125edu.kz 125edu.kz

338 posts   4177 followers   6461 followings

125 Білім беру орталықтары  📱+7 776 4444 125. 📱+7 705 998 80 84. 📱+7 705 998 80 85 Сұрақтарыңыз болса, осы номерлерге хабарласыңыз.

http://125edu.kz/

Тультаев Алмас мырзаның өз тәжірибесімен алмасуы...

"БОЛАШАҚҚА БІР ҚАДАМ" семинар барысында!

Қазіргі сәттен үзінді!

💫Кеш жарық құрметті достар! 📍Ертең Тараз қаласындағы барлық мектептерге арналған "Болашаққа бір қадам!" атты семинары өткізіледі. Семинардың басты мақсатты мектеп бітірушілерге ЖЖО жайлы толық мағұлмат беріп жәнеде болашақтағы таңдап жатқан мамандықтары жайында толықтай түсіндіріп беретін боламыз!
БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР!

Шахмат - көнеден келе жатқан мыңжылдық тарихы бар ойын. Бүгінде толастамаған технология дәуірінде мәнін жоғалпақ емес. Себебі бар. Өйткені, шахмат -тек ойын ғана емес, ол сананы дамытып, ойлау жүйені арттырады. Логиканы ширақ етеді. Есте сақтау қабілеті нығаяды. Содан болар, шахматқа көбіне зиялылардың ынтық болғаны. Одан бөлек, мәселен, саясаткерлер, жазушылар, журналистер, шығармашылық жандар аталған ойынға құмар. Сіз де осылардың қатарында болғыңыз келе ме? Немесе ұл-қыздарыңызды шахмат курсына жаздырғыңыз келе ме? Ендеше, біздің курсқа жазылыңыз! БАЙЛАНЫС НӨМЕРЛЕРІ СУРЕТТЕ КӨРСЕТІЛГЕН! Біз сіздерді КҮТЕМІЗ!!!

Биылғы ҰБТ ерекше форматта. Бұрыңғыға қарағанда өзгерек. Сол себепті жүк алдымен мектептерге, одан соң білім беру орталықтарына түседі. Мектеп негізгі білімді, ал орталықтар қосымша тереңдетіп оқытуға мүмкіндік беретіні бүгінде баршаға мәлім. Осыған сәйкес, осындай тақырыпта облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында сараптау болды. Жалпы, мектепке қосымша білім берудің жүйесі қаншалықты керек? Ата-анамен жұмыс қалай жүргізіледі? Осы және өзге де сауалдарды «Сіз не дейсіз?» хабарында айтылды.

Астанадағы сапар қызықты өтті. Саяхаттан оқушыларымыз әртүрлi ой түйгенiн айтады. Айта кетейiк, орталық шәкiрттерi Елорданың мәдени тынысын сезiндi. Ең бастысы ҰБТ алдындағы мамандық таңдауларына септiгiн тигiзген сияқты. Ол дегенiмiз - 4 жыл бойы бiлiм алатын жоғарғы оқу орны.
Сонымен қатар "125" Білім беру орталығының негізін қалаушы Есенов Әлібек Қамбарұлымен тренингте өтті.

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:
– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:
- Әншi болам, – дедi, езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.
– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.
– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.
– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.
Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.
Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:
– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.
Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:
– Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.
– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…
Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:
- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi.
Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:
– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.
– Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.
Бұлбұл үнсiз басын изедi.
Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.
***
Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария да қатты сүйсiндi. Бiр күнi сабақтан әндетiп келе жатқан Бұлбұлға қарсы жолыққан қария:
– Бұлбұл балам, – дей бергенi сол едi:
...

Емтиханнан көрiнiс. Көптен күткен мұндай қатал режимдегi сынақ мерзiмi аяқталды. Алда ендi үлкен сынақтар бар. Ол- ҰБТ. Ал, бұл емтиханның нәтижесi келер айдың 10-15 аралығында шықпақ. Айта кету керек, бұл емтиханды орталығымызға "Нархоз" университетi өткiзiп жатыр. Шәкiрттерден тест алған делегацияның арасында кезiнде бiзде оқуын тәмамдаған қызметкер де бар. Алма-кезек деген осы болар.

Елiмiздегi белдi жоғары оқу орындарының бiрi- Нархоз университетi. Ертең бiлiм мекемесi бiздiң "125"бiлiм беру орталығында тест өткiзедi. Тек бiздiң оқушыларға. Емтихан қатал тәртiпте өтпек. Осы арқылы жақындаған "ҰБТ"-ның аурасын сездiрмек ойымыз бар. Айтқандай, одан кейiн аталған оқу орны оқушыларға университеттi кеңiнен таныстырады. Жеңiлдiктер мен грант жеңiп алудың айқындықтарын түсiндiрмек. Одан бөлек, бүгiнде сұранысқа ие мамандықтарды тiзбектейтiн болады.

Ара-қатынасты жақындату үшін –сыйлық жасау керек. Реніш, өкпе, наз сейілу үшін –тағы сыйлық жасау керек. Сүйіспеншілігіңді білдіру үшін – тағы да сыйлық жасау керек. Шығындалып, беру тіпті міндет емес. Бұл ішкі толғанысты жеткізудің әсерлі әрі жағымды көрінісі. Құрметті инстадостар, бір-біріңізге тосын сый жасауды ұмытпаңыздар!
Ал ананы күнде сыйлауға міндеттісің. Оған мереке немесе басқа себеп қажет емес.
Ойлап қараңыз, күтпеген жерден жақыныңызға тосын сый әзiрледiңiз. Əдеттегi күн. Алайда, сiзге 100 пайыз кепiлдiк беремiз, дәл сол күн бұрынғыға қарағанда өзгерек болмақ. Сыйлық алған кiсi қуанышты болғанына, ал сiз жақсы iстiң жаршысы атанғаныңызға қуанасыз. Себебi адам баласының бiтiмi, болмысы жақсылыққа құмар. Қарапайым дүние болуы мүмкiн. Əcте олай емес. Сенбесеңiз, байқап көрiңiз.

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау, сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды да тыңғылықты істеу де өз алдына жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі.
Алдыңыздан кезіккен қиындық жетістікке кері әсерін тигізбей қоймайды. Дегенмен, бұл жетістікке кедергі емес, сылтау ғана.
Адамның өзіне деген ішкі сенімі барлық нәрсені жеңе алады. Іші қуыстанып тұрып жетістікке жетем деу бос әурешілік.
Еңбектенбей жетістікке жету мүмкін емес. Кісі еңбегі – оның маңдай тері. Еңбек тынымысыз үнемі болып тұрса ғана табыс үзілмейді. Кім қандай биікке жетсе, ол-оның еңбегінің арқасы.
Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар:
1.Алдыңа мақсат қою;
2.Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену;
3.Іске дайын болу;
4.Адымыңды анық басу;
5.Алға ұмтылу;
6.Қорықпау, күмәнданбау;
7.Көңіліңді тоқ ұстау;
8.Жаңашыл болу;
9.Басқалармен кеңесу;
10.Тәуелсіз болу;
11.Біртұтасты бөлшектеу;
Міне осындай ұстанымдарды ұстап, өзін өзге қырларынан танытқан, мақсатына жету жолында талмай еңбек еткен біздің оқу ордамыздың Наурыз айының нәтижесі бойынша ҮЗДІК атанған БАҒЛАН НҰРЛАНҰЛЫ. Сізді шын жүректен құттықтап және алдағы уақытта да үздіктер қатарынан көріне беруіңізді тілейміз. Елдің ертеңі жолында тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтасын. Алғыс білдіреміз!

follow this page in feedly

Most Popular Instagram Hashtags