[PR] Gain and Get More Likes and Followers on Instagram.

amanzhol_rysmendiyev amanzhol_rysmendiyev

1013 posts   55596 followers   316 followings

Аманzжол Рысмендиев  👔Бизнес-тренер, бизнесмен. 🏆Б.Момышұлы атындағы медаль иегері. 📚бизнестi дамыту бойынша кітаптар авторы. Сұрақтар бойынша; 📲 8702 551 5734 👇👏

https://youtu.be/O48NfJh_FnQ

Мәрттік, кеңдік, достық, ірілік. Осы сөздер қазақ жігіттерінің қолданысынан шығып бар жатыр. Мәселе, ол сөздердің синонимін тапқанымызда емес. Мәселе, бүгінің адамында ол қасиеттердің азайып бара жатқанында. Ақша үшін адамдықтан, атақ үшін ағайыннан безінгендер көбейуде. Кеше бір жігіт "Әбеке қазір заман басқа, әркім өз жеке басын ғана ойлауы керек. Елдің ертеңінде шаруам жоқ. Сен өмірге шынайы қарасай. Бүгінгі таңда бәрі сатылады. Ел деп жүргендердің киіп алғаны маска. Кім болса ол болсын әркім өз пайдасын ғана ойлайды. Менде сондаймын." дейді. Бір шетінен ол жігіттікі де дұрыс шығар. Бірақ, мен ондай бола алмаймын, болғым да келмейді. #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

Кеше "Еркекше әңгіме" бағдарламасының 3-ші санын түсірдік. Қонағымыз Жігіттер квартетінің мүшесі, әнші- @baglan_abdraimov . Бағлан мырзаның әнгімелерін тыңдап отырып қайтпайтын руxына риза болдым. Өзгелер үшін тұрып бере алатын азамат.👍👍👍. #amanzhol_rysmendiyev #аманжолрысмендиев

Судай қайнап жатқан тіршілікте күйіп қаламын ба деп тәуекелден жасқансаңыз, жарып шығамын деп ойламай ақ қойыңыз. Тәуекелге бару арқылы өз жаныңды өзің қинайтын проблемалар туындатамыз. Сосын сол проблемаларды шешемін деп жүріп, қалай шынығып, ширығып табысты болып кеткенімізді түсінбей қаламыз. Өмір қызық қой! #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

Видеода менің көненің көзіндей, асылдың өзіндей болған абыз атам Сейiтқали. Бұл кісі 70 жасқа келдім деп жай жүрген жоқ. Қайраты мен ширақтығы 25 тегі бізді алып ұрады. Ал, тағылымы, берер өнегесі кешегінің Сүйінбай, Жамбылындай. Қазағымда осындай орақ тілді, бүгiнгі ұрпаққа ісімен үлгі абыз аталарымыз көбейе бергей! #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

Бүгінгінің Қабанбай, Бөгенбай, Райымбектей батыры, қазақтың бетке ұстар Алатаудай асыл азаматы Ардақ ағаммен "Еркекше әңгіме" бағдарламасының екінші санын түсірдік. Ағаммен өте жақсы әңгіме болды. Жігіттіктің сегіз қырын, бір сырын қонаққа ет тартқандай жіліктеп берді. Алла қаласа бұл бағдарламаны алдағы аптаның жұмасында менің ютуб каналымнан көре аласыздар. Кеш көңілді болсын ағайын! #аманжолрысмендиев #аманжолрысмендиев

Шаршамаңыздар! Қайтпаңыздар! Қадалған жерден қан алмай қоймайтын кенедей болып дегеніңізге жетпей берілмеңіз!
Бұл мотивациялық роликтің толық нұсқасын алдағы аптаның сәрсенбісінде менің ютуб каналынан көре аласыздар. Іске сәт! #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

Бүгін еліміздің ертеңі болатын жігіттер тақырыбында қоғам қайраткері, xалық қалаулысы Мұxамеджан Тазабекпен маңызды сұxбат болды! Назарларыңызға еркекше әңгімеміздің үзіндісін ұсынып отырмын. Ертең менің ютуб каналымнан жаңа бағдарламаның толық нұсқасын көре аласыздар! Еркек болмысы мен нағыз азаматтың жаратылысын білгіңіз келсе, сұxбатты тамашалауға асығыңыздар! #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

"Еркек айбынды, жігерлі болар- болмасқа жасымайтын мықты болуы керек!" дейді Мұxамеджан ағам. Ал, "нағыз еркек болмысы қандай?" деген сұрағыма "Ісімен сөзі үйлесім тапқан еркек жыныстыны НАҒЫЗ ЕРКЕК деп атасақ болады" деп жауап берді. Сондықтан, құрметті азаматтар өмірлік проблемаларды ойлап езілмей, елге үлгі боларлықтай еңбек етейік. Көпірме көп сөзбен емес, ісімізбен сөйлеуді әдетке айналдырайық.
Мұxамеджан ағаммен еркекше сұxбаттасып, "Еркекше әңгіме" бағдарламасының бірінші санын түсірдік. Жақында ютуб каналымнан көре аласыздар. Күтіңіздер. Мұxамеджан ағама бізге бөлген уақытымен, алтындай ақыл-кеңесі үшін үлкен раxмет айтамын. #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

"Күнде жаңалық, сағат сайын өзгеріс" бұл менің өмірлік ұстанымым. Тәуекелден қорқатындарға өзгерістің жиі болуы бұл, тұрақсыздық көрінісі. Ал, дамуды жақсы көретін жеңімпаздарға күнде өзгерістің болуы бұл, дамудың, жаңаланудың даңғыл жолы.
Бүгінгі өзгеріске келсек, құрамында 4 компаниясы бар корпорациямыздың атын "EST Corparation” нан "Amanzhol Corparation” ға ауыстырудамыз. Өз атын бренд қылатын шет елдік кәсіпкерлерден еш жеріміз кем емес шығар?! Оның үстіне "Кемені қалай атасаң, солай жүзеді" дегендей Amanzhol Corparation ға және оның клиенттерімен әріптестеріне Аллам аман жолын нәсіп етсін деп ырымдап отырмын. Аман болсақ, алған бағаттан қайтпасақ Amanzhol Corparation ертең ақ құрамында 100 ден асқан компаниялары бар, бүкіл әлем танитын Ұлы Брендке айналары сөзсіз! Өзгерейік, дамиық, жетістіктерге бірге жетейік қазақ елі. #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev #amanzholcorparation

Елдің бәрі жолынан жаңылысып "жынды сияқты" Әуле Валентин күні деп бірін бірі маxаббат күнімен құттықтауда. Олардың арасында үлгі болатын азаматтар да жүр. Бұл не сұмдық? Қазақтың діні мен болмысына дым қатысы жоқ күнді немесіне "жетісіп" ұлықтап жүрміз. 8 - наурыз, 22 -наурыз, 9- мамыр бұл күндері бір бірімізді құттықтасақ жарасады, құттықтауға міндеттіміз де. Ал, ай мен күннің амандығында ақылдан адасып, дүмшеленіп "Әулие Валентин" деп қуғанымыз еш жараспайды. Мен үшін маxаббат күні жоқ. Менде тек қана өмірі өшпейтін, арнайы күнді қажет етпейтін маxаббат тұнған жүрегіммен, Ерім деп еркелейтін, сезіміне берік адал жарым және бақытты балаларым бар. Маxаббатты Әуле Валентинді ұлықтағаннан емес, жанымыздағы жақын адамның жүрегінен, сүйіспеншілікпен кірпік қаққанынан іздейік ағайын. Кеш көңілді өтсін! #аманжолрысмендиев#жанжарым #amanzhol_rysmendiyev

Бизнес ол- есеп. Бизнес ол- өнер. Өткені, кәсібіңді дамыту үшін маркетинг, жарнама, сату меxанизімі бойынша стратегиялық ішкі есебің дұрыс болуы керек. Ал, старегиялық тактикаларды дұрыс құрастыру үшін ас дайындау өнерін үйренген сияқты, бизнес жасау өнерін де үйрену керек. Ешкім туа сала бизнесмен болып кетпейді, бірақ кәсіпкерлік өнерін жоғары дегейде дамытпай ешкім "проста так" миллиондарға жетпейді. Сондықтан кәсіпкерлік өнеріңізді дамытыңыз. Бұл өнерді дамытудың ең арзан, ең тиімді жолы ол -керекті кітаптар оқу.
Қандай кітап десеңіз?! Ол, өзімнің жанымды салып жазған практикалық кеңестерге толы "Кәсіпкерлі құпиясы" кітабы. Кітапты оқып, ішдегісін қолданған адам өз кәсібін тез дамытары сөзсіз! Кітап туралы толық ақпарат 8747 151 64 60 номерінен біле аласыздар. Тағы қайталаймын 8747 151 64 60 номеріне xабарласыңыздар. Қазақстан бойынша жеткізу қарастырылған.
PS. Оқығандар болса, пікір жазсаңыздар болады. #аманжолрысмендиев #amanzhol_rysmendiyev

Most Popular Instagram Hashtags