[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

anerbaev anerbaev

431 posts   43246 followers   992 followings

Мәулен Әнербай  Журналист. Блогер. Алматы облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі. Фото: iPhone SE.

https://vk.com/makosaner

Қанат Ислам: "Үйде мен бала бақпаймын ғой енді, отырып!"
______________________________________________
#ҚанатИслам #даражол #KanatIslam #boxing #Қазақстантелеарнасы

Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.
'
Қадыр Мырза Әли

Суреттегі сымбаты да сұлу, кербез де керім қыз 17 жасқа жаңа толды. 16 жасын қимай жүр. 16-ға келгенде 15-ін сағынған😅
Қылығы мен қиялы, еркелігі мен назы астасып жатыр. Оқырман (қазір), журналист, филолог, белгілі қаламгер (болашақ). Бойындағы өнерін санауға саусақ жетпейді. Сурет те салады, ән де айтады, би де билейді, бұйым да әзірлейді деп кете береді)))
Қазақ, орыс, әлем әдебиетін қаузағанына қарғанда өзі де кітап жазып тастардай. Ал өлеңдегі өрнегі бөлеқ әңгіме.
Апасының аппақ қызын шын жүрегіммен, көңіліммен, ниетіммен құттықтаймын. Жастан жасқа аман-сау жетіп, арман-мақстаттары орындалсын!
______________________________________________
Ағайының сәлемдемесін жеткізген @mermolly - ге үлкееен раxмет!

Ерке қыздың орындауындағы "Ерке қыз" әні. Естеріңізде ме, осы туынды?
@ulpanerlikzhan_official, тамылжыған тәтті үніңмен тамаша көңіл-күй сыйлап жүре бер, өнерің үстем болсын!
______________________
#ән #көңілдің #ажары

Осыдан 4 жыл бұрын, яғни, 2014 жылы инстама ешбір сөзсіз сурет салыппын! Содан кейінгісі осы бола ма деп ем, оның өзіне сөз жазып тастадым. Келесісін сөзсіз салам, уәде))
______________
Фотоны @aidynnurshanov түсірді!

Әкем 49 жасқа толды. Не сыйларымды білмей, соңында жемпір алдым. Аяздың беті әбден қайтып, бүгін ғана келді. Балаша мәз боп, бірден киіп алды. Ал менің жүрегімді мынадай жыр тербеп жатыр.
'
Мінгізіп мені мына ғұмырға асау,
Үміт пен сенімдерін жиып, терген.
Тұрсын деп адамзаттық тұғырда сау,
Санама сан түрлі ақыл құйып берген.
'
Ақ анам, арынымсың, жалынымсың,
Мұз көңілді ерітер өзің ғана.
Әкемнің әр сөзі алтын, ары - мүсін,
Салиқалы, салмақты сөзі - дана.
'
Қос мұнарлар қалғанда көзден ада,
Өкініштен өртеніп, күйінемін.
Алғысын арқалған кезде ғана,
Қадіріне жетесің дүниенің.
'
Оларсыз опырылар іргем лезде,
Уайымым бет қаратпай белдеседі.
"Елден қалмай жүрсін" деп жүрген кезде,
Құлыны үшін кетеді елге есесі.
'
Жеткізді ата ұрпағын жалғайын деп,
Ұл-қызымен жалғанға келтірді ұғым.
Туған күні жылылық арнайын деп,
Сыйладым әкешіме жемпір бүгін.
'
Теңтегіңмін көрсетер жиі қылық,
Қия басам, кей-кейде қиял аңсап.
Тәңір жазса ең қымбат сыйы қылып,
Немереңді беремін қолыңа сап.

Кітап оқу үшін куртка, шәпкі, наушник (құлаққап), алма да кедергі келтірмейді.
Солай ма, @anerbay?

Бұрымдым
'
Қылығың-ай...
Сыңғыр күлкі ұрлады сырымды ұдай,
Содан бері мазам жоқ, қара басып,
Қара көзге ғашық боп, құрыдым-ай.
***
Жабыққанда болады жанға жыр ем,
Асылымның тұнығын тердің кілең.
Оңаша қап ойладым мен де сені,
Сен де мені түсіңде көрдің, білем..
***
Арманыңа арқау ғып, қиялға еріп,
Дерсің мүмкін "жігітім, сүй ал келіп".
Салмақ артқан сабырды сақтай-сақтай,
Қайда барып жасырам, жия беріп?
***
Байыптады бұл жайымды бұрын кім?
Сен ерексің ешкімде жоқ, бұрымдым,
Ешкімге де өкпе атрпаймын, себебі...
Қақпаныңа өзім келіп ұрындым.
***
Жолығар деп ел жүретін жерден кей,
Еркелетем, сен соңымнан ергендей
Құба шашты өре ғойшы. Мен болсам...
Жыр өрейін алғашқы рет көргендей.
'
Мәулен Әнербай
______________________________________________
#поэзия #өлең #жыр

"Бойдақтар қол көтерсін" дегеннен кейінгі көрініс. Әрекетіне қарағанда Мұxтар (@mukhtarkm) менен бұрын үйленетін сияқты. Ортадағы жігіт ағасы Қозыбайдың көңілі бізді бойдақтықтан босатып алған соң ғана орнына түсетін шығар. "Келіншегің болса..." деп бастайды таңғы әңгімені. Түнімен ұйқы көрмеген біз келіншек емес, асқазанымызға түсер асты аңсап тұрамыз.
Аман болың(ыз)дар жақсыларым!

Бұл суреттерді осыған дейін салдым. @nikon.kazakhstan ұйымдастырып жатқан конкурсқа байланысты қайтадан жариялауға тура келіп тұр. Бұдан сапалы сурет түсіргім келеді. Сәттілік тілеп қойңыздаршы!
___________________________________________
Эти фотографии были раньше у меня на странице, но я их опять выкладываю для конкурса (@nikon.kazakhstan). Хочу сфотографировать ещё лучше. Пожелайте удачи!
Фото: IPhone SE
#мненуженникон
#nikonkz
#nikon

- 7 жасымда енем бір сиырды бұзауымен байлап, үкі тағып кетті. Оны "Бата аяқ" дейді. 15 жасқа келгенде ұзатылдым. Қазіргідей ұлан-асыр той жоқ. Бір шәугім шәймен-ақ жасап берді тойымызды.
Енемді - Апа, Қайын атамды - Әке, қайын ағамды - Жәке, қайын інілерімді Кенже, Кенжетай, Төрежан, қыздарды - Ақылдас, Көзжақсым дейміз.
***
Ертеден қара кешке дейін емшектегі баламен жұмыс істейміз. Мал бағу, шөп, ши ору, қырманда бидай ұшыру бәрі мойнымызда. Түсте қой жатқанда тамақ пісіріп, киім жуып үлгереміз. Жеті сайын қоныс аударамыз. Шөп орғанда емшектегі баламен қалып қаламыз. Елдер басына шығып алады. "Бесігі бардың белі тынады. Бесігі жоқтын белі сынады" деген содан шыққан. Баласы жоқ қатындар бізді: "Дем алуға кетті", - деп көре алмайы. Емізіп болған соң солармен бірге бәрі бір жолымызды орып бітіреміз.
***
Қазір дайын от, газ. Әйелдер мал бағып жатқан жоқ. От жағып жатқан жоқ. Қазіргі әйелдердің арманы жоқ. Біз ол уақытта тау-тасты кезіп, қаңғып жүретінбіз, - дейді апам.
П/сы: 14 құрсақ көтеріп, күні-түні тынымсыз еңбектеніп, осы күнге жеткізді. Мектепке барарда "Апа, бата берші, бес алам", - деп жүгіріп баратынмын. Тәтті кәмпитімен бірге тәтті балалық сыйлады. 100 жасаңыз, апа-ау!

Most Popular Instagram Hashtags