  официальная страница в "instagram" физико-математического факультета АРГУ им. К.Жубанова

http://vk.com/argu_fizmat

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың беделді жоғарғы оқу орындарының бірі Риверсайд Калифорния унверситеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде университетіміздің студенттері мен оқытушылары Риверсайд Кaлифорния университетіне академиялық тілдік курстарға, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, тағылымдамаға және академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алуға мүмкіндік алады.
@arsu_official #arsu_official #arsu #аргу #аөму2017

МӘСКЕУДЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР
Ақтөбе қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті география факультетінің студенттері ғылыми-тәжірибелік практикадан өтті.
2017 жылдың 13-16 тамыз айының аралығында Ақтөбе қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті география факультетінің «Экономикалық география» мамандығының студенттер тобы ғылыми-тәжірибелік практикадан (экспедиция) өтті. Практика жетекшісі – Ресей экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты А.И.Даньшин.
Практиканың мақсаты – екі ел арасындағы Орал оңтүстік облыстары мен Батыс Қазақстан шекаралас ынтымақтастық мәселелері, болашақтағы даму жоспарларымен танысу.
Жоғары оқу орындары арасындағы келісімшарт негізінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті басшылығы Мәскеу студенттеріне өңірімізде практикадан өтуге қолдау білдірді. Өнеркәсіп орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруға және облыс орталығында тақырыптық экскурсияларды өткізуге университетіміздің тарих факультеті география кафедрасының оқытушылары белсенділік танытты.
Студенттер практика барысында Батыс Қазақстан геологиялық көрмесі, Ақтөбе хром қосындылар зауытында, «Айс-плюс» ЖШС және сонымен бірге тағы басқа бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.
Ақтөбе хром қосындылар зауытында Қазақстанның еңбек сіңірген геологы, хром және мыс рудаларын кен орындарында ашқан ғалым Е.И.Книжникпен кездесу өткізілді. Аймақтық геологиялық көрмеде Ақтөбе облысындағы тау жыныстары, минералдар, Жаманшин метеориттік кратері туралы экскурсия ұйымдастырылды.
Практика барысында Мәскеу студенттеріне география кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доцент Г.Т.Кубесова аймақтағы өнеркәсіп салалары, нысандары, олардың қазіргі жағдайымен, даму перспективалары туралы ақпарат беріп отырды.
Іссапар соңында Мәскеу өкілдері университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Р.Бекназаровпен кездесті. Кездесу барысында екі ЖОО арасында білім, география ғылымы, туризм облыстарында ынтымақтастық және байланысты нығайту бағыттары айтылды.
@arsu_official #arsu_official #arsu #аргу #аөму2017

#Repost @arsu_official (@get_repost)
・・・
ГРАНТ АЛМАҒАН АБИТУРИЕНТТЕР СТУДЕНТТІК КРЕДИТ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСЕ АЛАДЫ!
Білім министрі Ерлан Сағадиев сенбі күні Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінде таңертеңнен кешке дейін абитуриенттердің ата-аналарын, олардың туыстарын білім беру гранттарының бөлінуіне білдірген наразылықтарына қатысты қабылдады.
Қабылдауға келгендер олардың балаларының ҰБТ-дан жүзден аса балл жинағанына қарамастан грант ала алмағанын баяндады. Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері конкурсқа қатысушылардың барлығының бірдей үмітін ақтамағаны айқын, себебі гранттардың саны шектеулі болды, мектеп бітірушілердің тек 30% ғана білім беру грантын алды. Бұл студенттердің көбісінің ақылы негізде білім алатынын білдіреді.
Егер қалыптасқан жағдайға байланысты Сіздің балаңыз грантқа түсе алмаған, ал төлеуге ақша жетіспеген жағдайда не істеу керек?
Студенттер мен абитуриенттерге оқуға ақы төлеуге қолдау көрсету мақсатында Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы енгізілді, оның шеңберінде абитуриенттің өзінің атына студенттік кредит ресімдеуге болады.
Студенттік кредиттің артықшылықтары:
— жылдық 10%  бастап;
— 12 жылға дейін (айыппұл санкциясысыз мерзімінен бұрын өтеу);
— кепілсіз (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы кепілдік қамтамасыз ету кепілі болып табылады);
— кредитті өтеуді кейінге қалдыру (оқу кезеңінде және оны аяқтағаннан кейін 6 ай студент тек кредит бойынша пайыздарды ғана өтейді);
— колледждің/жоғары оқу орнының абитуриентінің/студентінің өзіне ресімделеді (оқуды аяқтағаннан кейін өтеу міндеттемесі абитуриенттің/студенттің өзіне жүктеледі);
— Қазақстанның барлық қалаларында ресімделеді;
— кредитті қажеттігіне қарай алу.
Қарыз алушыға қойылатын талап:
— ҚР азаматтығы;
— үлгерімі ҰБТ/КТ бойынша 50 балдан төмен емес;
— қоса қарыз алушының болуы (табысы және зейнетақылық аударымы бар жеке тұлға)
Кредитті алу қадамдары:
— құжаттар жинау және Сіздің қаладағы банкке бару;
— оң шешім қабылданғаннан кейін банкімен шартқа қол қоясыз;
— шартқа қол қойғаннан кейін ақша колледждің/жоғары оқу орнының шотына аударылады.
Жалғасы:
👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻

Университетіміздің мақтанышы!!!🏆🏆🏆🏆🏆 Факультетіміздің мақтанашы🏆🏆🏆🏆🏆 @arsu_fm #fizikamatematika @just.azamat

#Repost @arsu_zhubanov (@get_repost)
・・・
Қ.Жұбанов университеті көшбасшыларымен бірге болыңыз!📚📚📚
@arsu_law_econom
@arsu.in_yaz
@arsu_filfak
@arsu_history
@arsu_fm
@techfac_arsu
@ped_arsu_official
@fe_arsu
Присоединяйтесь к команде лидеров АРГУ!📚📚📚
@arsu_law_econom
@arsu.in_yaz
@arsu_filfak
@arsu_history
@arsu_fm
@techfac_arsu
@ped_arsu_official
@fe_arsu
#arsu_zhubanov #arsuotbasy #arsu #argu #аргу #аөму

#Repost @arsu_official (@get_repost)
・・・
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!!!
Құрметті талапкер! Кеше ғана Сіздердің алдарыңызда биік асу, үлкен таңдау тұрды. Мектепті бітіріп, аттестат алу, ҰБТ сынағынан сүрінбей өту секілді сындарды артқа тастап, бүгін міне, армандаған жоғары оқу орнына мемлекеттік грант арқылы «Студент» атану бақытына қол жеткіздіңіз!
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті оқу ордамызға оқуға түскен барлық Грант иегерлерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта білімнің қара шаңырағының ұйымшыл ұжымының арқасында биік асуларды бірге бағындыратындарыңызға сенім білдіреді. Жарқын болашағыңа бастау алған жолыңа тек сәттілік тілейміз!
@arsu_official #arsu_official #arsu #аргу #аөму2017

#Repost @arsu_official (@get_repost)
・・・
ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Маркетинг орталығы және университет ұжымы оқу ордамыздың ректоры Бауыржан Аманкелдіұлын 1000-ға жуық гранттың тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды!
Жастардың жетістігі, университеттің көркеюі – ұйымшыл ұжым мен білікті басшының ғана қолынан келеді. Жұбанов командасы өзіңіздей парасатты ұстаз бен жалынды жастардың арқасында алда талай биіктерді бағындырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізетіні сөзсіз!
Құрметті Бауыржан Аманкелдіұлы! Университеттің көшбасшылары қатары 1000-ға жуық жаңа білімпаз жастармен толықты, бұл Сіздің және барлық ұжымның үлкен жетістігі!
@arsu_official #arsu_official #arsu #аргу #аөму2017

"Жубанов жастары - темекисиз омирди колдайды"акциясы

Most Popular Instagram Hashtags