aktobe_kultura aktobe_kultura

4,288 posts   5,320 followers   6,624 followings

Ақтөбе Мәдениет Басқармасы  Ақтөбе облысының мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 40 8 (7132) 560326

МӘДЕНИЕТІМ – МӘРТЕБЕМ!
Ақтөбеде Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Мәдениетім – мәртебем» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мәдениет және өнер саласын өркендетуге үлес қосып жүрген бір топ үздік қызметкер түрлі марапаттарға ие болды. Облыстың мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін облыс әкімнің орынбасары М.Тоқжанов құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болған қызметкерлерге марапаттарын табыстады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 238 кітапхана, 196 клуб, 21 музей, 2 саябақ, 2 театр, облыстық филармония және 13 архив мекемесінде 3000-нан астам қызметкерлер еңбек етеді. Сондай-ақ, шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және ҚР салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы тарапынан да үздік қызметкерлерге марапаттар ұсынылды. Жиында барлығы 49 адамға марапат тапсырылды.

ӘН ТЕРБЕТКЕН – АҚТӨБЕМ!
Құрметті достар!
28 мамыр - Ақтөбе қаласының туған күні Облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ән тербеткен – Ақтөбем!» республикалық авторлық әндер байқауын өткізеді. Байқау 19.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Қаламыздың мерейтойына арналған үздік ән шеруінің куәгері болуға шақырамыз!
ЮБИЛЕЮ ГОРОДА ПОСВЯЩАЕТСЯ
В День города Актобе Областной Центр народного творчества при поддержке Областного управления культуры, архивов и документации проводит Республиканский конкурс авторской песни «Ән тербеткен – Ақтөбем», посвященный 150-летнему юбилею города.
Мы ждем вас 28 мая в 19.00 в Центральном парке культуры и отдыха им.Первого Президента РК

Уважаемые жители и гости г.Актобе
Актюбинская областная филармония им.Г.Жубановой представляет: детский утренник «Белоснежка и 7 гномов», посвященный к Международному дню защиты детей, организованным Казахским камерным хором (худ. руководитель Мербол Куспанов) Детский утренник «Белоснежка и 7 гномов» - это незабываемое, познавательное путешествие в сказочный мир, где добро побеждает зло. В программу входят: аквогримм, фото на память с любимыми героями создающие атмосферу настоящего волшебства. Добро пожаловать в мир чудес!
Начало праздника: 1 июня в 10:00, 12:00, 14:00 часов.
Концертный зал: «Өнер орталығы»
Тел: 906 – 458, 8 775 574 30 34, 8 747 876 75 65.

АҚТӨБЕМ - АЛТЫН БЕСІГІМ

Сіздерді 27 мамыр күні, сағат 18:00 – де «Өнер орталығы» концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өтетін Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Ақтөбем – Алтын бесігім» атты мерекелік концертке шақырамыз. ҚР мәдениет қайраткері, Есенгелді Ырза, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Жадыра Арыстанова, Венера Алпысбаева, Қазақ өнерінің қайраткерлері Мирас – Құралай Бекжановтар, «Үміт» сыйлығының лауреаты - Саламат Мұқашев, Эстрада жұлдыздары Асхат Тарғын, Есет Садуақасов сынды үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүрген Ақтөбелік өнерпаздар қатысады.
Туған елдің тойына деген құттықтауын әсем әндерімен жеткізетін сүйікті әншілеріңіздің салтанатты кешіне келіңіздер, көріңіздер! Байланыс телефондары: 906-458. 87021826080

ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін, 22 мамыр Аққағаз Досжанова атындағы конференция залында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты шарада Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Қазақ камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі, дирижері Құспанов Мербол Оразбекұлын Алғыс хатпен марапаттады.
Құрметті Мербол Оразбекұлы! Әріптестеріңізге үлгі болып, шығармашылық табыстарға жете беріңіз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған "Жұбановтар әлемі" мәдени орталығында өткен салтанатты шарада «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлын «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің "Руxани қазына - 2019" фестивалі және мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапxанасының бөлім меңгерушісі Ермекбаева Алтынгүл Асқарқызы "Кітапxана ісінің шебері" төс белгісімен марапатталды.

21-мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында "Мәдениет-ұлттың мәйегі" атты мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кешке В. Г. Стратинская, Н. Қ.Қизатова, Л.Б. Борткевич, Р.Ғ. Телигисова, К.Т. Көрпешова қатысты. Кездесу барысында қонақтар мәдениет саласында атқарған қызығы мен шыжығы бірдей болған қызметтері туралы айтып, өткенді еске алып, мәз-мейрам болысты. Сондай-ақ, араларынан ерте кеткен әріптестерін еске алып, көздеріне жас алды.Ардагерлерді аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы А. Т. Жұмағұлова құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. Аудандық орталық кітапхана директоры Г. М. Бисекенова қонақтарға алғыс айта отырып, мерекелік сыйлық табыс етті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне күніне орай және Қобда ауданының 90 жылдығына арналған Қобда туралы әндер мен өлең сайысын ұйымдастырды. Сайысқа ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлері қатысты.
Мерекелік шараны спорттық жарыстармен жалғастырып,спорт кешенінде волейбол,теннис,дойбы секилди спорт ойындарынан сынға түсті.
Командалар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,аудандық мәдениет үйі,ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлері және аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестиваліне ақтөбелік делегация қатысты. Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу болып табылады.
Делегация от Актюбинской области принимает участие в работе Республиканского фестиваля работников сферы культуры и искусства "Рухани қазына-2019». Сегодня, 21 мая в г. Нур-Султан проходит Фестиваль организаций и сотрудников культуры и искусства «Рухани қазына». Делегация от нашей области приняла участие в работе Фестиваля. Цель Фестиваля – поддержка и мотивация социальных работников в сфере культуры, обмен опытом деятельности в культурно-досуговой сфере, трансляция лучших социокультурных и образовательных практик, направленных на популяризацию народной культуры, и укрепление имиджа региональных организаций культуры в рамках развития казахстанского патриотизма и национально-культурного единства.

21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні «Рухани қазына – 2019» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің II республикалық фестивалі салтанатты түрде ашылды.
Ақтөбе облысы бойынша мәдени-демалыс мекемелерінде ұлт игілігі жолында тер төгіп келе жатқан мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің қатысуымен түрлі іс-шаралар өтуде.
РАБОТА В СФЕРЕ КУЛЬТУРЫ – ЭТО ПРИЗВАНИЕ
Сегодня, 21 мая, в Казахстане отмечается День работника культуры и искусства. В Нур-Султане состоялось торжественное открытие II Республиканского фестиваля работников сферы культуры и искусства "Рухани қазына-2019». Во всех культурно-досуговых учрждениях Актюбинской области проводятся мероприятия, приуроченные к Дню культуры и искусства.

#Digital agent

Most Popular Instagram Hashtags